Байлықтың нышаны сіз жүрген барлық жерде болуы тиіс, сіздің ұйқтайтын бөлмеңізде, жұмыс істейтін жеріңізде, барлық жерде сізбен бірге болуы керек. Сіз қиын жағдайда болғанда, шаршағанда, торыққанда байлықтың ныша- нына қараңыз. Сол кезде, ол сізді энергия мен күшке бөлейтінін байқайсыз. Және бұл сезімді түсіндіру мүмкін емес. Адамдардың көпшілігі бір нәрсені ар- мандап, басқа зат істейді. Және уақыт өте келе қайтадан бастаған жеріне келеді. Егер сенің қазіргі істеп жүргенің сені байлыққа алып кел- месе, демек таңдауды өзің жасадың. Сонда міне, кедейлік – тағдыр болады.
73
Муравей слаб, но камень рушит Бодо Шеффер: «Ақша пайда болмай тұрып, оны басқаруды үйрену керек, сонда ақша тапқанда оңай болады», – деген болатын. Махатма Ганди былай деген: «Сенің алып отырғаның, саған тіршілік етуге көмектеседі, ал бергенің өмір сүруге көмектеседі». Адамдардың екі түрі бар: 1. Біреулері қолымен жұмыс істеп, басымен ақша есептейді – мынанша ақшаны әйеліме бе- рем, мынаншасы пәтерге кетеді, мынаншасы қарызға т.б. 2. Басқалары басымен ақша тауып, қолымен есептейді. Cіз өзіңіз өз таңдауыңызды жасауыңыз керек. Адамдар дұрыс мақсат қабылдап, бірақ қарама-қарсы жолмен жүргендіктен адамдар жиі кедей болады. Егер сіз қорықпай өзіңізді бай адам ретінде сезінсеңіз, онда сізге ауқаттылық пен жетістікке толы жаңа өмір басталады. Егер сіз ақшаға байсалды әрі сенімді қарай алмасаңыз – аз ақша ма көп пе маңызды емес,