Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет250/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   269
Астық  кенесі  (Tyrogluphydae).  Бұл  үйірге  неғұрлым  кең 

тараған екі: ұн жəне түкті кенелер тобы кіреді. 



Ұн  кенесі  (Tyrogluphus farinde)  барлық  жерге  тараған, 

алайда, алғаш рет ұннан табылғандықтан да осы атқа ие болған. 

Басқа түрлерге қарағанда, астық қорында бұлар жиі кездеседі.  

Кене  денесінің  ұзындығы 0,35-0,70 мм  сопақ,  ақшыл  түсті 

үсті жылтыр, басы мен аяқтары қызғылт немесе қоңыр. Түгі мен 

тікенектері  қысқа.  Арт  жағында  екі  қос  ұзын  тікенегі  болады. 

Еркек кененің алдыңғы аяқтары жуан, орта тұсынан сыртқа қарай 

қисық жаралған. Кене баяу қозғалады. 




 

461


 

Кененің  даму  сатылары:  жұмыртқа,  балапан  кене,  нимфа-І, 

нимфа-ІІ. Қолайсыз жағдайларда ұн кенесі қимылдайтын гипопус 

шығарады. Оның бауырында артқы аяқтарыныңғ түбінде бес қос 

жабысқақ 

ауыз 


болады, 

олардың 


көмегімен 

гипопус 


жануарлардың  денесіне  жабысып,  дамуы  үшін  қолайлы  жағдай 

туғанша  сонда  жүре  береді.  Қолайлы  жағдай  туысымен  гипопус 

қабығын  тастап  ІІ  нимфаға  айналады  да,  одан  ересек  кене 

шығады. 


Кене  үшін  қолайлы  температура 15

о

С-тан 22



о

С-қа  дейінгі, 

өнімнің ылғалдығы 14% - 17% дейінгі аралық. Ұн кенесі суыққа 

төзімді,  төмен  температураны  жақсы  көтереді.  Ол  көбіне-көп 

бидай,  қара  бидай,  жарма,  кепкен  жеміс,  көкөніс,  құлмақ,  емдік 

шөптер,  тері  жəне  басқа  өнімдерде  өсіп-жетіледі.  Астық 

массасына қарағанда, ұн мен жармада жақсы дамиды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет