Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет225/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   269
 

19.9.  Құрама жемді сақтау əдістері 

 

Құрама жемнің əртүрлі құрауыштарын сақтау технологиясын 



анықтайтын  принциптер  негізінен  бірдей.  Олар  сақтауда  жатқан 

өнімдердегі химиялық реакциялардың жылдамдығын азайту жəне 

олардағы  микроорганизмдер  мен  нан  қоры  зиянкестерінің 

дамуына  жол  бермеуге  бағытталған.  Өндірісте  оны  өнімдердің 

ылғалдылығы  мен  температурасын  төмендету  арқылы  жүзеге 

асыруға болады. Алайда, режимдер, əдістер мен мүмкін болатын 

сақтау  мерзімдері  өнімнің  табиғатына – оның  химиялық 

құрамына,  биохимиялық  ерекшелігіне  жəне  физикалық-

механикалық  қасиеттеріне  байланысты.  Сақтау  əдістерін  жəне 

оған  қажетті  техникалық  құралдарды  таңдау  сақталатын  өнім 

мөлшеріне байланысты. 

Құрауыштарды  сақтаудың  қажетті режимдерін  жүзеге  асыру 

үшін  кептіру,  əртүрлі  суыту  əдістері – желдету,  атмосфералық 

ауамен  белсенді  желдету  жəне  т.б.  қолданылады.  Өнімнің 

ылғалдылығы,  температурасы  жəне  сақтауға  тұрақтылығына 

байланысты  үйінді  мен  қаптардың  биіктігін  анықтайды.  Бұндай 




 

436


 

жеңілдеу  əдіс  сақтаулы  жатқан  өнім  масасындағы  жылу  ылғал 

алмасуы мен аэрациясы жағдайын реттеуге мүмкіндік береді. 

Соңғы  жылдары  құрауыштарды  сақтаудың  басқа  əдістері – 

оттегінің,  консервілеуші  құралдардың  аз  мөлшерін  сақтайтын, 

реттелетін  газ  орталары  кең  қолданылуда.  Көбінесе,  техникалық 

майлар,  шөп  ұнындағы  каротин,  балық  ұнындағы  майды 

тұрақтандыру  үшін  антитотықтырғыштарды  қолданады.  Құрама 

жем  құрамына  антитотықтырғыштарды  қолдану  дəрумендердің 

тұрақтылығын жоғарылатады. 

Құрама  жемнің  сапалы  сақталуын  қамтамасыз  ететін  негізгі 

шараларға: 

–  құрама жемді дұрыс жайғастыру; 

–  олардың  түрлері  ме  рецептері  бойынша  араласуын 

болдырмайтын жағдайларды жасау; 

–  сақтау кезіндегі құрама жемнің күйін жүйелі бақылау; 

–  құрама  жем  зауытының  территориясы  мен  қоймаларда 

дұрыс санитарлық жағдайды қалыптастыру жатады. 

Құрама  жемді  дұрыс  сақтамағанда  микроорганизмдердің 

өміршеңдігіне  байланысты  онда  үдерістер  жүреді.  Бұл  үдерістер 

оның сапасын нашарлатады. 

Əртүрлі  малдың,  құстың  түрі  мен  тобы  бойынша  құрама 

жемді  рецепт  нөмірі  бойынша  олардың  араласып  кетуін 

болдырмайтын етіп, бөлек сақтайды. Дайын құрама жемді жемдік 

шикізаттар,  дəнді  дақылдар,  ұн  жəне  жармамен  бір  қоймада 

сақтауға  болмайды.  Шашыранды  құрама  жемді  сақтауда  оның 

күйі мен сапасын бақылауға мүмкіндік беретін дұрыс жағдайлар 

қамтамасыз етілуі қажет. 

Сақтауда 

жатқан 


құрама 

жемнің 


температурасын 

термоштангалармен өлшейді. 

Ылғалдылығын 15 күнде  бір  рет  өлшейді.  Иісі  мен 

зиянкестермен  зақымдануын  орташа  сынама  бойынша  құрама 

жемнің температурасы 10

0

С жəне одан төмен болғанда 15 күнде 



бір рет, ал температурасы 10

0

С жоғары болғанда аптасына бір рет 



тексереді. 

Құрамына  қан  жəне  етті-сүйек  ұндары  кіретін  шашыранды 

құрама  жемді  температурасы 10

0

С-тан  төмен  болғанда  биіктігі  



2 м үйінді күйінде, ал температурасы 10

0

С-тан жоғары болғанда 



1,5 м үйінді күйінде сақтайды. Жоғарыда аталған құрауыштарды 


 

437


 

сақтамайтын құрама жемді 2,5 жəне 2 м үйінді күйінде сақтайды. 

Қаптағы құрама жемді рецептке сəйкес қатарлап жинап сақтайды. 

Қатарлардың арасының ені 1,25 м жəне қабырғадан – 0,7 м болуы 

керек. Қатардың биіктігі 2,5 м-ден аспауы қажет. 

Қапта  сақталатын  түйіршікті  құрама  жемді  сапасы  онша 

өзгермегенде үш ай сақтауға болады. 

Ақуызды-витаминді  қосымшаны  сақтауда  əртүрлі  рецепт 

бойынша  дайындалған  түрлерінің  араласуына,  бөтен  заттармен 

(мал өміріне қауіп төндіретін) ластануына жол берілмейді. 

АВҚ-ны  бір  қоймада  (қалқасыз)  жемдік  шикізаттар,  Дəнді 

дақылдар,  ұн,  жарма  жəне  басқа  өнімдермен  сақтауға  рұқсат 

етілмейді. 

Құрама  жемді  силос  типті  корпустарда  жəне  қоймаларда 

сақтайды.  Даяр  өнімдерді  сақтау  қоймаларының  сыйымдылығы 

өндірісте  есептелінеді,  оның  көлемі  шамамен  зауыттың 5 

тəуліктік жұмысын қамтамасыз етуі қажет (41-кесте). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет