Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


і  сияқты дауысты дыбыстарға аяқталып тұрса немесе  р, л, з, й



Pdf көрінісі
бет96/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

і  сияқты дауысты дыбыстарға аяқталып тұрса немесе  р, л, з, й,
үнді у (тау, бау деген сөздердегі) дыбыстарына аяқталған болса,
дауыс   ырғағы   жағынан   сол   сөзбен   тұтасып   айтылатын   келесі
сөздің   басқы  қ,  к  дыбыстары   ұяңдап,  ғ,  г  дыбыстарына
алмасады. Мысалы,  бала кезде,  келе қалды,  күні кеше,  кез кел-
ген, бұл күндері, қол қойды, қаз-қатар, ай қабақ  деп жазылған
сөздер  балагезде,  келеғалды,  күнүгеше,  кезгелген,  бұлгүндөрі,
қолғойдұ, қазғатар, айғабақ болып айтылуға тиіс.
Біріккен сөздердің ішінде де аралық дыбыстары жоғары-
дағы көрсетілген түрде келгендері осылайша «сындырылып»,
яғни қ, к дыбыстары ұяңдап айтылады. Сондықтан Меңді-
қыз, Талдықорған, Жезқазған, Жаңақорған, өнеркәсіп, бірқа-
тар, қылқалам түрінде жазылатын біріккен сөздер Меңді-
ғыз, Талдығорған, Жезғазған, Жаңағорған, өнөркәсіп, бірға-
тар,қылғалам болып айтылуы керек.
Сөздер аралығындағы бұл дыбыстар керісінше орналасқан
жағдайда да, яғни алғашқы сөз қ, к, п дыбыстарына аяқталып,
бір ырғақпен айтылатын келесі сөз дауысты дыбыстардан бас-
талса, бұл дауыстылар алдыңғы қатаң дыбыстарды «сынды-
рып», жұмсартады, яғни ұяндатып жібереді. Мысалы, шекара,
көк ала, көкөніс, қарап отыр, сатып алдым  сияқты сөздер  ше-
гара, көгала, көгөнүс, қаработұр, сатыбалдым болып айты-
луы – заңдылық.
Мектепте қазақ тілі бағдарламасының фонетика, грамматика
салаларынан   «Қазақ   тілінің   үндестік   заңдары»   деген   тақырып
өтіледі. Тіл білімінде «үндестік заңы» дегеннің баламасы ретін-
де «сингармонизм» деген термин қолданылады. Әдетте дауыс-ты
дыбыстың   жуан-жіңішкелігі   жағынан   қосымшаларды   өзіне
үйлестіруін «сингармонизм» деп атап келдік. Ал, шындығында,
сингармонизм  –   тек   дауыстылардың   үндесуі   емес,   сөзді   құрап
тұрған барлық  дыбыстардың  біркелкі  не  жуан,  не жіңішке бо-
лып  үндесуі  екенін  соңғы кездердегі   зерттеулер  баса  айтады
11
.
Оның   үстіне   бұл   үндестік   қазақтың   төл   сөздеріне   және   ерте-
ректе енген кірме сөздерге, олардың бір буынды түрлеріне де,
1
 Строй казахского языка. Фонетика. - Алматы: Наука, 1991. - С. 70.
218


көп буындыларына да тән екендігі көрсетіледі
22
, яғни сөздің
қалай  таңбаланғанына  қарамастан,  ішінде  жуан-жіңішке да-
уысты дыбыс әріптері жазылғанмен, тұтасымен не жуан, не
жіңішке   дыбысталуы   тиіс   деп   танылуы   қажет.   Мысалы,
кітап,  күмән, кінә  деп жазылған сөздердегі дыбыстар  кітәп,
күмән, кінә  түрінде үндессе,  біраз, бірақ, қауіп, қазір сияқты
сөздер  тұтасымен жуан айтылып, олардағы дыбыстар  быраз,
бырақ, қауып, қазыр (немесе кәзір) болып үндеседі.
Міне, осы сияқты сингармонизм заңы жазудың ыңғайымен,
яғни   бір   сөз   ішінде   жуан   да,   жіңішке   де   дауыстылардың
жазылғанына   қарай,   өзінің   табиғи   түрде   айтылуын   бұзып   жі-
беретін фактісі байқалады. Мұндайда дыбыстау автоматизмі-нен
гөрі, сөзді «ойланып» айту жүзеге асады: қа+зір, бір+аз,
бі+рақ.
Қазақ тіліндегі сөздер сингармониялық тембріне қарай жал-
пы   төрт   түрде   үндеседі:   олар   жуан,   жіңішке,   еріндік,   езулік.
Жоғарыда  көрсеткеніміз – жуан-жіңішкелікке қарай үндесу, ал
еріндік-езулік дыбыстардың бір-біріне ықпалына қарай бола-тын
гармония   «ерін   үндестігі»   деп   аталады.   Сөз   басында   не-месе
сөздің бірінші буынында келген  о, о,  ұ, ү еріндік дауыс-тылары
сол  сөздің  ішіндегі  өзінен кейінгі  буындарда  жазылған  ы,  і, е
дауыстыларын өздеріне үндес етіп айтқызады. Мыса-
лы: күмүс (жазылуы: күміс), кұлұн (жазылуы: құлын), үйрөнүу
(жазылуы:  үйрену).Үндесудің  бұл түрі  де жазудың  әсерімен
бұзылып, еріндік, езулік дауысты дыбыстар аралас айтылатын
фактілері бар. Айталық, құрұқ, күлүмгөз, өлөң, өнөр, өсүм деп
дыбысталуға   тиісті   сөздерді  құрық,  күлімкөз,  өлэң  немесе
өлең, өнэр, өнер, өсім деп айту жиі кездеседі.
Тек   үндестік   заңдары   бойынша   емес,   қазақ   тілінің   орфоэ-
пиялық заңдылықтары өзге сәттерде де орын алады. Мыса-лы,
бір   әуенмен   (ырғақпен)   айтылатын   екі   сөздің   арасындағы
(алдыңғы   сөздің   соңғы   дыбысы   мен   келесі   сөздің   басқа   ды-
бысы)   дауыстылардың   бірі   «жұтылып»   кетеді,   дәлірек   айтсақ,
соңғысы алдыңғысын «жұтып» қояды. Мысалы,  Сары арқа  де-
ген екі сөз бір әуенмен, яғни қосылып айтылуға тиіс, сондықтан
оның дұрыс дыбысталуы – Сарарқа. Сол сияқты келе алма-
2
 Сонда, 73-б.
219


ды деген күрделі етістік те бір әуенмен айтылатын сөздерден
тұрады, оның да орфоэпиялық суреті – келалмады болу керек.
Бұлардың   екеуінде   де   алдыңғы   сөздің   соңғы   дауыстысы
«түсіп   қалып»,   аралық   тұста   соңғы   сөздің   алғашқы
дауыстысымен екі сөз қосылып айтылады.
Сөздердің   жазылған   түрі   мен   (графемамен)   дыбысталу   (ай-
тылу) сазы бірдей бола бермейтіндігі  и әрпімен келген сөздерде
де көзге түседі. Анығында, бұл бір таңбамен  ый,  ій  деген ды-
быстар қосындысы (тіркесі) таңбаланады: сипат – айтылуда:
сыйпат,   сиыр  –  айтылуда:  сыйыр,  шикі    айтылуда:  шіикі,  ақ
тиін    айтылуда:  ақ тійін.  Жеке айтқанда  и  таңбасын жіңішке
дыбыстаймыз. Екі-үш (көп) буынды сөздерде келген (жазылған)
и әрпін   жуан   не   жіңішке   дыбыстау  оңай,   ол   сол   сөздегі   өзге
дауыстылардың ыңғайымен айтылады. Мысалы, бір тиын (ақша)
дегенде,  и-ді сөз ішіндегі  ы-ға қарай жуан айтамыз:  тыйын, ақ
тиін дегенде келесі буындағы і жіңішке дауыстыға қарай ій етіп
айтамыз: тійін. Ал бір буынды сөздерде жазылған
и әрпін айтуда қиындық тууы мүмкін. Мысалы, ми деп жазылған
сөз  мый  ма әлде  мій  ме? Мұндайда осы сөзге іштей қосымша
жалғап   көріп,   егер   ол   жуан   жалғанса   («мыйы+ма  қонбайды»,
«мый+ы  жоқ»   дегендер   сияқты)  мый  деп   айту   керек   болады.
Сондықтан  жазылуына  қарап,  и  дыбысының жіңішкелігін  еске
алып, мій деп айтуға болмайды. Сол сияқты бидай деп
жазылған сөздің алғашқы буынын жіңішке (бій), соңғысын жуан
(дай)  дыбыстау қазақ тілінің дыбыс әуеніне қайшы ке-леді, бұл
сөздегі  би  буыны   –   таза  бый  да   емес,   сондықтан   бо-лар,
айтылуда бұл сөз көбінесе бұйдай түрінде келеді. Әрине, қазіргі
жазуымызда   бір   әріппен   әрі   жуан,   әрі   жіңішке   дыбыстар
қосындысын   таңбалау   ұтымды   болмай   шықты.   Әсіресе   сөзді
буындауда,   соған   қарай   дұрыс   тасымалдауда   қиындық   пайда
болып   отыр.   Қазақ   тілінің   буындау   тәртібі   (заңы)   бойынша
екінші,   үшінші   буындар   еш   уақыт   дауысты   дыбыстан   бастал-
мауы керек, тек дауыссыздан немесе үнді (сонор) у, й дыбыс-
тарынан   басталуы   тиіс:  қа-ла-лық  (қал-ал-ық   емес),  та-уық
(тау-ық емес), қа-йық (қай-ық емес).  Мұны бұдан 80-90 жыл
бұрын Ахмет Байтұрсынов жақсы көрсетіп, айтып берген-ді
31
.
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет