Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет65/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

Ереуіл  сөзінің   бүгінгі   таныс   мағынасы   да   бар:  ереуілге
шызу, ереуілдеу «белгілі бір іс-әрекетке алдын ала, өзгелерден
бұрын шығу» деген мағынаны білдіреді. Осыдан «қарсылық
көрсету, наразы болу, көтеріле қозғалу» деген мағына туған.
«Забастовка»-ны  ереуіл  деп   терминдеуде   осы   мағынаға
сүйенген.
Ереуіл ат пен ереуілге шығу дегендердегі ереуіл  екеуі екі
бөлек сөздер, сірә, омонимдер деуге болар. Сондықтан орын-
дарын шатастырып (алмастырып) қолдану – нормадан жөнсіз
ауытқу болады.
Сірә, омонимдер (тұлғалары бірдей, мағыналары әр бөлек
сөздер)   болып   келетін  ереуіл  сөзінің   екінші   «қарсылық
көрсету,   наразылық   білдіру,   көтеріле   қозғалу»   немесе
«өзгелердің   алдын   ала,   жұрттан   бұрын»   деген   семалары
(мағыналық қосалқы реңктері) бар «саяси-әлеуметтік күрес,
жорық,   ат-таныс»   деген   мағынасы   –   көнерген   де   емес,
тарихтық   сөз   де   емес,   бүгінгі   актив   сөз,   сондықтан  ереуіл
сөзінің   және   одан   туындаған  ереуілдеу,  ереуілді,  ереуілші,
ереуілшіл сөздерінің соңғы мағынасын көпшілік жақсы біліп,
көбінесе орнымен қолданады, лексикалық норма бұзылмайды
(«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» берілген түсініктемелер
мен мысалдар-ды қараңыз – ҚТТС, 3-том, 395-396 беттер).
Сауын айту дегендегі сауын сөзі де, жалпы тіркестің өзі
–   күні   кешеге   дейін   қазақ   қауымының   тыным-тіршілігінде,
тұрмыс-салтында орын алып келген этнографизм (белгілі бір
халықтың тұрмыс-салтына қатысты сөздер). Бүгінгі адам-дар
тіркестің мағынасын ертедегі өлең-жырлардағы, әсіресе ауыз
әдебиеті   үлгілеріндегі,   сондай-ақ   тарихи   роман,   әңгіме,
повестердегі,   поэмалардағы   қолданысына   қарап   жалпы-лай
біршама түсінеді,  сауын айту  берілетін үлкен астарға, үлкен
тойларға, жиындарға қарата айтылатындығын біледі,
143


мағынасын «осы ас-тойларға шақыру» деп ұғады, бірақ  сау-ын
сөзінің жеке алғандағы семантикасын біле бермейді, оның түбірі
–  сауу  етістігі деп топшылап, «асқа, тойға сауын-қымыз әкелуді
хабарлау»   деп   түсінетіндер   де   бар,   ал,   шындығында,  сауын
сөзінің түбірі  саб/сап көне түркі тілдерінде «1) сөз, 2) сөйлеу, 3)
хабар,   хат,  4)   мақал,   мәтел,   5)   баяндау,  әңгіме,   6)   сәуегейлік»
деген   5-6   ұқсас,   тақырыптас   мағыналарды   білдірген.   Көне
түркілік   6-мағынасы   қазақтың  сәуегей  сөзінде,   алғашқы   екі
мағына сөз саптау тіркесінде сақталған: сөз саптау
– қазіргі «сөз сөйлеу» дегеннің варианты. Ал саб/сап түбірінің
сау(ын), сәу(егей)  тұлғасына айналуы    түркі тілдерінің  «ды-
быс   алмасу»   деп   аталатын   фонетикалық   заңдылықтарының
жемісі. Демек, «сөз айту, хабарлау» мағынасындағы көне эт-
нографизм сауын айту сияқты бірліктер де – бұл күнде сирек
кездесетін сөздер, оларды да түсініп барып жұмсау – әдеби тіл
нормасының талабы болмақ.
Көнерген,  тарихтық   сөздерген  өзге  де  сирек  қолданылатын,
негізінен   лексиканың   пассив   қорына   жататын   сөздердің   келесі
тобын   бір   алуан   сипаттама   есімдер,   жер   бедерін   білдіретін
бірқатар   сөздер,   кейбір   аң-құс,   өсімдіктердің   атаулары,   кәсіби
сөздер   құрайды.   Айталық,   бүгінгі   кейбір   ірі   жазушылардың
шығармаларында кездесетін «жұлмыт елші», «мұғдарлы
әсер»,   «марайма  мінез»,   «тымсақ  адам»,   «қойторы  тірлік»,
«қоймірет адам», «жөш қуаныш», «сарамжал қыз», «тотанақ
мезгіл» сияқты анықтауыш болып түрған сипаттама сөздер –
сирек   кездесетін   бірліктер,   бұлардың   көбін   диалектизмдер
деуге   де   болмас   немесе   жазушылардың   өздері   жасап  алған
авторлық   неологизмдер   деп   тануға   да   болмайды,   тілде,
қолданыста   (демек,   өзгелерде   де)   бар   әсерлі,   экспрессиясы
күшті сөздер. Сірә, кейінгі өздері тіркесетін сөздеріне қара-
ғанда,   шығарма   авторлары   мағыналарын   аңғарып   барып
қолданған   тәрізді.   Ал   енді   осы   тұлғаларды   өзге   авторлар,
әсіресе қолдарына қаламды енді ала бастаған жастар жұмсай
қалса,   бұл   бейтаныстау,   сирек   кездесетін   дүниеліктерді
әрқайсысы өзінше түсініп, өзінше келтіре салулары  мүмкін,
ол күнде лексикалық норма бұзылады.
Көркем әдебиетте сирек қолданылатын тұлғалардың орын
алуы – нормадағы құбылыс, өйткені олардың экспрессивтік
144


бояулары қалың болады да оқырманға эмоциялық әсері күшті
сезіледі. Мысалы, Мүхтар Әуезов «Абай жолы» романын-
да  қозғалақтау,  қымыңдау,  қозғақ   қағу  деген   сөздерді   бір
сөйлемде келтіреді: «Қасқа тілмаш Құнанбай мен майырға кезек
жалтақтады.   Жүгінген   бойында   құнысып  қозғалақтай  берді.
Кейде   жер   шұқып   қап,   кейде  қымыңдап,  қозғақ   қағады»
(М.Әуезов,   I   том,   113-бет).   Мұндағы   көрсетілген   сөздердің
мағыналары   түсінікті,   бірақ   сирек   жұмсалатын   тұлғалар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет