Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет49/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

Елге мойнымды созам, – көрінбейді. Маңайға мойнымды со-
зам,   –   дәнеңе   жоқ  (С.Мұқанов)  деген   сөйлемдердің   екеуі   де
бірақ  деген   жалғаусыз   құрылған.  Бұларды   жалғаулықты   вари-
антты:   «Елге   мойнымды   созам,  бірақ  ел   көрінбейді.   Маңайға
мойнымды созам,  бірақ  маңайда дәнеңе жоқ» түрінде құрылса,
екеуінің   қолданысында   стильдік   реңк   айырмашылықтары   бар:
жалғаулықсыз   вариантта   амалсыздық,   үмітсіздік   реңкі   бар,
жалғаулықты варианты жай хабарлау болып танылады.
110


Бірыңғай мүшелердің әрқайсысы қайталама жалғаулықтар-
мен құрылған сөйлем мен бірыңғай мүшелерді жалғаулықсыз
келтіру де – сол сөйлемнің синтаксистік бір варианты болса,
мұнда да стильдік мақсат көзделеді, демек, екеуі де – әдеби
норма.
Бағыныңқы   мүшелердің   өзіне   қатысты   сөйлем   мүшесінен
бұрын   орналасуы,   құрмалас   сөйлемнің   бағыныңқы   компоненті
басыңқыдан бұрын туратындығы – тілдік құрылымдық нор-ма.
Осы   нормаға   қарама-қарсы   түзілген   сөйлемдер   не   норма-дан
ауытқу болады, не диалогтерде берілетін ауызекі сөйлесу тәртібі
болып   танылады,   не   белгілі   стильдік   мақсат   көздеп   келген
құрылым   болады.   Мысалы,   жазушы   Сәбит   Мұқанов   кейде
шартты бағыныңқы сөйлемді басыңқыдан бұрын келтіруді өзіне
тән қолтаңбасы ретінде қолданады. Мысалы:
Ол шалқалап құлап түсетін еді, артынан біреу келіп қапсыра
құшақтамаса деген сияқты сөйлемдер.
Сайып келгенде, бұл да – синтаксистік варианттың стилдік
мақсатпен келген нормативтік түрі.
Сөйтіп,   лексикалық   және   грамматикалық   варианттылық
құбылысын   қазақшалап   «жарыспалылық»   деп   те   атай
отырып, вариант бірліктерді (тілдік единица: дыбыс, сөз, сөз
тіркесі, сөйлем, көріктеуіш құралдарды) «жарыспалар» (әлде
«жа-рыспалылар»   ма?)   деп   «жарыстыра»   қолданып,   бұл
құбылыс   пен   оның   объектілері   туралы   жоғарыда
айтқандарымызды тұйықтасақ:
1) варианттар – «ұқсас дүниелер», дүниеде, оның ішінде тілде
де «ұқсас» (мағыналас, қызметтес, үндес) бірліктер – единицалар
баршылық,   бірақ   баршасы   тура   мәніндегі   вариант-тар   болып
танылмайды.  Мысалы, синонимдер де – бір-біріне ұқсас, яғни
мағыналас сөздер. Оларды варианттар деп атау мүлде шартты,
бұл жердегі «вариант» сөзі «қатар» сөзінің эквиваленті болмақ.
Демек, біз жоғарыда норма тұрғысынан талдаған варианттар мен
синонимдерді   шатастырмау  керек.   Әрине,   белгілі   бір   жарыспа
тұлғаларды вариант (дублет)  деп тану немесе синонимдер деп
қарау кейде қиындау соғады.
Мысалы, орыс тіл білімінде неграмотный ~ безграмотный
деген қатарларды синонимдер деп қарайды, бұлайша танысақ,
111


бейкүнә ~ күнәсіз, әдепсіз ~ бейәдепдеген жарыспа тұлғаларды
біз   де   варианттар   дегеннен   гөрі,   жасалуы   жағынан   бір-біріне
синоним болып келетін сөздер деуімізге болады. Сірә, бұлайша
танымауға   олардың  тіркесімдік  қабілеттерінің  түрліше  екендігі
де   себеп   болатын   сияқты:  күнәсіз   жазғыру,  бейкүнә   жан  де-
геннен гөрі күнәсіз жан, бейкүнә жазғыру деп айту – жатық,
дұрыс, яғни норма.
2) Варианттарды «тегіне» қарай: әдеби тілдік және әдеби-
диалектілік қатарлар, әдеби және ауызекі тілдік дублеттер, ау-
ызша және жазбаша (орфоэпиялық-орфографиялық) вариант-
тар, орфограммалық (графикалық) дублеттер деп бөліп-бөліп
қарастырған жөн.
Тілдік-құрылымдық   сипатына   қарай   варианттар   фонети-
калық – орфографиялық – морфологиялық – лексикалық болып
бөлінеді. Қазіргі қазақ тілінде ең көп кездесетіні – лексикалық
және   фонетикалық   жарыспа   қатарлар.   Аталған   жарыспа   бір-
ліктердің қай-қайсысы да нормаға қатысты қарастырғанда едәуір
пікірлер қайшылығы мен әр алуан қиындықтар келтіріп жатқаны
мәлім. Тілдегі варианттар қатары неғұрлым көп бол-са, олардың
әдеби   нормалануы   толық   жүріп   болмағанын   көрсе-теді.
Варианттарды әдеби – әдеби емес, әдеби-стилистикалық (әдеби-
функционалдық)   деп   ажыратуда,   әсіресе   фонетикалық
қатарлардың  емледе  біреуін  тандауда   бірнеше факторларға  иек
арту   керек   болады.   Мысалы,   фонетикалық   дублеттердің   бір
сынарының күнделікті баспасөзде қайсысы жиірек қол-данылып
келе жатса, соны норма деп ұсынушылық орын алды. Мысалы,
сонғы 50-60 жыл барысында баспасөзде патша
(патса емес), дұшпан (дұспан емес), мысалы (мисалы емес),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет