5
ұл кітапты оқуды бастамас
бұрын, күнделікті шаруаңызды
уақытша ұмытып,
маңызды
оқуға көңіл аударыңыз. Ал ең
алдымен, өзіңізге «шын мәнінде
бай адам болғым келеді
ме?» деген сұрақ қойыңыз. Егер сіз тек қана көбірек ақша
тапқыңыз келсе, онда бұл кітап сізге арналмаған. Ал егер
сіздің үлкен
арманыңыз болса, егер сіз не үшін тырысу
қажеттігін
білсеңіз, егер сіз шынымен өзіңізді байлыққа
лайықты адам деп шешсеңіз – ақ жол!
Мен бай болғысы келетіндігі туралы айтқан және өздерін
баймыз деп есептейтін адамдарды жиі кездестірдім. «Егер
мен
қаласам болды, бай болып кетем» деп айтып жүрген
адамдарды да кездестірдім. Кейде, көп ақша қажет емес,
себебі, өмірдегі маңызды зат ол
емес деп есептейтіндерді
жолықтырдым. Бірақ шынымен бай болуға іс жүзінде дайын
адамдарды өте сирек көрдім. Бұл кітапты оқып болғаннан
кейін сізде өте шектелген таңдау болады: шешім қабылдап іске
кірісу немесе, ештеңе істемей барлығын орнында қалдыру.
Иә, бұл кітапты оқысаңыз да сіздің байып кетуіңізге кепілдік
берілмейді. Бірақ, меніңше,
сіз осы кітапты оқып, ондағы
білімді қолданбасаңыз өзіңізді ешқашан кешірмейсіз. Егер
адам білместікпен істей алмаса ол бөлек. Және біле тұрып,
жасамау мүлдем басқа жағдай.
Кіріспе
Ұлы мүмкіндіктер барлығына
беріледі, алайда көпшілігі
оны аңғара бермейді.
У. Даннинг
Б
6
Мен
және Ақша
Алдымен, бай адам қандай болуы керек? деген сұраққа жа
уап беріп көріңіз Қанша жауап нұсқасы шығады? Мақсатына
ұмтылғыш, батыл, ерікті, ақша таба білетін...
Ал мынау басты анықтама:
бай адам – ол өзіне ақшаны
жұмыс істете білетін адам. Ол ақша үшін емес, ақша ол
Достарыңызбен бөлісу: