Инвестордың жобаңыз жайындағы пікірін өзгертуіңіз керек (егер ол осы күнге дейін жобаңызды тиімсіз деп ойласа, оның пікірінің дұрыс еместігіне көзін жеткізуіңіз қажет);
Инвесторыңыз жайлы толық мағлұмат болуы керек (жынысы, жасы, білімі, дүние танымы, жобаңызға деген көзқарасы және т.б.).
Жобаны қорғау барысында қатысушылар өз жобасының толық презентациясын жасауы қажет. Төмендегі бөлімдерден тұрады:
Бұл бөлімге компанияңыздың атауы, аты-жөніңіз бен лауазымыңыз, пошталық мекен-жайы, электрондық поштаның мекен-жайы мен телефон нөміріңіз және жобаңыздың тақырыбы енеді. Алғашқы сәттен бастап-ақ инвесторға жағымды әсер қалдыруға тырысыңыз, өйткені екінші рет мұндай мүмкіндік болмайды! Ол үшін аудиторияға инвестордың назарын аударатын сұрақ қоя аласыз.
2) «Проблема және оның шешімі» екінші блогы
Бұл бөлімде қазіргі таңда кездесетін мәселені ашуға тырысыңыз. Нақты проблеманы ашып көрсетіңіз. Егер барлығын өз қалпында қалдырса, ол қандай қауіп төндіруі мүмкін? Сіздің нақты қандай мәселені шешкіңіз келеді? Көпшіліктің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыра аласыз? Инвесторлар өніміңіздің адамдарға көмектесе алатынына сенуі керек. Сіздің жоқ мәселені ойдан шығармай, нақты бар проблеманың шешімін ұсынуыңыз керектігін естен шығармағаныңыз жөн.
3) «Проблеманың мәні» үшінші блогы
Өзіңіздің басты мақсатыңызды, туындаған қажеттіліктерді қалай қанағаттандыратыныңызды егжей-тегжейлі түсіндіріңіз. Инвесторлар сіздің не сататыныңызды және оның қалай жұмыс істейтінін анық түсінулері тиіс, алайда мәселенің техникалық қырсырына қатты беріліп кетпеңіз. Тек түпкі мән-жайын ғана айтыңыз.