дегендердің
жана, даража, қарып, азар, әулі варианттары әдеби
қолданыстан ығыстырылды, бірқатарының, әсіресе араб, парсы
кірме сөздерінің екі (кейде тіпті үш) түрлі фонетикалық тұлғада
қолданылғандарының екі варианты да «кәдеге асырыл-ды»:
әрқайсысына жеке мағына телініп, яғни әрбірі қосымша
семаларға (қосымша, үстеме мағыналық реңктерге) ие болып,
әдеби норма ретінде тіл «айналымына» түсті. Мысалы,
ғылым –
орысша «наука»,
ілім – «учение»,
доңғалақ – көбінесе арбаның,
мәшиненің доңғалағы (бірақ бұл мағынада
дөңгелек варианты да
қолданылуы мүмкін), ал
дөңгелек – пішін атауы:
дөңгелек сызық,
дөңгелек таңба; бірқатары қосарынан жұмсалып,
қос
сөз
статусын алды
(есеп – қисап, жүдеп – жадау), ал көпшілігі әлі
күнге дейін жарыса қолданылып, екеуі де әдеби тілде вари-
анттар
(балуан – палуан, пәле – бәле, шайтан – сайтан) қатарын
түзіп келеді, бұлар да, сөз жоқ, түптің түбінде не бөлек-бөлек
мағыналық реңктер алып, екі сөз болып қалыптасады, не тір-
кесімдік қабілетін (ретін, үйлесімін) түрлендіреді: айталық,
«Түсіндірме сөздікте»
жаудырау вариантының «көзі мөлдіреу,
бейкүнә көзбен қарау» деген мағынасымен қатар «жарқырау»
(жаудырап ағып жатқан бұлақ су), «жалтақтау,
қия алмау»
(ыстық мекені
жаудырапартта қалды) мағыналары болса,
жәудіреу параллелі көбінесе
жәудіреген көз, жәудіреп қарау
деген тіркестерде қолданылады (бірақ «Түсіндірме сөздік» бұл
қатардың жіңішке вариантын әдеби норма емес, сөйлеу тілінің
элементі деп көрсеткен, біздіңше, екеуі де – әдеби нормадағы
сөз, тек қолданылу орындары, тіркесімдік сипаттары бөлек бо-
лып келетін сияқты). Фонетикалық дублеттер (әлде вариант-тар)
қатарын тек жуан-жіңішке параллельдер ғана емес, өзге де, ұяң-
қатаң немесе
с/ш, ө/ү, ұ/ы дыбыстары алмасып келетін сөздер
құрайды. Мысалы,
диірмен – тиірмен, айғай – айқай, шама –
сама (ішілген шайдың қалдығы),
сопы – сұпы, тұну
– тыну, тұнық – тынық, тозақ – дозақ, таба нан – тапа нан,
Достарыңызбен бөлісу: