-тар / -тер, -дар /-дер; -шы /-ші; -дың /-дің, -тың/-тің, -ның /-нің т.т.);ә)сөз соңындағы қатаң қ, к, п дыбыстарының да-
уыстыдан басталатын қосымшалар жалғанғанда, ұяңдап ғ, г, б болып өзгеретіндігі;б)бірқатар кірігіп кеткен біріккен
сөздердің компоненттерінің айтылуынша жазылуы (бүгін, биыл, қолғабыс, қолғап, белбеу, екіншігәрі); в)бірқатар кірме
сөздердің қазақ фонетиасына икемделген түрінде жазылуы
(пәуеске, самауыр, божы, шөген, әділ, пайда, ақпар, пәнсі, ауа) сияқты тұстары бағынады.
Тарихи-дәстүрлік принцип бойынша жазу үрдісі бізде түрі
жағынан аса үлкен емес. Оған шартты түрде орыс тілінен енген
сөздердің орысша тұлғасын сақтап жазылуын және бірқатар
араб, парсы сөздерінің х, һ әріптерімен жазылуын (халық, ха- бар, хат, Ахмет, Гауһар, жиһан, Хамит) жатқызып жүрміз,
яғни осылай жазылсын деп 1940 жылы ұйғарып, содан бері
дәстүрге айналған жазуымыз. Бұл принципті «тарихи» деп
атау да – шартты. Қазіргі емлеміздің тарихы жарты ғасырдан
асар-аспас болған соң, жазуда сіріленген тарихы бар сәттер
жоқ де-уге болады.
Бұл кітапта емле ережелерін жеке-жеке көрсетіп баян-дап
беру мақсаты көзделген жоқ, емле қағидалары «Қазақ тілі
орфографиясының негізгі ережелері» атты кодексте (ол
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» 1988 жылғы
кітабында берілді) орын алды және біздің 1960 жылы баспа
қызметкерлері мен мұғалімдерге арналған қазақ тілі емлесі
мен тыныс белгілері ережелерінің тұңғыш анықтағышының
әр ба-сылымында баптарға таратылып, кеңінен баяндалған
болатын. Қазақ емлесінің нақты ережелерін білгісі келгендер,
әсіресе ба-спа қызметкерлері мен мұғалімдер, оқушылар,
студенттер осы аталған құралдарды пайдаланып отыр.
Біз бұл енбекте қазақ тілінің орфографиялық нормалануы-
ның тарихын да сөз етпедік, ол – жеке ғылыми ізденіс нысаны
болмаққа керек. Қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің қай саласының
нормалануын сөз етсек те, зерттеу нысанымыздың бір жүйеде,
бір мақсатта баяндалуын көздедік, сондықтан әр саланың нор-
малану тарихы, жеке-жеке қағидалары (ережелері), олардың
келешегін болжау сияқты мақсат қойылған жоқ.
193