Е.Ч. Жакпаров
Семей қаласының Құқық және бизнес колледжі
Қазақстан, Семей қаласы
КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің даму қарқыны, білім беру жүйесінің алдына
жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте
технологияның үздіксіз өзгерістеріне тез бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру
міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру
жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын
түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық
тіресе тұру міндеті еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-
келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім
дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен
инновациялық әлеуеті қалыптасады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық -
заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті
[1]. Сондықтан да ұстаздарды серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламыз.
Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс –
тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, мұғалімдер
жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа технологияларға ұштастыруы қажеттігі туындайды.
Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр.
Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы.
Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар
бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыз-дандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән
беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған
талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі
мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып, ол адамның
алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды. Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін мекемелердегі
бәсекелестік қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру
жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік,
өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Мұның барлығы маман моделінің
нарықта қажеттілігін туғызуға бағытталуы қажет. Өйткені соңғы кездерде білім саласында біліктілік
моделінен құзыреттілік моделіне ауытқу көп қарастырылып жүр, яғни жұмыс берушіні көбінесе
біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзіретті мамандар қызықтырады.
Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-
бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған
қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын
дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері. Әлеуметті-
құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің
маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын
жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады. Осы жоғарыда
аталған үш құзіреттілік барлық азаматтар үшін, олардың мамандығына, білім деңгейіне, тұратын
жеріне қарамастан негізгі қажетті қасиеттер болып саналады. Жалпы кәсіптік құзыреттілік. Бұл
77
құзіреттілік әр сала маманының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған. Қазіргі заман қаржыгерлері,
банкирлері, есеп саласының қызметкерлері қандай кәсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы
жағынан қарастыратын болсақ, бұл мамандықтар бойынша болашақ мамандар қазіргі өзгермелі
нарықтық экономика жағдайында мәселені уақытында анықтай алу, оның себептерін, жағымды және
жағымсыз жақтарын белгілеу, кәсіпорын тұтынушыларымен, клиенттерімен тіл табыса алу
қасиеттерімен бағаланады. Осыған орай, экономикалық мамандықтарының мақсаты – ой-өрісі
жаңашыл, өзгерістерге тез бейімделгіш, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан-жақты,
қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке түсе алатын, теория жүзінде алған білімін тәжірибемен
байланыстыра алатын, әсіресе елдегі жалпы халықаралық деңгейдегі экономикалық жағдайларды
сараптап, талдай алатын маман даярлау деп санаймын. Құзіретті маман даярлау мақсатында «Білім
алушылардың білімділік белсенділігін арттыру технологиясын» пайдаланамын. Бұл оқыту
технологиясы бойынша білім беру мақсаты - оқушыларға өндірістік ситуациялар беру арқылы өз
бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге
қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу. Себебі күнделікті өмірде, іс әрекет ету сферасында
адамға қажетті маңызды құзыреттілік, ол мәселелерді шеше білу. Егер студент мәселелерді шеше
білу қабілетін игерсе, болашақта олар жұмыс жасайтын ұйымда оларға деген қажеттілік арта түседі.
Білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген
технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту». Ерекшелігі: білім алушыны өз бетімен ізденуге
үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні мен білмейтінінің
арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Проблемалық оқытудың
қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердлің
нәтижелерін табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге
асырған. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, соны өз тәжірибесінде кеңінен
қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор. Проблемалық оқытудың
басқалардан айырмашылығы – «білім» оқушыларға дайын күйінде хабарланбайды, керісінше
олардың алдына өз бетінше шешуге проблема қойылады Сол себепті, арнайы пәндерді оқытуда
проблемалық оқыту технологиясын қолдану тиімді деп ойлаймын. Мысал келтіре кетсек,
«Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» пәнінен «Өнімді өндіру және өткізу үрдісін
талдау» тақырыбы бойынша оқушылар берілген тапсырмаларда екі кәсіпорынның өнімді өндіру, оны
өткізу жоспарының орындалу немесе орындалмай қалу мәселелерін қарастырды және орындалмай
қалу себептерін анықтап, оны шешуге тырысып, екі фирма арасындағы тиімді қызмет жасайтын
фирманы анықтап, оның жетістігін дәлелдеді. Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы
тапсырмалар студенттердің қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын арттырды деп
ойлаймын. Қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау
жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі студенттің өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті,
іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған саты деуге болады. Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде
мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады. Сабақтан тыс өткізілетін
іс-шараларда оқушылар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, болашақ маман ролін жоғары
деңгейде орындауға тырысады. Оқу орны түлегі моделі - белгілі бір өндіріс, ғылым, мәдениет
саласындағы жұмысшы құзіреттілігін сипаттай алуы. Сондықтан әр оқушының өз мамандығына
байланысты арнаулы құзіреттілігін анықтау қажет. Арнаулы құзіреттілік - маманның сала
ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді шешу, білім және іскерлік деңгейін көтеру сияқты
қабілеттермен байланысты. Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге
сай білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге
қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы
бағытта құруы заңды құбылыс, себебі қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының
мазмұны мен сипатының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін
жетік білетін, кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді. Соңғы жылдары болашақ мамандардың
құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелері жайлы көптеген пікірлер айтылуда.
Соларға сүйене отырып, мұның өзі болашақ мамандарды қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамдық
өмірдің құбылыстарын тану, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау, талдау,
маңыздысын ажырата білуге, адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге
мүмкіндік береді. Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті мемлекеттердің
қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей
байланысты.Демек,еліміздің оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты, терең
теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау
міндеті тұр.
78
Әдебиеттер тізімі:
1.
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» – 2050. – Астана,
2014.
2.
Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
3.
Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы. – Алматы, 2008.
4.
Нұрмашқызы А. Қатысымдық құзыреттілік мәселесі туралы. // Білім. Образование. – 2008. -№6. -
32-33 б.
ӘӨЖ: 511:35
Г.А. Жакпарова
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Қазақстан, Семей қаласы
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢАРУ БАҒЫТЫ, ӘРБІР ҰРПАҚТЫҢ
ЖЕКЕ ТҰЛҒА БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫ
Жеке адамның қалыптасуы - күрделi, организмнiң өсуi мен жетiлуiн, стихиялы әсерлердi,
мақсатты, ұйымдасқан тәрбиенi қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы
өмірге келген сәтiнен басталады, жеткiншек және жасөспiрiм шақта жедел жүредi, ересек шақта
өзiнiң бiршама аяқталу кезеңiне жетедi. Қазіргі қоғамның жаңару бағыты, әрбір ұрпақтың жеке тұлға
болып қалыптасуында гуманистік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан қазіргі
заманның педагогика ғылымында адамның тұлғалық қарым-қатынасында гумандық қасиетті
қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру басты мәселеге айналып
отыр. Қазіргі қоғамның жаңару бағыты, әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында гуманистік
тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан қазіргі заманның педагогика ғылымында
адамның тұлғалық қарым-қатынасында гумандық қасиетті қалыптастырудың ең тиімді
мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру басты мәселеге айналып отыр. Бүгінгі таңда білім
берудің басты міндеті оқушының дүниені тұтастай қабылдауын алғашқы білім алуы мен
дүниетанымдық ұғымдар арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда жүзеге асырылуы тиіс. Жеке
адамның әсiресе балалық және жасөспiрiм шақтарында дамып, жетiлуi ең алдымен тәрбиенiң ықпалы
арқылы жүрiп отырады. Бiрақ тәрбие әсерiнiң дәрежесi мен сипаты көп жағдайда тәрбиенiң даму
заңдылықтарын қаншалықты ескергенiне байланысты болады. Сөйтiп тәрбие мен дамудың арасында
екi жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңiрек қарастырған
жөн.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы
ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен
жеткіншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика
ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра
отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, ал сапа жағынан елеулі езгерістер болатынын алға
тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезендерін
белгілеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғым тұлғалық қалыптасуына
әсері зор. Даму ұғымына организмнiң өсуi мен пiсiп жетiлу процесiн жатқызады. Адамның тұлғалық
бейнесі көрсеткіштерінің бірі – гумандық қасиет болуы, бүкіл адамзаттық құндылықтардың біріне
саналады
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда оқу мен тәрбие мақсаты әрбір тұлғаны жан-жақты,
жарасымды етіп қалыптастыру. Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері, оның өмір сүріп
отырған қоғамдық тарихи жағдайларына тәуелді болады. Қоғам дамуының белгілі сатысында
педагогикалық, философиялық ой-пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын
анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие беру жолдары
белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекет мазмұны анықталады. Білімдер жүйесін қалыптастыру процесінде
оқушыны жеке тұлға етіп дайындауда пәнаралық байланыстың алатын орны ерекше. Әр пәннің
негізгі тақырыптары бір-бірімен байланысқан, ұғымдық құрылымды, оқу пәнінің негізін жасайды.
Оқу пәнінің ұғымдық жүйесі әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты ұғымдар жүйесін: ұғым-
элемент, ұғым-кешендер және іргелік ұғымдарды қамтиды. Іргелік ұғымдар жетіле және дами
отырып орталық ұғымдар ретінде теориялардан өтеді және осы ұғымның мазмұны ақиқат шындық
моделінің құрылымын анықтайды. Оқушылардың тұлғасын пәндер байланысы арқылы
79
қалыптастыруда, педагогикадағы интеграциялық принциптер бағыттау мәселесі шешіледі. Бұл -
жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін
маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара
тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын
пәндердің (тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика
мен эстетика т.б.) өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын
анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге және тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға болады. Осыған
орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың ролі ерекше. Алғаш пән аралық байланыс ұғымын
аңықтаған Я.А. Коменский: «Пәндердегі білім байланысы, сол байланыс негізінде меңгерілуге
тиісті». Атақты педагог пән аралық байланыс оқү жүйесін қалыптасуға ықпал береді деп тегін
айтпаған. Пән аралық байланыс тақырып мазмұның біріктіріп бір мақсатқа тәулденіп әр пәнің өз
ерешелігінде айқындайды Пәнаралық байланыс арқылы оқушының тұлғасын қалыптастыру жолында
оқушының оқу әрекетін үйымдастыра отырып әр пәнің сабағында басқадай пәндердің интеграциялау
жолдарын тауып, арнайы сол мақсаты орындауға арналған м9надай тапсырмалар қарастырады:
«түлғаның бір маңызды қасситетерін тәрбиелеп дамытатың есеп не болмаса тапсырма», «түлғаның
еңбекке, адамгершілікке, ой ақылын өркендетуге бағыталған тәжірбиелік жұмыстар, тапсырмалар»,
«казақ халқының атақты адамдарының түлғалық қассиетерін ерекшелеп, олардын мінез
құлқыларына назар аударып нағыз өз халқының патриоты болған жолдарын талқылау», «пән аралық
тақырыптарға байланысты іскерлік ойындар өткізіп оқушының кәзіргі замандағы түлғаның ерекше
қассиетерін тәрбиелеу», «әр пәнде бақлау тапсырмаларында пәнаралық тақырыптар арқылы тулғалық
қассиетерін ерекшелейтін есептер қарастыру», «пән аралық тапсырмаларда кәсіби салалар бойынша,
экономикалық есептер арқылы, дүние танымы бойынша, экологиялық тәрбие арқылы түлғаның
қассиетерін тәрбиелеу. Пән аралық байланыстық тақырып, тапсырма алдын ала сабаққа
тағайындалған кезде оқытушы оларға сұраптама жасай отырып басқадай пәндерде оқитын
тақырыптарды сабақтын тулғаның тәрбиелеу мақсатына байланыста іріктеп бір күрделі мақсатқа
келтіру. Пәнаралық байланыс сабақтарын өткізу барысында әр оқушыға жеке назар аударып білім
меңгеру қабілетін, дуниетанымдық қызығушылығын, ақыл ойның деңгейін, оқу мотивациясын және
т.б. ескере отырып оқушыларға педагогикалық көмек көрсету. Пәнаралық байланыс арқылы тулғалық
қассиетерін дамыта тәрбиелей отырып репродукциялық және белсендікті тәсілдерді байланыстырып
қолдану және тұлғаның өтте маңызды ерекше қассиетерін өз ара артыру. Оқытушының пәнаралық
байланыс сабақтарын тиімді жүргізу технологиясын жақса меңгеруі және кәсіптік құзыретілігінің
құрастырылған түлғалық тәрбие беруде белсенді маман болуы.
Бастауш мектебіндегі пән аралық білім – оқушының дуние таным, кәсіптік көз қарасын
өзгерте отрырып тұлғалық қалыптастыруын дамуға бағыталған педагогикалық іс әрекет саласы.
Жеке тұлғаны қалыптастыру білім - қоғам заңдылықтарының даму категорияларың ескере отырып
оқушының тулғалық мінез құлқын және ой қабілетін өркендететін, адамгершілік-гуманистік
тәрбиелік жолдардын қолданатын, дуние таныммен кәсіби білімін артыруға көмкек беретін тұлғаны
дамыту жолындағы жүйленген сала.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалрдың тәлім-тәрбие тұжырымдамасы. - Алматы,
1995
2.
«Психология», Ковалев редакциясымен, 2-басылымнан қазақ тіліне аударылған. - Алматы:
Мектеп, 1980.
ӘӨЖ: 513.9
М.Д. Жорокпаева
Мемлекеттік медицина университеті
Қазақстан, Семей қаласы
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА
Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі, - деп Абай атамыз жырлағандай, адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз
қуанышы – бала. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасынан,
мектептен нәрленсе, ЖОО тұлғалық қасиеттернің жаңа қырлары шыңдала түседі. Университет
80
қабырғасында студенттердің ізденімпаздығына, ұлттық педагогика құндылықтарын бойларына
сіңіртіп, тәрбиелеу негізгі бағыттағы жұмыстар болып табылады.
Мемлекеттің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан
басталады. Оның басты құндылықтары - ана тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз
байланысты. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі.«Қазақ халқы бар
тарихын көшіп жүріп, өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай,
жабындыға алдырмай барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді деген. қазақ
халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін,
ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-
сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары шешендік саз, айтыс өлеңдері мен
бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар
бойы өз ұрпағын өнегелі де, өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп
келгені тарихи шындық. Олай болса, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеуде бойларына ізеттілік,
қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді
қаны мен жанына сіңіруде ұлттық құндылықтарды, яғни халық педагогикасын басшылыққа алсақ,
өте ұтымды болар еді.
Қазақ тарихын тұңғыш зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін білдіре
келіп, «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір
сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды
қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір
орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», - деген екен . Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық
мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.
Алтынсарин болды. Ол көшпелі елдің баласына дүнияуи ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.
Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке,
т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы,
Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі, Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала
т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді. Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының
беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру
керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық
тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп,
шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат
тұтты.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта,
патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін оятуды үнемі мақсат етеді.
Әр адам «Адамзаттың бәрін сүй бауырым - деп» айтқан ұлы сөзді өз жадысында сақтап, жанындағы
жандарға құрметпен, сыйластықпен, ізгілікпен қарауы тиіс. Осы асыл қасиеттерді бойларына сіңірсе,
оның келер ұрпағы да инабатты, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіре алатын азамат пен азаматша
болары хақ. Қарап отырсақ, қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың,
ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру,
ешкіммен жауласпау, оқу білімге уағыздау, адамгершілік, адал шыншыл, өз Отанының патриоты
болуға үндегенін байқаймыз.
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері
А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Т. Рысқұлов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай
т.б. еңбектерінен де кездестіреміз. А. Байтқрсынов: Қазағым елім! Қайқайып белің, Сынуға тұр
таянып. Талауда малың, Қамауда аюаның, Аш көзіңді оянып ... - десе, М. Дулатов: - «Көзіңді аш, оян,
қазақ, көтер басты» - дейді. Ал, С. Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда кім болам? - деп, жастарға өнер-білім алып, жарыққа
талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.
Ұрпағымызда адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам мемлекет байлығы. Әлеуметтік
өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі, сол елдің мақтанышы. "Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте адамның өміріне
опат әкеледі"- деп Шығыстың аристотелі атанған Әбу Насыр – Фараби бабамыз айтқандай қазір
тәрбие мәселесіне тек мектеп қабырғасында ғана емес, жоғарғы оқу орнында да ерекше көңіл бөлу
қажет. ЖОО келген студент бірінші күннен ата-ана ырқынан шықтым, «өзіме өзім қожайынмын»
деген түсінікпен өмір сүрмеу керек. Жеке тұлға, болашақ маман, ең бастысы болашақ ана мен әке,
яғни ұрпақ жалғасы. Ұлтымыздың саналы да, ибалы жандары қазақтың сөзімен айтқанда ұлдары сегіз
қырлы, бір сырлы, қыздары маржандай таза болулары шарт. Ол үшін ата-ана, оқытушылар әр күн өз
81
ойларымен бөлісіп, олардың ойларын тыңдап үйренуіміз керек. Мысалы, күнделікті тіршілікте кез
келген шешім қабылдайтын мәселелерге «Сен қалай ойлайсың?» деген сұрақ қойылып отырылуы
дұрыс. Сонда жауапкершілікке үйренеді, сенім пайда болады. Ортақ мақсат қою және жүзеге асыру
ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі жеке басының қоғамдық бағытын
анықтайды, өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Заман ағымында шетелге еліктеу күнен-күнге ғаламтор желісімен көзді ашып-жұмғанша кіріп
жатыр. Жастарымыз теріс жолға түсіп кетпеуі қадағаланы дұрыс. Осыдан он, жиырма жыл бұрын
жастарға үлкеннің айтқаны заң, «ұят болады» деген сөз жеткілікті болған. Қазір өмірде, өз ісіңде
қолдана, яғни үлгі көрсете отырып тәрбиелеуді мақсат тұтқанда ғана іске асады. Қазақи құнды халық
педагоикасын олардың жадыларында ұялатып, дағды ретінде қалыптастыру үлкен жұмыс. Халықта
«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете
алмайсың» деп бекер айтылмаған. Адамгершілік жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан
бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза,
көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасады. Елбасы: «Рухани құндылық, биік
адамгершілік жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес» деген болатын. Ендеше, жеке тұлғаның
адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту болып табылады.
Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа тәрбиелеп, соны мақсат
тұтса оқытушының, ата-аналардың да болашағы зор болмақ. Олай болса жеке тұлғаны
қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға,
жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу адамгершілік тәрбиесінің басты
мақсаты. Мақсатқа жетуде сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ол кедергілерден ата-бабаның
өнегесін көрсетіп, халық педагогикасының жан-жақты ұстанымдарын сақтай отырып өтуге болады.
Халық педагогикасы арқылы өзінің ізгілік ұстанымдарын, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін бағыттап,
рухани көзқарасын қалыптастырады. Осы бағыттың дұрыстығын хакім Абайдың: «Сүйер ұлың болса,
сен сүй, Сүйінерге жарар ол», - деген ойымен қорытындылауға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Тәуелсіз Қазақстанның Жеті қазынасы: Төл мәдениет пен туған тіл. /Егемен Қазақстан, 2013
2.
Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. - А., 2003.
3.
Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. - А., 2004.
4.
Құралұлы А. Салт-дәстүрге, тарихқа, дінге байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме
сөздігі. - А., 2006.
5.
Табылды Ә. Этнопедагогикалық оқылымдар. - А., 2006.
ӘӨЖ: 351
Достарыңызбен бөлісу: |