Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет57/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

бот    темір ме екен және ол неге көк?  Нигилизм дегеніміз  
тек көрсоқырлық па екен? т.т.
Жаңа сөздер деп жүргеніміздің келесі бір шағын тобын
ғарыш, ғарышкер, ғаламшар (планета), ғарышнама (космо-
логия),  жанұя  (отбасы,   семья),   сондай-ақ   сөздікке   кірмеген
Елбасы (Президент) сияқты қолданыстар құрайды. Бұлар
– тілдік лексикалық бірлік емес, стильдік бірлік (сөз), яғни
космос, космонавт, космология, планета, отбасы, Прези-
дент  сияқты   атаулардың   көріктеуші,  сипаттаушы,  қосалқы
сыңарлары, олар белгілі бір көтеріңкі үнмен келген мәтіндерде
қолданылатын   поэтикалық   элементтер   деуге   болады.   Айталық,
ресми   құжаттарда,   ресми   материалдарда   республика   басшысы
туралы   әңгіме   болса,  Президент  атауы,   ал   публицистикада,
көтеріңкі   үнмен   келетін   мәтіндерде   бас   әріппен  Елбасы  деп
қолданылып   жүр.   Сондай-ақ   физика,   астрономия   салаларына
қатысты ғылыми әдебиетте өзінің тура мағынасында келгенде,
126


космос,   космогония,   астронавт,   космонавт  деп   қолданылуға
тиіс   термин   атаулар   публицистикада,   поэзиядағы  ғарыш,
ғарышкер  деген  «көркем,  сәнді»  қосалқы   аттармен   берілуі
мүмкін.  Сондықтан   оқулықтар   мен  ғылыми   еңбектерде,   ресми
құжаттарда  ғарыш,  ғарышкер,  жанұя  деген варианттар – норма
емес, олар – «көріктеуші», «суреттеуші», «бағалаушы» сөздер.
Бүгінгі кезеңдегі әдеби тіліміздің лексикалық нормасын рет-
теуде, оны дұрыс қолдануда жалпы тілдік норма мен стильдік,
эстетикалық   норманы   шатастырмау  керек.   Бұл   орайда  ғарыш,
жанұя, жеделхат, төлқұжат  сияқты  «көріктеуші»  атаулар-ды
терминдік, жалпы лексикалық норматив бірліктерге айнал-дыру
әрекеті бар, бұл – әрі сөз табиғатын, сөздің терминдік ва-рианты
мен   оның  «сипаттауыш»  (характериологический)   вар-ианты  да
болатындығын   және   олардың   әрқайсысының   қолда-нылатын
орны,   мақсаты,   уәжі   болатындығын   жете   түсінбеу-шіліктен
туындаған құбылыс. Осыны сезінген біраз редакция-лар үнқағаз
(газет),  көктемірлерге  (компьютер)   көп   әуестенбей   келе
жатқаны, енді біреулері әлі де «редакторды» сарапшы, «газетті»
үнжария,  «комментаторды»  түсініктемеші,  «па-спортты»
төлқұжат  ,  «телеграмманы»  жеделхат  деп   термин-деп
нормаландыруға барынша күш салып жатқаны байқалады.
Қазақтың   өз   сөздік   қазынасынан   жасалсын,   өзге   туысқан
түрік   халықтары   тәжірибесінен   алынсын,   жоғарыдағыдай   си-
паттауыш   қызметі   жоқ   жаңа   атауларды,   әрине,   норма   ретінде
орнықтыруға   болады.   Мысалы,  ақпарат,  расытхана  (обсер-
ватория)   деген   5-10   сөздің   төркіні   және   көршілерден   алынған
бау-бақша,   егіншілікке,   жер   бедерінің   атауларына   қатысты
бірқатар   сөздердің   де   қазақтың   лексикалық   қазынасына
қосылып, нормаға айналып жатқанын мақұлдау керек. Деген-мен
кейбіреулерінің   сәтсіз екендігін  де  айту  керек. Мысалы,  клоун
дегенді өзбек ағайындар  масқарапаз  десе,  оны қазақ тілі  үшін
қабылдау   –   сәтсіз,   өйткені   қазақта  масқара  –   жағымсыз
мағынадағы сөз, ал клоун ж– ағымсыз өнер иесі емес, сол сияқты
дом инвалидов дегенді мүсәпірхана деп қазақшалау да ыңғайсыз:
қазақтар ұғымында мүсәпір адам – «нағыз сорлы, әбден титығы
жеткен,   айналасына   мейлінше   жалтаңкөз   болған   жан»,   ал
мүгедектер (инвалидтер), әсіресе соғыс мүгедектері
127


– мүсәпірлер емес қой. Мұндайда  хана,  жай  деген қосымша
іспеттес тұлғаларды (мүгедекхана) пайдалану қолайсыз болса,
«мүгедектер үйі» дегендей аналитикалық (тіркестік)  амалды
пайдалануға болады.
Жаңа   сөздердің   теріліп   көрсетілуі   олардың   қолданысына
жарамды болып, еніп кеткен және әрі қарай еніп кететін ва-
рианттарды сұрыптауға мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа
қолданыстарды   тіркеген   сөздіктер   қазақ   тілінің   бүгінгі
кезеңдегі   лексикалық   құрамының   статикалық   та,
динамикалық   та   тұрғыдан   нормалану   барысын,   процесін
қадағалауға, сөйтіп, саналы түрде әсер етуге көмектеседі.
Тілдің құрылымдық жүйесіне сай келмейтіндері, көпшілік
қауымның талғамы дұрыс деп танылмағандары бір-екі жер-де
(бірер   авторда,   бір   газеттің   бір-екі   нөмірінде,   бірер   мақала
немесе көркем шығармада) ғана қолданылған жаңа сөздер әрі
қарай   жалғаспай,   әдеби   тіл   айналымына   түспей   шығып
қалады, мысалы,  білдірме  (сводка),  безендірме  (транспарант),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет