Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жылу  жəне  ылғал  алмасу  қорабы



Pdf көрінісі
бет104/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   269
Жылу  жəне  ылғал  алмасу  қорабы.  Бұл  қораптың 

сыйымдылығына  астықтың  қорапта  сақталу  уақыты,  яғни 

рециркуляциялық  жəне  жаңа  түскен  дəндер  арасындағы  жылу 

жəне ылғал алмасу ұзақтылығы мен тиімділігі тəуелді. Зерттеулер 

көрсеткендей,  көптеген  астық  кептіргіштер  үшін  ылғалдылығы 

жəне температурасы бойынша əр компонентті астық қоспасының 

оңтайлы сақталу ұзақтылығы 10...15 мин болу керек; кептіруден 

кейін  астықтың  жарты  бөлігі  түсетін  рециркуляцияның  екінші 

контуры үшін – 3 мин. 

Дымқыл  жəне  рециркуляцияланған  дəндер  арасындағы 

қажетті ылғал алмасуды қамтамасыз ету үшін, жылу жəне ылғал 

алмасу  қорабында  астықтың  бастапқыда  берілген  деңгейі 

сақталады. Қыздыру камерасына астықтың тығыз ағынмен түсуін 

болдырмау  үшін,  жылу  жəне  ылғал  алмасу  қорабында  астықтың 

деңгейін тексеретін үш құрылғы (датчик) орнату керек. 

Бірінші,  жоғарғы  аппатық  датчик  (бұл  құрылғыны  қыздыру 

камерасының төменгі жиегінен 600 мм қашықтықта жəне ағынды 

құбырдың  төменгі  жиегінен 200 мм  биік  қашықтықта  орнату 

керек)  астықтың  қыздыру  камерасына  тығыз  ағынмен  түсуін 

ескертетін  құрылғы.  Қораптың  астықпен  шамадан  тыс  толуы 

дыбыс жəне жарық дабылымен қоса беріледі. 

Екінші,  ортаңғы  жұмыс  датчигі  қорапта  астықтың 

бастапқыда берілген деңгейін сақтауға арналған (бұл құрылғыны 

апаттық датчиктен 500...600 мм төмен орнату керек).  




 

232


 

Үшінші  датчик  жылу  жəне  ылғал  алмасу  қорабының 

босатылуын  бақылауға  арналған  (бұл  құрылғыны  қораптың 

төменгі  бөлігінде,  аралық  салқындатқыш  шахта  үстіне  орнату 

керек).  Екі  контурлы  астық  кептіргіштерде  бұндай  құрылғының 

орнатылуы қажет емес. 

Бидайдың  тұру  аймағын  қалыптастыру  жəне  қораптардың 

көлденең  қимасының  өлшемдерінің  бұзылуы  жылу  жəне 

ылғалалмасуы  шахтылы  рецеркуляциялық  кептіргіш  өлшемімен, 

аралық  жəне  соңғы  салқындатуымен  сəйкес  келуі  керек. 

Қораптың  лазовый  қақпағы  герметизацияланған  жəне  жеңіл  əрі 

жылдам ашылуы керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет