қагу, гүл, кесте, тәж, жаға, қап, жылыту,қойдыру, құру, себу деген компоненттерінің түбірлері беретін мағынасы атайтын
заттар мен құрал-жабдықтардың мағынасына сай келеді.
Тұрмыста қолданылатын бұйым, зат, жабдық атаулары мен
кәсіп, жұмыс иелерін білдіретін адамдарды атайтын сөздердің
ішінде қазақша баламасы сәтсіз шыққандары да баршылық.
Мысалы: айырша (штепсельная вилка), аларман (покупатель),
аспансерік (стюардесса), аяқжол және жаяусоқпақ (тротуар),
домалақшы (анонимщик), жапсырма шеге (кнопка), желкөз (форточка), жүрісші (пассажир), қызықшы (конферансье және
клоун), сушарап (шампанское), тұсқағаз (обои), шақыру (ло-
зунг), танымгер (мастер), шыртетпе (включатель) деген жаңа
қолданыстар «жаңа сөз» статусына ие болып, әдеби тілдің қатаң
нормасына ене алмайды деуге болады, өйткені бұлардың да
лексикалық бірлік (сөз) ретінде танылатын белгісі осал, яғни
мағынасы мен тұлғасының (в плане содержания и в плане вы-
ражения) сай еместігі. Айталық, қала көшелерінде жаяу адам
жүретін бөлігін жаяусоқпақ деп атағанда оның «далада түсетін
жол» дегенді білдіретін соқпақ сыңары мағына жағынан кел-
мейді, немесе қызықшы сөзінің түбірі қызық – концерттерде
орындалатын өлең, күй, билердің атын, композиторын, сөзін,
қоюшысын, орындаушысын атап, сахнаға шығатын адам –
конферансьенің мағынасына тіпті жуыспайды, қалған мысал-дар
да осы сипаттас.
Жаңа қолданыстар сөздігінен орын алған сөздердің ішінде
ғылыми, өндірістік, техникалық терминдердің қазақша ба-
ламалары аса көп емес деуге болады. Басқосулар (встречи),
дүниеқоңыздық (вещизм), кеудемсоқтық (амбиция), мерейгер (лауреат), мүшелтой (юбилей), көземел (гипотеза), рәсім (це-
ремония), салауаттық (трезвость), сарасана (самосознание)
сияқты 5-10 жаңа қолданыс әлеуметтік, саяси, мәдени тер-
миндерге жатады деуге болады, олардың қатарында жеңіскер (чемпион), желаяқ (бегун) сияқты бірді-екілі спорт термині
125
де бар. Көрсетілген жаңа қолданыстардың терминдік топ
құрауларынан гөрі, күнделікті мәдени өмірімізде жиі қолда-
нылатын көпшілікқолды сөздер ретінде сезілуі басым. Сон-
дықтан сөздік құрастырушылар, солардың бірі және сөздіктің
редакциясын басқарған мен де бұл сөздерді жай атаулар ретінде
жинап, сөздіктің тұтас принципіне қайшы келмедік деп есеп-
теген болармыз. Бірақ олардың да бірқатары (кеудесоқтық, мерейгер, сарасана сияқтылар) –тиянақталып,нормативтік
сипатқа ие бола қоймаған бірліктер. Прописка сөзінің қазақша
баламасы ретінде біреулер мөртаңба, енді біреулер тіркелгі деп
жаңа сөздер ұсынса, бұлар да – сәтсіз. Әсіресе «робот-ты»
көктемір деп, «интуицияны» көкейкөз деп, «обществе-ность»
дегенді қауымкеш, «кафедраны» құжыра, «библи-
ографты» ғұмырнамагер, «доносты» көрсетінді, «гипоте-
за» дегенді көземел, «нигилизмді» көрсоқырлық, «лупаны»
күнтартқыш деп қазақша ұсынылған баламалар тіпті сәтсіз
шыққан, бұлардың норма ретінде тұрақталмайтындығы – да-
усыз, өйткені бұл жерде белгілі бір зат, ұғым атауларын дәл
табу принципі емес, әйтеуір «орысшасынан» қашу мақсаты
алға қойылған, сондықтан бұлардың бірде-біреуінің мағынасы
атап тұрған ұғымды (орысша көрсетілген) бере алмайды: ро-