Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


СӨЗ САЗЫ, ЯҒНИ СӨЗДІ ДҰРЫС АЙТУ



Pdf көрінісі
бет95/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   151
СӨЗ САЗЫ, ЯҒНИ СӨЗДІ ДҰРЫС АЙТУ
(ДЫБЫСТАУ) ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Сөз   сазыдегеніміз   –   сөйлеу  үстінде   (актісінде)   сөздердің
дұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуі. Ал сөздерді дұрыс
айту дегеніміз – тілдің табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтау
болып табылады.
Қазақ тілінің, өзге де ұлттық әдеби тілдер сияқты, ек-шеліп,
қырланған,   тұрақталған,   жалпыға   ортақ   заңдылықтары,   яғни
нормалары бар. Ол заңдылықтардың  бір бөлігі  сөздерді  дұрыс
таңдап,   орнымен   жұмсауға   қатысты   болып   келеді,   оны
лексикалық нормалар деп. атаймыз, енді бір саласы сөздерді бір-
бірімен   дұрыс   байланыстырып,   сөйлемдерді   құрастыра   білуге
қатысты   болып   келеді,   оны   грамматикалық   нормалар   дейміз.
Дұрыс жазу заңдылықтарын орфографиялық нормалар, ал дұрыс
айту   (дыбыстау)   заңдылықтарын   орфоэпиялық   нор-малар   деп
атаймыз. Бұлар – ғылымдағы атаулар.
Соңғы   орфоэпиялық   нормалар   деп   отырғанымыз   –
жоғарыда   айтылған   «сөз   сазы»   деген   ұғымға   қатысты.   Бұл
нормалардың барлығының да тіл үшін бір-бірінен артық-кемі
жоқ,   маңызы   бірдей.   Сауатты,   мәдениетті   адам   үшін  дұрыс
сөйлеп, қатесіз жазу – қандай міндет болса, сөздерді дұрыс
айтуы   (дыбыста-уы)   –   сондай   шарт.  Бұл   нормаларды   берік
сақтап, іс жүзінде ұстана білу «тіл мәдениеті» деген үлкен бір
әлеуметтік   мәні   бар   құбылысқа,   талапқа   барып   тіреледі.
Осыдан   барып   «тіл   мәдениеті»   дегеннің   ішінен   «ауызша
сөйлеу мәдениеті» деген саланы бөліп әңгіме етуге болады.
Алдымен, ауызша сөйлеу мәдениеті мен сөйлеу техни-касы
дегендер   –   бір   нәрсе   емес   екенін   ескеру   қажет.   Сөйлеу
техникасы сөйлеушінің, яғни актердің, диктордың, мінбеден
сөйлейтін   шешеннің,   кафедрадан   сөйлейтін   мұғалімнің   өз
даусын меңгеруіне байланысты сөз болады. Адамның өз дау-
сын меңгеруі оның тынысына, сөйлеу мүшелерінің қызметіне,
интонацияға, сөйлеу шапшаңдығына (темпоритмге), паузаға,
дикцияға   байланысты   болады.   Біздің   әңгімеміздің   өзегі   –
сөйлеу техникасы емес, сөз сазы, яғни сөйлеу мәдениеті.
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тіл
мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар, өзіне тән нор-
216


маларды   сақтауы   болып   табылады.   Бұл   нормаларға   сөйлеу
үстінде сөздерді дұрыс дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту
тәртібі жатады.
Сөздің   сазын   келтіріп   айту   әсіресе   шаршы   топ   алдына
шыққандарға   қойылады.   Шаршы   топ   алдында   сөйлеушілердің
өзі біркелкі болмайды. Жиналыстарда ойын ауызша білдіретін-
дер мен жазып алып оқып беретіндер, спектакльдерде ойнайтын
актерлар мен табан аузында репортаж жүргізетін журналистер,
комментаторлар,   дикторлар   мен   интервью   берушілер   –   әрине,
бірдей   емес.   Бірқатары   –   жазылғанды   оқитындар   болса,   енді
бірқатары – табан аузында ауызша сөйлейтіндер. Бірақ барлығы
да – топ алдында шығатындар болғандықтан, олардың ауызша
сөйлеу нормаларын, оның ішінде орфоэпиялық заңдылықтарды
сақтаулары қатаң талап етіледі.
Әдетте актер жазылған пьесаның сөздерін айтады, диктор
жазылған   материалды   оқиды,   лекторлар   көбінесе   жазылған
текске қарап сөйлейді. Демек, олар – әдеби тілде дайындалған
сөзді   ауызша   айтып   жеткізушілер   ғана   сияқты.   Сырт
қарағанда,   бұларға   тіл   мәдениеті   жөнінен   көп   салмақ
түспейтін   тәрізді   болып   көрінеді.   Ал,   шындығында,   тілге
қатысты ең үлкен талаптың бірі осыларға қойылады. Өйткені
сөйлеу   мәдениетінің   бір   шарты   –   жазылған   материалды
немесе   айтылмақ   ойды   да-уыс   ырғағын   дұрыс   келтіріп,
табиғи түрде оқып немесе айтып беру, яғни сөз сазын келтіріп
дыбыстау болса, бұлардан сол та-лап етіледі.
Сөздің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен сөйлеу үстіндегі
айтылуы   әрдайым   бірдей   болып   келмейді.   Сол   сияқты
сөздердің жазылған түрі мен оның оқылуы  да үнемі бірдей
түсе бермей-ді. Сөйлеу үстінде немесе жазылғанды оқып беру
процесінде   сөздер   бір-бірімен   «тіл   табысып»,   үндесіп,
үйлесіп жатады. Сол үйлесімдік үшін сөздердің кейбіреулері
бір-екі   дыбысын   «сындыруға»,   өзгертуге,   кейде   тіпті
жоғалтуға  дейін барады. Мұндай үйлесімдік – қазақ тілінің
ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи заңдылықтары.
Әрбір  тілдің  өзіне  ғана  тән  дыбысталу  ерекшеліктері
– сол тілді өзге туыс тілдерден бөлек дербес тіл етіп тұратын
белгілердің бірі. Ол ерекшеліктер сақталмаса, сол тілдің
217


табиғатына нұқсан келді деген сөз. Мысалы, алдыңғы сөз а, е, ы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет