Үшінші. Радио,теледидар және баспасөз сияқты бұқаралық
ақпарат құралдарының тіліне арнайы көңіл аудару да тіл
мәдениеті шаруаларының бірінен саналады. Бұқаралық ақпарат
құралдарының тілі дегенде, олардың сөз таңдап жұмсау
әрекеттерінен бастап, орфографиялық, орфоэпиялық нормалар-
ды дұрыс қолдануларына назар аударылады. Бұлар өзгелерден
екі есе көп жүк арқалайды: бірі – күнделікті газет-журналдар,
сахна өнерпаздары, радио мен теледидар қызметкерлері тіл
мәдениеті проблемаларын көтеру, тілдік нормаларды берік
сақтау сияқты мәселелерді өздерінің тікелей насихаттауы,
түсіндіруі, пікірталастар ұйымдастыруы болса, екіншісі – сах-на
мен радио, теледидар қызметкерлері орфоэпиялық норма-ларды
қалың көпшілікке үйретуші ұстаз болуға міндетті, ал баспасөз
қалың оқырман қауымының тілін ұстартып, жазу сауаттылығын
көтеруге мейлінше зор қызмет етуге міндетті.