135
у муравьев есть чему поучиться
болатын. Македонский мұны 24 жасында әлемнің
жартысын жаулап алуымен дәлелдеген болатын. Екі
немесе одан көп адамның бірлесіп қимылдауының
өзі данышпандар орталығы бола алады.
Немесе басқа мысал, егер отбасында ерлі зайып
тылар бір-бірін түсініп, жақсы көріп, сыйласа, олар
көп затқа қол жеткізеді. Біздің барлығымызда, тату
отбасы барлығын бірге басынан бастап, жетістікке
жеткен мысаларды білеміз. Бұл ең нәтижелі күші,
өзара түсіністік пен құрмет күші. Ерте кезеңдерде,
жалпылама білім беру жоқ уақыттың өзінде Ии
сус мұны біліп, адамдарға жеткізуге тырысқан.
Екі адам бірге болсаңыздар, сіздер күштірексіздер,
мұны естен шығармаңыздар.
2) Екінші ережені түсініп,
қабылдау да өте
маңызды. «Егер сізді біреу қабылдамаса немесе
сөзіңізді тыңдамаса, онда сол үйден немесе қаладан
шыққанда аяғыңызды қағыңыз». Сондықтан,
егер сізді біреу тыңдағысы келмесе,
егер біреу
сізді жүрегімен қабылдамаса, сіз және сіздің
жақындарыңыз туралы жаман заттар айтса, онда
ол адамның үйінен шыққанда аяғыңыздың шаңын
қағып тастап,
өз ісіңізді жалғастырыңыз, табысқа
жететініңізге сеніміңізді жоғалтпаңыз.
Ерте ме кеш пе сіздің туыстарыңыздың,
достарыңыздың біреуі сізді өзінің ескертпелерімен
ренжітіп,
сізге
сіздің
мақсаттарыңыздың
дұрыстығына сенбейтіндігін айтып және сіздің
арманыңыздың орындалатынына күмәнін білдіріп,
сіздің табысқа жетудегі қабілетіңізге сенбейтіндігін
айтуы мүмкін. Сіз мұны көңіліңізге ауыр алмаңыз.
Тіпті
сіздің анаңыз, сіздің жұбайыңыз жайлы жа
ман зат айтса да қатты қабылдамаңыз. Немесе
бауырыңыз сізді өзінің күмәндарымен ренжітуі
136
Мен және Ақша
мүмкін. Өзіңіздің аяқ киіміңіз
бен киіміңізді қағу
арқылы сіз, осы сөздерден тазарасыз, өз санаңызды
күмәндар мен сенімсіздіктен тазартасыз. сіз
барлық жағымсыз сөздерді сол айтылған жерінде
қалдырасыз.
Барлық адамдар өз арманына сенуі тиіс,
мақсатына, қабілетіне сеніп, алға қарай жылжуы ке
рек. Егер достарыңыздың, жақындарыңыздың бірі
сізді түсінбесе, сіздің бастамаларыңызды қолдамаса,
оны мүмкін емес десе де,
өз арманыңыздан бас
тартпаңыз.
Мынадай нақыл бар.
Баяғы заманда бір данышпан болыпты. Ол
барлық адамдарға көмектеседі екен, барлығы
одан кеңес сұрауға баратын. Алайда, тағы бір
данышпан болды, ол бұның танымалдылығына
қызғанышпен қарайтын. Бір күні екінші данышпан
оны масқаралағысы келіп, жамандық ойластыра-
ды. Ол ертесіне барлық халық жиналғанда, даныш-
панды шақырып алып, оның қолындағы көбелек өлі
ме әлде тірі ме деп сұраймын деп ойлайды. «Егер
ол тірі деп айтса, мен қолымды қысып, көбелекті
өлтіре саламын, жауабы дұрыс емес болады. Ал
егер өлі десе мен алақанымды ашып жіберемін, ол
ұшып кетеді. Қандай жағдай болса да оның жауабы
дұрыс болмайды», деп ойлайды күншіл данышпан.
Өзінің ойына масаттанып, ол ұйқтауға кетеді.
Келесі күні таңертең, ол халықтың барлығын жи-
нап, бірінші данышпанды шақырып, одан былай деп
сұрайды: «Сен өмірдің құпиясын білдің және барлық
сұрақтардың жауабын білесің, солардың ең оңайына
жауп беріп көрші. Менің қолымда көбелек бар, ол
тірі ме әлде өлі ме?» Жиналғандардың барлығы
бұл сұрақтың арандатқыш екендігін біліп, бірінші
данышпанға қарайды, бірақ ол күлімсіреп тұрып,
былай деп жауап береді: «Барлығы сенің қолыңда.