Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет247/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   269
Дəндер қоңыр көбелегі (Hadena basilina Shiff) барлық жерге, 

тіпті, Тундраға дейін тараған. Бұл – егісзиянкесі, бірақ дəндермен 

бірге  қоймаға  түссе,  сақтауға  қойылған  өнімге  үлкен  нұқсан 

келтіреді.  

Бұл  сонымен  қоса  ірі  көбелек,  денесі  түкті,  жуан,  ұзындығы 

20  мм,  қанаттарының  аумағы 42 мм-ге  жетеді.  Алдыңғы  қанат- 

тары ақшыл түстен қоңырқай сұрға дейінгі аралықта, сақина жəне 

бүйрек тəрізді дақтары бар, алдыңғы қанаттары қысқа. 

Көбелек  өте  өсімтал.  Ұрғашысы 3000 жұмыртқаға  дейін 

салады, əдетте, бұл астық тұқымдастарда дəндер толыса бастаған 

кезге 

тура 


келеді. 

Көбелек 


масақ 

қабыршықтарына 

жұмыртқалайды.  Жұлдызқұрттар  дəндерді  масақта  тұрған 

кезінде-ақ жей бастайды. Ол өте жебір, бидайдың екі жүзге дейін 

дəндерін  зақымдайды,  негізінен  өзі  түнде  қоректенеді.  Өнім 

жинау  кезінде  жұлдызқұрттардың  бір  бөлігі  дəндермен  бірге 

қоймаға  түсіп,  күз,  қыс  бойы  дəндерде  қалып  қояды  немесе 

топыраққа  кетіп,  сонда  қуыршақтанады.  Құрғақ  дəндердің 

ішіндегі ұрығын жейді. Жыл бойы көбелек бір ұрпақ қана береді. 

Дəндер  қоңыр  көбелегінің  жаппай  дамуы  орақ  жұмысы 

созылған,  топырақта  масақтар  мен  дəндер  қалған,  жер  қыртысы 

таяз  жыртылып  өңделген  жағдайда  орын  алады.  Мұндай 

жылдары  көбелек  қаптап  кетеді  де,  дəндерге  айтарлықтай  зиян 

келтіреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет