болғандығын, яғни бір әкесі емес, оған қоса бірнеше (көп)
адамның келгенін түсінеміз, демек, бұл жердегі
-лар – тілдік
модельге сәйкеспейтін қолданыс: «нормаға қайшы келетін нор-
ма», соған қарамастан хатқа тіркелген – кодификацияланған
қолданыс. Екінші мысал: сан есіммен келетін тіркестерде келесі
компоненттің көптік жалғауын қабылдамауы – тілдің ежелден
қалыптасқан жүйелік нормасы: қорада
он бес сиыр бар
(он бес
сиырлар емес). Осыған қарамастан қазіргі баспасөз беттерінде,
тіпті көркем шығармаларда, әсіресе радио мен те-
ледидарда
екі жүз оқушылар, он бес жоғары оқу орындары
сияқты қолданыстарды кездестіреміз.
Тілдік нормаға сай келмейтін грамматикалық, орфоэпия-лық,
сөзжасамдық құбылыстардың орын алу себептері де әр-түрлі
болып келеді. Олардың басым көпшілігі өзге тілдің әсері-нен
пайда болатынын байқаймыз. Айталық, көптік жалғауының
жалғанбайтын жерде келтірілуі – орыс тілінің, әсіресе орыс
тілінен аударылған үлгілердің әсері деуге болады. Ал
оқырман,
көрермен, сатарман, аларман, оралман деген жаңа сөздердің
жасалуына «қамшы болған» қазақ тіліне күні кеше ғана – XIX
ғасырдың II жартысында жүйені бұзып пайда болған
атарман,
шабарман сияқты бірді-екілі қолданыс сияқты.
Дегенмен бұл
екі
сөздің жағымсыз мәндік семасы (реңкі) кейінгі
оқырман,
Достарыңызбен бөлісу: