қозғалақтау – тынымсыз қозғала беру, қымыңдау – жайсыз-дану,
қозғақ қағу – қозғала түсу. Осы үш сөздің үшеуінің де қызметі,
экспрессивтік жүгі – алдыңғы сөйлемдегі тілмаштың әкімдер
алдында жалтақтаған қылығын күшейте түсу. Демек, сирек
қолданылатын сөздер болып танылатын қозғалақтау, қозғақ қағу
сияқты дағдылы емес тұлғалар стильдік мақсатта келгенде,
нормадағы қолданыс болып шығады. Жазушы олардың
түсініктілігін контекст арқылы қамтамасыз етеді.
Жалпы білдіретін мағынасы сөз түбіріндегі семантикасы-нан
немесе контекстен біршама түсінікті сөздердің үлкен то-бын
экспрессиясы күшті сөздер құрайды, олар көбінесе сын есімдер
мен зат есімдер, сондай-ақ үстеулер болады. Әдеби нор-ма
тұрғысынан келгенде, олардың да мағынасын жақсы біліп,
орнымен жұмсау керектігін қазақтың мықты жазушыларының
сөзқолданыстары көрсетеді. Мысалы, сарпылтаң, қырымпоз-
дану, кеңкелесу, төмілжу, сүркіл, мұғдарлы, қотиын, аңқит-
тау сияқты экспрессоидтарды (әдейі стильдік мақсатта қолда-
нылатын әсерлі сөздерді) Ғ.Мүсіреповтің, О.Бөкеевтің, Д.Дос-
жановтың көркем шығармаларынан кездестіреміз. Бұлардың
көпшілігінің нормативтік сөздіктерде не мағынасы дұрыс
көрсетілмеген, не диалектизм деп белгіленген (сүркіл),не тіпті
сөздікке енбей қалған (қотиын). Көрсетілген сөздердің барлығы
да – лексикалық қорда бар бірліктер, бірақ орын тан-дап сирек
жұмсалатын, көбінесе стильдік мақсатпен көркем әдебиет
тілінде кездесетін сөздер. Әдеби норма мұндай тұлғаларды
мейлінше дұрыс тандап, белгілі экспресиялық жүк артып, дәл
қажет жерінде қолдануды талап етеді. Экспрес-сиялылығына
қызығып, оларды орынсыз жерде қолдану тек тілдік норманы
емес, алдымен қолданыстық-стильдік норманы бұзушылық
болады. Мысалы, қырымпоздану сөзін қазақ тілінің
145
толық түсіндірме сөздігі «жинақы жүретін; сылан, кербез»
мағынасындағы қырымпаз сөзінің ауызекі сөйлеу тіліндегі, де-
мек, әдеби нормадан тыс тұратын сөз» деп көрсеткен (ҚТТС, 7-
том, 18-бет). Ал Ғ.Мүсіреповтің: «Мұны да қырымпозданбай,
қиқаңдамай істеді» («Оянған өлке», 1955, 2-том, 59-бет)
дегенінде жаралы жалшы жігіт – Жабайға Игілік байдың ерке
жиені – Сейіттің қызмет еткенін, ол қызметін міндет етпей,
қалтқысыз істегенін айтып отыр. Бұл жерде түсіндірме сөздік
көрсеткен «кербездену, сыландау» немесе «жинақы, әсем жүру»
деген мағына емес, автор мұнда «сыр алыспаған жас жігіттің
жаралы жалшы жігіт – Жабайға әйелдер араласа алмай-тын
күтімдерге шейін риясыз көңілмен, жиіркенбей, іркілмей
істегенін» қырымпозданбай, қиқаңдамай деген экспрессивті
етістіктермен әдемі суреттейді. Демек, осы екі сөз өз орында-
рында, контекст сұранысында дәл жауап беріп тұр.
Әрбір сөзді тандап, талғап барып, өз орнында жұмсайтын
Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы жазушылардың
тілінде кездесетін кәугөрік («...Осы елдің көп кәугөрік еркегі
айтқанына түсінбейді» – Тандамалы шығармалар. - Алматы,
1955. - 2-том. - 36-бет), құнезер («Тақымдарына бір-бір темір
күрек, сірі жан торсықтарын қанжығаларына тізіп алып онай
кесіптін құнезерлері ойды-қырды ылғи шарлап жүреді» – сон-да,
60-бет)). Бұл сөз дыбыстары алмасып ұшыраған, сондықтан
оның құнерез варианты да бар. Сол сияқты ұлы Мұхтар
Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілінде кездесетін жо-
шын («... Осы, ана Ысқақ бір жошын» – М.Әуезов Таңдамалы
шығармалар. - I том. - Алматы, 1955. - 17-бет), құж («Жаным-ау,
қасқыр бала мынау ғой! –құж десеңші» – сонда, 19-бет), «молда
сүрей кәрі» (146-бет), нор («қалың нөпір қара нор»
– 189-бет), қыжал сияқты сөздерді де не жергілікті сөз, не
автордың өзі жасаған неологизм, не этнографизм, не тіпті
көне сөз, тарихтық сөз деуге болмайды. Олар – сирек
қолданылатын, көбі экспрессивті тұлғалар. Бірқатары
сөздіктерге енбей қалған. Ал енгендерінің сөздікте
көрсетілген мағынасы жазу-шы қолданған мағынасынан
бөлек. Мысалы, жошын сөзі – ҚТТС-да бар болғанмен,
Әуезов қолданған мағынадағы тұлға емес, сүрей – бұл да
сондай: М.Әуезовте сөздіктегі «есуас, делқұлы» деген
мағынада жұмсалып тұрған жоқ, нор – бұл да алдыңғылардай.
146
Демек, көркем әдебиетте болсын, публицистикада болсын
оларда кездесетін сөздер мен сөз тұлғалары нормадан тыс эле-
менттер болып танылмайды, керісінше, бұлардың жазушы, ақын,
публицист сияқты қалам иелерінің тілінде жұмсалуы – белгілі
бір қолданыстық, стильдік мақсатпен келетін, нормаға сай тілдік
(лексикалық) құралдар деп есептеледі.
Қолданыстағы жоғарыда көрсетілгендей номинативтік
(негізгі лексикалық) мағыналары жеке алғанда қалың көпшілікке
түсініксіздеу сөздерді іріктеп жинап алып, олар-ды жергілікті сөз
– диалектизмдерден, ұмытылып бара жатқан этнографизмдерден,
әдеби нормадан тыс тұратын қарапайым не дөрекі сөздерден,
мағыналары күңгірттенген архаизмдер мен тарихтық сөздерден
ажыратып қарап, әрқайсысының жал-пы тілдік те, контекстік те
(қолданыстық та) мағыналарын көрсетіп беру – тілді
нормалаудың үлкен бір шаруасы болуға тиіс. Алдағы уақыттарда
бұндай сөздердің сөздігі жасалып, түсіндіріліп берілсе, ол –
көпшілік қауымның, қазақ тілін үйренушілер мен
пайдаланушылардың, оның ішінде жазу-шы қауым мен қалың
оқырмандардың тіл нормаларын игере түсулеріне көмектесер
нақты істердің бірі болмақ.
Құрылымдық нормаға да, қолданыстық-стильдік нормаға да
жатпайтындай болып көрінетін сөздердің аса бір шағын тобы –
окказионализм деп аталатын бір қолданар сөздер, яғни авторлық
түзілімдер (тұлғалар). Көркем әдебиетте, әсіресе өлең тілінде
жазушы мен ақын айтпақ идеясын (ойын) әсерлеп, бейнелеп беру
үшін қалыптан тыс, яғни семантикалық, морфологиялық, кейде
синтаксистік нормаға сәйкеспейтін жасанды тұлғаларды
«окказионализмдер» деп атайды, кейбір сөздер өздеріне тән
дағдылы мағынасынан басқа ұғымда жұмсалса, олар да
окказионалдық құбылыс болып шығады. Мысалы, ақын
Кәкімбек Салықовтың: «Бір ақын бір ақыннан ақынырақ,өйткені
ол жүрекке жақынырақ. Ел-жұртқа қалды десек қалай унап,
Күшті ақын күрделі де жабайырақ. Қашанда мықты ақындар
Махамбеттеу, Кемеңгер ойлы ақындар Абайырақ. Жақсы ақын –
әлеуметтің жаңашыры, Даралау, ке-мел, дана Пушкинірек» деген
жолдарындағы ақынырақ, Ма-
хамбеттеу, Абайырақ, Пушкинірек деген қолданыстары тілдің
құрылымдық нормасына мүлде қайшы, өйткені -рақ/-рек,
147
|