Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет19/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

ТІЛДІК НОРМА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Әдетте «норма» сөзін терминдік мағынада емес, қалыпты
бейтарап сөз мәнінде жұмсасақ, белгілі бір «тәртіп, жүйелілік,
дұрыстық»   деп   ұғынамыз.   Ал   тілге   келгендегі   бұл   сөздің
ұғымы «жалпы тәртіптілік» дегенмен қоса, терминдік мәнге
ие болатындығы мәлім.
Норма – тілдің «туа біткен» қасиеттерінің бірі іспетті. Ол
белгілі бір реттілік, жүйелілік құбылыс ретінде ауызекі сөйлеу
тіліне   де   («халықтық   тілге»   де),   әдеби   тілдің   ауызша
қолданысына да, жазба тілге де тән.
Тілдік  норманың табиғаты  екі  түрлі:  бірі  – тілдің өзінде
қалыптасқан нормалар және ереже бойынша ұсынылған нор-
малар. Соңғыларды «ереже бойынша» деп атауымыз шартты.
Бұл жердегі «ереже» дегеніміз – грамматика оқулықтары мен
әр алуан  сөздіктер,  анықтағыштар   т.т. Мысалы,  қазақ  тілін-
дегі   септеу,   жіктеу   парадигмалары,   сын   есім   шырайлары,
етістіктің   етіс   тұлғалары,   шақтық   мағыналары,   жұрнақтар
арқылы жаңа сөздің жасалуы сияқтылар «туа біткен» – яғни
өте ертеден тілдің өзінде қалыптасқан, әбден орныққан, тілдің
өз табиғатына тән жүйеге айналған заңдылықтар. Ал мен (пен,
бен)  шылауын   қосымша   ретінде   танытып,   7-көмектес
септіктің көрсеткіші деп ұсыну, оны септік парадигмасының
өзге жалғаулары сияқты сөзге қосып жазу нормасы – «қолдан
жасалған»,  яғни ережемен реттелген норма.  Сол сияқты екі
түбірдің ұзақ уақыт бойы бірігіп айтыла-айтыла, дыбыста-луы
жағынан кірігіп (өзгеріп, қысқарып), бір мағынаны біл-діретін
бір лексикалық тұтастық (бірлік) ретінде қалыптасуы
–   тіл   табиғатының   өзінде   пайда   болған   норма;   мысалы,  бүгін
(бұ+күн),  биыл  (бұ+йыл),  әкел  (алып+кел),  түрегел  (тұра+кел),
қайтіп (қалай+етіп), сөйтіп (солай+етіп), белбеу (бел+бау) де-ген
сөздердің о баста екі түбірден бірігіп пайда болған сөздер екенін
бірден   сезе   бермейміз,   өйткені   бұлар   –   тілдің   «о   бастан   келе
жатқан» нормативті дүниелері, ал өнеркәсіп, кәсіподақ,
ойталқы,  жолсапар,  гүлдесте, гүлшанақ  сияқты тіркестерді
біртұтастық деп тану – ереже арқылы ұсынылған нормалар,
яғни бұларды біріккен сөз деп біріктіріп жазу бүгінгі лексика-
семантикалық, орфографиялық нормалар болып шығады.
46


Әрине, «реттілік, жүйелілік» дегеннің өзі тіл қолданысының
көрсетілген түрлерінде болсын, тілдің әлеуметтік-тарихи қызмет
барысында (тарихында) болсын, біркелкі, бір сипатта болмайды,
оның үстіне нормалылықтың белгісі тілдің лекси-ка, грамматика,
тіпті   фонетика   сияқты   қаттауларының   бірін-де   «көрінеу»,
«қатаң» болып тұрса, екіншілерінде «солқыл-дақтау», «босаңдау
»   болып   келуі   және   заңды.   Мысалы,   ауы-зекі   сөйлеу   тілінде
жалғаулық   шылаулардың   қолданылуы   си-ректеу   ұшырасады,
олардың   орнын   интонация   немесе   син-таксистік   құрылым
сияқтылар басуы мүмкін: дәрі ішіп алдым
– басым ауырып тұр, бұл  ауызекі сөйлеу актісінде, ал жалпы
кодификацияланған ереже бойынша: дәрі ішіп алдым, өйткені
басым ауырып тұр немесе дәрі ішіп алдым, себебі басым ауы-
рып тұрғаны деп құрылуы тиіс.
Сол   сияқты   сөз   варианттарының   еркіндеу   қолданылуы
ауызекі   сөйлеу  тілінде   де,   шаршы   топ   алдындағы   сөзде   де
жазба әдебиет тіліне қарағанда жиірек орын алады. Бұл жер-
де лексикалық норманың «босандығының» ғана емес, стиль-
дік талаптың да рөлі болады. Айталық, ауызекі сөйлеу тілін-
де дөрекі, қарапайым, жергілікті сөздер және бөгде тілдік сөз
қатары  әлдеқайда еркін жұмсалса,  жазба тілдің шаршы топ
алдындағы қолданысында немесе публицистикалық үлгілерде
(газет-журнал   беттерінде)   бұлардың   орын   алуы   мейлінше
шек-теулі, жоққа тән болуы керек, бірақ мұның барлығы да өз
орын-дарында, өз салаларында норма болып табылады.
Жалпы әдеби тіл мен сол тілдің көркем әдебиетінің норма-
лары   да   бір   емес,   соңғыда   әдеби   нормадан   «ауытқу»   сияқты
болып   көрінетін   сәттер   аз  кездеспейді,   бірақ   бұл  «ауытқулар»
көркем   әдебиет   тілі   үшін   норма   болып   саналады.   Мысалы,
шылау-жалғау болып қызмет ететін  мен  (пен,  бен)  тұлғасының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет