-ырақ/ -ірек, -тау/- теу, -лау/ -леу жұрнақтары адам, жер-су
аттары сияқты жалқы есімдерге жалғанбайды, олар – сын есім
шырайларының жұрнақтары, яғни бала, жас сияқты сындық
мәнді де қоса беретін сөздер болмаса, жалпы зат есімдерден
грамматикалық мағына тудырмайтын қосымша. Мұндағы
«бейнормалық» болып тұрған сөздер – өлең тілі үшін нормалы
(норматив) қолданыс: олар – көріктеу құралдарының бірі – ок-
казионализмдер. Мұнда Кәкімбек Салықов ақындарға сипат-тама
береді: «мықты ақындар Махамбет сияқты ақындардың
мықтысы, Абай сияқты кемеңгер, ойлы ақындардың, Пушкин-
дей ең күштісі дара, кемел ақындардың асқаны» деп көп сөзбен
айтылуға тиіс поэтикалық идеясын (ойын), жалпы тілдік норма-
дан ауытқып, шырай жұрнақтарын жалқы есімдерге «заңсыз»
жалғаған бір ғана сөзбен – окказионализммен беріп тұр.
Екінші бір мысал: окказинализм құбылысын арнайы зерт-
теген Г.Мұратова өз жұмысында ақын Исрайыл Сапарбаевтың:
«Сарқылған Балқаш – мынау, Арал – мынау, Жазымдас жәми
жұрттың тағдырымен Жазылмас жанымда бір жара бар-ау» деген
жолдарындағы жазымдас сөзін окказионализм деп көрсетеді,
бұл да – «заңсыз» жасалған авторлық неоло-
гизм: жазым болу, жазым жасау, жазым қылу деген сияқты
тіркестермен келетін «жазатайым болған сәтсіз оқиға» дегенді
білдіретін жазым сөзі жолдас, құрдас, сыбайлас, еншілес, кур-
стас сияқты сөздерді жасайтын -дас/-дес, -лас/-лес, -тас/-тес
жұрнағын қабылдамауға тиіс, өйткені бұл сөздің семантикалық
мағынасы оған жібермейді, өлімдес, тірілес, аурулас деп айтуға
болмайтыны сияқты, жазым «ортақтасу, еншілесу» мағынасын
қабылдамайды, тіпті жазатайым болған сәтсіз оқиғаға, айта-лық,
аяғын сындырып алуға біреу емес, бірнеше адам бірден ұшыраса
да, тілдік нормада жазымдас деп айтпайды. Ал ақын айтады,
ақын үшін жазымдас деген норма шырқын бұзып, қолдан өзі
жасаған тосын сөз бүгінгі замандағы қалың жұртшылықтың
(жәми жұрттың) өмір тіршілігі, тағдыры тар-тылып бара жатқан
Балқаш көлінің, тартылып қалған Арал теңізінің табиғаттың ба,
адамдардың ба тарапынан «жаза-тайым», «күтпеген жерден»,
күтпеген кезде жайсыз оқиғаға
– суалып қалуына саясаттың ба, шаруашылықтың ба салда-
рынан қоғам тарихында тап болған жоқшылық, берекесіздік,
148
тәртіпсіздік тағдыры, жазымы ұқсас, бірдей: «жазымдас». Сол
сияқты Сұлтанмахмұттың «ойлау» мағынасында мыйлау сөзін
жасап алуы, И.Сапарбаевтың Хиросима топонимінің, яғни атом
бомбасының апатына ұшыраған қала атауының моделімен Же-
росима сөзін тіл нормасын бұзып (- осима деген жұрнақ жоқ)
авторлық меншікті сөз – окказионализмді пайдалануы – заңды,
нормадағы қолданыс. Мұндай «бір қолданар» сөздер тілдің
құрылымдық нормасына қайшы жасалғанымен, көркем әдеби
тілінің стильдік нормасына сай келеді. Бірақ бұл сияқты «нор-ма
бұзарлар» мың ойланып, жүз толғанып барып табылған, қайткен
күнде де өзінің сол жерде (тексте) қажеттігін, яғни стильдік
жүгін дәлелдей алатын элемент болуға тиіс. Окказио-нализмдер
– өте сирек кездесетін құбылыс.
Авторлық неологизмдер – қандай сөздер? Тілдегі бар сөздер
шығарманың тақырыбына, автордың айтпақ ойына, поэтикалық
идеясына қатысты ұғымды дәл бере алмайды-ау деп санаған
тұста өздері жаңа сөз ұсынады, ол жаңалар не мағынасы
ауыстырылған байырғы сөз, не қолдан жасалған туынды сөз, не
мағынасы жаңғырған көне сөз, не әдеби тілге ену құқығы бар
жергілікті сөздер немесе ауызекі тілдік қарапайым сөздер бо-лып
келеді. Бұлардың да мағынасы көпшілікке бірден түсінікті
болмауы мүмкін, өйткені олар – әрі «жаңа», әрі «авторлық» деген
«паспорты барлар», әрі өте сирек кездесетіндер. Соған
қарамастан, бұлар да тілдің құрылымдық нормасынан да, әсіресе
қолданыстық-стильдік нормасынан толық орын ала-ды. Мысалы,
Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романының әңгіме өзегі
(тақырыбы) – қазақ жеріндегі алғашқы өндіріс, көмір өндірісі,
техникалық жаңалықтар екенін білеміз. Мұнда «Қызылжар
капиталисі – Никон Ушаков қазақ даласын көкжал бөрідей кезіп,
Сарыарқаның әр қырқасына бір қызық қағып, ...
таңба бастырып, өз атына бекіттіріп алып, Жезқазған, Нілді,
Ақбұйрат, Құлжұмыр, Сасық, Соран, Қарағанды сияқты кенді
шиырларды кесек-кесегімен қылғып келеді» (Ғ.Мүсірепов Тан-
дамалы шаһығармалар, 2-том, 65-бет) деген сөйлемді оқимыз.
Бұл жердегі шиыр сөзі – автордың «туындысы», өйткені жа-
зушы кенді шиырлар деп қазіргі кен орындары, рудниктер
деген сөздердің авторлық баламасын ұсынған, ал бұл сөздің
лексикалық мағынасы – «айқыш-ұйқыш, қым-қиғаш, шытыр-
149
ман, шым-шытырық» (ҚТТС,10-том, 231-бет). Мүсірепов бұл
сөзді «орын, мекен» деген мүлде жаңа мағына беріп қолданған
(мүмкін, бұл сөздің «айқыш-ұйқыш», «әр тұстағы» деген сема-
сын – қосымша мағыналық реңкін де пайдаланған болар).
Сол сияқты домна пешінде мыс қорытуда шығатын шлактың
бұрын қазақша терминдік атауы болмаған, оны осы күнге дейін
«шлак» деп жүрміз. Осы өндірістік зат атауын жазушы боқат
деп, өзінше жаңа тұлғамен береді: «Карл Карлович біраз
асықтырмағанда үйіндіге кететін боқатты бұдан гөрі де қақтап,
тазалап қалуға болатын еді» (Сонда, 76-бет).
Тегі, көркем шығармада мұндай авторлық жаңа сөздер өте аз
болады, олар да дәл сол жерде қолданылу қажеттігін дәлел-дей
алатын заңды, нормаға сыйымды лексикалық бірліктер қатарын
құрайды. Әрине, авторлық неологизмдер – тек өнді-ріске,
ғылымға, техникаға қатысты туынды атаулар ғана емес, өзге де
«қарапайым» мағынадағы сөздер де болады. Бірқатар
диалектизмдер мен сирек сөздерге жазушы жаңа мағына беріп
қолдана алады. Мысалы, сөдегей деген жергілікті сөз –
диалектологтардың көрсетуі бойынша, Қазақстанның шығыс
өлкелері мен Жетісу тұрғындарының тілінде «бейсауат, оқшау»
және «тұрпайы, өрескел, жағымсыз» деген мағынаны білдіреді:
сөдегей сөз, сөдегей нәрсе, ал солтүстік аудандарда «икемсіз,
ебедейсіз, сөлекет» деген мағыналарда қолданылады, бұл тұста
сөдегей-солпақ түрінде қос сөз құрамында да келеді
(Ж.Досқараев Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері (лексика). -
II бөлім. - Алматы, 1955. - 107-бет). Ал осы сөзді ұлы Мұхтар
Әуезов Қазақстан жерінде тың көтеріліп жатқан алғашқы
жылдардың бірінде, сірә, газеттің сұрауы бойынша жазған
кішігірім мақаласында «Бұрын жер өгей, жел сөдегей еді» деген
сөйлемде келтіреді. «Біз бұрын естімеген сөдегей сөзін қай
мағынада жұмсадыңыз, Мұхтар аға?» деп сұрағанымызда:
«Босқа соғып жатқан» деген мәнде әрі өгей сөзіне ұйқастырып
алғаным ғой», – деген-ді. Бұл сөз Мұхаңа біршама бұрын да
таныс болғанын оның 20-жылдарда жазылған бір мақаласынан
кейін көрдік. Демек, жалпы әдеби тілде жоқ болғанымен, кейбір
жергілікті сөздерді де жазушы реті келгенде не сол диалектілік
мағынасында, не мағынасын ауыстырып өзге мәнде, көбінесе
стильдік мақсатта жұмсай алады.
150
|