Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

УДК 80/81
ББК 81.2
С 94 
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің 
тапсырысы бойынша 
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 
аясында шығарылды
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Жауапты  редактор  (1968):  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 
корреспондент мүшесі, профессор М.Балақаев
Жауапты  шығарушы  (2014):  филология  ғылымдарының  докторы 
О.Жұбаева
 
Сыздықова Рәбиға
С94  Абай  шығармаларының  тiлi.  Лексикасы  мен  грамматикасы:  Көп-
томдық шығармалар жинағы. /Рәбиға Сыздықова. / – Алматы: «Ел-
шежіре», 2014. 
ISBN 978-601-7317-88-1
Т. 1: – 384 бет.
ISBN 978-601-7317-89-8
Кітапта  Абай  шығармалары  тілінің  (өлеңдерінің  де,  «Қара 
сөздерінің»  де)  сөздік  құрамы  мен  грамматикалық  ерекшеліктері 
талданады.  Қазақ  тілінің  Абай  қолданған  байырғы  төл  сөздерімен 
қатар  ақын  мұрасында  кездесетін  араб-парсы,  орыс  сөздері  әңгіме 
болады.  Ұлы  қаламгер  тіліндегі  кейбір  көне  сөздермен  бірге  әдеби, 
тілімізге  өзі  қосқан  немесе  жандандырған  жаңа  сөздердің  де  сыр-
сипаты  танытылады.  Қазіргі  әдеби  нормалармен  салыстырғанда, 
Абайдың  поэзиясының  тілінде,  әсіресе  прозасында  біршама  ерекше 
болып  көрінетін  кейбір  грамматикалық  тұлға-тәсілдер  талданып, 
олардың мән-мәнісі, қолданылудағы себеп-дәлелі көрсетіледі. 
Кітаптағы  негізгі  мазмұнды  ширата  түсу  мақсатында  «Абай» 
энциклопедиясында  жарияланған  ғылыми-теориялық  мақалалар» 
бөлімін осы томға қосуды орынды көрдік. 
УДК 80/81
ББК 81.2
ISBN 978-601-7317-89-8 (Т.1)                                    © Сыздықова Р., 2014
ISBN 978-601-7317-88-1                                             © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2014

4
Абайдай алыпты тамаша тани да, 
таныта да білген Мұхтар Әуезовтің 
рухына арнаймын.
Автор
Алғы СӨЗ
Абайдың  тілі  –  кең  тақырып.  Бұл  тақырыпқа  бір  емес, 
әлденеше кітап арналуға тиіс. Өйткені жеке жазушының, оның 
ішінде  қазіргі  қазақ  тілі  сияқты  үлкен  мемлекеттік  ұлттық 
жазба  әдеби  тілдің  негізін  салушы  Абай  тәрізді  қаламгердің 
тілін  бірнеше  аспектіден  зерттеп  танып-білу  қажет  болады. 
Әдетте жеке жазушының (ақынның) тілі туралы әңгіме оның 
өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзгеде индивидуалдық 
ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе поэзия жанрын-
да жазған қаламгердің тілін тану деген сөзді оның поэтикалық 
тәсілдерін,  ол  тәсілдердің  тілдегі  көрінісін  зерттеу  деп  тани-
мыз. Бұлардың барлығы да «жазушының стилі» деген мәселеге 
барып саяды.
Абай – ең алдымен ақын. Демек, оның тілі поэзия тілінің 
әдеби-көркемдеу  тәсілдеріне  қарай  талдануы  қажет.  Бұл 
жағынан қазір біздің қолымызда жақсы ғылыми еңбек бар, ол 
– проф. Қ.Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» атты моно-
графиясы. Мұнда, автордың өзі айтқандай, Абайдың бүкіл тілі 
емес,  соның  бір-ақ  жағы  –  поэзиясындағы  әдеби  көркемдеу 
тәсілдерінің  көрінісі,  яғни  «поэтик  тілі»  талданады.  Және 
зерттеуші бұларды жеке-дара алмай, Абайдың қазақ әдебиеті 
мен  әдеби  тіліндегі  орнын  айқындап,  оның  табыстары  мен 
жаңалықтарын көрсете талдайды.
Екінші, Абай тілін тұтас алып, ондағы әдеби-көркемдеу тә- 
сілдерінен өзге де жақтарындағы индивидуалдық және дәуір- 
лік ерекшеліктерін зерттеуге болады.
Үшінші,  Абай  –  әдеби  тілдің  проза  жанрындағы  бірқатар 
стильдердің  ізін  салған  жазушы.  Осы  тұрғыдан  Абай  «Қара 
сөздерінің» тілін талдау арқылы қазіргі жазба әдеби тіліміздің 
сан  салаға  бөлінген  стильдік  тармақтарының  даму  барысын 
(алғашқы кезеңін) танып-білуге болады.

5
Төртінші, Абай тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық 
құрылымын  талдау  арқылы  қазіргі  жазба  әдеби  тіліміздің 
белгілі  бір  кезеңдегі  сипатын  тануға  болады.  Мұның  өзін  де 
статикалық  және  динамикалық  тұрғылардан  алып  екі  бөлек 
зерттеу объектісі етуге және болады.
Бесіншіден, поэзиялық дүниелердің синтаксистік құрылы- 
сы  прозадан  өзгеше  келетіндігі  мәлім.  Ол  ерекшелік,  бір 
жағынан,  ұйқас  (рифма),  буын  саны  (метрика),  шумақтарға 
бөліну-бөлінбеу  (строфа),  синтаксистік  тұтастық  т.б.  сияқты 
өлеңге тән шарттарға байланысты болса, екінші жағынан, әр 
ақынның  өз  стиліне  тән  өзгешеліктерінен  құралады.  Бұл  да 
Абай тілін зерттеудің бір үлкен объектісі болмақ.
Абай  тілін  танып-білуде  бұлардың  барлығынан  басқа  сан 
алуан жеке мәселелерді алуға және болады.
Сөз жоқ, Абайдай жазушының тілін осы айтылған жақтардан 
түгел қамтып, бір еңбектің ішінде талдау мүмкін емес. Және 
осылардың  баршасы  бір-екі  зерттеушінің  үлесіне  тиюі  тағы 
шарт емес.
Біз  бұл  жұмысымызда  Абай  тілін  жоғарыда  көрсетілген 
аспектілердің бірінен ғана алып талдадық. Ол – ұлы қаламгер 
тілінің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылысы. Ал-
дын ала ескертеріміз – бұл жұмыс стилистикалық зерттеу емес, 
яғни  жеке  сөздер  мен  грамматикалық  тұлғаларды  Абайдың 
ақындық-жазушылық шеберлігіне ғана байланыстырып талда-
маймыз. Негізгі мақсатымыз – тіл материалындағы Абайдың 
қаламына  ғана  тән  ерекшеліктерді  көрсету  емес.  Әзірге  көз- 
дегеніміз  –  Абай  сөздігін  генетикалық  (тектік)  құрамына, 
сөздердің  көне-жаңалығы  мен  тематикалық  және  мағыналық 
жіктелуіне  қарай  талдап,  таныту.  Сондай-ақ  грамматиканың 
ең  мәнді  категорияларының  бірі  –  сөз  жасау  құбылысы  мен 
кейбір  морфологиялық  және  синтаксистік  тұлға-тәсілдердің 
жалпы  Абай  тұсындағы  қазақ  тіліндегі,  оның  ішінде  Абай 
тіліндегі  түр-сипатын,  актив-пассивтігін,  нормалануын 
көрсету. Сондықтан біздің бұл жұмысымыз бертіндегі дәуірді 
қамтитын  тарихи  лексикология  мен  тарихи  грамматикаға 
жақын келетінін білдіреміз.

6
Зерттеу объектісі мен аспектісін бұлайша таңдауымыздың 
себебі мынада: Абай – дайын тұрған әдеби тілді пайдаланған 
қатардағы  қаламгер  емес.  Абай  –  сол  әдеби  тілдің  даму  жо- 
лындағы жаңа дәуірін бастаушы, сапалық жаңа типінің іргета- 
сын  қалаушы  адам.  Екінші,  Абай  –  лингвистикалық  талдау 
үшін  үлкен  мәні  бар  екі  салада  –  поэзия  және  проза  түрінде 
жазған адам, оның үстіне, поэзиясында да, прозасында да бір- 
неше  жанрдың  белгілері  бар  мұраның  иесі.  Осының  барлы- 
ғынан Абай тілі өз тұсындағы қазақ жазба әдеби тілін белгілі 
бір шамада толығырақ көрсететін дәрежеде танылады. Сондық- 
тан  Абайдың  шеберлік  лабораториясына  үңілмес  бұрын, 
оның сөздік құрамы мен грамматикасын таза лингвистикалық 
тұрғыдан тіркеп, жүйелеп талдап шығу қажеттігі сезіледі. Бұл 
талдаудың материалдары мен нәтижелері, бір жағынан, қазіргі 
жазба әдеби тіліміздің XIX ғасырдың II жартысындағы – өзінің 
басталар тұсындағы – лексика-грамматикалық сипатын белгілі 
бір  дәрежеде  танып-білуге  септігін  тигізер  болса,  екінші 
жағынан,  ұлы  ақынның  жазушылық  шеберлігі  мен  өзіне  тән 
стильдік  тәсілдерін  және  оның  қазақ  әдеби  тілі  дамуындағы 
шоқтығы  биік  орнын  танытуға  арналатын  «Абайдың  тілі» 
деп  аталуға  тиісті  әдеби-лингвистикалық  зерттеу  жұмысына 
дайындық болар деген мақсатты көздедік.
Осы  кітабымыздағы  негізгі  мақсатымыз  ұлы  ақынның 
стильдік ерекшеліктерін таныту болмаса да, сөз жоқ, біз тал- 
дауымыздың әр тұсында, қажеттігі туған жерінде, бұл мәселеге 
соқпай кете алмадық. Бұл – жазушы тілін қай аспектіде қарасақ 
та,  ілесіп  қалмай  отыратын  мәселе.  Жеке  грамматикалық 
тәсілдердің актив-пассивтігі, жеке сөздердің жаңа-көнелігі т.б., 
бір  жағынан,  тіл  дамуының  сол  дәуірдегі  жалпы  дәрежесіне 
қатысты  болса,  екінші  жағынан,  кейбір  тұстарда  сөз  етіп 
отырған жазушының өз қаламына, өзінің стильдік мотивтеріне 
байланысты  болады.  Сондықтан  мүмкіндігінше  объект  етіп 
отырған  материалдар  аясында  ұлы  жазушының  кейбір  инди- 
видуалдық ерекшеліктерін көрсетуге тура келді.
Абай тілін сөз еткенде, негізгі тұжырым – Абай – қазақтың 
қазіргі  жазба  әдеби  тілінің  іргетасын  қалаушы  деген  қағида. 

7
Бұл  қағиданы  белгілегендер  –  М.  Әуезов,  Қ.Жұмалиев,  
С. Мұқанов, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов т.б. 
сияқты әдебиет зерттеушілері мен Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, 
І.Кеңесбаев, 
Н.Сауранбаев, 
М.Балақаев, 
А.Ысқақов, 
Ғ.Мұсабаев  тәрізді  тіл  мамандары.  Проф.  Қ.Жұмалиевтің 
«Абай  поэзиясының  тілі»  атты  монографиясынан
1
  басқа 
Абай  шығармаларының  тіліне  арналған  жеке  көлемді  еңбек 
жоқ  болғанмен,  жоғарғы  аталған  ғалымдар  әр  кезеңде,  әр 
тұста Абайдың қазақ жазба әдеби тілі тарихындағы атқарған 
рөлі мен алған орны туралы сөз етіп келді. Бұл ғалымдардың 
кейбіреулері жеке мақалалар арнап
2
, енді біреулері ұлы ақынның 
әдеби творчествосы туралы жазған үлкен монографияларының 
немесе  басқа  да  еңбектерінің  ішінде
3
Абай  қолданған  жеке 
сөздер  мен  кейбір  көркемдеу  тәсілдерін  және  грамматика 
саласындағы  бірқатар  ерекшеліктерін  жүйелі  түрде  болмаса 
да, аз-аздап талдап көрсетіп келді. Сондай-ақ соңғы жылдары 
1
 Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. 
- Алматы, 1960. - 2-т.
2
 Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі // Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 
- Алматы, 1966; Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка 
// Советский Казахстан. - 1955. - № 9; Сауранбаев Н. Роль Абая в развитии казахского 
литературного языка // Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата, 1954; Кенжебаев Б. Абай 
– казақ халқының жаңа әдебиетінің негізін салушы // Ученые записки КазГУ. - Язык и 
литература. - 1955. - Т. 19 т.б.

Жансүгіров I. Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы. - 1934. 11-12-б.; Әуезов М. 
Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы // Әр жылдар ойлары. - Алматы, 1959; Мұқанов С.Абай 
Құнанбаев  //  Жарқын  жұлдыздар.  -  Алматы,  1964;  Жұмалиев  Қ.  Абай  (Ибраһим) 
Құнанбаев. XVIII-XIX ғғ. қазақ әдебиеті. - Алматы, 1967; Сильненко М.С. Творческая 
биография Абая. - Алма-Ата, 1957; Әлімқұлов Т. Абай. Алматы, 1954; Сүйіншәлиев X. 
Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956; Исмаилов Е.Об особенностях поэтики Абая // 
Известия Каз ФАН ССР. - Серия языка и лит. - Алматы, 1945. - Вып. 1; Аманжолов С. 
Вопросы  диалектологии  и  истории  казахского  языка.  -  Алма-Ата,  1959:  Аманжолов 
С. Қазақтың әдеби тілі (Көпшілікке арналған лекцияның стенограммасы). - Алматы, 
1949; Мусабаев Г. Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы 
казахской диалектологии. - Алма-Ата, 1952; Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ 
тілі (лексика, фонетика). - Алматы, 1962; Мусабаев Г. Современный казахский язык. 
Лексика.  -  Алма-Ата,  1959;  Кенесбаев  С.  Развитие  казахского  литературного  языка 
в  советское  время  //  М.О.Ауэзову.  -  Алма-Ата,  1959;  Кенесбаев  С.  О  казахском 
литературном языке // Очерки истории казахской советской литературы. - М., 1960; 
Балақаев М. Әдеби тілдің дамуы туралы бірер сөз // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1958. - 
№1; Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. - Алматы, 
1961; Қордабаев Т. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. - Алматы, 1966 т.б. (бұл тізім 
әсте  толық  емес  екенін  ескертеміз,  газет  беттеріндегі  мақалалар  мен  кейбір  журнал 
беттеріндегі материалдарды бұл жерде түгел тізіп шығу мүмкін деп таппадық).

8
Абай  тіліндегі  кейбір  жеке  жайларға  арналған  мақалалар  да 
шыға бастады
4
. Абай шығармаларының текстологиясы туралы 
жазылған Қ. Мұхаметхановтың еңбегі
5
 мен осы тақырыпты сөз 
еткен  Ы.Дүйсенбаев  пен  З.Ахметовтің,  Т.Әбдірахмановтың, 
Қ.Өмірәлиевтің, М. Сәрсекеевтің т.б. жеке мақалалары қалам- 
гер тілін танып-білуде айтарлықтай үлес қосқанын білдіреміз.
Міне, осы көрсетілген еңбектер біздің бұл жұмысымыздың 
орындалуына  тікелей  жәрдемін  тигізіп,  ғылыми  тірек-тая- 
ныш болды. Олардың бірқатарын басшылыққа алдық, енді бір- 
сыпырасы қосымша материал беріп, ой салды, үшінші біреу- 
лерімен  пікір  сайыстырдық.  Қысқасы,  абайтану  саласында 
оның тілі туралы өзімізден көп бұрын дұрыс айтылған негізгі 
пікір-тұжырымдар  мен  жалпы  бағыт  қазақ  әдебиетінің  ұлы 
классигінің  тілін  енді  нақтылы  түрде  талдай  бастауымызға 
жөн сілтеп, жол ашқанын баса айтамыз.
Талдауымыздың  дені  лексикология  саласында  болғандық- 
тан және оны тарихи даму тұрғысынан қарағандықтан, бізге сан 
алуан  лексикографиялық  еңбектер  зор  көмегін  тигізді.  Олар- 
дың  ішінде  сөз  етіп  отырған  дәуірде  шыққан  екі  тілдік 
(қазақша-орысша,  орысша-қазақша)  сөздіктер  көп  материал 
берді. Сондай-ақ өткендегі әлеуметтік, экономикалық, саяси-
праволық  т.б.  жағдайларға  қатысты  қолданылған  кейбір  тер-
миндер  мен  зат  атауларын  білуде  бізге  тарих,  экономика, 
право  салаларынан  жазылған  ғылыми  әдебиет  көп  мағлұмат 
4
 Балжанов Ш. Абай поэзиясында етістіктерді қолданудың стильдік ерекшеліктері 
//  Қазақ  ССР  ҒА  Хабарлары.  -  Филология  мен  өнер  тану  сериясы.  -  1962.  №3; 
Сулейменова Б. О русских словах в произведениях Абая // Известия АН КазССР. - Серия 
общественных наук. Алматы, 1964. - Вып. 4; Жанпейісов Е. Абай Құнанбаев пен Мұхтар 
Әуезовтың тіліндегі стильдік кейбір ортақ өрнектер // Қазақ ССР ҒА Хабаршысы. - 
1962. - №11; Сыздықова Р. Абай шығармаларында -ар жұрнақты тұлғаның қолданылуы 
// Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы, 1959. - 1-т. Сыздықова Р. Абайдың қара 
сөздеріндегі -мақ аффиксті тұлға жайында // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология 
мен өнер тану сериясы. - Алматы, 1959. - 1 шығуы; Сыздықова Р. Абайдың прозалық 
шығармаларындағы  кейбір  морфологиялық  тұлғалардың  сипаты  //  Қазақ  ССР  ҒА 
Хабаршысы.  -  Алматы,  1959.  -  №5;  Сыздықова  Р.  Абай  шығармаларындағы  кейбір 
шылаулардың  қызметі  //  Қазақ  тілі  мен  диалектологиясының  мәселелері.  -  Алматы, 
1963. - 5-шығуы; Сыздықова Р. Абай тілінде күрделі ойдың берілуі // Қазақ тілі тарихы 
мәселелері. - Алматы, 1965; Нұрпейісов Р. Абай шығармаларының лексикасы туралы // 
Халық мұғалімі. - 1954. - № 6 т.б.
5
 Мұхамедханов Қ.Абай шығармаларының текстологиясы жайында. - Алматы, 
1959.

9
берді. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясын зерттеуде Е.Бек- 
маханов, Б.Сүлейменов, Т.Күлтелеев, Т.Тәжібаев, С.Зиманов, 
С.Толыбеков, Ф.М.Шахматов т.б. тәрізді өзге саладағы ғалым- 
дардың  еңбектерінде  келтірілген  қазақша  атаулар  өте  құнды 
материалдар болып табылатындығына назар аудартамыз. Өйт- 
кені ол атаулардың көбін көркем әдебиет үлгілерінен таба ал-
маймыз,  ал  аталған  ғылымдар  саласынан  өткен  ғасырларда 
қазақша жазылған материалдар және аз. Сондықтан жоғарғы 
зерттеушілер келтірген қазақша жеке сөздердің тіл білімі үшін 
бағасы зор болмақ.
Абай  тілін  зерттеуде  оның  алдындағы,  тұсындағы  өзге 
қаламгерлер тілін, әсіресе, жаңа жазба әдеби тіліміздің негізін 
қалаушының бірі – Ыбырай Алтынсарин тілін қажетінше қоса 
талдап отырдық. Бұлардан келтірілген материалдар, көбінесе, 
1962  жылы  оқушы  жұртшылығына  ұсынылған  «XVIII-XIX 
ғасырлардағы  қазақ  ақындарының  шығармалары»  атты  кітап 
бойынша берілді, сондықтан біз мысалдың документациясын 
тек автордың аты және осы кітаптың бетін білдіретін цифрмен 
ғана  көрсеттік.  Сондай-ақ  өткен  ғасырда  шыққан  хрестома-
тия,  сөздік  т.б.  кітаптардың  аттарын  да  қысқартып  көрсеттік 
(қысқартулардың  толық  аты-жөндері  кітап  соңында  берілді). 
Келтірілген фактілердің текстуалдық мәні және қай кезде хатқа 
түскен нұсқадан алынғандығының маңызы зор болғандықтан, 
көбінесе, сол нұсқалардың шыққан жылын көрсетіп отыруды 
жөн көрдік.
Абайдың өзінен келтірілген мысалдар оның 1957 жылғы екі 
томдық  шығармалар  жинағы  бойынша  алынды  да,  сілтемеде 
жақша ішіне томның нөмірі мен беті ғана көрсетілді. Онда кет-
кен текстуалдық ағаттықтарды (біздің талдауымыз үшін үлкен 
мәні барларын) жол-жолай көрсетіп отырдық. Ыбырай Алтын-
сариннен келтірілген фактілер, көбінесе, оның 1879 жылы өзі 
шығарған хрестоматиясынан алынды.
Кітап  көлемін  ұлғайтпау  мақсатымен  өлең  тармақтарын 
прозадағыша бір-біріне жалғастырып қатар жаздық, тек әр тар- 
мақтың  (өлең  жолының)  бас  әріптен  басталып  жазылуын 
сақтадық.

10
Осы  кітаптағы  «Кейбір  морфологиялық  тұлғалардың  қыз- 
меті»  және  «Кейбір  морфологиялық  тұлғалардың  сыртқы 
формасы  жағынан  варианттылығы»  деген  екі  тақырыпша 
(көлемі 1,5 баспа табақтан) біздің «Абай прозасы тілінің мор- 
фологиялық  ерекшеліктері»  атты  кандидаттық  диссертация-
мыздан алынып, ықшамдалып, кейбір өзгерістермен берілді.
Қорытынды пікірлеріміз бен тұжырымдарымыз әрбір тақы- 
рып, тарау сонында беріліп отырылды.
Кітап көлемі көтермегендіктен, пайдаланылған әдебиеттер 
тізімі мен жұмыста арнайы талданған жеке сөздер мен тұлға- 
лардың тізімін бере алмадық.
Автор

11
І ТАРАУ
_______________________________
АБАй – ҚАЗіРГі ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИ Тілінің 
нЕГіЗін ҚАлАУшы
Абай өмір сүрген дәуір мен орта
(кіріспе ретінде)
Өз сөзімен айтсақ, «соқтықпалы, соқпақсыз» жерде, Құдай- 
берген Жұбанов тілімен айсақ, «классик Рим емес, Сарыарқа- 
ның  шөлінде  үдере  көшкен  қайшылық  өмірде»  жазушылық 
құрған  Абайдың  заманы  –  XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  – 
қазақ халқының тарихында өткен дәуірлермен салыстырғанда 
ерекше орын алған кезең болды. Бұл кезде Қазақстан жерінің 
түгелімен Ресейге қосылу кезеңі аяқталып, соның нәтижесінде 
және  қазақ  қоғамы  дамуының  объективті  зандылықтарына 
сай  көптеген  өзгеріс-жаңалықтар  пайда  болғаны  мәлім.  Ол 
өзгерістер  қоғам  құрылымында  да,  елдің  экономикалық  тұр- 
мысында  да,  ел  билеу  жүйесінде  де  және  мәдени-рухани 
өмірінде де орын алды. Кейбір әлеуметтік топтар тарих төрінен 
кетіп, жаңалары пайда болды. Қанаушы мен қаналушылардың 
жаңа түрлері дүниеге келді. Қазақ қауымының экономикасының 
тұрмысында  егіншілік,  сауда,  ішінара  өндіріс  кәсібі  тәрізді 
құбылыстар  жанданып,  күшейді.  Қазақ  қоғамының  орыс 
халқымен қарым-қатысы да жаңа сипатқа ие болды. Қазақстан 
жерінде  қалалардың  орнап,  ұлғаюлары,  орыс  шаруаларының 
келіп  қоныс  тебулері  екі  халықтың  еңбекші  бұқарасының 
жүзбе-жүз  көрісіп,  араларында  қарым-қатынас  орнауына 
мүмкіндік берді.
XIX  ғасырдың  II  жартысында  қазақ  даласында  болған 
қоғамдық-саяси өзгерістер мен оқиғалар мұндағы адамдардың 
мәдени-рухани  өмірін  баяғы  қалпында  қалдыра  алмады.  Кең 
далаға  қазақ  тілі  тарихында  із  қалдырған  рухани,  мәдениет 
факторлары келе бастады.
Мұның  ішінде  ең  алдымен  оқу-білімнің  едәуір  таралуын 
атауға тура келеді. Бұл оқу-білім екі сипатта болды: бірі – діни, 

12
яғни  мектептер  мен  медреселерде  және  ауыл  молдаларында 
мұсылманша оқу, екіншісі – үкімет тарапынан ашылған школ-
дар
6
  мен  училищелерде  және  орыс  мектептерінде  азаматтық 
білім беру. Бұлардың қай-қайсының да саны аз болды және олар-
да оқығандар да көп болмады, дегенмен жыл сайын ұлғая түсіп 
отырды. Мысалы, Ішкі Ордада үкімет школдарында 1891/92 оқу 
жылында небары 160 қазақ баласы оқыса, 1898 жылы 573 бала 
оқыпты
7
. Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның солтүстік-
батыс аудандарында едәуір жақсы жүргізілді. Мұнда тұңғыш 
ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен қызметі 
айрықша болды. Үкімет школдарының көпшілігінің жанында 
интернат болды (Интернатта оқып жүр Талай қазақ баласы – 
Абай). Бір кластық және екі кластық деп бөлінетін бұл школдар 
5-6 жылдық программамен қазақша-орысша азаматтық жалпы 
білім беруді көздеген. Бұлар мұғалімдерді, хат жүргізушілерді, 
тілмаштарды және әкімшілік аппаратының кіші чиновниктерін 
даярлап шығаратын болған. Бұл мектептер де сан жағынан көп 
емес. Бүкіл Қазақстанда XIX ғасырдың II жартысында небары 
100 шақты орыс-қазақ школдары болып, оларда 4000-ға жуық 
бала  оқыған
8
.  Кейбір  отаршылдық  мақсат  көздегенімен,  бұл 
школдардың  маңызы  зор  еді.  Алғашқы  қазақ  ағартушылары 
мен  интеллигенциясы  осылардан  тәрбиеленгендер  және 
қазақ халқын орыс мәдениетімен, әдебиетімен, тілімен жақын 
таныстырған осы мектептер болды.
Қазақ  халқының  мәдени  өмірінде  зор  маңызы  болған 
екінші  құбылыс  –  кітап  басу  ісінің  айтарлықтай  өсуі.  Егер 
бүкіл  XIX  ғасыр  бойына  қазақ  тілінде  70-80  кітап  шыққан 
болса,  олардың  дені  ғасырдың  II  жартысында  басылды
9

Бұл  кітаптардың  көпшілігі  көлемдері  шағын,  өздері  араб 
әрпімен басылды. Әрине, бұлардың ішінде орыс шрифтісімен 
шығарған  Ы.Алтынсариннің  «Киргизская  хрестоматиясы» 
мен орыс оқымыстыларының кітаптары оқшау тұрады. Араб 
6
 Мұсылманша діни білім беретін сол кездегі мектеп дегендерден ажырату үшін 
өткен ғасырдағы тіл тәжірибесінін үлгісімен біз де әдейі школ деп атап отырмыз. Ол 
туралы толығырақ «Лексика» бөлімінен 220-бетті қараңыз.

Тажибаев Т. Просвещение и школы Казахстана во ІІ половине ХІХ в. - Алма-Ата, 
1962.
8
 Қазақ ССР тарихы. - Алматы, 1957. - 1-бөлім. - 451-б.
9
 Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. - Алматы, 1964. - 25-б.

13
әрпімен  қазақ  тілінде  шыққан  кітаптардың  бірсыпырасы  ис-
лам  дінін  уағыздайтын  әдебиет  болса,  бірқатары  азаматтық 
тақырыптағы әдебиет еді. Әсіресе, бұл кезде қазақтың ертеден 
келе жатқан бай ауыз әдебиеті үлгілерінің кітап болып баспа 
бетін көруі – қазақ халқының сол тұстағы мәдени дүниесіндегі 
мәнді  оқиға  еді.  «Қамбар»,  «Алпамыс»,  «ҚызЖібек»,  «Қозы 
Көрпеш - Баян сұлу», «Ер Тарғын» тәрізді көлемді эпостардың, 
жеке  ертегі,  мақал-мәтелдердің  баспа  бетін  көруіне  Радлов, 
Березин,  Ильминский,  Алекторов,  Васильев  тәрізді  орыс 
ғалымдары  мен  ағартушыларының  еңбегі  ерекше.  Бұның 
қазақ  тілі,  оның  ішінде  әдеби  тілі  тағдырына  тікелей  әсері 
мен  қатысы  болды.  Әрқайсысы  қазақтың  кең  даласының  әр 
бұрышында  пайда  болып,  ауыздан  ауызға  көшіп  сақталып 
келген бұл бай мұра қазақтың әдеби тілдік нормаларын тегіс 
таратуда, жалпыхалықтық нормаларға айналдыруда бұрыннан 
қандай қызмет атқарып келсе, енді кітап арқылы бұл маңызын 
күшейте түсті. Бұл кезеңде кейбір (Дулат, Шортанбай, Мұрат 
т.б.) қазақ ақындарының шығармалары жеке кітап болып шыға 
бастады.
Қазақ  халқының  мәдени  өмірінде  бұрын  болмаған  оқиға 
–  ана  тілінде  баспасөздің,  яғни  газеттердің  шығуы  да  осы 
дәуірде  жүзеге  асты.  Қазақтың  тұңғыш  баспасөз  органдары  
– «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газе- 
тінің»  маңызы,  орны,  әсері  айрықша.  Сондай-ақ  Орынборда 
шыққан  «Тургайская  газетаның»,  Омскідегі  «Степной  край», 
«Сельско-хозяйственный листок» дегендердің қазақша аудар-
малары да қазақ мәдениеті, әдебиеті, тілі тарихында орын ала-
тын дүниелерден саналады. Алғашқы қазақ баспасөзінің патша 
үкіметінің  ресми  органдары  болғанына  қарамастан,  бұларда 
бұйрық, жарлықтардан басқа көркем әдебиет пен ауыз әдебиеті 
үлгілері,  орыс,  шығыс  әдебиеттерінен  аудармалар  басылып 
тұрды.  Сондай-ақ  қазақ  корреспонденттерінің  жергілікті 
жердегі халықтың қоғамдық, мәдени өміріне қатысты хабарла-
ры жарияланып тұрды. Және бір жақсы нәрсе – тарихи-ғылыми 
еңбектерден үзінді аудармалар да басылды. Қысқасы, мысалы, 
«Дала уалаяты газеті» материалдары ресми және ресми емес 
екі топқа (рубрикаға) бөлінді де, алғашқысы – қазақ тіліндегі 

14
сол кездегі рссми-кеңсе стилін, соңғысы – көркем әдебиет, ғы- 
лыми әдебиет және публицистикалық әдебиет стильдерін көр- 
сетуде,  жоқтарын  жасап,  қалыптастыруда  айрықша  рөл  ат- 
қарды.
XIX ғасырдағы Қазақстанның мәдениет дүниесінде болған 
игілікті  істің  бірі  –  орыс  ғалымдарының  қазақ  тілін  зерттеп, 
солар  бойынша  еңбектер  жариялауы.  Олардың  ішінде 
Н.И.Ильминскийдің  1861  жылы  Қазанда  шыққан  «Материа-
лы к изучению киргизского наречия» деп аталған еңбегі қазақ 
тілінің  тұңғыш  грамматикасы  болып  табылады.  Бұл  кітапта 
берілген  қазақша-орысша  сөздік  те  –  сол  тұстағы  қазақ  лек-
сикасын  регистрациялаған  құнды  материал.  Одан  кейінгі 
Радловтың,  Мелиоранскийдің,  Васильевтің,  Алекторовтың 
қазақ тілі грамматикасын талдап жазған еңбектері де – құнды 
мұралар. Бұлар сол кездегі қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу 
тілінің фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысын өз 
кезеңіне сай дәрежеде бірқыдыру дұрыс суреттеп берді.
ХІХ ғасырдың ІI жартысында құрастырылып бастырылған 
әр  алуан  қазақша-орысша,  орысша-қазақша  сөздіктер  мәде- 
ниетіміз  бен  тіліміздің  тарихындағы  көңіл  аударарлық  істер 
болды.
Абай өмір сүрген тұс қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік 
күштердің  арасындағы  идеологиялық  қайшылықтардың  әрі 
қарай  шиеленісе  түскен  кезеңі  болды.  Әлеуметтік  ой-санада 
негізгі екі түрлі бағыт өмір сүрді: бірі – реакцияшыл-кертарт-
па, екіншісі – ағартушы-демократтық.
Реакцияшыл-кертартпа  бағыттағылар  бай-феодалдардың 
идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері 
мен ел билеу системасын сақтауды қоштады. Сондықтан қазақ 
даласына келген күллі әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар- 
ға  қарсы  шықты,  бұл  әрекеттері  орыс  мәдениетін  жатырқау 
тенденциясын  туғызды.  Идеологиялық  күрестері  де  ислам 
дініне иек артты. Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге атсалы-
сты. Бұл бағыттың өкілдері, негізінен, әдебиет қайраткерлері 
–  ақындар  болды.  Олардың  басты-бастылары:  Шортанбай 
Қанайұлы (1818-1881), Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Мұрат 
Мөңкеұлы (1843-1906).

15
Үстем феодал табы идеологтарының келесі бір тобы жоға- 
рғылардан біраз ерекше тұрды. Олардың кейбіреулері (Әубәкір 
т.б.)  қазақ  феодалдарының  мүддесін  көздей  тұрса  да,  заман 
ағымын  бағдарлап,  Қазақстанның  Россия  қоластына  кіру 
ісіндей жағымды сәттерді теріске шығармады, орысша білім-
ғылым үйренуге де қарсы болмады. Сөйте тұра олар мұсылман 
дінін қазақ арасына жайып, нағыз уағыздаушылар болды. Олар 
халықты оқу-білімге шақырғанда, ең алдымен, дін оқуды еске 
тұтты.  Бұл  топтың  ішінде  айтарлықтай  талантты  ақындар  да 
(Әубәкір Кердері) және бір алуан ақынсымақ молдалар да бол-
ды.
Сөз  етіп  отырған  кезеңде  сахна  төріне  шығып  айқын 
көрінген  демократиялық  идеологияны  жақтаушылар  болды. 
Олар  қазақ еңбекшілерінің  мүддесін көздеп, азаматтық білім 
беруді,  шаруашылықтың  прогрессивтік  түрлерін  қолдануды 
(егіншілік пен отырықшылықты) қолдады. Орыс мәдениетіне 
иек  артты.  Кертартпа  феодалдық  идеологияға  қарсы  шықты. 
Бұл топтың ішінде Абай сияқты ірі ақын да, Шоқан Уәлиханов 
тәрізді  ғалым  да,  Ыбырай  Алтынсарин  тәрізді  ағартушы-
педагог  та  және  қазақ  интеллигенциясының  өзге  де  өкілдері 
болды.
Осы екі бағыт бұлкездегі тіл мәдениетіне тікелей ықпалын 
тигізді:  тіл  практикасында  да  аралары  ажыраған  екі  тенден-
ция  пайда  болды.  Демократтық-прогрессивтік  идеология-
ны  жақтаушылар  қазақтың  жалпыхалықтық  сөйлеу  тілі  мен 
әдеби тілін (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет тілін) негіз етіп 
алды  да,  соны  пайдаланды,  әрі  қарай  дамытты.  Феодалдық-
патриархалдық  бағыттағылардың  да  бірқатары  (Дулат,  Шор-
танбай, Мұрат т.б.) қазақ әдеби тілін қолданды, ал қалғандары 
ислам дініндегі күллі түркі халықтарына ортақ тіл деп тапқан 
«түркі» тілін, қазақ филологиясында «кітаби тіл» деп атанған 
тілді негіз етіп, оның таралуына, орнығуына әрекет жасады.
* * *
Міне,  Абай  заманындағы  бұл  айтылған  саяси,  әлеуметтік, 
экономикалық,  мәдени  және  идеологиялық  жайттар  бірі 
тікелей,  енді  біреулері  жанамалай  қазақ  тілінің  сол  тұстағы 

16
күй-қалпы (статикасы) мен даму-қозғалысына (динамикасына) 
әсер  етіп,  астарласып  жатты.  Ол  әсер  әсіресе,  лексика  сала-
сында күшті болды. Қоғам өмірінен шығып қалған қатынастар 
мен құбылыстар, әлеуметтік топтар өздерімен коса атауларын 
да ілестіре ала кетіп сахнадан түсіп жатса, жаңалары ондаған, 
тіпті жүздеген жаңа сөздерге дем берді, дүниеге келтірді. Бұл 
әсер мен астарластық жалғыз лексика саласында емес, тілдің 
жалпы  даму  бағытында,  өзге  тілдермен  қарым-қатынасында  
да болды. Мысалы, кітап бастыру ісі кітаби тілдің де, халық 
тіліне  негізделген  жазба  әдеби  тілдің  де  дамуына  күшті  се-
бепкер  болды.  Жаңа  демократтық  идеологияның  туып  да-
муы  халықтық  негізді  әдеби  тілдің  күш  алуына  ат  салысты. 
Қазақ  даласына  келген  азаматтық  оқу-білім  қазақ  тілінде 
педагогикалық  әдебиеттің  пайда  болуына,  сол  арқылы  оқу-
педагогикалық  стильдің,  шағын  көркем  проза  стилінің  жа-
сала  бастауына  себепкер  болды.  Баспасөз  қазақ  тілінің  пуб- 
лицистикалық стилінің алғашқы нышандарын көрсетті. Демо- 
краттық  пікірдегі  ойшылдардың  прозасы  (мысалы,  Абайдың 
«Қара сөздері») ғылыми-публицистикалық стильдің пайда бо-
луына әкелді.  
Сөйтіп,  заман  қозғалысы  тілді  де  қозғады.  Бір-біріне 
қарама-қарсы  екі  идеологиялық  күрес  үстінде  қазақтың  жаз-
ба  әдеби  тілінің  тағдыры  тартысқа  түсті.  ХІХ  ғасырдың  ІI 
жартысындағы  қоғамның  әлеуметтік  рухани  өмірі  «қазақтың 
жазба  әдеби  тілінің  негізі  жалпыхалықтық  тіл  белгілеріне 
сүйенуі керек пе, жоқ, әлденеше ғасыр бойы түркі халықтарына 
дәстүрлі болып келе жатқан кітаби тіл нормаларын алу керек 
пе?» деген өмірлік, саяси және идеологиялық астары бар үлкен 
мәселені күн тәртібіне қойды.
 * **
Абай қаламынан шыққан әдебиет дүниелерінің тілін жеке 
алып  суреттемес  бұрын,  сол  Абай  тұсында,  айналасында 
қазақ  тілінде  тағы  да  қандай  әдебиеттер
10
  болды  дегенді  са-
нап алуға тура келеді. Өйткені Абай шығармаларының тілі – 
10
 Әдетте, көбінесс әдебиет деген сөзді «көркем әдебиет» деп ұғатын жайымыз 
бар. Ал, шындығында, бұл термин – күллі жазылған дүниені білдіретін жалпы атау, 
көркем  әдебиет  –  солардың  бір  түрі  ғана.  Біз  де  әдебиет  сөзін  осындай  терминдік 
мәнде қолдандық.

17
автономиялық  тіл  емес.  Оның  қаншалықты  ерекшелігі,  тіпті 
артықшылығы болғанмен, ол өз заманындағы жалпыхалықтық 
тілмен,  өзге  әдебиеттер  тілімен  астарласып,  тамырласып  жа-
тады.  Сондықтан  Абай  лексикасын  өз  айналасынан  оқшау 
жұлып алып талдау мүмкін емес. «Лингвистическое изучение 
литературных произведений немыслимо вне контекста языка 
его времени. Индивидуальные новообразования и своеобразие 
как морфологического и синтаксического, так и лексико-фра-
зеологического характера будут анализираваться, осмыслять-
ся  с  точки  зрения  литературной  нормы  данного  времени»
11

Сондықтан  Абай  тілін  әрі  қарай  талдауларымызда  оның 
тұсындағы өзге әдебиеттерден ретіне қарай материалдар алы-
нып, азды-көпті қоса қаралып отырылады.
Сөйтіп,  қазақ  коғамында  Абаймен  тұстас,  іргелес  өмір 
сүрген  әдебиет  түрлерінің  басты-бастылары,  біздің  топтауы-
мызша, мыналар болды.
1.  Халықтың  ауыз  әдебиеті  шығармалары.  Бұлардың 
басым  көпшілігі  бұрыннан  келе  жатқан  «Қозы  Көрпеш-Баян 
сұлу», «Ер Тарғын», «Қобыланды» т.б. тәрізді ірі полотнолар 
мен  әр  алуан  тұрмыс-салт  өлеңдері,  ертегілер  т.т.  Сонымен 
қатар XIX ғасырдың өзінде, тіпті II жартысында пайда болған 
кейбір тарихи жырлар («Бекет батыр» т.б.) мен лиро-эпостар 
(«Айман-Шолпан» т.б.) да осы топқа кіреді.
2. Қазақтың тарихи көркем әдебиет үлгілерін әрі алып 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет