Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет223/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   269
 

19.8.  Ұн жəне жарманы сақтау 

 

Ұн  мен  жарманың  көбірек  бөлігі  бұл  өнімдерді  шығаратын 

мекемелердің  өздеріндегі  жəне  нан  пісіретін  зауыттардағы 

қоймаларда,  сауда  жəне  қоғамдық  тамақтандыру  жүйелерінде 

сақталады. 

Мəселен,  ұн  мен  тары  атам  заманнан  қапталған  күйінде 

сақталған.  Ұн  мен  тарыға  арналған  сыйымдылық  шамамен, 70 

жəне 50 кг-дық қаптарды өсімдік талшықтары (сорадан, кенептен 

жəне т.б.) мен полимер материалдарынан жасайды. 

Бірақ  өнімді  қаптап  сақтауда  елеулі  қаржы  керек  етеді. 

Миллиондаған  қаптарды  есептеу,  сұрыптау,  тасымалдау, 

ремонттау,  зарарсыздану  жəне  т.б.  керек.  Одан  басқа,  ұн  мен 

жарманы  қаптап  сақтау  жəне  тасымалдауды  механикаландыру 

қолайсыз, қиын. 

Ұнды сақтау барысында орын алатын үдерістерді зерттеудің 

жəне пневмотранспортты кеңінен қолданудың нəтижесінде ұнды 

қаптамай  сақтау  жəне  тасымалдауды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 

туды. 


Ұн  мен  нан  зауыттары  бар  қалаларда  ұнды  арнаулы 

қораптарда  сақтап,  нан  пісіру  мекемелеріне  автомобиль  ұн 

тасығыштарымен жеткізу тиімді болады. 

Нан  пісіру  өндірісінде  ұнды  ыдыссыз,  қаптамай  сақтайтын 

қондырғылар  салудың  маңызы  зор.  Бұл  шара  көптеген 

жұмысшыларды  ұнмен  толтырылған  қаптарды  жылжыту, 

тасымалдау,  тігу,  сөгу  жəне  аударып  босату  сияқты  қолмен 

істейтін ауыр, қара жұмыстан босатады. 

Ұнды  ыдыссыз  сақтауды  ұн  зауыттарында  ұйымдастырудың 

да маңызы орасан зор. 

Ұнды  ыдыссыз  сақтау  цехтарын  салу  ұн  партияларын 

тұтынушылардың талабына сай ақуыздың, крахмалдың, жəне т.б. 

мөлшерімен  түзуге  мүмкіндік  береді.  Осындай  цехтарды,  егер 

оны  автоматикалық  басқарумен  қамтамасыз  етсе,  тіпті, 




 

432


 

экономикалық жағынан тиімді екендігін өмір тəжірибесі көрсетіп 

отыр.  Ұнды  сыйымдылығы  əртүрлі  металдан  не  темір  бетоннан 

жасалған 

шанақтар 

не 


қораптарда 

сақтайды. 

Үлкен 

сыйымдылықты  шанақтар  мен  қораптарда  сақталғандағы  ең 



керекті шарты – ұнның сусымалылығын сақтайтын тетіктерді кең 

пайдаланып,  ұнды  түсіруді  жеңілдетуді  көздеу.  Көбінесе,  мұны 

пневматикалық  тетіктер,  құрылғылар  қолдану  арқылы  іске 

асырады. 

Шанақтардың не қораптардың жəне ұнды ыдыссыз сақтайтын 

цехтардың 

орналасқан 

жеріне 


байланысты, 

олардың 


қабырғасының 

ішкі 


жағында 

конденсациялық 

ылғалды 

болдырмау  мақсатымен  қабырғаны  қыздыру  (жылыту)  мен 

салқындату мəселесі де көзделуі тиіс. 

Ұнды  ыдыссыз  сақтау  жəне  тасымалдау  үшін  қоймалар 

жүйесі  жылдан-жылға  кеңінен  қолданылып,  жетілдіріліп  келеді. 

Дегенмен,  біздің  елімізде  ұнның  біраз  бөлігі,  ал  жарманың  іс 

жүзінде  барлығын  келешекте  де  қаптап  сақтап,  тасымалдауға 

тура келеді. 

Ұн  мен  жармаға  толтырылған  қаптарды  құрғақ  қоймаларға 

қатарлап  қалайды.  Бұлай  қалау  аз  орын  алып,  қойманың 

сыйымдылығын  арттырады,  өнімнің  сапасын  қарап,  бақылап 

тұруға  жəне  де  керекті  кезде  темір  жол  вагондарына  тиеуге 

ыңғайлы. 

Қаптарды  тігісін  төмен  қаратып  қалайды.  Егер  қаланған 

қаптардың қатары 10-нан артық болса, оныншы қатардан бастап, 

əрбір  келесі  қатардың  ені 0,25 м-ге  кеми  беретіндей  етіп 

орналастырады. 

Қалаудың  көбірек  тараған  электр  жүк  артқыштарын 

пайдалануға ыңғайлы əдіс – үш-үштен қалау. Үш-үштен қалауды 

мына тəртіппен жасайды. Екі қапты бір-біріне тиістіріп, ұзыннан 

қатар жатқызып орналастырады. 

Қоймада  механикаландыру  жүйелері  болмаған  жағдайда 

қаптарды бес-бестен қалайтын əдісті қолдануға болады. Бұл əдіс 

бойынша  төрт  қапты  ұзыннан,  бесіншіні  көлденең  жатқызу. 

Бірінші жəне екінші əдісте де келесі қатарды қалағанда ұзыннан 

жатқан  қаптардың  үстіне  енді  көлденең  қап  түседі.  Осының 

арқасында қатардағы қаптар бір-бірімен берік байланыстырылып, 

өріліп құламайтын болып шығарылады. 




 

433


 

Электр  жұқартқыш  көмегімен  екі  қабат  (ярус)  етіп  қалай 

береді.  Қоймаларды  толтыру  үшін  таспалы  конвейерлер 

қолданылса,  қаптарды  яруссыз-ақ  тура  қатарлап  жинай  беруге 

болады. 

Егер  ұн  мен  жарманың  ылғалдылығы  жоғары  болған 

жағдайда,  төрт-төрттен  ортасын  тесік,  бос  етіп  құдықша  қалау 

əдісі қолданылады. 

Қойманың  еденінен  қаланған  қаптардың  бірінші  қатарының 

астыңғы жағына ағаштан жасалған сөре не табандық төсейді. 

Қаптар 

қалағының 

биіктігі 

ұн 


мен 

жарманың 

ылғалдылығына, 

жылдың 


мезгіліне, 

сыртқы 


ауаның 

температурасына,  қаптар  мен  қоймалардың  күйіне  байланысты. 

Осы  көрсеткіштерге  жəне  сақталып  жатқан  өнімдердің 

төзімділігіне  қарай  қаптарды 8-ден 14 қатарға  дейін  қалауға 

болады (39-кесте). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет