Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет106/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   269
Салқындату 

шахтасы

Кептіру 


жəне 

салқындату 

шахталарында  əртүрлі  үдерістер  жүреді,  сондықтан  олардың 

құрылыстары  əртүрлі  болу  керек.  Салқындату  шахтасында: 

салқындатылатын  астық  қабатының  бірбағытты  үрленуі  жəне 

астықтың  ауамен  жылу  жəне  ылғал  алмасу  бетінің  үлкендеуіне 

жол  беретін  дəндердің  үзіліссіз  шығуы;  бүкіл  қимасы  бойымен 

салқындатылатын  астық  қабатына  ауаның  қажетті  мөлешерінің 

берілуі  қарастырылу  қажет.  Астықты  кептіруге  бастапқы 

ылғалдылығы  төмен  мөлшерде (20%-дан  кем)  берілсе,  оның 

салқындату  шахтасында  болу  ұзақтығы  қысқарады.  Сондықтан 

салқындатудың қажетті дəрежесіне жету үшін салқындатқыштың 




 

233


 

құрылысы астық қабатындағы ауа ағыны жылдамдығының көбею 

мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. 

Оттық.  Сұйық  жəне  газ  тəрізді  отынмен  жұмыс  істейтін 

оттыққа  қойылатын  негізгі  талаптар  келесідей:  оттықта  отын 

дəндерді  ластайтын  күйені  жəне  басқа  да  заттарды  бөлмей 

түгелдей  жану  керек.  Сұйық  отынды  жағу  кезінде  оттық 

кеңістігінің  бір  көлеміне  талап  етілетін  жылу  мөлшері  бөлінген 

жағдайда қанағаттанарлық нəтиже береді. 

Оттықтар  міндетті  түрде  сиретіліп  жұмыс  істеу  керек. 

Болмаған  жағдайда  ағындар  конвекциясы  оттықтың  жоғарғы 

жабынының қызуына жəне оның бұзылуына алып келеді. 

Атмосфералық  ауаның  оттықтың  араластырғыш  камерасына 

беру  алдында  алдын  ала  қыздырылуын  қарастыратын  оттық 

құрылысы  оттықтағы  отынның  нəтижелі  үнемделуіне  алып 

келеді.  Сонымен  қатар  оттықты  астық  кептіргіштің  жұмыс 

органымен  қосатын  газөткізгіш  құбыр  ұзындығы  мүмкін 

болғанша минималды болу керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет