бұлан сөздері де актив қордан гөрі, қолданыс шеңбері тарылған
көне поэтизмдер қатарында тұратынын бүгінгі жа-зушылар мен
оқырмандар жақсы білсе, мұндай сөздердің қолданысында
нормадан ауытқушылықтары кемде-кем болмақ.
Сирек қолданылатын сөздердің келесі тобы – тарих іздері
бар (тарихи, тарихтық, тарихаят сөздеп те аталып жүр),
күні бүгінге дейін ғылыми әдебиетте орысшалап «историзм»
деп келген атаулар. Көне сөз – архаизм мен тарих ізі бар сөз
– историзм дегендер бір емес: архаизмдер актив қолданыстан
шығып қалған, мағыналары күнгірттенген, яғни көнерген сөздер,
ол атаулардың өздері көнергенмен, олар – білдіретін заттар,
ұғымдар жойылмаған, өмірде әлі барлар, ал исто-ризмдер –
тарихтың көбінесе бізге белгілі, «күні кешегі» бір кезеңінде
болған заттарды, оқиғаларды, адамдар тіршілігін т.т. білдірген
сөздер. Қоғам дамуының келесі кезендерінде бұл сөздер
білдіретін объектілер тарих сахнасынан кетеді де бұларды
атайтын сөздердің мағыналары да бірте-бірте ұмытыла
141
бастайды, екінің бірі дәл біле бермейтін сипатқа ие болады.
Мысалы, сауын айту, қандақ, ереуіл ат, шоры сияқты сөздер
мен әскери, қару-жарақ атаулары болып келетін кертартар,
көбе, қылшан, білтелі, саржан тәрізді сөздер, ертеректе қазақ
тілінде болған аталық, емелдес, бөкеуіл, ертеуіл деген атау-
лар, шөншік, талыс тәрізді ыдыс аттары, кебенек, жалаңқат,
сақсыр тәрізді киім-кешек атаулары, бүгінгі ата-әжелеріміз жиі
қолданған еңбеккүн, социалистік жарыс, колхоздастыру,
белсенді, тыңшы сияқты сөздер, күні кешегі ауылнай, елубасы,
жүзбасы, шабарман, поштабай, атшабар дегендер – «исто-
ризм» – тарихтық сөздер.
Тарихтық сөздердің де заман өткен сайын мағыналары түсі-
ніксізденіп, әркім әрқалай ұғатындығына классикалық мысал-
дың бірі – ереуіл ат дегендегі ереуіл сөзі. Оның ұмытыла бас-
тағаны соншалық – тіпті тұлғалық кейпіне де таласып, біреулер
ереуіл, енді біреулер ереулі, ерулі, тіпті ерттеулі деп айтылуға
тиіс деген де пікірсайыстарға барып қалды. Осы жұмыста
(кітапта) оқушыларға түсініктілеу болу үшін ереуіл сөзінің
түптөркіні мен мағынасы туралы өзге зерттеушілердің және
өзіміздің талдауларымыз бен танымдарымызды баяндаған
«Сөздер сөйлейді» деген еңбегіміздегі пікірімізді қайталап
берелік: Махамбет Өтемісұлының (XIX ғасырдың I жарты-сы)
атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деп басталатын өлеңіндегі ереуіл
сөзі ақын жинақтары мен оқулықтарда көпке дейін «ерттеулі ат»
деп түсіндіріліп келді. Бұл – әрине, мүлде қате. Бұл сөздің
төркінін арнайы зерттеген Құлмат Өмірәлиев оны монғолдың
ирэгулъ сөзінен шығарады, ол «қан майданда жек-пе-жекке
шығатын батырлардың сайысы, одан барып сол ба-тырлар
мінетін ат дегенді білдірген» деп табады. Махамбеттің осы
өлеңдері жарияланған 1910 жылғы «Шайыр» жинағын
құрастырушы Ғабдолла Мұштақ (Ғұмар Қарашев) мұны «мінбей
сақталған ат» деп түсіндіреді. Біздің топшылауымыз-ша, монғол,
қалмақ тілдерінде эрүұл, эрұл деген сөздер «дені сау», яғни
«мықты, тың» деген мағынаны білдіреді. Ертерек-те үлкен, ұзақ
жорыққа шыққанда, астындағы атпен қоса және бір мықты ат ала
шығу дәстүрі түркі-монғол халықтарында орын алған. Ұрыста не
жолда астындағы аты мертіксе, оққа ұшса не өліп қалса,
жорықшы алып шыққан қосалқы атына ер
142
салып мінетін болған. Махамбет айтқан ереуіл аты «мықты, тың
қосалқы ат» дегенді білдірген деп санаймыз. Ереуіл сөзінің бұл
мағынасы қазақ тілі үшін күңгірттеніп, бір жағынан, бұл сөзді
мүлде қате түсінуге («ерттеулі ат» деп) алып келсе, екінші
жағынан, тұлғасының құбылып кетуіне (ереуіл, ереулі, ерулі) жол
берген. Көне түркі, монғол сөздерін образ үшін пайдалану
– қазақ көркем тілінің ең бір әсерлі, актив тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |