Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет51/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151
ЛЕКСИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Лексика саласындағы тілдік нормаларды үш салаға бөліп
сөз ету керек: бірінде жалпы жазба әдеби тілдік сөз нормала-
рын,   екіншісінде   ауызекі   сөйлеу   тілінің   нормасын,
үшіншісінде   сөздердің   қолданыстағы   нормаларын   талдап,
таныту керек бо-лады.
Тіл-тілдің   лексикалық   қазынасы   ғасырлар   бойы   қалыпт-
асып, адамдардың қатынас және эстетикалық құралы болып
қызмет ететін, әлеуметтік талғамнан өткен сөздер тобы әдеби
нормасы болып танылады. Диалектизмдер, қарапайым сөздер,
дөрекі элементтер, жаргон, арго сияқтылар әдеби лексикалық
құрамнан тыс тұрады, бірақ бұлар ауызекі сөйлеу нормасынан
орын ала алады. Ал сөздердің әсерлі, орынды қолданысын бұл
қолданыстың   дұрыс-бұрысын   таныту   стилистикалық   норма
проблемасының өзегі болып келеді.
Лексикалық   норманы   сөз   еткенде,   әңгіме   жеке   сөздердің
қолданысқа түскендегі дұрыс-бұрыстығы, оңды не сәтсіздігі
туралы болмақ. Бұл – қиын шаруа, өйткені сөздердің барлығы
бір қалыпқа түсіп, бір үлгімен жұмсалмайды. қолданысқа кел-
генде,   әр   сөздің   «бас   бостандығы»,   әр   сөздің   «өз   қылығы»
(орыс тіл білімінде мұны «поведение слов в речи» дейді) бо-
лады.
Тілдің сыртқы факторларға: қоғамның әлеуметтік ахуа-лына,
идеологиясына,   мәдениетіне,   ғылым   мен   техникалық   дамуына
тікелей   қатысты   болатын   саласы   –   лексикасы,   яғни   сөздер.
Дұрыс не бұрыс деген бағаны жиірек алатын да – сөз нормасы.
Жаңа   сөздердің   барлық   әлеуметтік   топтар   тара-пынан   бірден
қабылдана   қоймайтындығы,   кейбір   беделді   қалам   иелерінің
бірқатар   жаңа   тұлғаларды   «көзге   ілмей»   қоятындығы   белгілі.
Мысалы,   Мұхтар   Әуезов  тарихи,  адами,  дүнияуи  сияқты   жат
жұрттық   жұрнақпен   келген   сын   есімдерді  публицистикалық
туындыларында (көркем шығармалары түгіл) қолданбағандығын,
сондай-ақ   Ғабит   Мүсірепов,   Ғабиден   Мұстафин,   Сәбит
Мұқановтар көпке дейін  оқырман,  көрермен  сөздерін жатсынып
келгендігін   білеміз.   Әрине,   лексикалық   нормалардың
қалыптасуы   тек   «беделділердің»,   ірі   жазушылар   мен
журналистердің,   «ақсақалдау»   тіл   мамандарының   ғана
талғамына тәуелді емес, бұл ретте тілдің ішкі құрылымдық
116


заңдылықтарының да (мысалы, сөз мағынасының тарылу не
кеңею   құбылысы,   сөздердің   функционалдық   стильдер-де
қолданысына   қарай   жіктелуі   т.т.),   экстралингвистикалық
факторлардың да сұранысы үлкен рөл атқарады.
Тілдің өз ішкі дамуына қатысты емес, сыртқы экстралин-
гвистикалық   факторлар   дегеніміз   –   жаңа   атаулардың   пайда
болуы, белгілі бір сөздердің не лексикалық топтардың ак-тив
қолданылуы,   мектеп   оқулықтары   мен   әр   алуан   сөздіктер
сияқты реттеуші каналдардың күші (қызметі) т.т.
Қысқасы, cөз әлемі – қыры мен сыры көп, күрделі де қиын
дүние,  сондықтан  оны жұмсаудың  реттері,  қисыны,  жүйесі,
түйіндеп айтсақ, нормалары туралы жеке әңгіме қозғау керек
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет