Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет135/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

§19. Соңы к, г деген жіңішке дауыссыздарға аяқталатын кірме
сөздерге   жалғанған   ІІІ   жақтағы   тәуелдік   жалғауын   жіңішке
айтқан дұрыс. Мысалы: педагог – педагогі, ток – тогі,
монолог – монологі т.б.
Тегі,   сөз   соңындағы  к,  г  дыбыстарының   қазақ   тілінде
жіңішке айтылуының әсері күшті, сондықтан айтуда көбінесе
274


қазақ қосымшаларын жіңішке жалғауға бейім тұрады. Мыса-
лы: педагокке, педагоктік, участокке, участогтер, участогі,
рояльдің т.б. Өйткені қазақтың өз сөздерінде к, г дыбыстары еш
уақыт жуан а, ы, о дыбыстарымен келмейді (айтылмайды).
§20. Қазақ тілінде сөз соңында екі дауыссыз қатар келетін
сөздер бар. Бірақ кез келген дауыссыздар сөз соңында қатар
келе бермейді. Тек алғашқысы  л,  р,  м,  н,  ң  деген сонор ды-
быстар, соңғысы т, с, п, ш, қ, к деген қатаң дыбыстар болып
тіркесіп келеді. Мысалы: жалт, қалт-құлт, қарт, қант, ант,
қарс (қарс айрылды дегендегі), күмп (суға күмп берді), қарш-
қарш,   дүңк   (дүңк  етті),  қарқ-қарқ   (қарқ-   қарқ  күлді)  т.б.
Мұндай  сөздердің басым көпшілігі  жалт-жұлт,  қарқ-қарқ,
күңк  (етті)   сияқты   еліктеуіш   сөздерде   екі   дауыссыз   қатар
айтылып, қатар жазылады.
Бұл сөздерді айтуда сөз соңындағы екі дауыссыз күрт, шұ-
ғыл дыбысталады, яғни араларына ы, і сияқты дауыстыларды
салмайды:  жалт  (жалыт  емес),  күрт-күрт  (күріт-күріт
емес), жалт-жұлт (жалыт-жұлыт емес) т.т.
Қазақ тілінде сөздің үш дауыссызға аяқталуы – мүлде жоқ
құбылыс. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей, сонорлар мен
қатаңдардың   қабаттасуынан   өзге   дауыссыздардың   қатар   ке-
луі   де  –  орын  алмайтын  құбылыс.  Қазақ  тіліне  енген  орыс
және интернационалдық сөздер, әсіресе жер-су, қала аттары
қатарынан бірнеше дауыссыз дыбысқа аяқталып келе бер-
мейді. Мысалы:  пункт,  Омск,  фонд,  митинг,  штамп,  шланг,
факт, рецепт, экспромт, киоск, лифт. Бұл сөздер қазақ тілін-
де жеке айтылғанда, соңғы қатар келген екі-үш дауыссыздың
не сондарынан, не орталарында ы, і дәнекер дыбыстар салып
айтылады:  пункіт,  Омскі,  фонды,  митингі,  штампы,  шлаңгі,
факті, рецепті, экспромты, киоскі, лифті.  Бұлардың ішінде
қатаң дыбыста (факт, рецепт , киоск, лифт), сонор мен қатаң
да (шланг, штамп, экспромт), сонор мен ұяң дыбыс та (фонд,
митинг),  тіпті үш дыбыс та  (алдыңғысы сонор,  қалған екеуі
қатаң – пункт) қатар келген.
Қазақ   тілі   үшін   үйреншікті   емес   (яғни   фонетикалық
жүйесіне   сай   келмейтін)   дыбыстарға   аяқталатын   мұндай
сөздердің бірқатарына, атап айтқанда: нд, мп, кт, нк, нг, мб,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет