Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Физикалық-механикалық  күрес  тəсілі



Pdf көрінісі
бет263/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   269
Физикалық-механикалық  күрес  тəсілі:  Бұған  зақымданған 

объектілерді 

механикалық 

жолмен 


тазалау, 

термиялық 

(ыстықтық) əсер туғызу жəне əртүрлі сəулелер қолдану жатады. 

Астық  қоймалары  мен  басқа  да  орындарды  шөткелермен, 

қырғыштармен,  шаң  сорғыштармен  тазалайды.  Жиналған 

зиянкестерді  құртады.  Оған  қоса  механикалық  тазалау  қойма-

орындарда ылғалды немесе  газды дезинсекция  жүргізуге жағдай 

жасайды.  Астықты  дəндер  тазалағыш  қондырғылар  арқылы 

өткізіп,  механикалық  тазалау  да  тəуір  нəтиже  береді,  өйткені 

дəндер шайқалып, қозғалысқа түскен кезде зиянкестер дəндерден 

ажырап,  аяқтары  мен  мұртшаларын  бауырына  жиып  алады  да, 

қалдықтармен  бірге  шығып  қалады.  Осы  кезде  кенелердің  

50-95%-ы жəне қоңыздардың айтарлықтай бөлігі бөлініп шығады. 

Кейбір зиянкестер механикалық жарақат алып, өледі. 

Əйтсе  де  механикалық  тазартудың  тиімділігі  ұзаққа 

бармайды,  өйткені  зиянкестердің  бəрі  бірдей  дəндерден  ажырап 

кетпейді.  Механикалық  тазарту  дəндер  тоңазитын  ауа  райы 

салқын  күндерде  жəне  басқа  тəсілдермен  бірге  қолданғанда 

тиімді. 

Термиялық не ыстық дезинсекция жəндіктер мен кенелердің 

температураға 

сезімталдығына 

негізделген. 

Нақты 


бір 

температура  орната  отырып,  өнімді  толық  зарарсыздандыруға 

болады.  Зақымданған  объектілерді,  сонымен  бірге  дəндер  мен 

өнімдерді  ауаны  табиғи  жəне  əдейілеп  қолдан  салқындату 

арқылы тоңазыту – физикалық дезинсекция тəсілдерінің бірі. 

Астық  кептіру  үдерісі  барысында  да  дəндерді  зарарсыз- 

дандыруға  болады.  Бұл  жағдайда  тиімділікке  аса  жоғары 

температура  қолдану  арқылы  ғана  қол  жетеді;  бұл  азықтыққа 

жəне  жемге  пайдаланылатын  дəндерге  ғана  қолданылады.  Кей 

жағдайларда  дəндерді  күн  сəулесі  радиациясын  пайдалану 

арқылы да зарарсыздандыруға болады. 

Астық  зиянкестерімен  күресі  жолында  бэта  жəне  гамма 

сəулелері  мен  иондаушы  сəулелендірудің  мүмкіндігі  зор. 

Зиянкестердің  жыныстық  зарарсыздануын  тудыратын  доза 

қолайлы деп есептелінеді. 



 

474


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет