Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод



Pdf көрінісі
бет79/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

7. АЯУШыЛыҚ
Аяушылық – ең қиын кедергілердің бірі. 
Ешкімді аямаңыз, ең алдымен өзіңізді ешқашан 
аямаңыз. Өзіңізге деген аяушылық, есіркеушілік 
сезім – әлсіздіктің бергісі болып табылады. Ол сізді 
құрджымға кетіреді. Сіз ауру адамды көрсеңіз де, 
оны аямаңыз, себебі, аяушылық қорлаумен тең. 
Сіз өзіңізге нені тартқыңыз келеді?
– Аяушылық па әлде құрмет пе?
Сіз нені қалайсыз?
– Сізді аяғанын қалайсыз ба әлде жақсы 
көргенін бе? Егер жақсы көргенін қаласаңыз, 
өзіңіз де жақсы көріңіз. 


142
Мен және Ақша
Арнольд Шварценегер былай деген: «Егер 
арманыңызға ұмтылып, еркіндікті қаласаңыз, 
өзіңізді аямаңыз».
8. ТҮҢІЛУ
Ешқашан түңілмеуге тырысыңыз. Егер түңілген 
кезіңіз болса, өз назарыңызды арманыңызға 
бұрыңыз. Бұл сізге нашар психологиялық 
жағдайыңызды жеңіп, позитивке бағытталуыңызға 
көмектеседі. 
Білесіз бе, Будда былай деген: «Егер сіз тұйыққа 
тірелсеңіз, өз оқиғаңыздың басына қайта оралыңыз». 
Ең жақын адамдарыңызға қатысты қиын жағдайлар 
болады. Бұл орайда, сіздің шынайы түсіністік 
табуға деген талпынысыңыз маңызды. Егер сіздің 
қаржылық жағдайыңыз, қиындыққа ұшыраса, ба­
сынан бастаңыз. Егер сізді біреу ренжітсе, түңілтсе, 
кінәлілерді іздемеңіз. Өзара қатынастарыңыздың 
басына оралыңыз да, жағдайды түзеу үшін нені 
өзгерту қажеттігін ойланыңыз. 
Ең қиын түңілтетін жағдай – сіздің жақсы 
көретін жақын адамыңыздың сізді сатып кетуі. 
Мұндаыға көну өте қиын. Бірақ өміріңізде қандай 
жағдай болса да, тіпті ең жақын адамдарыңыз сатып 
кетсе, түңілмеңіз, жағымсыз көңіл күйге берілмеңіз. 
Барлық назарыңызды өз арманыңызға бұрыңыз. 
Егер сізді алдаса, тоқтамаңыз. Кейбір адам­
дар, бөтен адамның өтірігі үшін өз армандарынан 
бас тартады, өздері лайықты өз махаббаттарынан, 
отбасылық бақыттарынан, және байлықтан бас 
тартады. Біреудің қара ниеті сіздің уайымыңыздың 
себебі болмауы тиіс. Тоқтаудың қажеті жоқ, бұл 
жай ғана сіздің өтуіңіз тиіс тағы бір кедергі. 
Кедейлік бай боламын деген талпыныстан тұрады. 


143


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет