Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астықты қабылдау кəсіпорындарында сақтауға



Pdf көрінісі
бет147/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   269
 

13.6.  Астықты қабылдау кəсіпорындарында сақтауға 

дайындаудың технологиялық үдерістері 

 

Қабылдау кəсіпорындарының соңғы жылдардағы техникалық 

жабдықталынуының  өсуі  астықты  тапсырып,  қабылдаудың 

технологиялық  жəне  экономикалық  тиімді  жүйелерін  енгізуге 

мүмкіндік тудырады. Астықты орақтан соңғы өңдеудің жəне одан 

кейінгі  жұмыстардың  кең  тараған  желісін  оқырман  назарына 

ұсынуға болады (83-сурет). 

Астықты  дер  кезінде  өңдеудің  нəтижесінде  кейбір 

партиялардың  кəсіпорын  төңірегінде,  яғни  ішінде  жылжытып, 

қозғап  тасымалдауын  азайтады,  дəндердің  сақтауға  төзімділігін 

арттырады, қоймаларды тиімді пайдалану мүмкіндігі туады. 

Астықты  қабылдау  кезінде  өңдеу  дəндердің  шығынын  күрт 

қысқартады.  Бұл  кездегі  шығын  астық  жиымын  сақтау 

барысында  орын  алатын  физиологиялық  құбылыстарының 

өрбуіне байланысты. 

Астықты  толассыз  өңдеуді  іске  асыру  үшін  бір-бірімен  бір 

жүйелілікпен  жинаушы  шанақтармен  жəне  көтергіш  транспорт 

механизмдер  арқылы  байланыстырылған  машина  кешендерінен 

тұратын технологиялық желілер жасалынады. Астықты қабылдау 

жəне  өңдеу  желілері  жалпы:сынама  өлшем  алып,  келіп  түсіп 

жатқан  астықтың  сапасын  анықтау;  автомобиль  таразыларында 

астықтың  салмағын  өлшеу;  астықты  түсіру;  дəндердің 

технологиялық  құндылығы  жəне  сапа  көрсеткіштері  бойынша 

партиялар  жасау;  астықты  бөтен  қоспалардан  жəне  жармасын 

қалдықтардан  бірінші  кезекте  тазарту;  кептіру,  астықты  құрғақ 

күйінде  құнды  дəндер  қалдықтарынан,  қоспаларын бөле  отырып 

екінші  кезекте  тазарту;  қалған  астықты  таразыға  тарту  жəне 

қоймаға  салып  орналастыру  сияқты  операцияларды,  шараларды 

қамтиды. 

 



 

316


 

 

 

83-сурет. Астықты орудан кейінгі өңдеу технологиялық желісі 

 

Жүгері собықтарын өңдегенде жоғарыда аталған шаралардан 



басқа,  бастыру  операциясы  пайдаланылады.  Азықтық  жəне 

жемдік  жүгеріні  өңдегенде  бастыруды  бірінші  тазарту  алдында, 

ал  тұқымдық  жүгеріні  собықтарды  кептіргеннен  кейін  жасаған 

дұрыс. 


Толассыз  өңдеудің  əрбір  шарасына  белгілі  талап  қойылады. 

Мəселен,  бірінші  кезеңде  астық  партиясынан  тез  де  дұрыс 

сынама  өлшем  алу,  одан  ортатəулік  сынама  құрастыру - келіп 

түскен  астықтың  бастапқы  сапасы  мен  күйін  тез  жəне  дəл 

анықтаудың кепілі. 



 

317


 

Əрбір  партияның  бастапқы  салмағын  кедергісіз  анықтап 

жазып  қою,  астық  əкелген  транспортты  аз  шығынмен  түсіруді 

ұйымдастырудың да маңызы зор. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет