Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Кептіру үдерісін автоматтандырудың



Pdf көрінісі
бет121/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   269
 

11.8.  Кептіру үдерісін автоматтандырудың  

əмбебап сұлбасы  

 

Кептіру  үдерісін  автоматизациялау  астық  кептіргіштер 



жұмысының  тиімділігін  жəне  дəндердің  талап  етілетін  сапалық 

көрсеткіштерін  қамтамасыз  етеді.  Автоматизациялау  нəтижесінде 

астық кептіргіштерді қолдану коэффициенті үлкейіп жəне олардың 

жұмысының  сенімділігі  артады,  электр  энергиясы  мен  отынның 

жойылуы қысқарады, қызмет атқарушы адамдар саны азаяды. 

Сериялы  шығарылатын  қазіргі  заманғы  отандық  астық 

кептіргіштердің  барлық  түрлеріне  арнайы  автоматизациялау 

жобалары  жасалған.  Кептіргішті  монтаждау  кезінде  автомати- 




 

263


 

зациялау  элементтерімен  жабдықталады,  бірақ  елде  кептіру 

үдерісі автоматизацияланған кептіргіштер өте көп таралмаған. 

Отандық  астық  кептіргіштерді  автоматизациялаудың  қазірге 

дəрежесінің  сипаты  ретінде:  сапаның  жанама  көрсеткіштері 

бойынша  басқару  сұлбаларын  қолдану  (дəндер  күйінің 

параметрлері  қолданылады,  мысалы,  дəндер  температурасы); 

өнімділікті  жоғарылату  мақсатында  технологиялық  сұлбаларды 

өзгерту  мүмкіншілігінсіз  арнайы  кептіргіш  түріне  арналған 

автоматизациялау жүйесін (сұлбасын) дайындау. Осы арқылы кең 

таралған  астық  кептіргіштерінің  қайта  жабдықтау  əдістерін 

қолдануда  автоматтандыру  сұлбасы  жəне  əмбебап  жүйелерді 

жасау қажеттілігі өзекті меселе болып табылады  

Қазіргі  уақытта  бұл  талаптарға  толық  мəнде  тек  ВЗИПП-де 

Ю.А.Фоминмен 

дайындалған 

астық 

элеваторлары 



мен 

қоймаларын  бақылаудың  унификацияланған  жүйесі  (ДЭҚБУЖ) 

жауап  бере  алады.  Жүйе  жеке  унификацияланған  блоктардан 

тұрады  жəне  əртүрлі  типті  элеваторларды,  СОБ  жəне  басқа  да 

осындай  ұқсас  объектілерді,  сонымен  қатар  шахталы  тікағысты 

жəне 


рециркуляциялық 

астық 


кептіргіштерді 

бақылау 


сұлбаларын  жүзеге  асыруға  мүмкіншілік  береді.  ДЭҚБУЖ-де 

бақылау  пульті  блоктарды  орналастыруға  арналған  ұяшықтары 

бар 

бөлек 


секциялардан 

құралады. 

Секция 

саны 


автоматизацияланатын  объектілердің  технологиялық  сұлбасы 

жəне қолдануға арналған блоктар санымен анықталады. Осыдан, 

элеваторға үш секциядан алты секцияға дейін, ал кептіргіш үшін 

бір  секция  да  жетіп  жатады.  Элеватордың  бақылау  пульттерін 

құрастыру  кезінде  кептіргіштерді  бақылау  секциясы  жалпы 

бақылау  пультіне  қоса  бірге  болады.  Осыдан  элеваторлар  мен 

кептіргіштерді бақылаудың ортақ кешенін туғызады. 

Блоктардың  əмбебаптылығына  қол  жеткізіп  жəне  оларды 

өндірісте  əртүрлі  технологиялық  сұлбалармен  қолданылуы 

олардың 


структурасын 

анықтау 


кезінде 

негіз 


ретінде 

технологиялық  сұлбаның  мүмкін  болар  күрделі  нұсқасын 

қолданады.  Егер  нақты  сұлбада  бөлек  элементтер  болмаса,  олар 

блок  аралық  қосылыстардағы  арнайы  тосқауылмен  бақылау 

желісінен  жоққа  шығарылады.  Бұл  əртүрлі  технологиялық 

сұлбалы  объектілерді  бақылауда  бірдей  блоктарды  қолдануға 

мүмкіндік  береді.  Бірақ  бұндай  əмбебап  блоктарды  жасау  үшін 



 

264


 

бүкіл  технологиялық  сұлбаларды  талдап,  сонымен  қатар  жақын 

болашақта техниканың даму үдерісін ескеру керек. 

Кептіргіштерді 

бақылау 

блогын 


жасау 

кезінде 


кептіргіштердің  қырықтан  аса  технологиялық  сұлбалары 

талданды,  соның  ішінде  ең  көп  тарағандар:  ДСП  (а)  типті  екі 

сатылы  шахталы  тікағысты;  дəндерді  алдын  ала  қыздыруға 

арналған  У1-УКЗ-50  құрылғысының  жинағымен  ДСП  типті 

шахаталы тікағысты (ə); екі контурлы шахталы рециркуляциялық 

(б);  екі  контурлы  «Целинная-50»  үлгілі  рециркуляциялық  (в); 

еңгізілетін – рециркуляциялық  екі  контурлы  РД-2х25 (г); 

рециркуляциялық У2-УЗБ-50 (ғ); рециркуляциялық екі контурлы 

А1-УЗМ-50 (д); «Целинная»  рециркуляциялық  екі  контурлы  (ж) 

жəне т.б. 

Блок  сұлбалары  келесі  кептіргіштің  машиналары  мен 

механизмдер  санын  бақылай  алған  жағдайда  əмбебап  болып 

саналады: 

 

Тасымалдағыш машиналар мен желдеткіштер 18 



Жанармай сораптары 1 

Форсунка 1 

Аспалы қақпақтар 4 

Шикі дəндерді еңгізетін реттемелі ысырмалар 1 

Дəндерге арналған шығару ысырмалары 4 

Қосымша реттелетін ысырмалар мен шиберлер 10 

Жанармайды бөлуге арналған элекстромагниттік қақпақтар 1 

Дəндерді бөлуге арналған қақпақтар 1 

 

Сонымен  қатар  басқару  жəне  дабыл  желілері  келесі 



автоматика  аспаптарының  қосылуын  жəне  қолданылуын 

қамтамасыз ету керек: 

 

Алаудың (факелдың) отталуы 1 



Факелды бақылау (ПКФ) 1 

Форсунка алдында ауа қысымын бақылау 1 

Келесі диапазонда температураны бақылау: 

0...500


0

С, 10  


0...150

0

С, 10 



0...100

0

С, 10 




 

265


 

Температураның шамадан тыс ауытқуы туралы дабыл 18 

Дəндер ылғалдылығын өлшеу 2 

Дəндер  ылғалдылығының  шамадан  тыс  ауытқуы  туралы 

дабыл 1 

Нүктелердегі дабылмен қоса дəндер деңгейін бақылау 16  

 

Кептіргіштің  жұмысы  белгілі  режимдерді  қатаң  түрде 



алмастыру арқылы жүзеге асырылады, мысалы, бірінші режим – 

толтырылу;  екінші – тұйық  рециркуляциялау;  үшінші – кептіру 

жəне  т.б.  Режимдер  саны  мен  сипаты  кептіргіштің  түріне,  оның 

техникалық жабдықталуына, технологиялық сұлбасына жəне т.б. 

тəуелді.  Блоктардың  электрлік  сұлбалары  сегіз  режимде  жұмыс 

істеу  мүмкіншілігін  қарастырады.  Əр  нақты  жағдайда  режимдер 

реттілігі  блок  аралық  қосылыстар  сұлбасымен  беріледі  жəне 

берілген  кептіргіш  үшін  тұрақты  болады.  Режимде  іске 

қосылатын  жəне  тоқтатылатын  машиналарды,  жөнге  салу 

элементтердің жағдайын жəне т.б. , сонымен қатар орындалатын 

операциялардың  реттілігін  жүйемен  автоматты  түрде  таңдайды. 

Оператор  тек  қана  режим  ауыстырғышы  жəне  команданы 

орындау түймесінен қолданады. Бұндай жүйе оператор жұмысын 

анағұрлым  қарапайымдылайды  жəне  мүмкін  болар  қателіктерді 

жокқа шығарады. 

Сонымен  қатар  жүйе  оттық  сөндіріліп  тұрған  кезде 

кептіргіштің  жұмыс  істеуін  қарастырады.  Бұл  өздігінен  жылыну 

жағдайында  дəндерді  салқындату  кезінде  қажет.Автоматика 

жүйесі  сонымен  қоса,  іске  қосылатын  токтың  трансформатор 

аралық  стансасының  шамадан  тыс  жүктелуін  жəне  машинаның 

бос жұмыс істеу режимдерін жокқа шығаратын, машинаның іске 

қосуының реттілігін қарастырады. 

Осыдан,  ДЭҚБУЖ  блоктары  олардың  əртүрлі  типті 

кептіргіштерге  жалғануларының  кең  мүмкіншіліктеріне  ие  жəне 

кептіргішті  басқарумен  байланысты  барлық  операцияларды 

орындай  алады.  Бірақта  технологиялық  сұлбаларды  талдау 

негізінде  əр  нақты  жағдайда  бақылау  нүктелері,  реттеу 

режимдері,  операцияның  керекті  реттілігі  жəне  т.б.  анықталуы 

керек. Бұл талдаудың негізінде таңдалған басқару программасын 

жүзеге  асыруға  мүмкіншілік  беретін  блокаралық  қосылыстарды 

таңдайды. 



 

266


 

Кептіру  режимінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі – 

кептіргіштің  кез  келген  аймағындағы  астық  дəндерінің 

температурасы.  Дəндер  температурасын  кептіру  агентінің 

температурасын  өзгерту  арқылы  реттеуге  болады.  21  жəне 22-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет