тіл мәдениетіне қарата айтылған кейбір ұсыныстар жеке
адамдардың «меніңше, былайшасы – дұрыс, былайшасы –
бұрыс» деген сияқты ғылыми дәлелсіз, тек жеке бастарының
танымына (дәлірек айтсақ, талғамына) қарай айтылған пікір-
лер түрінде көрініп келеді, яғни бұл жерде дилетанттық сипат
та жоқ емес. Дилетанттық тұжырымдар әсіресе тіл маманы
емес, жазушы, журналистердің аузынан (қаламынан) жиірек
шығады. Дилетант деп өзінің мамандығынан, білім-танымы-
нан аулақ тұрған саланың мәселелерімен әуестенушіні атай-
мыз. Дилетант мәселеге арнайы дайындықсыз келіп, үстіртін
пікір айтады. «өлеңге әркімнің де бар таласы» дегендей, тілге
келгенде де, әркімнің өз танымы, өз байламы, өз бағасы бола-
ды. Мәселенің ғылыми негізін қаузап, арнайы зерттелмеген-
діктен, дилетанттардың пікірлері субъективтік болып
шығады. Тіл мәселесіне, оның мәдениетіне, жұмсалу
нормаларының түзу-терістігіне қатысты дилетантизм мен
субъектизмнің пай-дасы мен зиянын айыру қиынырақ соғады,
кейде пайдасынан зияны көбірек болуы да мүмкін.
Сөйтіп, «тіл мәдениеті» деп нені танимыз?
Мәдениет деген
сөздің семантикасында «дұрыстық», «түзулік», «тәртіптілік»,
«жүйелілік», «реттілік», «қисындылық», «сәйкестік» деген
сияқты мағыналық реңктер (семалар) жататыны белгілі. Бірақ
әңгіме ненің дұрыстығы, немен сәйкестігі, қандай реттілік,
қандай тәртіптілік, ненің қисыны деген сияқты сұрақтарға жауап
іздегенде, «тіл мәдениеті» деген құбылыстың заттық, ұғымдық
мәні күрделі екендігі байқалады.
Тіл мәдениеті, ең алдымен, әдеби норма дегенге тіке-лей
қатысты. Жалпы тіл білімінде (шетелдік те, орыстық та,
қазақтық та) біршама қалыптасқан тұжырымдарға иек артсақ,
тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік нормаларды, оның ішінде
әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады.
Кейбір зерттеушілер бұл салаға кеңірек міндет артып, тілдің
көріктеу құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтарды
дұрыс пай-далануды да сөз мәдениетінің объектісі деп
таниды
2
. Бұл пікір-ді біз де әбден қостаймыз.
2
Достарыңызбен бөлісу: