Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,64 Mb.
#2324
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

ЖАНР МЕН ТІЛ ҮЙЛЕСІМІ
Жеке  қаламгердің  тіл  шеберлігі,  жетістік-кемістігі,  ортақ- 
тық-оқшаулығы жайында сөз қозғағанда, жазушының стилі де-
геннен гөрі, өрнегі, мәнері дегенді жөн көреміз. Тіл өрнегін жеке 
алып талдауға болатын қаламгерлер бүгінгі қазақ әдебиетінде 
баршылық. Аға буын сөз зергерлерін былай қойғанда, әдебиет 
әлеміне  соңғы  30-35  жыл  ішінде  келген  жазушыларымыз- 
дың  едәуірінің  сөз  мәнері  мен  қолтаңбаларын  жеке-жеке  әр 
қырынан алып әңгіме етуге әбден болады.
Біздің  байқауымызша,  соңғы  кезеңдерде  қазақ  көркем 
сөзінде  шығарма  жанры  мен  тақырыбына,  баяндау  стиліне 
сай  тіл  өрнегін  іздеу  талабы  жақсы  сезіледі.  Осы  ойымызды 
дәлелдеу  үшін  Оралхан  Бөкеев  пен  Сейдахмет  Бердіқұлов 
туындыларының тіліне зер салдық. Әңгіме, негізінен, Оралхан 
Бөкеевтің  «Жазушы»  баспасынан  шыққан  «Қайдасың,  қасқа 
құлыным»  (1973),  «Мұзтау»  (1975),  «Ән  салады  шағылдар» 
(1978) атты кітаптары мен Сейдах мет Бердіқұловтың «Үшінші 
подъезд» (1980) деген кітабының тілі жайында болмақ.
ОРАЛХАН БӨКЕЕВ
«Қайдасың, қасқа құлыным».
«Мұзтау». «Ән салады шағылдар»
Оралханның  алғашқы  аталған  кітабына  енген  повестері 
бүгінгі жастардың жан дүниесі (іс-әрекеттерінен гөрі) туралы 
екендігі мәлім. Мұндағы «Қайдасың, қасқа құлыным», «Елең-
алаң», «Өліара» повестерінің үшеуіне тән ортақ үн бар: ол – 
бас кейіпкерлердің ой-толғаныс адамдары екендігі, «жақсылық 
атаулыға жаны құмар жастар» екендігі. «Қасқа құлынның» бас 
кейіпкері әзірге әкесіне еріп, бұғының мүйізін кескенін көруге 
бара жатқанынан басқа «іс-әрекеті» байқалмайтын Орал – «Мен 
ақынмын! Ақылшым – туған жер, ұстазым – тәкаппар да қатал 
Алтай!» – деп өзі жар салғандай, болашақ жазушы, ой мен сөздің 
зергері. Ол – әзірге қасқа құлынын – арманын іздеуші романтик 
жас қана. «Өліараның» бас кейіпкері – Қойшы да табиғатында 
және  болашағында  суретші.  «Елең-аландағы»  «тұқымдарына 

150
оқуды  жазбағандар»  санатына  қосылатын  (педагогтік  дарын 
мен тактіден жұрдай мектеп директорының мінездемесі бой-
ынша)  Зарлық  бала  –  нағыз  интеллектуал.  Повесть  соңында 
«оқу-соқуға орналасып қалу» мақсатымен туған ауылынан ат-
танып бара жатқан бұл кейіпкер де – келешегінде не жазушы, 
не  ға лым –  әйтеуір ақыл-ойдың адамы. «Мұзтаудағы» Ақтан 
да – «тым-тым сезімтал» жас. Қысқасы, бұл шығармалардағы 
негізгі тақырып – бүгінгі ауыл жастарының ой толғанысы, ар-
мандары, бұларда суреттелетін уақиғалар – сол толғаныстарды 
тудыратын себепші факторлар ғана және оны айқындай түсетін 
фон ғана. Демек, жазушы бұлардың стилін, тілін осы идеясына 
дәл түсетіндей етіп таңдауға тиіс.
«Қайдасың,  қасқа  құлыным»  бас  кейіпкердің  атынан,  І 
жақпен баяндалады. Шығарманың бүкіл өн бойындағы тілдік 
өрнек осыған орай құрылады: кейіпкердің ойтолғауы табиғат 
суретімен  астарласып,  араласып  жатады,  өйткені  табиғатты 
сезінбесе,  ол  адам  романтик  бо лар  ма!  Және  ой  қуалаған 
адамның түйсігінде табиғат тек танылып қоймайды, ол «тіріліп» 
кетеді. Жалпы, Оралханның көптеген туындыларында табиғат, 
Алтай табиғаты негізгі фон, кейде тіпті кейіпкерлермен жары-
са жүретін образ иесі екенін аңғару қиын емес. Жа зушы Бөкеев 
– туған өлкесі – әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы! 
Оның шығармалары Алтай өлкесінің гимні іспеттес.
Табиғатқа жан бітіре, оған адамның қимыл-әрекетін, қасиет-
қадірін тели суреттеу – Оралхан тілінің өзіне тән бір белгісі.
Болашақ жазушы, әзірге «уыз езу бошалаң» бас кейіпкердің 
көзімен  қарағанда,  «тау  іші...  күннің  алғашқы  сәулесінен-ақ 
көзі жаудырап, бу боп бусанып жатады» (6)
28
, таң сәріде жо-
лаушылап  шыққан  әке  мен  бала  «Нұр  толқынды  таң  теңізін 
кешіп,  таңғажайып  ертектегідей,  ертеңгі  шақтың  кәусар  ау-
асына  оранады,  сол  ауамен  оразаларын  ашады»  (7),  таудың 
тастары  етекке  қарай  жай  домаламайды,  «елпектей  қашады» 
(17), «көбік түкірген көл аса сабырға толы» (17) болып келеді, 
«қараңғылық... шошына тығылады» (53) т.т.
Жалғыз  «Қайдасың,  қасқа  құлынымда»  емес,  О.Бөкеевтің 
өзге  шығармаларында  да  табиғат  тірі  жан  иесі  болып  сурет- 
28
 Осы жерде және әрі қарай тырнақшаға алынып берілген сөздер – жазушының 
қолданыстары, ал жақша ішіндегі цифр – осы мысалдар кездесетін кітап беттері. Кейде 
орын алмас үшін кітап беттері көрсетілмеуі де мүмкін екенін ескертеміз.

151
теледі: «адырлар... ойға батып, бүк түсіп жатыр» («Елең-алаң», 
69),  Тасшоқы  отты  шапақтың  астында  қалды»  («Өліара», 
145).  Табиғаттың  сын-сипаты,  тұс-тұрпаты  да,  адамдарға  тән 
қасиеттермен  беріледі:  жат  бауыр  күз,  аждаһа  қыс,  жетім 
тамшы,  салдақы  жел  («Қайдасың...»,  159),  тәкаппар  тас, 
ойшыл орман (10), тоқ күлкі бұлақ (162) т.т. Мұндай «орын-
сыз»  орында  тұрған  эпитеттердің  жаттығы  сезілмейді, 
керісінше,  олар  жалпы  жазушы  өрнегімен  үндес  келіп,  оның 
қолтаңбасының  бір  қырын  таныта  түседі.  Демек,  Оралхан 
ұсынған  табиғат  –  адам  тіршілігінің  ажырамас  компоненті, 
адам – рухани дүниесінің фоны, көңіл күйінің аккомпономенті.
Әрине,  табиғатты  суреттеу,  оны  шығармада  шертілер  қос 
ішектің бірі етіп алу – көптеген жазушыларда бар тәсіл, бірақ 
әңгіме сол табиғат суретін шығарма тексіне қай жолмен, қай 
әдіспен жымдастыруда: бір қаламгер оны әсем, қою бояулар-
мен қылқалам шеберінің полотноға салған картинасындай етіп 
береді, екіншісі аз сөзбен штрих түрінде келтіреді, үшіншісі, 
Оралханша,  табиғатқа  «жан  береді»:  табиғат  –  адам,  адам 
–  табиғат  бір-бірінің  қимыл-әрекетін,  сын-сапасын,  белгі-
қасиетін иемденіп жатады.
О.Бөкеевтің көптеген повестері – лиризмге толы туындылар. 
Мен  әсіресе  «Қайдасың,  қасқа  құлынымды»  уыз  жастықтың 
арманы, ізгілікке іңкәрлығы жайындағы поэ ма дер ем. «Елең-
алаң» да – ересектікке қадам қойған мазасыз шақ жайлы лири-
ка. Сондықтан автор табиғаттың поэтикалық образын жасаса, 
ол сол шығармалардың жан ры мен тілінің сәйкестігі, қабысуы 
болып тұр. Демек, бұл – жазушы тіл өрнегінің бір қыры.
Келесі  қырын  бейнелеуіш  (образдылық  жасайтын)  тәсіл- 
дерінен іздеуге болады. Көркем шығарма өзінің образдылығы- 
мен ерекшеленеді. Теңеу, метафора, эпитет, метонимия, синек-
доха, әсірелеу, параллелизм т.б. сияқты поэтикалық құралдар 
(тәсілдер) – тек өлең сөзге – поэзияға ғана емес, прозаға да тән 
екенін, оның ішінде лирикалық үнде келетін повесть, әңгіме, 
новеллаларда молынан қолданылатын суреткерлік амал екенін 
білеміз.
Образдылық  көбінесе  сөзді  өзінің  тура  мағынасынан  кө- 
шіріп, ауыс мәнде жұмсауда жақсы танылады. Бұл – метафора, 
перифраз, аллегория, символ тәрізді амалдармен жүзеге асады. 

152
О.Бөкеев осыларды шығарма жанры мен сипатының тактісіне 
билете  әсем  пайдаланады.  Мета фора  –  затты  не  құбылысты 
өзіне ұқсас өзге зат немесе құбылысқа балап, солардың атымен 
ауыстырып атау болса, перифраз дегеніміз – бір нәрсені немесе 
құбылысты сол нәрсенің бір белгісін, қасиетін көрсетіп, сурет-
теп атау. Соңғы стильдік тәсіл көбінесе поэзияда қолданылады. 
Перифрастика құбылысын ұлы Абай жақсы дамытып, жүйеге 
айналдырған-ды. Мысалы, ақын қарттықты «сұрғылт тартқан 
бейуақ» деп, жастарды «балы тамған жас қамыс, надандықты 
«қараңғылық пердесі», саналылықты «жүректің көзі» деп ауы-
стырып айтады. Осындай перифрастиканы Оралхан да жақсы 
қолданған. Ол ай сәулесін «уыз мұнар» деп, өмірді «ұлы жіңгір 
бәйге»,  қар  басқан  жер  бетін  «сүт  дүние»  т.т.  деп  құбылтып 
атайды.
Шығарма  аттарын  аллегория,  перифраз  тәсілдерімен  беру 
– көптеген жазушыға тән нәрсе. Бөкеевтің «Қасқа құлыны» – 
жас адамның арманы дегеннің аллегориясы. «Өліара», «Елең-
алаң», «Мынау аппақ дүние», «Қар қызы», «Мұзтау» сияқты 
шығарма аттары да – астарлап берілген, метафоралар мен пе-
рифраздар.  Қысқасы,  әдейі  іздей  берсек,  мұндай  троптардың 
(құбылтып атаулардың) небір үлгілерін көбейте беруге болар 
еді. Оралханның повесть, әңгімелерінде бұлардың тігісі жатық 
түскен,  өйткені  астар лап  атаулардың  қолданысы  –  роман-
тик, сезімтал, арманшыл кейіпкерлер мен оларға үндес автор 
көзімен баяңдалған лиризмге толы шығармаларда орынды да, 
заңды да.
Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын таныта-
тын стильдік амалдардың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату 
тұстары. Бұл саладан қарағанда, О.Бөкеев тілге аса бір ұқыппен 
қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен 
білігі  күшті  қаламгер  екені  көрінеді.  Сөзімізді  фактілермен 
дәлелдейік.
Төл  сөзді  беру  тәсілдерін  автор  ажыратып  жұмсайды:  ең 
алдымен, ол – төл сөз диалог пе, монолог пе – осыған қарай 
конструкция  құрайды.  Одан  соң  төл  сөз  айтылған  сөз  бе, 
кейіпкердің ойы ма – бұл да өз құрылымымен, тіпті өз тыныс 
белгілерімен  келеді.  Үшіншіден,  төл  сөзді  ұйымдастыруда 
(компоненттерін  орналастыру  тәртібінде)  ол  сөздің  қашан 
айтылғандығы есепке алынады.

153
Күнделікті  сөйлесуді  берген  диалогтер  ауызекі  сөйлеу 
тіліне тән сөздермен, ретіне карай көбінесе қысқа, шағын сөй- 
лемдермен  келеді.  Мысалы,  қыстың  көзі  қырауда  тау  ішінде 
трактормен  адасып  жүрген  үш  жігіттің  диалогі  былайша 
беріледі:
... Сол үнсіздікті Нұрдың гүрілдеген жуан даусы бұзды:
–  Етекке  түсіп,  өзектен  құлдай  тауды  шыр  айналып,  өз 
ізімізді қуалай қыр желкесінен келсек қайтеді?
– Әкіри, ол да ақыл, – деп Жан тұңғыш рет пікір айтты.
– Сай табаны қандай күйде екенін қайдан білеміз? Қардың 
асты толған тас немесе сор батпақ болса...
–  Қыста  батпақ  болушы  ма  еді,  әкіри,  –  деді  Жан  қарап 
отырмай.
–  Сенің  тып-тыныш  қалғи  бергенің  жақсы  еді,  бекер-ақ 
ояттым, – деді Нұр («Ән салады шағылдар», 20).
Әрі қарай да кейіпкерлердің күнделікті сөйлесулері осындай 
артық сөзсіз, жасанды тілмарсымай келеді. Жазу шы тәсілінде 
диалогті  тіпті  ситуацияға  қарай  құру  да  кездеседі.  Мысалы, 
Алтайдың аязды қысында, суық автобуста тоңып отырған екі 
жас жолаушының диалогі мынадай:
... Менің осындай мүшкіл халімді сезді ме, қыз:
Пима киіп шықпаған екенсіз– деді.
– Сол құрғырың жоқ қой.
– Не? Ақша ма, пима ма?
– Екеуі де.
– Түрмеден босап шығып па едіңіз? Әзілдеді ме, шыны ма – 
айыра алмадым...
– Ә, түсінікті. Бұдан былай есіңізде болсын, Алтай – Ал-
маты емес, қатал.
– Өзің қайдан келесің ?
– Мен де Алматыдан.
– Оқисың ба?
– Иә.
– Қайда?
– Қыздар институтында.
– Факультет?
– Тіл-әдебиет.
– Қайда барасың?
– «Өркен» ауылына.

154
Осылай  кете  береді.  Бұл  жерде  диалогтің  келте-келте 
сөйлемдермен  (көбі  толымсыз  деп  аталатын  бастауыш,  ба-
яндауыш  немесе  өзге  сөйлем  мүшелері  түсіріліп  айтылған 
конструкциялармен)  берілуі,  біріншіден,  тоңып,  берекелері 
қашып  отырған  адамдар  үшін  нанымды  болса,  екіншіден, 
әңгімелесушілердің бірі журналист (келте сұрақтар қойып, ин-
тервью алып үйренген) болғандығына байланысты.
Енді кейіпкердің ойын беруге келгенде, жазушы өзгеше әдіс 
ұстанады.  Мысалы,  «Қар  қызы»  повесіндегі  үш  кейіпкердің 
әрқайсысының  «сеңдей  сіресіп  қаттанған  қардың»  үстінде, 
«ербең  етер  тіршіліксіз  салқын  бедірейген  шикі  таулардың 
ішінде» адасып жүріп, қар астында жа тып, өткен шақтарының 
«ғажап бір дүниесін» көз алдарына елестете ойлаған ойлары 
ешбір  нүкте  қойылмастан,  кітаптың  үш-төрт  бетінде  тұтас 
берілген («Ән салады шағылдар», Нұржанның ойы 36-39-бет-
терде, Нұрдың ойы – 40-42-беттерде, Жандікі 43-48-беттерде). 
Сырт қарағанда, текст – бір ғана сөйлем тәрізді. Шындығында 
да,  әрқайсысы  үш-төрт  бетке  созылған  әр  жігіттің  ойы  – 
синтаксистік  тұтастық  деп  аталатын  конструкциялардан 
тұратын текст. Синтаксистік тұтастық (немесе оны период деп 
те атап жүр) бірнеше сөйлемнен құралады. Бұл сөйлемдер өлең 
шумақтарындағы компоненттердің өзара қиюласқанындай, бір-
бірімен жымдасып, топтасып келеді. Мыса лы, Нұржанның ой-
ынан: алғашқы үш құрылым (сөйлем) ма, ме, па, пе, ба, бе шы-
лауларымен келген сұраулы сөйлемдер (орын алмас үшін көп 
нүкте қойылған жерлерде мысалдарды қысқартып келтірдік): 
...  күннің  еңкейгенін...  сонымен  бірге  бүгінгімен  бақилыққа 
қоштасқанымды... оңаша күйімді сағынатынымды байқадым 
ба сонда, ой дегенің – сол аспан, сол көкжиек сияқты түпсіз 
де, шетсіз емес пе, ендеше... бір рет қарағаным ғанибет емес 
пе...
Демек, бұлар – бір топ. Келесі сөйлемдер өткен шақ есім- 
ше  тұлғаларының  біркелкілігімен  жымдасқан:  әмбе  мынау 
көктем... жүрегіңнің нәзік қылын шерткен, ... қыр гүлі, ... жас 
қайың... таудың ерке бұлағы... шаршаған жанымды жаңғырт- 
қан. Одан кейінгі топ-шумақ білмейді, тербейді, қытықтай- 
ды деген шақтық тұлғалары біркелкі етістіктер арқылы топта-
сып тұр. Енді бірсыпыра сөйлемдерді басында келген ал сөзі 
біріктіреді:

155
Ал енді ғана мүсіндене бастаған тіп-тік балтыр миуа ор-
мандарда сирек кездесетін қос қайыңның сүмбіл бітіміндей, ал 
тал шыбықтай бұралған талдырмаш бел үп етіп самал тұрса 
майысатындай, ал батар күннің батсайы бояуын жағынған 
тоғжан  бет,  жібек  мойын,  баян  төс  пен  қаракөз  –  менің 
де,  сенің  де  тек  түсіңде  ғана  көріп,  жырлардан  оқитын... 
теңдессіз сұлулық...
Қысқасы,  бұл  ой-монолог  поэзия  құрылымына  жақын- 
дастырыла  жасалған.  Әрине,  мұнда  өлең  сөздегідей  ұйқас 
пен  ырғақ  өлшемі  жоқ,  бірақ  конструкция  бөлшектері  тұтас 
өлеңдегідей жеке шумақтарға – периодтарға бөлініп, сол пери-
одтардан тұтас бір ой-текст жасалып тұр.
