Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


Екінші.  Тіл   мәдениеті   міндеттерінің   ішінде   кезек күттірмес



Pdf көрінісі
бет16/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

Екінші.  Тіл   мәдениеті   міндеттерінің   ішінде   кезек
күттірмес  маңызды шаруа  о р ф о э п и я ғ а, яғни сөйлеу
актісінде сөздерді дұрыс дыбыстай (айта) білуге қатысты. Бұл
салада жүзеге асырылған шаралар аз емес.
Қ.Неталиеваның   «Қазақ   тілінің   орфоэпиялық   сөздігі»   (1977
жыл),   М.Дүйсебаеваның   «Қазақ   тілінің   қысқаша   орфоэпиялық
сөздігі   (мектеп   оқушыларына   арналған,   1981   жыл)»   сияқты
сөздіктер   ұсынылды,   баспасөз   беттерінде,   радио   мен   теледи-
дарда   сөздерді   дұрыс   айту   жайында   мақалалар   жарияланып,
әңгімелер   өткізіліп   келеді.   Сөзді   дұрыс   айту   нормаларын   ба-
яндап, ережелерін ұсынған біздің «Сөз сазы» (1-басылымы –
36


1983,   2-басылымы   –   1995)   атты   құралымыз   жарық   көрді.
Бірақ бұл іс-әрекеттер теңізге құйылған тамшыдай ғана. Бұл
орай-да   балабақшалардан,   мектептерден   бастап,   мұғалімдер
мен   журналистерді,   сондай-ақ   өнер   адамдарын:   театр
актерлерін,   әншілерді   даярлайтын   оқу   орындарында   сабақ
беріп,   үйрететін  практикалық   жұмыстармен   қоса,   орфоэпия
проблемасының ғылыми-теориялық танымын арттыра түсетін
зерттеулерді жүргізе түсуге мейлінше ден қою қажет.
Бұл   орайда   орфоэпия   нормаларына   жазудың   тигізетін
ықпалын   айрықша   ескеруге   тура   келеді.   Бұл   күнде   орфоэ-пия
нормаларының жазудың құлдығына ұшырау қаупі бар. Дәлірек
айтсақ,   бір   жағынан,   орфоэпия   ережелерінің   нормала-ну
процесінің   әлсіздігінен,   екінші   жағынан,   жазу   дәстүріміздің
күшті дамуы салдарынан сөздер қалай жазылса, солай оқу (айту,
дыбыстау) салты етек алып бара жатқаны да, сөз басындағы о, е
дыбыстарын  айтуда   орыс  тілінің   әсері  байқалатындығы   да   тіл
мәдениетіне назар аударушыларды алаңдатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет