Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет58/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

бұйырман  (заявка),  домалақшы  (анонимщик)  дегендердің
орнына   басқа   варианттар   іздестіріледі   не   шет   тілдік  сөздер
қолданылады. Мердігерлік, қайта құру, мыңшылар, тоқырау
(кезеңі),  айлық  (белгілі бір жұмысты, қоғамдық компанияны
өткізу  үшін  бөлінген   бір  айлық   уақыт,  науқан,   орысша  ме-
сячник)  сияқты жаңа  қолданыстардың  көбі  саяси-әлеуметтік
әдебиетте, мерзімді баспасөз беттері мен теле, радиохабарлар-
да орын алатындығы ескертіледі.
Ал көркем әдебиетте жаңа сөздер әлдеқайда сараң кезде-седі,
оның өзінде де көбінесе стильдік мақсатпен, яғни жаңа ұғым атау
қажеттігінен гөрі, бұрынғы бар атауларды сол кон-тексте ұтымды
деп табылған өзгеше тұлғамен ауыстыру үшін дүниеге келгендер
болады.   Мысалы,   «Жаңа   қолданыстар»   сөздігіне   тіркелген
базарман сөзіне келсек, бұл сөзді жазушы М.Мағауин XVI-XVII
ғасырлардағы   оқиғаларды   суреттеу   үстінде   пайдаланған,   сол
тұстағы   қоғам   тіршілігін   баяндау-да   сауда-саттықпен   арнайы
айналысатын   әлеуметтік   топтың   болғандығын   көрсету   үшін
базарман сөзін әдейі қолданады немесе осы шығармасында автор
бұл   күнде  барлаушы,  тыңшы  түрінде   қалыптасқан   норматив
сөздердің орнына хабаргер сөзін
128


жұмсаса, шығарма тілін тарихи стиль тезіне түсіру мақсатымен,
яғни   бұдан   2-3   ғасыр   бұрынғы   әскери   тыңшыны   қазіргіден
айырып атау мақсатын көздеп, жаңа сөз ретінде ұсынып отыр.
Көркем  шығармаларда  орын алатын   стильдік   немесе авторлық
деп   те   атауға   болады,   жаңа   сөздер   көпшілікке   ортақ,   жалпы
тілдік   лексика   қазынасының   нормативтік   бірліктері   қатарына
енбейді.   Бірақ   олардың   орын   алуы   көркем   әдебиет   стилінің
қолданыс нормасына жауап береді.
Жаңа   қолданыстардың   нормалану-нормаланбау   мәселесіне
орай және бір ескертер жайт – соңғы 5-10 жылдың барысында
олардың көбейе түскендігі.  «Жаңа атаулар» сөздігінің  соңғысы
1992   жылы   жарияланған   болса,   содан   бергі   уақытта   орынды-
орынсыз   ұсынылып   жатқан   жаңа   сөзқолданыстар   қаншама!
Олардың   дені   –   ғылыми-техникалық   және   саяси-әлеуметтік
терминдердің   қазақша   баламасы   (немесе   аудармасы)   ретінде
дүниеге   келгендер.   Бұлардың   ішінде   бұдан   15-20   жыл   бұрын
пайда болған жаңа сөздердің орнына дұрысырақ деп тапқан ва-
рианттары да бар. Мысалы, осыған дейін  вкладшы  деп тіркел-
ген   экономика   термині   соңғы   жылдары  салымшы  деп   беріліп
жүр. Осы қатарға нормаға жуықтау деген  мынақып  (некролог)
сөзі   қазір   көбінесе  азанама  деп,   бұрынғы  ауданшық  (мик-
рорайон)   сөзі  мөлтек   аудан  деп   ауыстырылды,  әріптес  сөзі
қазірде бұрынғыдай «партнер» емес, «коллега» деген мағынада
қалыптасып қалды (ал «партнердің» ойынсерік деген баламасы
– дұрыстау). Императрица, царица ұғымдары ертеден қатын
патша, патшайым, патшаханым  сияқты бірнеше вариантта
аталып   келсе,   әлі   біреуі   норма   ретінде   орныққан   жоқ.   Бұл
күнде   едәуір   нормаланып   қалған  жанкүйер  деген   спорт
терминінің  де  сүйермен  деген  жарыспасы,   5-10  жыл  бұрын
«творчест-во»   мағынасында  өнернама  деп   қолданыла
бастаған   сөздің   кейінірек  шығармашылық  деген   жарыспа
варианты,  спонсор  ұғымын алдыңғы кезде  қаражатшы  деп
келсек, енді демеуші варианты дүниеге келді.
Жаңа сөздерді ұсынуда байқалатын және бір құбылыс – бір
тұлғамен   мағыналары   бөлек   екі-үш   ұғымды   білдіру   және,
керісінше,   бір   ұғымды  екі-үш   тұлғамен  атау.  Алдыңғысына
фактілер келтірсек: жариялама деген тұлғамен «репортаж»
129


және «объявление» деген ұғымдарды атап келіппіз. Жарияла-ма
сөзі мағына жағынан соңғы ұғымға жақын келсе де (бірақ бұның
хабарлама деп қалыптасқан варианты тағы бар ғой), ре-портаж
дегенге   мүлде   жуыспайды.  Сол   сияқты  әріптес  деген  сөзбен
«партнер» және «коллега» ұғымдарын білдірушілік бар; киімге
салынатын  тесьма  деген   зат   атауы   мен   көзілдіріктің   әйнек
кигізетін   «оправасын» білдіруге  жиектеме  деген  бір жаңа  сөз
ұсынылыпты, мағына жағынан бұл тұлға екі ұғымның екеуін де
атауға   жақын   келеді,   дегенмен  тесьма  мен  оправаны  қазақша
бөлек-бөлек   атағандары   жөн;  қойылым  деген   жасан-ды   жаңа
сөзбен   «постановка»   (спектакльдің   қойылымы)   де-генді   де,
музейлерге   қойылатын   «экспозиция»   дегенді   де   атау  бар  екен.
Сірә,   орыс   сөзі  постановка-ны   аударған   –   дұрыс,   ал
«экспозиция»   сияқты   ұғымды,   біздіңше,   халықаралық   термин
ретінде   сол   күйінде   әдеби   тіл   нормасында   қалдыруға   болады.
Екінші жайтқа, яғни бір ұғымның қазақша атауын екі, кейде үш
вариантта ұсынушылыққа келсек, олар бұдан да көбірек:
қаражатшы /демеуші ( «спонсор»), қайтарым /қайтарыс (
«отдача»,   экономика   термині),  дерекнама  /деректеме  («ис-
точник»),  дәйексөз  /дәйектеме  («цитата») т.т. (бұлар жөнінде
жоғарыда кенірек айтылды). Бұл екі түрлі фактінің екеуі  де
лексикалық   нормалану   процесінде   елеулі   орын   алады,   яғни
олардың   біреуін   норма   ретінде   ұсынуда   талдау,   дәлелдеу
сияқты реттеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді.
Жаңа қолданыстардың әдеби тіл қорына көшіп, норма-лану
процесі   уақытты   және   тәжірибені   қажет   етеді,   әсіресе
көпшілік күнбе-күн пайдаланатын газет, журнал, радио, теле-
дидар сияқты ақпарат құралдарында жиі қолданылуының мәні
айрықша.   Қолданылу   жиілігі   –   нормаланудың   ен   пәрменді
фак-торы.
Кейбір сөздер өте жиі жұмсалғандықтан, тілдің құрылымдық
нормасына   да,   мағыналық   дәлдігіне   де   жауап   бермейтіндігіне
қарамастан, нормаға айналып, әдеби тіл қазынасынан орын алып
отыр не орын ала бастады. Мысалы, «трезвость» ұғымын беретін
салауаттылық  сөзі,   «отбасы»   мағынасындағы  жанұя  деген
нағыз жасанды тұлғалар, «космос» ғылыми терминінің «ғарыш»
аудармасы, космодром сөзінің ғарыш айлағы,
130


аэродромның   әуежай  болып   өте   жиі   қолданылуы    соңғы
айтылған пікіріміздің айғағы.
Лексиканың   толығуы   немесе   біршама   сапалық   өзгерісі   –
қоғамның  әлеуметтік,   саяси, мәдени,  экономикалық  дүмпулері,
күрт өзгерістері кезінде болатыны белгілі. Соңғы онжылдық
– қазақ қауымы үшін осындай өзгерістер, төңкерістер, алмасу-
лар кезеңін бастан кешуде. Қоғам өмірінің әрбір сәтінің «жүрек
соғысын» жедел көрсетіп отыратын тілдің лексика саласы зерт-
теуші   ғалымдар   түгіл,   жай   көзге,   қалың   жұртшылыққа   бірден
сезіледі,   нәтижесінде   лексикалық   жаңалықтарды   қабылдау  не-
месе жатырқай  қарау,  кейде  тіпті  қабылдамай  қою қарекеттері
орын   алады:   пікірсайыстар,   таластар,   ұсыныстар   көбейеді.
«Тілдің   лексикалық   нормалануы»   деген   проблемаға   мұның
тікелей   қатысы   болатындығы   белгілі.   Және   бұл   –   процестің
дұрыс нәтижесі, яғни жаңа сөздердің нормалануы, әдеби тіл-ден
орын   алып   тұрақтануы   –   қаулы-қарармен,   үкім-жарлықпен,
«көпшілік дауыспен» шешілмейтін кезенде тұрмыз, бұл – «тіл-
дік норма және оның кодификациясы» деген проблемаға ғылыми
тұрғыдан қарауды қажет етеді, термин жасау саласы-нан бастап,
қарапайым   сөздерді   де   нормаға   келтіруде   мұқият   ізденістерді
талап   етеді.   Бұл   ізденістер   жаңа   қолданыстарды   теріп
жинастыру, іріктеп, жүйелеу, дұрыс-бұрысын «меніңше былай»
деген   принциппен   емес,   тіл   білімінің   теориялық   не-гіздері
бойынша дәлелдеу, әр алуан сөздіктер, анықтағыштар, көмекші
құралдар  арқылы жариялап отыру сияқты іс-әрекеттер түрінде
жүргізілуге тиіс. Біздің бұл жұмысымыз (кітабымыз) сөздердің
нормалануына арналған осындай істерге бастама әрі бағдарлама
іспеттес болса дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет