Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет264/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   269
Химиялық  күрес  тəсілі.  Əртүрлі  пестицидтер  қолдану 

(химиялық  улағыш  заттар)  химиялық  дезинсекцияның  кең 

тараған  тəсілі.  Улы  химикаттар  мынадай  белгілеріне  қарай 

топтастырылады: қолданылатын объектілер бойынша; зиянкестер 

организміне  ену  жолы  жəне  оған  əсер  ету  сипаты  бойынша; 

химиялық  құрамы  мен  қасиеттері  бойынша;  қолданылу  тəсілі 

бойынша.  Пестицидтер  əртүрлі  объектілерді  дезинсекциялау 

қасиеттеріне  қарай  қолданылады;  себебі,  пестицидтердің  бəрі 

бірдей қолдануға келе бермейді. 

Зиянкес организміне у əртүрлі жолдармен түседі. Ішекке əсер 

ететін  пестицидтер  организмге  қорек  жəне  сумен  бірге  асқазан-

ішек  жолы  арқылы  барады.  Тері  арқылы  өтетін  пестицидтер  де 

кездеседі.  Фумиганттар  тыныс  органдары  арқылы  улайды. 

Əлденеше  түрлі  əсері  бар  пестицидтердің  организмге  өту  жолы 

əртүрлі. 

Пестицидтердің  зиянкестерге  əсері  олардың  ерітіндісі  жəне 

организмге  қанша  уақытта  əсер  ететіне  (экспозиция)  қарай 

анықталады.  Сондықтан  астық  қорын  дезинсекциялау  үшін  аз 

мөлшермен тез арада улайтын пестицидтер пайдаланылады. 

Қолдану  тəсіліне  қарай  пестицидтердің  тозаңдандыруға 

арналған  ұнтақ,  бүркіп  шашуға  арналған.  Эмульсия,  суспензия 

жəне  ерітінді  түрлері,  газ  фазасындағы  аэрозольді  түрі  жəне 

улайтын  еліктіргіш  түрлері  болады.  Дайындау  жүйесіндегі 

мекемелерде тозаңдандыру тəсілі қолданылмайды. 

Газды  дезинсекция – объектілерді  газ,  бу  күйіндегі  улағыш 

заттармен  зарарсыздандыратын  тəсіл.  Бұл – объектілерді,  соның 

ішінде  астық  өнімдерін  дезинсекциялаудың  неғұрлым  кең 

тараған тəсілі. 

Арнайы  бүріккіштер  арқылы  объектілерге  у  шашу  бос 

қоймалар, 

оған 

таяу 


территория, 

кемелер 


вагондары 

зарарсыздандыру  үшін  қолданылады.  Мұндай  тəсіл  ылғалды 

дезинсекция деген атқа ие болған. 

Аэрозольдер  «Гамма»  қоспаларын  жағу  кезінде  бөлініп 

шығатын  түтін  мен  тұман  көмегімен  бос  астық  қоймаларын 

дезинсекциялау үшін қолданылады. 

Уланған 

еліктіргіштер 

кеміргіштер 

үшін 


тасталады 

(дератизация). 




 

475


 

Газбен  улау  (түтіндету)  бромды  метил,  бромды  метилдің 

металлилхлорид  жəне  дихлорэтанмен  қоспасы  (тек  тұқымдық 

дəндер  үшін)  арқылы  жүргізіледі.  Бұл  фумиганттардың 

сипаттамасы  дəндер,  ұн,  жарма  зиянкестеріне  қарсы  күрес 

жөніндегі нұсқауда келтірілген. 

Газбен  улау  үшін  қажетті  шарт – зарарсыздандырылатын 

объектілердің  жақсы  қымталып  бекітілген  болуы.  Тек  осындай 

объектілерде  ғана  қажетті  газ  концентрациясын  алуға  жəне 

зарарсыздандыру жұмысын қауіпсіз жүргізуге болады. Улылығы 

күшті  фумиганттар  қолдану  қоғамдық  жəне  жеке  қауіпсіздік 

ережелерін сақтауды талап етеді. 

Газбен  улану  үшін  объект  мұқият  əзірленеді:  механикалық 

тазарту  жүргізіледі,  құралдар  коррозиядан  қорғалады,  саңылау-

тесіктер  бекітіледі,  нұсқауда  көзделген  өрт  жəне  газ  қауіпсіздігі 

шаралары 

қарастырылады, 

фумигант 

дайындалады. 

Фумиганттарды  сыртқы  ауа  температурасы  қолайлы (12

0

С-тан 


төмен  емес)  жəне  салыстырмалы  ылғалдылығы 70%-дан  жоғары 

емес жағдайда пайдаланған неғұрлым тиімді. 

Қоймалардағы дəндерді газбен улау үшін 2-АТ, 2-АТМ жəне 

4-АТ  аппараттары  қолданылады.  Əртүрлі  объектілерді  газбен 

улау технологиясы арнайы нұсқауда толық беріледі. 

Дегазация əсер ету мерзімі аяқталғаннан кейін газ таратылған 

объектілерден фумигент шығару үшін жүргізілетін шара. Əртүрлі 

объектілерден  қарқынды  (активті)  немесе  қарқынсыз  (пассивті) 

тəсілмен дегавацияланады. 

Қоймалардағы  астықты  дегазациялаудың  негізгі  тəсілі 

қарқынсыз  /пассивті/  болып  келеді.  Қойманың  есік-терезелері 

ашылып,  дəндер  желдетіледі.  Егер  дəндер  жедел  кəдеге 

асырылатын  болса,  онда  ол  қарқынды  ұйымдастырылған 

желдетуге арналған қондырғыларда немесе АГ іспетті аппараттар 

көмегімен  де  газацияланады.  Объектілер  дегазацияланғаннан 

кейін  зарарсыздандыру  тиімділігі  анықталады.  Тірі  зиянкестер 

болмаса,  жұмыс  қанағаттанарлық  деп  танылады.  Одан  соң  сапа 

жөніндегі Мемлекеттік инспекция қызметкерлері орындалу тəсілі 

арнайы  нұсқауда  суреттелген  дегазацияның  толық  жүргізілгенін 

анықтайды. 




 

476


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет