Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет25/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

көрермендерде  сақталмайды.  Демек,  бұзылған   жүйе   әрі   қарай
бұзыла   түскен.   Мұндай   негізі   осал,   яғни   тілдік   құрылымына
сәйкеспейтін   нормалар   кодификацияланбай,   бірақ   жарыса
қолданылып жүре берулері әбден ықтимал. Тілдің табиғатынан
шығып кететін нормалар тілдік бүкіл жүйені қамтымайды, жеке
тұстарының ғана «шырқын бұзады». Сондықтан норманың басты
белгісі   –   тілдің   құрылымдық   табиғи   заңдылықтарына   сәйкес
келіп отыруы деген қағида әрдайым күшін сақтайды.
Норманың екінші шарты (межесі) – тілдің қатынас құралы
ретінде   қалың   жұртшылықтың   әрдайым   қолданысында
болатындығы, яғни әлеумет дұрыс деп тауып, көпшілік болып
әрдайым   қолданып   отыратын   сөздер,   грамматикалық   тұлға-
тәсілдер, сауатты жазу, сөзді дұрыс дыбыстау үлгілері норма
болып   табылады.   Бұл   жерде   нормалылық   құбылысы   тілдің
өмір сүру кезеңіне байланысты қаралады. Мысалы, қазіргі
58


әдеби тіліміздің нормалары – осы кезеңде (айталық, соңғы 60-70
жыл ішінде) қолданылатындары. Айталық, бұл күнде көпшілік
жалпы   «әйел»,   одан   соң   «біреудің   жұбайы,   жары»   де-ген
мағынаны   білдіру   үшін   адамды   жынысқа   бөлгендегі   атауы
(«ұрғашы») ретінде әйел сөзін қолданады, бұл – осы күнгі әдеби
норма,   оның   «қатын»   деген   синонимі   –   белгілі   бір   стильдік
реңкпен  (тұрпайылық,  қарапайымдылық  т.б.)   ғана  жұмсалатын
«әдеби  емес»  сөз. Ал  қатын  сөзі  күні кешеге дейін,  Абайдың
өзінде әдеби норма болған, яғни бұдан 60-70 жыл бұрын қазақ
жұртшылығы  қатын  сөзінен тұрпайылық көрмеген. Бұл сөздің
тіпті ертеректе «ханның, императордың, ұлы әміршілердің некелі
жары»   деген   титулдық   мағынасы   болғанын   білеміз.   Шыңғыс
ханның   төрт   әйелі   ғана   «хатун»   лауазымына   ие   болған,
қалғандары  кіші,  құма  сияқты   атаулармен   аталған,  кіші  сөзі
бабаларымыздың   тілінде   көне   замандардан   сақталған,   ол
«біреудің жұбайы, қосағы, жары» (орысша «жена») дегенді біл-
дірген. «Абай» эпопеясында Бердіқожа (М.Әуезовтің ұлы ата-сы)
Құнанбайға   қызын   «кішілікке   бермеймін»   дейді   ғой,   мұны
бүгінгі   оқырман   «кіші»   сөзінің   мағынасынан   шығарып,   кіші
әйелі ретінде, яғни тоқалдыққа бермеймін дегені деп ұғады, ал,
дұрысында,  кішілікке  сөзін «әйелдікке» дегеннің баламасы деп
түсіну керек, тіпті бәйбішені де бабаларымыз кіші деп атаған. Ол
дәуірлердегі тілімізде  кіші,  қатын  сөздері норма болған бол-са,
бұл   күнде   бірі   көнеріп,   мағынасы   күңгірттеніп   қолданыстан
кеткен, екіншісі тұрпайы стиль элементіне ауысқан. Қазіргі қазақ
әдеби тілінде «біреудің әйелі, қосағы, жұбайы» мағынасы үшін
де,   жалпы   «ұрғашы   әйел   заты»   ұғымы   үшін   де   жаппай,   кең
қолданыстағы сөз – «әйел», демек, бұл – әдеби норма.
«Жаппай   қолданыс»   (употребляемость)   дегенді   жиі,   актив
қолданыс   дегенмен   шатастырмаған   жөн.   Сирек   қолданылатын
сөздер де әдеби нормадағы элементтер болуы мүмкін. Айталық,
көнерген сөздер, кейбір экспрессивті поэтизмдер, тар аумақтық
кәсіби   сөздер   сияқтылар   сирек   жұмсалады,   олардың   өзге   эк-
виваленттері   болмайды,   сондықтан   реті   келіп   жұмсала   қалса,
барлық жұрттың аузына түсетін, яғни жаппай қолданатын тіл-дік
элементтер   болып   саналады.   Мысалы,   көптеген   көне   сөздер
мақал- мәтелдердің, фразеологизмдердің құрамында сақталған,
59


оларды бүгінгі қалың көпшілік түгел түсіне де бермеуі мүмкін,
бірақ   сол   сақталған   күйінде   барлық   жерде   қолдана   береді.
Айталық,  «әр  ханның  тұсында  бір  сұрқылтай»,  ереуіл  атқа   ер
салмай, өндірдей жас жігіт, қатуланып, қаттанып дегендерде-
гі   көрсетілген   сөздерді   мағыналарын   анық   білсін-білмесін,
барша жұрт айта береді, бірақ оларды өте сирек (мысалы, Те-
зек төре Сүйінбайға «болсайшы сен де менің сұрқылтайым»
дейді)   жұмсайды,   олардың   тіркесімдік   қабілеті   де   шектеулі
бо-лады,   осыларға   қарамастан,   олар   да   –   әдеби   нормадағы
сөздер болып саналады.
Нормалылықтың   «көпшілік   қолданатын»   деген   өлшемі
«әдеби» және «әдеби емес» деген қатарларды анықтауда басты
шарт болады. «Әдеби емес» параллельдердің түрлері әр алуан.
Айталық, күні бүгінге дейін бірқатар сөздердің жуан не жіңішке
айтылатын   қатарларының   қайсысы   әдеби   норма   екендігін   бел-
гілеу қиындық туғызып келеді: кәзір – қазыр, әулі – аула, заңғар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет