Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§17.  Қазіргі   емле   ережелеріміз   бойынша



Pdf көрінісі
бет134/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

§17.  Қазіргі   емле   ережелеріміз   бойынша,  қосар  ұу,   үу
әріптерінің орнына жалаң у әрпі жазылады. Бұл дыбыстың да
айтылуының жуан-жіңішке екендігін (ұу немесе үу екендігін)
сөз ішіндегі өзге дауыстыларға қарап айыру керек. Екі, үш не
одан да көп буынды сөздерде өзге дауыстылар жуан (а, о, ы)
болса, ұ әрпімен келген тұс ұу болып, ал жіңішке (е, ә, ө, ү, і)
болса, үу болып айтылады.
Ал бір буынды сөздерді (олар сан жағынан өте аз) сөйлемнің
мағынасына  қарай қай  сөз екенін  ажыратып, жуан  не жіңішке
айтуға тура келеді. Мысалы, Үйдің төбесінде ту желбірейді
деген сөйлемде ту сөзі жуан тұу болып айтылады. Ту деген-
де түкірігі жерге түспейді  деген сөйлемде  ту  сөзі жіңішке
болғандықтан, түу деп айту керек. Сол сияқты: Шу, жану-ар,
шу  деді   дегенде  шу  сөзін   жіңішке  шүу  деп   айту   керек   те,
Көшеде   айғай-шу   естілді  дегенде  шу  сөзінің   жуан   екенін,
сондықтан  шұу  деп жуан айту керек екенін контекстен, яғни
сөйлемнің мазмұнына қарап ажырату керек.
Тәжірибеде  у  дыбысын жуан не жіңішке айтуда қиындық
байқалмайды,   сондықтан   орфоэпиялық   қателіктер   де   бұл
ретте онша сезілмейді, дегенмен ту және түу, шу және шүу,
273


гүугууледі (жазылуы: гу-гуледі) және гудок, су және сүурет (жа-
зылуы:  сурет)   сияқты   бес-он   сөздің   жуан-жіңішке
айтылуынан жаңылыспаған абзал.
Осы айтылғандарға сәйкес Абайдың мына жолдарын дұрыс
оқып   көріңдер.  и  дыбысы   жуан   және   жіңішке   айтылатын
сөздерді ый, ій арқылы жазып көрсетіңдер.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, 
Сыртын танып, іс бітпес, сырын көрмей. 
Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен 
соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
(Абай)
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу, 
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду. 
Гүл мен ағаш майысып қарағанда, 
Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.
(Абай)
§18.  Бірқатар   сөздер   мен   қосымшалар   жазылуда   түбірі
сақталатындықтан,  аралас   буынды  болып  келеді,   яғни  жуан
сөзге жуан варианты жоқ -кер, -гер, -кент сияқты жұрнақтар
жалғанады немесе жіңішке түбірлі сөзге жіңішке вариантта-
ры жоқ -қой, -паз, -қор сияқты жұрнақтар жалғанады. Мы-
салы: сауда+гер, Шым+кент , бал+гер, Таш+кент, әсем+паз,
сән+қой, шәй+қор (жазылуы: шайқор) т.б.
Осылардың ішінде -кер, -гер, -кент жұрнақтары жалғанған
кейбір   жуан   сөздер   айтылуда   осы   жұрнақтардың   әсерімен
тұтасынан жіңішке айтылады. Мысалы:  сәудегер,  Шімкент,
Тәшкент.  Бірақ   бұл   жұрнақтар   жалғанған   кез   келген   жуан
түбірлі сөз жіңішке айтыла бермейді. Мысалы: қаламгер, жа-
уапкер,  айыпкер, Құмкент  сияқты сөздер жазылған түрінше
айтылады. Ал жуан жұрнақтар жіңішке түбірді жуандата ал-
майды, сондықтан олар жуанды-жіңішкелі аралас буынды бо-
лып, жазылған түрінше айтылады. Мысалы: әсемпаз, өнерпаз,
сәнқой, әзілқой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет