-лық жұрнағының бұлардан басқа есімше жұрнақтарымен
(-ар, -ған) және етістіктің -мақ жұрнағымен қабаттаса қолда-
нылғандары Абай тілінде орын алады. -мақ+тық тұлғалы
сөздер -мақ жалғанған қимыл есімінен дерексіз ұғым ата-
уын жасайды: табылмақтық, танымақтық, айырмақтық,
инанбақтық, сүймектік, қызықпақтық. Бірақ бұларда өзбек
тіліндегідей қимылдың орындалу мүмкіндігін білдіретін от-
тенок
182
жоқ. Бұл туынды сөз мағынасы жағынан -мақ не-
182
Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. - М.-
Л., 1960. - С. 113.
235
месе -у жұрнақты және - у+шы+лық жұрнақты тұлғаларға
сай келеді: сүймектік ~ сүймек ~ сүю ~ сүюшілік. -мақ пен
-у жұрнақтарының өзі сөзге абстракциялық мән береді: жүру
немесе жүрмек – жүру қимылының жалпы атауы (орысша
хождение дегенді білдіреді). Мұның үстіне -лық жұрнағы
тіркескенде абстракция одан әрі күшейеді. Абай осы күнгі -у
жұрнақты қимыл есімінің орнына көбінесе -мақ жұрнақты
тұлғаны қолданғандықтан, оның етістік негіздерінен дерексіз
ұғымдағы есім жасауда -мақ+тық қосындысын жиі пай-
далануы түсінікті болып шығады. Әсіресе бұл тәсіл оның
прозасының тіліне тән. Қазірде -мақ+тық түріндегі аффикстер
қосындысынан туынды сөз жасау – өнімді тәсіл емес.
Есімшенің -ған жұрнақты түріне -лық аффиксін жалғап
жасалған тұлғалар да Абай текстеріне жат емес: білгендік,
үйден шыкпағандық қылып, зор болғандық әсері, арызы
жеткендік, сыйы өткендік, заман өзгергендікпен ескіріп,
жан кеудеден шыкпағандық, адам жауланғандық т.б.
Қазіргі қазақ тілінің нормативтік-ғылыми грамматика-
ларында мұндай тұлғаның (-ған+дық) бар екендігі туралы
ауызға да алынбайды, ал, шындығында, бұл – қазіргі норма-
мызда өнімді тәсіл болмаса да, тіл тәжірибесінде мүлде жоқ
тұлға емес. Абай туынды сөздің бұл түрін өте актив қолданған,
өткен шақтық есімшелерге -лық жұрнағын жалғау – есімшені
субстантивтеудің, ал кей жерде адъективтеудің (зор болғандық
әсері) грамматикалық тәсілі болып табылады.
Келер шақ есімшеге (-ар жұрнақты) -лық жұрнағын тіркеу
арқылы, жасалған тұлғалардың қызметі мен мағынасы
бұдан гөрі өзгеше: біріншіден -ған+дық тұлғасы -ар + лық
тұлғасына қарағанда, Абайда сан жағынан сиректеу ұшы-
райды, ал -ар+лық жұрнақты сөздер өнімділігі (жиілігі) жағы-
нан екінші орын алады, бірінші орынды, біздіңше, -лық
жұрнағы тікелей түбір сөзге жалғанып жасалған туындылар
алады. Екіншіден, -ған+дық тұлғасы, көбінесе, субстантив-
тенген есімдер (зат есім) болса, -ар +лық тұлғасы адъектив-
тенген есімдер (сын есім) ретінде қолданылады: сыйласарлық
кісі, өлерлік жан, ұяларлық нәрсе, мақтанарлық орын,
көндірерлік күш, ұқтырарлық тіл т.б. Бірақ -лық жалғанған
236
есімшенің екі түрі де өздерінің етістік белгісінен мүлде айы-
рылып қалмайды, сондықтан көпшілігі өзге есімдерді белгілі
бір септікте меңгеріп, солармен тіркесте қолданылады: жатқа
мақтанарлық мақтан, соғысқа жарарлық кісі, ата-ананы
тұзақтан құтқарарлық бала, сөзді ұғарлық жан, еңбегіңді
білерлік еш адам жоқ, қуанарлық қыз емес жылтырауық тақ-
қанға.
Абайдағы -ар+лық жұрнақты сөздер семантикасы жағы-
нан - а+тын жұрнақты ауыспалы шақтың есімше тұлғасына
бірқыдыру жақын келеді: соғысқа жарарлық кісі – соғысқа
жарайтын кісі; тұзақтан құтқарарлық бала – тұзақтан құтқа-
ратын бала. Бұл сәйкестік әсіресе -ар+лық тұлғасы етістік-
пен тіркесіп келген жерлерде айқын сезіледі: ол бала сені
асырарлық (~асырайтын) болып туа ма; баланың мал табарлық
(~ табатын) болары т.б. Дегенмен -ар+лық тұлғасында адъ-
ективтену мағынасы күшті, сонымен қатар мұнда көрсетілген
қимыл-сынды жүзеге асыру потенциясы (ұғымы) бар. Сон-
дықтан автор сол кезде де, қазірде де өнімсіз бұл тәсілді осы
оттеноктерді беру үшін әдейі қалап қолданғанға ұқсайды.
Некен-саяқ жағдайда Абай -ар+лық тұлғасын таза субстан-
тив ретінде қолданып, зат есімдерше септік, көптік, тәуелдік
жалғауларын жалғайды: [айтарыңды] ана сөзді ұғарлықтарға
айт (II, 166), Маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін
(II, 189). Енді елді түзерлігі-ақ қалған (II, 165). Бұл қолда-
ныстардың мотиві Абайдың сын есімдерді жиі субстантивтен-
діру әдетіне байланысты, бұл жерде -ар+лық тұлғасын Абай
сын есім ретінде алып отыр. Келер шақ есімшенің болымсыз
түрі де -лық жұрнағын жалғап келе береді (рас, бұл әлдеқайда
сиректеу): білместік, үміт үзбестік, ұмытпастық.
Қазіргі тілімізде -ар (-мақ) жұрнақты келер шақтық есім-
шеден -лық арқылы жаңа тұлға жасау – нормалық өнімді тәсіл
емес. -лық жұрнағы Абайда сын есім жасайтын -шақ, -кер,
-ғыш, -қой т.б. жұрнақтармен де қабаттасып келіп, адамға тән
қасиеттің жалпы атауын білдіреді: жеңсікқойлық, нанғыш-
тық, сенгіштік, қорғалауықтық, күнәкарлық, мақтаншақтық,
борышқорлық.
237
Абай текстерінде бір компоненті -лық жұрнақты тұрақты
тіркестер де жиі ұшырайды: мал тапшылық, көрсе қызарлық,
қолы тарлық, ит қорлық, әсем салдық, тән саулық, қызба
бастық, күлкі тоқтық т.б. Бұлар септік жалғаулы сөздерді
меңгеріп тұрған етістікті (есімшелі) грамматикалық тіркес-
терден өзгеше, өйткені алдыңғылардың негізі – көрсе қызар,
қолы тар, әсем сал тәрізді фразеологиялық единицалар.
Сөйтіп, -лық – Абай тілінде ең өнімді сөз тудырғыш аф-
фикстердің бірі. Бұл құралмен жасалған сөздердің ішінде
жалпыхалықтық тілде қолданылып келгендері де, Абай жасаған
жаңалары да бар. Жаңалары – бірқатар абстрактесімдер мен
сын есімдер.
-лы (-лі, -ды, -ді, -ты, -ті) жұрнағы. Бұл да – Абай тілінде
туынды сын есім жасайтын өнімді аффикстердің бірі. Ол түбір
сөзге де, туынды сөзге де жалғанған. Туынды сөздердің ішінде
Абай текстерінде көбінесе -ым, -ма, -у жұрнақтыларына
жалғанады: сөзімді, өтімді, жетімді, орамды, тартымды,
толымды, білімді, сүйкімді; соқтықпалы, елірмелі, буулы (бу-
ынсыз тілің, буулы сөзің – I, 252).
-лы арқылы жасалған сөздердің бәрі түбірде (негізде)
аталған заттың бар екендігін білдіреді.
Кей реттерде -лы жұрнағының жалғануы факультативті
сипат алады (яғни жалғанбай да келе береді), өйткені бірін-
шіден, -лы жұрнағының жалғанбағандығы мағынаға нұқсан
келтірмейді, екіншіден, мағынасы әрі қызметі бірдей сөздер
-лы жұрнағын жалғап та, жалғамай да қатар келе береді. Са-
лыстыр:
Қой мойынды, қоян жақ,бөкен қабақ (I, 47).
Теке мұрын, салпы ерін,ұзын тісті (I, 47).
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті (I, 47).
Мұндағы қоян жақ, бөкен қабақ дегендер де, өзгелеріндей
қоян жақты, бөкен қабақты түрінде келе алар еді. Сондай-ақ
қырлы мұрын – қыр мұрын (1,24).
-лы жұрнағының сын есім түбірлеріне жалғануы қазіргі
тілімізге тән емес. «Суффикс обладания -лы, -ты может присо-
единяться теперь только к именам существительным, а к при-
лагательным – лишь в случае образования антонимического
238
повтора, вроде ұзынды-қысқалы «имеющий и длинное и корот-
кое», т.е. «все меры длины»
183
. Сондықтан Абайда кездесетін
қызықты (нәрсе, уақыт), қымбатты (шақ), тынышты (ат) ту-
ындылары факультативтік құбылыстар болып табылады.
Абайдағы өзге де сын есімдер сияқты -лы жұрнақты туын-
ды сын есімдер де сөйлем ішінде субстантивтеніп келеді.
Абайда -лы арқылы өзі жасаған жаңа сөздер аса көп
емес. Біздіңше, өнерлі және қолөнерлі, сәулелі (кісі), жетімді
(жеткілікті сөзінің дублеті), мінді (мінсіз-дің антонимі),
кеселді (түйін, қылық) сөздерін ғана Абай өзі жасаған болар
немесе кейбіреулерін активтендірген болар.
- сыз жұрнағы – -лы жұрнағының антонимі. Ол да көбінесе
Абайда туынды түбірлерден -ым, -у жұрнақты сөздерге
жалғанады: жарамсыз (қылық), болымсыз, толымсыз (жұрт),
тынымсыз, ұғымсыз, тиымсыз, өлшеусіз, теңеусіз. Бұлардың
барлығы да – халықтық тілдікі. -сыз жұрнағы фразеологиялық
тіркестерге де жалғанған: «Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін»
(I, 222); «Ала қолсыз мырза еді» (I, 194).
-шы (-ші) жұрнағы – қазіргідей Абай тұсында да өнімді
аффикстердің бірі. Беретін мағыналары: адамның кәсібін,
мамандығын білдіру. Абайда бұл мағынадағы сөздер көп
емес: суретші, бояушы, тігінші, кестеші, бітімші, күтуші.
Ал қалған жағдайда белгілі бір қасиет, жағдай, қылық, мінез
иесін білдіреді: тыңдаушы, үйренуші, ыза болушы, сыншы, сы-
наушы, айтушы, өсекші, өтірікші, алдамшы, билеуші, өмірші,
басшы, ойнасшы, арызшы, амалшы. Осы мысалдардан көрініп
тұрғандай, -шы жұрнағы түбір сөздерге де, туынды сөздерге
де жалғанған. -шы жұрнағы арқылы жасалған жаңа сөздер
Абайда көп емес. Суретші (сурет салатын өнерлі адам), сын-
шы (сын айтушы), амалшы (интриган), айтушы («ақын»
мағынасында), тыңдаушы («оқушы» мағынасында), арызшы
(«арыз бергіш адам»), бастаушы сөздері Абай активтендірген
сөздер болуы мүмкін, өйткені осы көрсетілген мағыналарда
Абайға дейінгі не тұстас қаламгерлер тілі мен ауыз әдебиетінен
кездестірмедік (сыншы сияқты сөздер бар, бірақ ол көбінесе
«атты сынаушы» дегенді білдірген: «Хан Қореннің қолында
183
Жубанов X. Из истории порядка елов в предложении. - Алма-Ата, 1936. - С. 10.
239
Бір сыншысы бар еді» – «Қыз Жібек», 1963. 42). «Читатель»
мағынасындағы оқушы сөзі де Абай тұсында туа бастағанға
ұқсайды. Бұл сөзді Абайдан басқалардан да кездестіре бастай-
мыз. Мысалы, Ақанда: «Оқушым айтушыдан болсын зият».
Бұл қатардан Абайда өте жиі қолданылған сөз – алдамшы:
алдамшы өмір, алдамшы саудагер, алдамшы шайтан, алдам-
шы болу. Сірә, заманынан, замандастарынан үміті, арманы
алданған ақын осы сөз арқылы өзінің айналасына (болмысқа)
деген көзқарасын білдірген болуы керек.
-шыл (-шіл) жұрнағы адам мінезінің қасиетін, оның бір
нәрсеге бейімділігін білдіреді. Бұл – Абайдың таңдап алып,
өте жиі пайдаланған жұрнағы. -шыл жұрнағы жалғанған сөз-
дерді, көбінесе, шындыққа сай жағымсыз мазмұндағы ұғым-
дарды (қасиет, белгі) білдіруге жұмсайды: қиянатшыл,
жікшіл, қошеметшіл, байбайшыл, өзімшіл, оразашыл, на-
мазшыл. Әрине, -шыл жұрнағын Абай әрдайым жағымсыз
қасиетті атау үшін пайдаланбайды. Абайдағы шыншыл, ойшыл
деген екі сөз жаңа ұғымдарды білдіретін неологизмдер екенін
айттық; шыншыл –дана, шындықты айтушы, реалист; ойшыл –
«мыслитель» және «мечтатель» дегендердің баламасы.
-ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) суффиксі. -ма жұрнағы Абай
кезінде қазіргідей актив болмаған. Мысалы, Абайдың тұ-
сындағы жалпыхалықтық тілде де, Абайдың өзінде де осы
күнгі шығарма, тапсырма, міндеттеме, мінездеме, сипат-
тама, қоспа зат есімдері жоқ. Дегенмен Абайда бұл жұрнақты
сөздер жоқ емес: елірме, таңдама (таңдалған зат, нәрсе,
қазіргідей жазушының жинағы – кітабы емес), қылт етпе.
Бұл тұлға Абайда сын есім мағынасында да жұмсалады: бояма
күлкі, елірме күлкі.
-ым (-ім) жұрнағы арқылы жасалған туынды сөздерден
Абай тілінде бітім, білім, күтім, тыным, өсім, кесім, бағым
сөздері кездеседі. Бұлар процесс атауын немесе қимылдың
нәтижесін білдіреді. Бұлардың ішінде Абай заманында
туған бірен-саран неологизмдер де (өсім) бар. Қалғандары
– халықтық тіл қорлары. Сірә, өткен ғасырда -ым жұрнағы
әлдеқайда активтеу болғанға ұқсайды, етістіктен есім туды-
ратын -ыс тәрізді жұрнақтармен қызметі ажыратылмай, қатар
240
қолданылған сәттерін табамыз. Мысалы, «Келімі келген кер
миық. Туымына әркім ден қойған» (Базар, 237, 242); «Болымы
жоқ бозбала» (Майлы, 212); «Еспенбетке ұнады Ақбөртенің
келімі» (Дулат, 76); «Кәрілік пен мінезге Білсеңіз бағым болар
ма?» (Шортанбай, 147). Бұл сөздердің бірқатары қазіргі әдеби
тілімізде көп қолданылмайды.
-қыш (-кіш, -ғыш -гіш) жұрнақты сөздер Абайда белгілі
бір әрекет-қимылды істеуге бейімді адамды білдіреді: қызметке
таласқыш, ары кеткен алдағыш, уайым-қайғы ойлағыш, қулық
көргіш, сұмдық білгіш. Және көбінесе бұлар жағымсыз іс-
әрекетке бейімділерді атайды. Сондықтан -ғыш жұрнақты
сөздердің көпшілігі Абайда өзге де мысқыл, әжуа сөздермен
қатар қолданылған: «Кісімсіп белгілі білгіш, Біреуге сондай-
ақ күлгіш» (I, 83); «Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш»
(І, 90); «Сөзуар, білгіш, Законшік, көргіш» (I, 91); «Қозғау са-
лып қоздырғыш» (I, 149); «Ары кеткен алдағыш» (I, 134).
Қимыл атауын білдіретін -ыс жұрнағы арқылы жасалған
жаңа сөздер Абайда жоққа тән. Абай қолданған соқтығыс,
ұрыс, соғыс сөздері – жалпыхалықтық қолданыстағылар.
Өнімді -дай (-дей, -тай, -тей; -дайын, -дейін) жұрнағы өз
қызметінде Абайда өте жиі кездеседі: гүлдей, шоқпардай,
инедейін. -қор, -кер, -паз, -кез, -қой, -дар, -ман жұрнақтары-
мен жасалған сөздер де Абай тілінен орын алған: құмарпаз,
сезімпаз, өнерпаз, әсемпаз, жауапкер, намыскер, сәнқой,
даңғой, хабардар, аларман, берермен. Бұлар да – Абай ту-
ындылары емес. Көрсетілген жұрнақтармен келген сөздер
өткен ғасырлардағы әдеби тілде сирек болса да, батыл қол-
данылғаны көрінеді. Бұлар ауыз әдебиетінде де ұшырасады.
Мысалы, Бұқар жырау текстерінде қызметкер, азаткер
сөздері, жырларда хабардар, қызметкер, үміткер, намыскер
сөздері, мақалдарда аларман, берермен т. б. бар: «Үміткер бо-
лып барша тұр. Хабардар болып қарайын» («Қамбар», 1957.
40, 70); «Ақыр бір күн болармын Сол жігітке қызметкер»
(«Қыз Жібек», 1963. 76).
Өнімсіз көне -сақ/-сек жұрнағымен келген сөз Абайда 2-3
жерде қолданылған: сұрамсақ, тілемсек. Бұлар да – бұрыннан
келе жатқан туындылар. Салыстыр: «Саудагер ажарын сатады,
сұрамсақ назарын сатады» (мақал).
241
Өте сирек кездесетін -дақ /-дек (жүрдек, жалпылдақ,
тастақ), -шақ /-шек (ұялшақ), -шық / -шік (төменшік, тау-
сыншық), -ғы (тұрғы) жұрнақты сөздерді де Абай халық
тілінен алып пайдаланған. Абай жаңа сөздер жасауда бұл
жұрнақтарға көп жүгінбегені көрінеді.
Сөз жасайтын жұрнақтардың ішінде Абайда тағы да жиі
кездесетіндерінің бірі – есімнен етістік тудыратын -сы аф-
фиксі. Бұл жұрнақпен бұрыннан жасалған сөздерді Абай өте
актив қолданады. Олар: кісімсу, көрмегенсу, құдайсу, адамсу,
қамқорсу, білмегенсу т.б. Сонымен қатар Абай осы жұрнақпен
өзі де біраз неологизмдер жасаған: қалжыңбассу, қайраттысу
(бұл жөнінде толық түрде 127-129-беттерде айтылды).
Абайда қарт сөзі қартаң түрінде қолданылады. Сірә, бұл
-аң жұрнағының Абай өлкесінде едәуір өнімді тәсіл екендігіне
байланысты болу керек. Қазақстанның, Семей, Шығыс
Қазақстан аймағында мол сөзі молаң
184
, жазық сөзі жазаң,
қашық сөзі қашаң (М. Әуезов тілінде) түрінде қолданылған
фактілері бар.
Есімнен етістік туғызатын -ла (-ле, -та, -те, -да, -де)
жұрнағының жалпы қазақ тілінде қай заманда да өте өнімді
болғаны аян. Бұл жағынан Абай тілі де оқшауланбайды. Бұл
жұрнақтың өткен ғасыр текстерінде қолданылуына тән бірер
ерекшелігін атауға болады. Бірі – -ла жұрнағының жалғана-
тын түбірлерді таңдауда еркіндеу, кеңдеу болуы. Осы күнгі
әдеби тілімізде бұл жұрнақпен тікелей етістік жасалмайтын
кейбір есім түбірлері өткендегі қазақ тілінде кездесе береді.
Мысалы, тезге салу деудің орнына тездеу, сондай-ақ арлау,
жарлау, орлау т.б.: «Алдын қазып орласа; намысқа тиіп арла-
са»; «Алдын әкеп жарласа» (Майлы, 206). Бұл құбылыс Абай-
да да бар: мін, жат («бөгде адам») сөздеріне -ла жұрнағын
тікелей тіркейді: «Жақының жалған міндейді» (I, 58). Қазірде
бұл – мінейді, мін тағады түрінде нормаланған. «Қайырсыз ит
деп жаттайды» (І, 59) –жатқа санайды, жат көреді. Әрине,
бұл – аса өнімді емес, дегенмен халық тіліне тән еркіндіктің
салдары
185
XIX ғасыр әдеби тілінде із қалдырған.
184
Қазақ тілі тарихы мен диалектология мәселелері. - Алматы, 1960. - 3-шығ. - 82-б.
185
Диалектологтарымыз жиған жергілікті ерекшеліктердің ішінде -ла жұрнағымен
жасалған едәуір сөзді кездестіреміз. Демек, бұл құбылыс ауызекі тілде әлі күнге дейін
бар екені байқалады.
242
Түркі тілдік емес бей- (би-), на-, -и тәрізді аффиксті сөздер
де өткендегі қазақ тіліне, оның ішінде Абай тіліне жат емес,
бірақ өнімді, мол да емес. Қазіргі нормадағыдай, өткенде де
бұл қосымшалар жалғанған сөзімен қоса лексикалық тұтастық
ішінде келген, сондықтан араб-парсы сөздерімен ғана айтыла-
ды да қазақтың төл сөздерінен туынды элементтер жасамайды.
Осы күнгі лексикалық нормамызда құрамында осы аффик-
стер бар сөздердің өзі сан жағынан шектеліп, тұрақталғаны
байқалады. Ал өткенде бұлардың аз-көп кездесуі авторға бай-
ланысты болған. Кейбір қаламгерлер, әсіресе оңтүстік өлкесін
мекендеген Майлы, Базар тәрізді ақындар бей- префикстері
бар шығыс сөздерін молырақ пайдаланған: «Бетеге мен жу-
саннан бейқадір қып» (Майлы, 211); «Бейқайраттың белгісі»
(Сонда. 193). Ал Абай бейхабар, бейшара, бейжай, бейғам
тәрізді халық тіліне сіңіскен сөздерді ғана пайдаланған да өзі
жаңадан сөз жасамаған. бей- префиксінің қызметін қазақтың
-сыз жұрнағы актив атқарған, сондықтан Абайда бейқайрат,
бейқадірлер емес, қайратсыз, қадірсіз сөздері табылады.
-и жұрнақты сөз Абай тілінде аса көп емес. Көбінесе «Қара
сөздерінде», онда да кейде тіркес ішіндегі сөздерде кездеседі:
шаһари, кәсіби, жибли, арзуи, әдәби (<әдеп + и), әзәли т.б.
Сөз жасаудың синтаксистік тәсілдері – сөздердің қосар-
лануы, бірігуі және тіркесуі біз әңгіме етіп отырған кезеңде,
оның ішінде Абай тілінде – қазіргідей жүйелі амалдар, бірақ
өнімділігі жағынан бірдей емес.
Абай қолданған қос сөздер тілдік тегі жағынан:
а) екі компоненті де – түркі (немесе түркі-монғол) сөзі;
б) бір компоненті – қазақ, екіншісі – араб-парсы сөзі;
в) екі компоненті де шығыс сөздері болып келеді.
Екі сыңары да түркі элементтерінен жасалған қос сөздердің
басым көпшілігі – жалпы халықтың тіл қазынасынан алынып
қолданылғандар, олар – сол кездегі сөйлеу тілінде де, қазақ
әдеби тілінде де, ауыз әдебиеті тілінде де кездесетіндер. Бұлар
морфологиялық құрылымы жағынан қайталама түбірлерден
(айтып-айтпау, айтшы-айтшылау, ақырын-ақырын), қарсы
мәнді түбірлерден (алыс-жақын, жатпай-тұрмай, күні-түні,
оңды-солды, өлер-тірілер, ыстық-суық), мәндес түбірлерден
(шаң-тозаң, күш-қуат, ар-ұят, ұры-қар, ұры-бәрі, уайым-
243
қайғы, телі-тентек, құлын-тай, қат-қабат, күй-жай, кем-
кетік, жоқ-жітік, сұм-сұрқия, сәлем-сауқат, дау-жанжал,
бақсы-балгер) жасалған қос сөздер болып келеді. Сондай-ақ
қазақ тілінде өнімді қолданылатын еліктеуіш қос сөздерді
(пыш-пыш, сап-сап, алаң-жұлаң, әні-шаны, бұрқ-сарқ, бүлк-
бүлк т.б.) Абай да еркін пайдаланған.
Бір сыңары шығыс сөздері болып келетін қос сөздер де
Абайда кездеседі, бірақ олар да халықтың тіл қорынан (дос-
жар, жер-жиһан, сән-салтанат) және сан жағынан өте
шағын. Ал екі сыңары да араб-парсы элементтері болып
келетін қос сөздер мұнан да аз қарып-қасер, әділет-шапқат,
ғиззат-құрмет).
Абай сөзді қосарлау арқылы жаңа лексикалық единица-
ларды жасауды басты, өнімді тәсілдердің бірі етіп алмаса да,
кейбір зерттеушілер танығандай
186
, мағыналары жуық кейбір
сөздерді қатар қолданып, кейде қос сөз дәрежесіне келтіру тен-
денциясы бар. Мысалы, ағайын-жұрт, ағайын-туған, ақыл-
ой, арқа-басы, асап-ішу, әл-қуат, думан-сауық, дос-асық, жы-
лай-жырлай, зар-нала, керенау-кердең, керім-кербез, қоңыр-
күңгір, әділет-шапқат, ғиззат-құрмет тәрізді парларды Абай
өзі тіркестірсе керек. Бұлар қос сөз категориясына өте жуық
келеді, әрине, кейбіреулерінің араларына үтір қоюға да бо-
лады (солай жазылып та жүр: керенау, кербез, бір керім т.т.).
Е.Жанпейісов дұрыс көрсеткендей, Абайдың сөзді қосарлап
қолдану әрекеті Мұхтар Әуезовтен әлдеқайда аз, бірақ жалпы
тенденциясы Абайдан басталатыны рас.
Қос сөздерді пайдалануда бір ерекшелік – өлең шартына
байланысты қос сөз компоненттерінің арасына жалғаулық не-
месе басқа сөздер салып, ажыратып жіберу фактісі бар: «Қай
мезгілде тойғыздың қатыны мен қалашын» (I, 21); «Әуремін
мен тыя Дауың мен шарыңды» (I, 220); «Ұрыңнан асырдың сұм
тілді қарыңды» (I, 220). Бұл тәсіл жалғыз Абайға емес, бүкіл
қазақ поэзиясының тіліне тән. Мысалы: Қаріп пенен қасірге
болдың қорған» (Шөже, 123); «Телі менен тентекті тыяр
десе» (Сүйінбай). Әрине, бұл – Абай дәуіріне немесе Абайға
тән норма емес, өлең тілінің шарттарына байланысты құбылыс.
186
Жанпейісов Е. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің тіліндегі стильдік
кейбір ортақ өрнектер // Қазақ ССР ҒА Хабаршысы. - 1962. - № 11. - 42-43-б.
244
Жаңа сөз жасаудың синтаксистік тәсілінің бірі – түбірлерді
біріктіруді Абай актив қолданбаса да, бұрыннан әдеби тіл
мен ауызекі тілде бар біріккен тұлғаларды еркін пайдаланған.
Абай қолданған ақсақал, ақшомшы, жаманат (осы күні
бұл сөз бірде біріктіріліп, бірде бөлек жазылып жүр, бірақ
табиғаты – біріккен сөз), баспана, бозбала, бойкүйез, желбу-
аз, жаздыгүн, жарымес, желқабыз, көкжиек, көкөрай, күн-
шығыс, қалжыңбас, қылжақбас сияқты сөздер – ертеден
бірігіп, лексикалық бір мағына иесіне айналғандар. Абай
мүмкін қолөнер тәрізді бірер сөз болмаса (ол да жорамал),
өздігінен жаңа біріккен сөздер жасамаған. Тегі, жалғыз, Абай
емес, жалпы сол тұстағы қазақ әдеби тілінде бұл тәсіл ак-
тив қолданылмаған. Атқамінер, елубасы, онбасы, атшабар
сияқты бес-он образды атау о баста жалпы халықтың сөйлеу
тілінде пайда болған, әдеби тілге сөйлеу тәжірибесінен енген.
Екі түбірді біріктіріп, жаңа мағыналы сөз жасау тенденциясы
үстіміздегі ғасырдын 20-40-жылдарында активтенгені мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: |