Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет146/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   269
Ерекше санасатын белгілер  

Бұл белгілер тобына астықтың тек кейбір партияларына тəн, 

көбіне дəндердің пісіп жетіліп ыңғайсыз, қолайсыз жағдайларына 

байланысты  болып  келетін  ақаулары  жатады.  Мəселен,  астық 

қабылдау кəсіпорындарына суық ұрған, кене, қандала бүлдірген, 



 

314


 

өніп кеткен дəндердері бар жəне т.б. сол сияқты партиялар келіп 

түсуі  мүмкін.  Мұндай  партиялардың  сапасы  төмен,  сақтауға 

төзімсіз  жəне  оларды  тұтынушыларға  өткізудің  де  белгілі 

қиындықтары  бар.  Сондықтан  бұл  партияларды  да  бөлек 

орналастырып сақтайды. 

Қоймадағы  дəндер  үймесінің  биіктігі  оның  күй-жайына, 

дəндердің 

қандай 

мақсатта 

қолданылатынына, 

сақтау 


ұзақтығына,  қойманың  типі  мен  технологиялық  күйіне, 

кəсіпорынның  географиялық  аймағы  мен  жыл  мезгіліне 

байланысты. 

Құрғақ  (ылғалдылығы  шектелген  мөлшерден  төмен), 

қоспалардан тазаланған, жинаудан кейін жатып піскен, азық жəне 

жемдік мақсатқа арналған дəндер үймесінің биіктігі қандай болса, 

да  бəрі  бір.  Ылғалдылығы 17%-дан  жоғары  дəндерден  оның 

температурасы  мен  жыл  мезгілдеріне  қарай 1,0-ден 2,5 м 

биіктікке дейін үймелер жасалады.  

Жиналғанан 

кейін 

жатып 


піспеген 

дəндер 


мен 

физиологиялық  белсенділігі  жоғары  дəндер  сапасын  төмендетіп 

алмас  үшін  оларды  аласалау  етіп  үйеді.  Дəндер  ұзақ 

сақталмайтын жағдайда үйме биіктеу жасалады, тек тиісті режим 

туғызылуы қажет. 

Салқындатылған  жəне  желдетуге  арналған  қондырғылары 

бар  қоймалардағы  дəндер  үймелерін  биік  етіп  жасауға  болады. 

Жоғарыда  қарастырылған  жағдайларды  қорыта  келіп,  мынадай 

тұжырым  жасауға  болады.  Техникалық  тұрғыдан  біліктілікпен 

құрылған  орналастыру  жоспарын  жасау – астық  қабылдау 

мекемелерінің  жұмыстарының  жемісті  болуының  бірден-бір 

негізгі  шарты.  Əсіресе,  сапасы  əртүрлі  Дəнді  дақылдарды 

қабылдағанда дұрыс орналастырудың маңызы зор. 

Бұл  жоспарды  өте  жауапты  шара  ретінде  кəсіпорынның 

барлық  білікті  мамандары  қатыса  отырып,  өткен  жылдардағы 

астық  қабылдау  мен  орналастыруды  ұйымдастыру  тəжірибесін, 

техникалық  жабдықтардың  күйін,  келіп  түсетін  дəнді 

дақылдардың  саны  мен  сапасы  туралы  тиісті  ауылшаруашылық 

мекемелерінің  мəліметтерін,  астық  қабылдау  кəсіпорнына 

қарасты  шаруашылықтардың  мемлекетке  астық  тапсыру 

жоспарларын  егжей-тегжейлі  талдау  негізінде  жасайды.  Бұл 

шаруашылықтардың жоғары тұрған мекемелердің жоспарларына 




 

315


 

сəйкес келіп түсетін жəне қабылдау мекемесінен астық арттырып 

жөнелтудің көлемі мен мерзімі есепке алынады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет