192
Мен және Ақша
Кітаптан сіз байлықтың бес негізгі ережесін таба
сыз, олар кешенді түрде әрекет
етеді және бір-бірімен
өзара байланысты. Оларды мұқият оқып, ең бастысын
дәптеріңізге жазып алыңыз және өз іс-әрекетіңізде со
ларды басшылыққа алыңыз. Білім алуға жүмсалған ин
вестиция ең пайдалысы екендігін естен шығармауыңыз
қажет, себебі оларды алуға кеткен шығыннан он, мың
есе көбірек табыс табуға мүмкіндік береді.
«Неден бастау керек?» және «Қабілеттіліктерді
жетілдіру» тарауларын оқу кезінде және оларға белгілер
қоя отырып, жай ғана
бізбен сөйлесіп отырғандай
елестетіп, оқылған мазмұнға қатысты өз ойыңызды
білдіріп, өз ойларыңызбен бөлісіңіз.
Сонымен бірге асты сызылған тарау тақырыптары
жайлы да ұмытпаңыз. Оларды оқи отырып, нақты қандай
нәрсе сіздің назарыңызды аударғандығын анықтауға
тырысыңыз. Барлық қосымша әсерлерді жазып алыңыз,
тіпті олар бастапқыда алынған әсерлерге сәйкес кел
месе де
жазып отырыңыз, өйткені бұлай болуы әбден
мүмкін. Қайта белгілеу үшін арнайы белгілерді (мысалы,
жұлдызша) қолданыңыз, бірақ осымен ғана шектелмей,
барлық ұнаған ойлар мен ережелерді жаңа белгілермен
белгілеп отырыңыз.
Сонымен қатар, осыған дейін асты сызылған афо
ризмдерге де назар аударыңыз. Қайта оқу кезінде,
оларға деген көзқарасыңызды,
ойыңызды өзгертуіңіз
мүмкін. Оны жасауға қорықпаңыз. Сіздің ойыңыз сіздің
түсінігіңіз бен сезімдеріңізді көрсетеді.
Сіз армандарыңыз тек жүйелі және алдын ала
ойластырылған әрекеттер арқылы іске асырылатындығын
түсіндіңіз. Сонымен бірге, кез келген әрекет алдында
ойлар болады, олар тұқымдарға ұқсайды, олардан сіздің
жетістіктеріңіздің ағашы өсіп шығады.
Табыс жайлы
ойлардың табысқа жеткізетіндігін растайтын көптеген
мысалдарды білетін шығарсыз, алайда егер кімде-кім
өз күшіне сенімсіздікпен қарап, сәтсіздік жайлы ойласа,