Сөз  жоқ,  мұндай  3-4  беттік  «бір  сөйлем»  (нүктесі  жоқ 
тұтас  текст)  арқылы  ұсынылған  тол  сөздер  көп  емес.  Бірақ 
әйтеуір бар амал. Тек төл сөздерде ғана емес, авторлық баян-
дау текстерінде де жеке сөздер мен тіркестерді қайталап отыру, 
яғни қайталама тәсілі – Оралхан сүйіп қолданған тәсілдердің 
бірі. Мысалы, мына сөйлемге назар аударалық:
Түн  баласында  Бұқтырманың  сарыны  әлдеқайда  қатты 
естіледі. Әлгіндегі ат дүбірі сап болды да, маңайды тағы да жым-
жырт,  жұмсақ  момақан  тыныштық  басты.  Тек  Бұқтырманың  
сарыны...  тек  сол  ғана  жалғыз  сәт  байырқаламай,  асығыс 
ағыспен  аласұрып,  жөңкіле  қашып  барады.  Тек  сол  ғана... 
Бұқтырма  ғана  мәңгі  өлмейтіндей,  мәңгі  суалмайтындай, 
езуі  көпіршіп,  менмен  мінезбен  долдана  ағады...  Тек  сол... 
Бұқтырма ғана түнгі Алтай арудың күміс теңгелі шолпысын-
дай сыңғырлап еркелей бұлаңдайды («Ән салады шағылдар», 
101).  Мұнда  тек  Бұқтырманың  сарыны,  тек  сол  ғана  деген 
тіркестердің  сөйлем  сайын  қайталануы  арқылы  автор  экс-
прессия  жасап  тұр:  осы  қайталамалар  тыныштықты  бұзып 
тұрған,  яғни  өзінің  барлығын,  мәңгілігін  көрсетіп  жатқан 
Бұқтырманың «рөлін» арттыра түседі, тыныштық (алақандай 
ауылдағы  Нұрлан  баланың  тіршілігі)  пен  беймазалық  (ма-
хаббатын,  өмірін  ойлап  аласұрған  жігіт  арманы  –  болашағы) 
беттесіп, полярлық қарама-қарсылық арқылы образ жасалған.
Екінші  мысал:  Ақсақалдарды  тыңдай  бергің  келеді,  бірақ 
олар  осы  күні  аз  сөйлеп,  тақыстанып  алған,  кәрі  қойдай 
тартыншақ.  Осы  күнгі  шалдар  бір  түрлі  қызық,  әрі  барған 

156
сайын  жұмбақтанып,  барған  сайын  қызымырланып  барады, 
барған сайын азайып барады. Олар барған са йын... («Қайдасың, 
қасқа  құлыным»,  120).  Бұл  жерде  де  барған  сайын  деген 
үстеудің  қайталануы  айтылған  ойдың  экспрессиялық  бояуын 
қалыңдатып тұр.
Сөйтіп,  стильдік  жүк  артып  бір  элементті  қайталап  оты-
ру – О.Бөкеев тіл өрнегінің бір көрінеу белгісі деуге бо лады, 
өйткені  бұл  тәсіл  бір-екі  жерде  емес,  барлық  туындылары 
тілінен табылады. Айталық, «Қасқа құлынның» кейіпкерлері – 
әкесі, баласы, сол әкенің және бір «заңсыз» баласы – үшеуінің 
бір  төсекте  бас  қосып  жатқанын  суреттегенде,  автор  біз 
есімдігін қатар  тұрған  5-6  сөйлемнің  басында келтіріп  (және 
әр сөйлемді абзацтан бастап) қайталайды (47). Сол арқылы қос 
ұлын  құшағына  басқан  әке  сырын,  бауырын  аңсап,  табысуға 
таянған жас жігіттер халін, яғни «біз үшеуміз, біз бір бүтінбіз» 
деген  кейіпкерлер  ойын  баса  айтып,  оған  логикалық  екпін 
түсірген, «Науа» атты эссесінде жазушы 8 абзацты Өскелеңнің 
үстіне шыққанда деген бағыныңқы сөйлемнен бастайды. Науа 
деген  жалғыз  сөз  де  –  қатар  тұрған  үш  абзацтың  анафорасы 
(«Мұзтау», 158 және 164-беттер).
Өлең сөздегі анафора, эпифора, рефрен тәрізді қайталама- 
лар тек жеке сөздер мен сөз тіркестерінің аясында ғана емес, 
сөйлем  компоненттері  саласында  да  орын  алады.  Мысалы: 
Ақсақалдар  айтады:  «Биыл  астықтың  шығымы  жақсы...  та- 
биғат жарықтыққа өкпеміз кәне». Ақсақалдар айтады: «Өліара 
ашық  қой  әзірше,  қазан  айы  биыл  тыныш  өтер».  Тағы  да 
ақсақалдар айтады:«Құдайдың құдіреті...» («Қайдасың... 120). 
Мұнда ақсақалдардың сөзін бір-ақ жерде біріктіріп беруге бо-
лар еді, олай етпей, «ақсақалдар айтады» деген сөйлемді үш-
төрт рет анафора (өлең жолдарының басында қайталап келетін 
элементтер)  сияқты  етіп  ұсыну  арқылы  автор  ақсақалдардың 
сөзінің әрбіреуін даралап көрсетуді көздеп тұр. Прозадағы реф-
рендер, сөз жоқ, поэзиядағыдан өзгешелеу түседі. Өлеңде реф-
рен  тармақтар  мен  шумақтардың  әрқайсысында  қайталанып 
келетін сөздер болса, прозада авторлық баяндаудың біртектес 
үзіктерінің  соңында  не  басында  қайталанып  келетін  тұтас 
сөйлем не шағын текст болуы мүмкін. Мы салы, «Қар қызы» 
повесінде  Айнала  аппақ  қар,  сеңдей  сірескен,  қасаттана 

157
қатқан  суық  дүние  және  әлдеқайдан,  ақ  таулардың  арасы-
нан  қыздың  сыңсып  салған  мұңлы  әні  естілгендей  деген  екі 
сөйлем оқиға өрісіне орай сәл құбылып, бірнеше рет қайталап 
беріледі. Бұлар – әр кейіпкердің ойын, хал-ахуалын білдіретін 
бөліктердің  ара  жігін  ажыратумен  қатар,  үшеуінің  басына 
түскен  жағдайдың,  ой-толғаныстың  ортақтығын  танытатын 
әрі «су айырық», әрі «түйісер төбе», сайын келгенде, стильдік 
құрал.
Сірә, О. Бөкеев прозасы тіліндегі поэзия элементтері деген-
де осындай тұстарды атау керек болар.
Төл  сөзді  конструкцияларды  құрастырудың  үшінші  түрі 
айтылған сөздің (ойдың) мезгіліне байланысты болып келеді. 
Ертеректе  айтылған  (көбінесе  еске  алу  үстінде)  немесе  жол-
жөнекей келтірілген диалогтер мен монологтерді беруде жазу-
шы әуелі пәленше айтты (айтқан, айтатын, ойлайтын) де-
ген авторлық ремарканы беріп алады да, төл сөзді содан кейін 
келтіреді,  төл  сөзден  кейін  автор  сөзі  болмайды.  Ал  әдеттегі 
тәртіп бойынша пәленше:..., – деп айтқан (айтатын, айтты) 
түрінде болуы ке рек қой. Мысалы:
Анна  апасы  Нұрланның  кіндігін  кесіпті.  Кейде  анасы  ай-
тып отыратын: «Дүңк еткізіп турасын айтатын орыс мінезді 
болып барады ұлым. Аннаға кіндігін бекер кестірген екенмін» 
(«Ән салады...», 82). Бұл конструкцияның әдеттегі құрылысы 
былай болар еді: Кейде анасы «...», – деп айтып отыратын. 
Екінші бір мысал. «Мынау аппақ дүние» повесінің бір жерінде 
өткенде  (бұрынырақ)  болған  бір  диалогті  жазушы  былайша 
келтіреді:
Шешесі  айтқан:  –  Осы  неміс  қызының  сиқыры  бар-ау 
деймін. Бір сағаттай сөйлесіп еді, Әкім сергіп қалды.
Ал әкесі айтқан әттең, ұлымыздың жасы кіші, әйтпесе келін 
қылып түсіретін әйбәт қыз.
Шешесі айтқан: Қой әрі...
Әкесі  күліп  айтқан:  –  Әншейін  қалжыңдаймын,  әйтпесе 
біздің Нұрлан – әлі бала ғой.
Шешесі айтқан: – Дегенмен... («Ән салады...», 135).
Әдетте  бұл  диалог  шешесі:  «...»,–  деген  болатын;  әкесі 
күліп: «...», – деді түріңде құрылар еді.
«Мұзтау»  повесіндегі  Ақтанның  біресе  «кісікиік»  (адам-
дар  ортасынан  қашқақтап  жүрер  тағы  мінез  «аңшы»),  біресе 

158
«кісімәшін» (есі барда) елін табар көптің бірі – Ақтан) болып 
өзімен-өзі айтысқан ойлары:
Ақтан:«...»
Аңшы:  «...»  түрінде  құрылып  берілген.  Мұнда  да  ремар ка 
тым келте: деп дәнекері мен айтты, ойлады тәрізді етістіктер 
жоқ.
Қысқасы, деп дәнекеріне көп иек артпау – жазушы қолының 
бір  таңбасы  тәрізді.  Әсіресе  ол  бұған  айтылмаған  төл  сөзді 
(адам ойын) беруде жиірек барады.
Диалог, монологтерді құруға келгенде, қаламгер шеберлігі 
мен қолтаңбасына қатысты және бір ерекшелігін атауға бола-
ды.  Кейіпкерлерді  әрқилы  сөйлете  білу  –  көркем  әдебиеттің 
бір шарты, көркемдікті құрайтын шарты. Кейіпкер сөзі – об-
разды  ашатын,  шығарманы  шындыққа  жанастыратын  құрал. 
Осыны  О.Бөкеев  өте  жақсы  сезінеді.  Ол  кейіпкерлерін  «өз 
тілдерінде» сөйлетеді (не месе ойлантады). Бұған жазушының 
«Қасқа  құлында»  төрт  кейіпкердің  монолог-ойын  төрт  түрлі 
етіп  ұсынғаны  әдемі  мысал  бола  алады.  Қаршыға  атты  жас 
жігіттің, «көненің көзі», тіпті көненің өзі – Сарқынды шалдың, 
«бір ұлы – ойда, бір ұлы – қырда» Бөкеш әкенің қасқа құлынын 
жоқтаушы бас кейіпкердің монологтеріне зер салып көрелік.
Қаршығаның  ойы  (бір  беттен  астам  текст)  біздің 
заманымыздағы  жас  адамның  әдеттегі  тілімен,  келте-келте 
сөйлемдермен беріледі (52-53), ұзақ ойын « Соғыстан кейінгі 
жылдар қандай ауыр еді» деп бастаған Бөкеш әке де өз заман-
дастарынша  қарапайым  сөздермен  ойлайды,  онда  жасанды 
тілмарсу  жоқ,  мақалдатып-мәтелдетпейді  де.  Бас  кейіпкердің 
ой-монологі  оның  көрген  түсі  ретінде  беріледі.  Түс  болған 
соң,  мұнда  аллегория  бар.  Бұл  түс-монологте  аппақ  сөзі  об-
раз  жасайды:  аппақ  селеулі  дала,  аппақ  қозы,  аппақ  сақалды 
шал, аппақ домбыра, аппақ бие – қысқасы, жас жігіттің түсінде 
көрген дүниесінің бәрі аппақ, бұл – арманның, ізгіліктің сим-
волы.  Төртінші  кейіпкер  –  Сарқындының  ойы  мүлде  өзгеше 
материалмен  берілген.  Екі  бетке  жетер-жетпес  бұл  ой-текст 
–  тұнып  тұрған  фразеоло гизмдер,  мақал-мәтелдер  мен  көне 
образдар:  қырық  жылғы  қырғында...  қой  үстіне  бозторғай 
жұмыртқалаған  ырысын...  шын  жыласа  соқыр  көзден  жас 
шығар  болар...  қаралы  күй  тартып  зарласам...  ақ  бөкендей 

159
жосылған, жер қайыстырған жылқы... қойдай өріп, жылқыдай 
жусайтын момақан елін... сөйткен адамдар қағанаты қарық, 
ханға сәлем бермек емес... «құлыны өлген құлыққа тай телісе 
–  зорлық-ты,  ботасы  өлген  інгенге  нар  телісе  –  зорлық-ты, 
ақсұңқар қонар тұғырға қарға қонса – зорлық-ты» деген емес 
пе бұрынғылар... таңбасыз жатқан тайымды... көзім – көр, 
көңілім  –  жер...  қақпанға  түскен  арландай...  басымдағы  ба-
зарым...  қалыңға  соққан  қырандай...  жетесіз  ұрпақты  жел-
кеме  мінгізіп,  санаменен  сарғайып,  қайғы  жұтып  қартайып 
жатқаным... алты сан алаш... өлі арыстаннан тірі тышқан 
артық,... жарыған. жалаң аяқтар... құйрығын теріске салар 
жат... ақ балтамен қара тасты қақ жарған сұрапыл күш... 
Құдай жолы... т.т.
Мұнда  Шыңғыс  хан  тұқымы,  Қытайға  қашқан,  Сібірден 
қашқан,  «заманы  озып,  дәурені  тозған»  Сарқынды  шал  осы-
лайша  зар  илейді,  өкінеді,  қайтпаған  кегін  жоқтайды.  Оның 
теңеулері де өткен заман суретінен, кекке шабар кездегі қару-
жарағы да «исфахан қылыш, кіреуке, көз сауыт, қозы жаурын 
оқ» болып келеді. Сарқындының өзі – «қақпанға түскен арлан», 
жиені  Қаршығалар  –  «жетесіз  ұрпақ,  жары ған  жалаң  аяқтар, 
жетілген жетімдер».
Дәл  осы  мазмұндас  ойды  Қаршыға  да  ойлайды,  нағашы 
атасының  осынау  ішқұстасы  барын  ол  да  тап  басады,  бірақ 
мұның ойын берген тұста автор жоғарыдағыдай образдардың 
бірде-бірін ұсынбайды.
Қысқасы,  көркем  сөз  теориясын  жақсы  білетін  жазушы 
сол  білімді  іске  асырды  ма  әлде  суреткерлік  интуициясының 
күштілігінен бе – әйтеуір, бұл тұста үлкен шеберлік байқатқан. 
Жалпы  Оралхан  –  автор-кейіпкер  болып  сөйлеуге  келгенде 
ізденетін және таба алатын жазушы.
Қаламгер  өрнегін  салып  тұрған  тағы  бір  амал-әрекетке 
тоқталсақ. Ол – жазушы тілінің сөз байлығы жайында.
Соңғы 20-30 жылда көркем әдебиет дүниесінде қалам тар-
тып келе жатқандардың бірқатарында, соның ішінде біз тілін 
әңгіме  етіп  отырған  Оралхан  Бөкеевте  де,  қазақ  тілінің  сөз 
мұрасын  сарқа  пайдалану  тенденциясы  айқын  сезіледі.  Осы 
ниетпен сирек сөздерді, мағынасы күңгірт тартып, ұмыт бола 
бастаған  көне  сөздерді,  қолданылар  аймағы  тар  жергілікті 

160
сөздерді және жазушы өзі ұсынар жасанды сөздерді еркін және 
молынан кәдеге асырып жатқан әрекет-бағыт байқалады.
Әрине,  сирек,  көне,  жаңа,  жергілікті  болған  соң,  мұндай 
сөздердің көпшілігі қалың жұртшылыққа бірдей түсінікті бол-
май, көбінесе бейтаныс, тіпті әдеби тілге жат болып көрінетіні 
сөзсіз.  Осындай  көпшілік  оқырманға  бейтаныс  немесе  шала 
таныс  сөздер  қатарынан  табылатын  бір  алуан  элементтер 
О.Бөкеев тілінде де бар. Олар: ар-үр секіру, озандаған дауыс, 
озандау, лақса, селбесу, аңқос, қойміретұлы жіңгір, айқұлақ 
ерке, айқұлақтана шабу, дәреттену, пәрек, аталақтау, жөш, 
аңсырау, бақида, қалаба, ләуқи, қапшағай қимылдау сияқтылар. 
Сірә,  бұлардың  бірқатары:  албаты,  лақса,  қолаба,  әспенсу, 
қаңғылестеу,  озандау,  ләуқи,  аталақтау,  асай-мұсай,  бәкін-
шукін, ар-үр секілділер – қолданылу өрісі шектеулі жергілікті 
сөздер болар, ал қоймірет, ұлы жіңгір, селбесу, айқұлақ ерке, 
перен, жөш, алғұлымдау тәрізділер – сирек кездесетін өте бір 
образды элементтер бо лар (мүмкін, алдыңғы топтағы сөздер- 
дің  де  бірқатары  осы  топқа  қосылар).  Қазақтың  халықтық 
тіліндегі  барша  байлықты  орайын  тауып  орнымен  жұмсауға 
деген  жазушы  талабын  қостай  отыра,  О.Бөкеевтің  аңсау 
дегенді аңсырауеңсегей дегенді аңсағай, арланды деудің ор-
нына  арсынды  деп  қолдануын  жөн  көру  қиын.  Бұлар  –  сөз 
байлығын  арттыру  емес,  санын  көбейту  болып  шығады,  ал 
тілдің  лексикалық  құрамы  басы  артық  вариант,  дублеттердің 
есебінен байымайтындығы мәлім.
Жеке-жеке  мағыналары  немесе  мағыналық  бояулары  бар 
сөздер қай арнамен келіп жатса да, тілді молықтыратын – со-
лар болады. Осы тұрғыдан келгенде, Оралханда және тағы бір 
топ өзге қаламгерлерде де кездесетін, бірақ әдеби қолданыста 
сиректеу  жұмсалатын  бағамдау  («пайымдау,  аңғару,  түю» 
мағынасында кездескенмен, бұл сөздің сәл семантикалық өңі 
бар,  стильдік  қажеттікке  жарайтын  эле мент  тәрізді),  оңаза 
(«ашқарақтық?»), төрткіл дүние (шартарап дегеннің қазақша 
стильдік  эквиваленті),  мамырстан  заман  («жайлы,  бақытты, 
қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалайтын»  дегенді  білдіретін 
экспрессивті  неологизм),  мөжен-топай  (можан-топай 
түрінде де кездеседі, мұнда «тұрпайы» дегеннің стильдік бо-
яуы  бар  синонимі  сияқты),  бақида  («өмір-бақи»  дегеннің 

161
қолдан  жасалған  үстеу  түрі  тәрізді)  деген  сөздердің  әдеби 
тілге  ену  «құкығы»  күштірек  сезіледі,  өйткені  бұлар  белгілі 
мағыналық реңк үстеп, эмоциялық- экспрессиялық бояулары-
мен қолданылады.
Сондай-ақ  әдеби  нормада  бар,  бірақ  сирек  жұмсалатын 
сонырқау,  алқау,  қамсаулау,  қадаушабыр,  шата,  маңғыстау 
(мал  жөнінде  айтылғанда),  тымсақ,  кісікиік  сияқты  сөздерді 
жазушының орынды жұмсауы – өте құптарлық құбылыс, бұл 
қазақ  тілінің  сөз  байлығын  сарқа  пайдалану  мүддесіне  сай 
келіп тұр.
Бұлардан басқа О.Бөкеевтің әлеми аспан, аспани әлем, ата- 
ғи өсу, дүнияуи қастас сиякты сөз тіркестерін жасап, парсының 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет