Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет62/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

асқар мұнара деп айтылмайды, қазақ құлағына асқар тау тіркесі
ғана   жағымды,  дұрыс   естіледі.   «Өте   нәзік,  жіңішке»  ұғымын
бергенмен, қыпша сөзінен қыпша жіп, қыпша саусақ
деген тіркестер құрастыруға болмайды, ол көбінесе  қыпша бел
тіркесін ғана қалайды. Демек, лексикалық норманың бір талабы
– сөз тандап тіркесетін поэтикалық эпитеттердің қолданылатын
орнын   жақсы   білу,  сондықтан   олардың   қалыпты   тіркестердегі
мағынасын   кез   келген   сөзбен   тіркестіріп   пайдалану   нормадан
ауытқу, норманы бұзу болып шығады.
О бастағы лексикалық мағынасынан ажырап бара жатқан
сирек сөздердің бірі –  үдере.  Бұл – қазақ халқының көшпелі
кезеңінде   баршаға   әбден   түсінікті,   жиі   қолданылатын   сөз
болған,   ол  көшу  сөзімен   ғана   тіркесіп,  үдере   көшу  деп
айтылған, мағынасы көштің кештетіп жүріп келіп, бір жер-ге
қонып,   ертеңіне   ертемен   қайтадан   ілгері   қарай   көшу,   яғни
көштің талтүсте аялдап тынығуы, өйткені талтүстегі ыстықта
жүргеннен   гөрі,   таңертеңгі   және   кешкі   салқынмен   көшу   –
адамдарға да, көлікке де, айдап отыратын малға да қолайлы.
Бұл   сөздің   дұрыс   мағынасын   өткен   ғасырдағы   қазақ   тілі
сөздіктері анық, айқын, дұрыс берген болатын, өйткені ол кез-
де қоғам қауымы жаз жайлауға, қыс қыстауға көшуді бастары-
нан әлі өткізіп жататын.
138


Бұрын үдерім жер деген де өлшем болған, ол – 20-25 шақы-
рымдық   жер,   яғни   20-25   шақырымның   бір   бөлігін   кештетіп,
қалғанын   ертеңіне   ертелетіп   көшіп   жететін   қашықтық.  Үдеру,
үдерім сөздерінің түбірі  үд, бұл монғол тілінде «талтүс» де-ген
мағынаны білдіреді, осы түбірден жасалған үделе- етістігі Сібір
түркілерінің бірі – алтай тілінде де болғандығын, оның «көштің
күндіз   демалу   үшін   аялдауы,   түскі   тамақтарын   ішуі»   деген
мағынаны   беретіндігін   өткен   ғасырда   Л.Будагов   көрсеткен
болатын. Демек,  үд  түбірінен жасалған сөздер көшпелі тұрмыс
кешкен   қазақ,   алтай,   монғол   сияқты   халықтардың   тілдерінде
кездесетіндігі   осы   халықтардың   (өзге   түркі   халықтарының
тілдерінің   сөздіктерінен   бұл   сөзді   кездестірмедік)   мекендеген
жерлерінің   ландшафт   және   климат   ынғайына   қарай   күндізгі
ыстықта   аялдап,   кешкі   және   ертеңгі   салқында   көшу   тәртібі
болғандығында   деп   түюге   болады.   Көшпенділік   тұрмыс
тоқтағаннан  кейінгі   соңғы кезендерде   бұл  сөздердің   мағынасы
күнгірттеніп, оны өз орнында қолданбау фактілері кездеседі.
Үдеру  сөзін  «жаппай  қозғалу,  жүру,  аттану,  бірінің  артынан
бірі жүру»  деген мағынада қолданушылық та бар, бұны біліп,
дұрыс жұмсау керек. Бұл да (үд-) – деген көне түркілік «жалпы
жүру,  бірінің   артынан  бірі  жүру»   мағына   беретін   етістік.   Осы
етістіктін  үдере тарту,  үдере шабу  сияқты тіркестермен келуі
сөз   мағынасын   айқындай   түседі.  Үдеру  етістігінің   екі   түрлі
мағынада жұмсалатын көне сөз екенін айырып, әрқайсысын өз
орнында жұмсау нормаға сыйымды болады.
Мағынасын   түсінбей   қолданылатын   сөздердің   тағы   бірі   –
сұрқылтай.  Бұл  да    көне   этнографизм,  сирек   кездесетін   сөз,
түркі-монғол төркінді тұлға. Ол монғол тілінде – «хан, сұлтан,
әмір   сияқты   билеушінің   жанында   болатын   кеңесші   міндетін
атқаратын сановниктің лауазымы». Сөз түбірі – сірә, монғолдың
«оқыту», «бір нәрсені үйрету», «тәрбиелеу» мағынасын беретін
сурға  (х)  болу   керек,   сөз   түбіріне   жалғанған  -тай  –   монғол
тілінде сын есім тудыратын жұрнақ, демек, сурғаалтай, қазақша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет