142
Мен
және Ақша
Арнольд Шварценегер былай деген: «Егер
арманыңызға ұмтылып, еркіндікті қаласаңыз,
өзіңізді аямаңыз».
8. ТҮҢІЛУ
Ешқашан түңілмеуге тырысыңыз. Егер түңілген
кезіңіз болса, өз назарыңызды арманыңызға
бұрыңыз. Бұл
сізге нашар психологиялық
жағдайыңызды жеңіп, позитивке бағытталуыңызға
көмектеседі.
Білесіз бе, Будда былай деген: «Егер сіз тұйыққа
тірелсеңіз, өз оқиғаңыздың басына қайта оралыңыз».
Ең жақын адамдарыңызға қатысты қиын жағдайлар
болады. Бұл орайда, сіздің шынайы түсіністік
табуға деген талпынысыңыз маңызды. Егер сіздің
қаржылық жағдайыңыз,
қиындыққа ұшыраса, ба
сынан бастаңыз. Егер сізді біреу ренжітсе, түңілтсе,
кінәлілерді іздемеңіз. Өзара қатынастарыңыздың
басына оралыңыз да, жағдайды түзеу үшін нені
өзгерту қажеттігін ойланыңыз.
Ең қиын түңілтетін жағдай –
сіздің жақсы
көретін жақын адамыңыздың сізді сатып кетуі.
Мұндаыға көну өте қиын. Бірақ өміріңізде қандай
жағдай болса да, тіпті ең жақын адамдарыңыз сатып
кетсе, түңілмеңіз, жағымсыз көңіл күйге берілмеңіз.
Барлық назарыңызды өз арманыңызға бұрыңыз.
Егер сізді алдаса, тоқтамаңыз. Кейбір адам
дар, бөтен адамның өтірігі үшін өз армандарынан
бас тартады, өздері лайықты өз махаббаттарынан,
отбасылық бақыттарынан,
және байлықтан бас
тартады. Біреудің қара ниеті сіздің уайымыңыздың
себебі болмауы тиіс. Тоқтаудың қажеті жоқ, бұл
жай ғана сіздің өтуіңіз тиіс тағы бір кедергі.
Кедейлік бай боламын деген талпыныстан тұрады.