Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет10/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151
 Крысин Л.П., Скворцов Л.И., Шварцкопф Б.С. Проблемы культуры русской речи
(обзор) //Известия АН СССР. - ОЛЯ. - 1961. - Т. 20. - Вып.5. - С. 428-429.
25


Сөйтіп, тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен
қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс
қиюластыру   (морфологиялық),   дұрыс   дыбыстау
(орфоэпиялық),   сауатты   жазу  (орфографиялық),   тілді   әсерлі
етіп   жұмсау   (лингвостилистикалық)   нормаларын   ұстану,
орнықтыру,   жетіл-діру.   Осылардың   бәрін   қосып,   «тіл
мәдениеті»   деген   ғылым-таным   саласын   «ортология»   деп
атаушылық бар, яғни ортоло-гия – сөздің (тілдің) дұрыстығы
туралы ілім. Бұл атауды біз де қисынды санаймыз.
Тіл  мәдениеті   атқаратын   міндеттерінің   бірі  –  қай   қолданыс
бұл   күнде   норма   болып   табылады,   қайсысы   –   жоқ   деген
мәселелерді  түбегейлі  зерттеу. өйткені  тілдің  мәдениетін таны-
татын   шарт   –   тек   жоғарыда   салалап   көрсетілген   нормаларды
ұстанып қана қою емес, ол нормалардың өздерінің дұрыстығын,
сындарлығын тап басып тану және дұрыс деп қабылдау.
Тілдік норманың өзі «дұрыс» деп бағалануы үшін ол тілдің
құрылымдық   заңдылықтарына   сай   келуі   керек.   Мысалы,   бұл
күндерде қазақ тілі сөздігі тәлімгер, айтыскер, жүлдегер, иегер,
саясаткер сияқты ондаған жаңа тұлғалармен толығуда және олар
нормативтік элементтер ретінде әдеби тілден берік орын тебуде.
Бұл неологизмдер сөзжасам жүйесінде бар нормаға сай келіп тұр:
-гер  – адамның кәсібін, мамандығын, бір нәрсеге қабілеттілігін
білдіретін жұрнақ: саудагер, жұмыскер,
қызметкер т.т.
Тіл мәдениетін статикалық тұрғыдан, яғни қазіргі күй-қалпын
әңгіме   еткенде,   тілдік   норма   дегеніміздің   бір   кезеңде   ғана
қалыптасып,   әрі   қарай   өзгермей   қатып   қалатын   құбылыс   емес
екендігін   де   қатты   ескеру   керек.   Норма   –   тарихи-өзгермелі
құбылыс   болғандықтан,   тіл   дамуының   бір   кезеңінде   норма
ретінде   қабылданған   (қолданылған)   тілдік   элемент   екінші
кезеңінде   нормадан   ығыстырылуы   мүмкін   және   керісінше,
өйткені тілдік норманы анықтауда әлеуметтік талғам негізгі рөл
атқарады,   ал   әлеуметтік   талғамды   күнделікті   өмір   қажет-тігі,
тілді   пайдалану   практикасы   белгілейді.   Осы   себептен   кейде
тілдің   құрылымдық   заңдылығына   сай   келмейтін   қолда-
ныстардың   да   норма   деп   танылып,   әдеби   тілден   орын   алуы
мүмкін. Мысалы, -ыр/ір, -ар/-ер тұлғалы есімшеге -ман /-мен
26


жұрнағы жалғанғанда, ол тұлға қазақ тілінің жалпы құрылым-
дық   нормасы   (заңдылығы)   бойынша   алдымен,   затты,   құбыл-
ысты емес, қимылды білдіреді, яғни етістік болып қалуы ке-рек
және ол әлі орындалмаған, бірақ жүзеге асуға таяп тұрған, енді-
енді   орындалатын   іс-әрекетті   білдіруі   тиіс.   Мысалы,  ол
жыларман   болды  дегенде,   «ол   адам   әлі   жыламаған,  бірақ
жылауға тақау» деген ұғымды береді. «Көшерменде жұрт жаман,
тастарманда   қатын   жаман»   деген   мәтелде  көшермен  тұлғасы
ауылдың әлі орнынан қозғалмаған, бірақ көшпелі шаруашылық
қамымен   тозған   орынды   ауыстырып,   отты-сулы   жаңа   өңірге
көшу қажеттігі таянған қам-қарекетті білдіреді, ауыл әлі көшкен
жоқ,   бірақ   енді-енді   көтерілетін   кезі   туғанда,   тозған   жұрт
«жаман» деген баға алады, тұздары жараспаған жұбайлар да –
сондай,   қазақтың   бұрынғы   (мәтел   дүниеге   келген   кездегі)
саясатында   мұндай   жұбайлар   қазіргідей   тепе-тең   тұрып
соттасып   айырылыспайды,   ері   әйелін   «тастайды»:   төркініне
қайтарады, үстіне әйел алады немесе басына отау тігіп, алдына
мал   салып,   бөлек   шығарады.   Қазақтың   әдет-ғұрып   заңы
(«Обычное   право   казахов»   деген   заң)   бойынша   да,   мұсылман
дінінің шариғаты бойынша да бір күнде әйелін «тастай салу»,
ажырап   кету   оңай   болмаған,   тастай   алмай,   бірақ   қарым-
қатыстары   соған   әбден   жақындаған   сәтті   қазақ   «тастарманда»
деп бір тұлғамен білдірген. Қысқасы,  -ар+-ман  жұрнақтарымен
жасалған   тұлға   қимыл,   іс-әрекет   семантикасын   сақтаған.   Ал
бұдан   30-40  жылдай   бұрын,   яғни   60-жылдардың   ішінде  әдеби
тілімізде  оқырман,  көрермен,  тыңдарман  деген,   біздің
күндерімізде, 90-жылдардың соң кезінде  оралман  деген атаулар
пайда болды. Бұлар енді етістік емес, есім (зат есім) сөздер, әлі
орындалмаған,   бірақ   орындалуға   таяу   тұрған   іс-әрекетті   емес,
сөз түбірі білдіретін қимылдың, іс-әрекеттің (оқу, көру, тыңдау,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет