Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
ЖЕТКІНШЕК

Жалпы  бөлім

Колхоз

Биыл 40—50 шаруа қосылып, Калинин жолдас атына бір 

колхоз ашты

1

. Әкем сол колхозға мүше боп кірді.



Колхоз астығын қазынаға әкеткен еді, қазынадан кеше әр 

түрлі нәрсе әкепті.

Әкем барып, колхоз лавкесінен әжеме кимешек-жаулық, 

маған газет-журнал, Кәукеш тәтеме бір әсем шашбау, апама 

кебіс-мәсі, шай, шәйнек, әкпіш және сондай нәрселер әкеп 

берді


2

.

Біз бәріміз қуанып қалдық.



Колхоз бастығы тұқым қылу үшін қаладан 10 әтеш, 30 

тауық, 10 шақты үйрек әкепті.

Әкем онан 1 әтеш, 3 тауық алды.

Тәтем  екеуміз  тары  шашып,  әтеш  пен  тауықты  күтіп 

жүрміз.

Ықтырма

Бүгін күні бойы аспан түнеріп, қорқынышты бір нәрсе 

әзірлегелі тұрған түрі бар еді.

Қас қарайып, күн батуға айналды.

Бір мезгіл қатты дауыл шықты. Дауыл аралас жауын жауды. 

Ешкі, қой пана іздеп үйге тығылды. Біз кереге алып ықтырма 

жасадық

3

. Қойлар үйге тығылмай, керегеге паналайтын болды. 



Түнгі жауын үйдегі адамға да қиын болды. Үйдің тесігінен 

тамшы ағып, жататын жер де тегіс су боп кетті.

Түнде  етігім  су  боп  қалған  екен,  кейін  киюге  де  қиын 

болды.


240

Біздің  мектеп  кең

Бұл кімнің таңбасы? Кеңес Одағының таңбасы.

Біз Кеңес Одағының ұлымыз. Біздің мектепте ту бар. Онда 

осындай таңба бар.

Мұғалім: Аяқтарыңды әрқашан жақсы тазаландар, болма-

са мектеп іші шаң болады. Шаң бәріңе де залалды. Аурулы 

боласындар деді.

Кеше кешке қар жауды. Қазір сонар

4

. Әкем Оңғарды ертіп 



аңға кетті. Олар аңнан кешке қайтады. Сенің әкең де аңшы 

ғой, аңға кетті ме?

— Әкем таң атпай кетті. Мыңжасар жаңа аңға барады екен. 

Қасында сенің Ақтазың бар.

Өрісбай сөз сөйлейді. Өзге балалар оның сөзін тындап 

отыр.


Қане, мына сөздерді кім бұрын дұрыстап оқып шығады:

он — өн 


соз — сөз 

боз — бөз 

тон — төн

ор — өр 


тор — төр 

қор — көр



Ұлы  Октябрь

Патшаның қолынан,

Молданың жолынан

 

Бізді құтқарған



 

Ұлы Октябрь.

Қамаулы күндерден,

Қараңғы түндерден

 

Бізді құтқарған



 

Ұлы Октябрь

5

.

Жас  ерлер



Жас ерлер, күндей қайнап,

 

Гүлдей жайнап,



Әзірше емін-еркін

 

Жүрсің ойнап...



241

Пионерлер

“Барабан соғып,

 

Қаланы шу қып,



 

Даланы ду қып,

 

Жалауды ту қып,



Келеді әні,

Келеді әні” деседі.

Бұлар кім?

Бұлар ма, бұлар:

 

Мейрамды тойлап,



 

Күлісіп, ойнап

Келе жатқан,

 

Бұл ерлер —



 

Пионерлер.

Байқасаң:

 

Жүрісі бапты,



 

Дүбірі қатты,

Аққан сеңдей,

Еседі желдей,

 

Еседі.


Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш

 

Лек-лек-лек,



 

Лек-лек-лек,

Айбынды күш,

Өседі күш,

 

Өседі.


Күзетші

Айсыз қараңғы түн болды. Аспанды қошқыл қара бұлт 

басты. Үскіріп жел соқты. Дауылды жаңбыр болды. Арты-

нан дауыл басылып, нөсер құйды. Дүрілдеп, жер жарып күн 

күркіреді. Шартылдап, жарқылдап жәй түсіп түрды.

Тірі жанның бәрі қалтырап қорықты. Жұрттың бәрі үйді-

үйіне тығылды. Далада жан қалмады.

Дәл осы кезде айдаһардай ақырған аспанның қаһарынан 

қорықпай, қойды айналып, қора күзетіп жүрген жалғыз Қой-

шығұл еді.

16–1248


242

Шіркін, Қойшығұл жүрек жұтқан ер ғой!

Мал баққан бейнет, еңбек соныкі ғой!

Мал иесі де сол болуы керек қой!



Сурет  салдық

Оқытушы ағай бізге сурет салғызды. Біреуіміз ағаштың, 

біреуіміз үйдің, біреуіміз аттың суретін салдық.

Айша жапырағынан ажыраған теректің суретін саламын 

деп, бүлдіріп алды. Терегінің бұтақтары өзінен де жуан боп 

шықты.


Айшаның суретін көріп біз күлдік. Омар дейтін тентек бала 

бар еді, ол мысқылдап, мазақтап болмады.

Байқасақ, Айшаның көзі жасаурап, жылауға аз-ақ қалыпты.

Сол орайда оқытушы ағай келіп қалды. Ағай Айшаның 

суретін көріп:

— Жарайды, жігіт. Жақсы салыпсың, тағы да жаса! — деді.

Бұны  естіген  соң  Айшаның  шоқтығы  шығып  қалды. 

“Бәлем, қалай екен!” деген кісіше, бізге мақтана қарап қойды. 

Біз жым болдық. Омар ұялып теріс қарады.

Үй  салу  оңай

Сырдария  елінің  кепесі  —  аурудың  ұясы.  Бұны  көрген 

адамдардың бәрі айтады. Сол кепеден құтылу деген оп-оңай 

жұмыс.  Адам  ерінбесе  жаман  кепенің  орнына  жап-жақсы 

үй салып алуға болады. Ол үшін былай істеу керек: арасын 

кез жарым қылып бақан орнату

6, 7

 керек. Бақан үй сықылды 



төрт бұрышты боп орнатылсын. Сонан кейін қамысты сым-

балдап буып

8

, бақандарға шегелеу керек. Қамыстың арасын, 



іші-тысын сылап тастау керек. Төбесін ағашпен жабу керек. 

Сонда сып-сыпайы, діңкиген жаңа үй боп шығады. Кепенің 

қасында бұл кең сарайдай

9

. Істелуі де оңай.



Жел

Бүгін қарашаның 15-і, жел қатайып, қара дауыл болды. 

Ағаштың жапырақтары қардай борайды. Шіріген қу бұтақтар 


243

шарт-шұрт сынады. Майысқан ағаштардың бұтағы терезені 

тырс-тырс қағады...

...Біраздан бері тыңдаушы көбейіп келеді. Апам да, әжем 

де, тәтем де, көршілеріміз де келіп тыңдайтын болды.

Анда-санда әкем:

Апырай, осы мен де мектепке түсіп, сабақ оқысам ба екен! 

десе, апам:

Мына сақалыңмен не деп “ата... бата...” деп отырасың! 

деп күлуші еді.

Кеше әкем ауыл кеңесіне барып, сондағы сауатсыздар мек-

тебіне жазылып келіпті.

Әкем қайтқан соң:

— Мені де неге жазғызбадың? Мен де оқимын, — деп апам 

қиғылық салды.

— Қатынға оқу неге керек, деп әкем көнгісі келмеп еді, 

мен үгіттеп көндірдім.

Бүгін әкем де, апам да сабаққа кетті.



Сұраулар:

— Сендердің әке-шешелерің сауатты ма?

Сауатсыз болса, мектепке түсіңдер деп үгіттедіңдер ме?

Кешке қол бос уақытта үй іштеріңе кітап оқып бересіңдер 

ме?

Аязда  ағаш  неге  сықырлайды

Ағашта дым бар. Дым дегеніміз су. Әдетте заттар суықта 

тарылады, ыстықта жайылады. Бірақ судың басқа бір сипаты 

бар. Су мұз боп қатарда тарылмайды, қайта далияды, кеңиді.

Аязда ағаштардың сықырлайтыны осы себептен. Ағаштың 

суы аязда қатып далияды да, ағаштарды шытырлатып жарады.

Судың мұз болғандағы далию күші сондай, қалындығы 

төрт елі шойын зеңбірекке су толтырып аязға қойсаң, қатқан 

мұз зеңбіректі қақ айырады.

Темірге  ұсап,  су  неге  суықтан  тарылмайды?  Себебі  су 

қатқанда арасына қуысты көп қалдыра қатады.

Тәжірибе:  бөтелкеге  су  толтырып  қойындар.  Қайтер 

екен?


244

Ауада  салмақ  бар  ма

Бір жағы ашық, бір жағы тұйық пияла түтікті алып, оны 

таразыға салып өлше де, ауыз жағын отқа қыздыр. Қызған 

кезде  жып-жылдам  ашық  аузын  тығында  да,  қайтадан 

таразыға тарт.

Сонда  түтіктің  салмағы  бұрынғыдан  кем  боп  шығады. 

Себебі алғашқы тартқанда түтікте ауа бар еді, қызған кезде 

ол ауа шығып кетті. Екінші тартқанда түтік ауасыз өлшенді.

Осыған қарағанда ауада салмақ бар ма, жоқ па?

Мектепте  неше  бала  бар

Күздігүні сабаққа түсерде оқытушы әр баланың аты-жөнін, 

жасын жазып алған еді. Ол қағазды анкета дейді екен. Сол 

анкетаны кешке оқытушымыз бізге әкеп берді де:

— Мына анкеталарды тәртіпке салып, біздің мектепте неше 

бала бар екенін, олардың нешеуі еркек, нешеуі қыз екенін, 

батырақ, кедей, бай балалары қанша екенін және жастарын 

есептеп біліңдер, — деді.

Біз ағайдың айтқанын істеп шықтық.

Біздің мектепте 68 бала оқиды екен. Оның 27-і екінші сы-

ныпта, қалғаны бірінші сыныпта оқиды екен

10

.



Барлық балалардың 23-і қыз, қалғандары ер балалар екен.

Туысына қарағанда: батырақ баласы — 35, кедей қара ша-

руа баласы — 18, ұста балалары —7, жұмысшы баласы —8.

Жастарына қарағанда: сегіздегілер — 34, тоғыздағылар 17, 

ондағылар 8, он бірдегілер — 6, қалғаны он екідегілер болды.

Сұраулар:

2-сыныпта оқитын балалар қанша? Мектепте оқитын ба-

лалардың нешеуі еркек бала? 12 жастағы балалар нешеу?

Сағат

Біздің мектепте бір үлкен сағат бар. Ағайда бір кішкене 

сағат бар. Ағай сағатын қолына салып жүреді. Мектеп сағаты 

ілулі тұрады.

Ағай бізді өзінің сағатымен таныстырды. Сағатында: 1, 2, 

3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 деген цифрлар бар екен. Бір қысқа, 

бір ұзын тілі бар екен. Ағай бізге:


245

— Мына ұзын тілі қанша минут болғанын, қысқасы қанша 

сағат болғанын білдіріп тұрады. Бір сағатта 60 минут болады. 

Минуттің тілі барлық цифрларды бір айналып 12-ге жеткенше, 

сағаттың тілі бір цифр мен екінші цифрға дейінгі жерді-ақ 

жүреді, — деді.

Мұнан кейін біз мектеп сағатын барып көрдік.

Оның цифрлары басқа екен. I, II, III, ІV, V, VІ, VІІ, VІІІ, 

IX, X, XI, XII боп жазылыпты.

Бұның мәнісін сұрап едік, ағай:

— Менің сағатымдағы араб цифры, мектеп сағатындағы 

рим цифры деп аталады. Бірақ екеуінің мәнісі бір, — деді.



Үсік,  күйік  қалай  жазылады

I

Үсіген адам тез өліп қалмайды, көпке дейін қатып жатады. 



Үсікке шалдыққан адамға мынаны істеу керек: үсіген адамды 

тура жылы үйге кіргізбе. Әуелі салқын жерде ұстап, денесін 

қармен не салқын сумен ысқыла. Жылына бастағанда біртелеп 

жылы орынға кіргіз.

Есі кетіп қалған адамды қоңыр салқын үйге жатқызып, 

киімін  шешіп,  мәуітпен  не  шекпенмен  жауып,  сырты-

нан  қармен  ыс

11

.  Табылса,  аузына  бір  қасық  арақ  құй,  не 



бұрыштың суын ішкіз.

Қармен біраз ысқылаған соң, қар аралас сумен ысу ке-

рек. Жылынған кезде жылы шай ішкіз. Жылы жерге кіргіз. 

Денесін жұмсақ шүберекпен сүртіп, құрғат. Денесіне жылқы 

майын жақ.

II

Адамның  денесі  шарпылып  күйсе,  ол  қатерсіз.  Оған 



түкірік теп сабын жақ; күлдіреп күйсе, инемен жарып суын 

ағыз. Үстіне картоп ұны, кебек, бор сияқты майда, құрғақ, 

таза нәрсе сеп.

Күйген  жерге  шаң,  тозаң,  кір  жолатпа.  Қайнаған  суға 

малынған таза шүберекпен орап қой.

Тым арсия, ырсия күйсе, дәрігерге көрсетпей жазылмайды.

Күйген адам сусауық болады. Сондықтан оған шай, сүт 

беріп отыру керек.



246

Жұқпалы  дерттер

Дәрігерге көрсетпей болмайтын бірнеше жұқпалы ауру-

лар бар. Олар: өкпе құрт, мерез, сүзек, қызылша, қызамық, 

түйнеме, күйдіргі, қырылдауық, шешек, оба, чума, безгек, 

таз сияқтылар.

Мұндай  ауруға  ұшыраған  адам  бақсы-балгерді  қойып, 

оқыған дәрігерге көрінуі керек.

Бұл  аурулардың  бәрі  де  жұқпалы  аурулар.  Сондықтан 

олардан  қатты  сақ  болу  керек.  Ауру  әдетте  астан,  ауадан, 

қайнамаған  судан,  түкірік-қақырықтан,  нәжістен,  бит-

бүргеден,  шыбын-шіркейден,  масадан,  тышқаннан,  иттен, 

малдан, киім-кешектен жұғады.



Нығымет

Нығымет отырса қисайып, бүкірейіп отырады. Жазу жазса 

кеудесімен үстелге жатып алады.

Оқытушының:

Нығымет,  түзу  отыр.  Кеудеңді  көтеріп  жаз!  —  дегенін 

тыңдамады.

Өсе келе Нығымет бүкіш болды. Бір иығынан екінші иығы 

аласа болды. Денесі қисық боп қалды.

Жүре-жүре Нығымет ауыр-ауыр жөтеле бастады. Қаны 

аза йып, ауруға ұшырады.

Нығыметті  көргендер  бастарын  шайқады.  “Жастай  қор 

болды” десіп, жандары ашыды. Өзімен бірге сабақтас болған 

жолдастары:

—  Оқытушының  айтқан  ақылын  тындамаушы  еді. 

Сондықтан осындай болды, — десті.

Нығымет  қалай  отырып,  қалай  жазды?  Оқытушы  оған 

не деді? Оқытушының айтқанын тыңдамағаны өзіне жақсы 

болды ма?



247

Ленин  өліміне

1924 жылдың 21 январында кешкі 6 с. 

50  минутта  Мәскеу  жанындағы  Горкіде 

Ленин жолдас қайтыс болды.

(Үкімет  жары)

1924 жылы 26 январьда кеңестердің екінші съезінің қаралы 

жиылысында Сталин жолдастың сөйлеген сөзінен:

“Талай ғасырлар бойында еңбекшілер әлденеше рет езу-

шілердің, байлардың құлдығынан құтылмақшы боп талап етті. 

Бірақ соның бәрінде дегеніне жете алмады.

Жалғыз-ақ  біздің  мемлекетімізде  ғана  езілген  еңбекші 

бұқара байлар мен алпауыттарды төңкеріп отыр.

Сіздер білесіздер, жолдастар, бұл сияқты ұлы жұмысты 

басқарған Ленин мен оның партиясы болатын. Байлар мен 

алпауыттардың қожалығы жойылуы керек екенін Ленин бүкіл 

дүние еңбекшісіне түгел білдірді. Сол себепті Лениннің аты 

барлық еңбекші, езілуші атаулыға ең қадірлі ат болды”.



Етікші

Етікші етік тігерде әуелі аяқтың тұрқын, алқымын өлшеп 

алады. Сол өлшеуге қарап қалып таңдайды. Қалыпқа қарап 

бас, көттік пішеді

12

; жіліншікке қарап қоныш пішеді.



Етікші пішерде былғарыны жібітіп, созып, қырыс-тырысын 

жазып алады. Пішкен соң басын қондырады.

Содан кейін қонышын қусырып, аузын көмкереді. Қалыпқа 

дәлдеп жонып алған өкше сіріні етіктің ішкі жағына жапсы-

рып алған соң, етікті қалыпқа сұғады.

Сонан  соң  ұлтанын,  тақасын  шегелейді.  Етікші  етікті 

бізбен, тарамыспен тігеді.

Өкше тақаны, ұлтанды мінегеннен кейін, күйемен не сия-

мен қаралап, жылтырағанша ысқылайды. Қалыбын суырған 

соң көттігін қайиды.



Жылқыны  асылдандыру  жолы

Қазақ жылқысын асылдандырудың екі жолы бар:

1) Өз тұқымын іріктеп, жақсыларынан бала туғызып, дұрыс 

күтіп, өсіру. Бұған көп уақыт керек. Бұл қиын жол, бірақ, 

шаруаға тиімді жол.


248

2)  Араб,  түрікпен  жылқыларының  тұқымымен  арала-

стырып, жаңа тұқым шығару. Бұл оңай жол, бірақ, шаруаға 

тиімсіз жол.



Ешкі

Ешкі өсімтал, күтімі жеңіл, сүті жұғымды, жүні түбітті.

Сүтті ешкі тұрықты, сүйрік бас, ұзын емшек, омырауы 

салыңқы, желіні алдына қарай итінген, салпы келеді. Желін 

түгі  тығыз,  аяғы  етті  болады.  Сүтті  ешкінің  баласын  теке 

қойсаң, тұқымы да сүтті боп туады. Мойны сорайған, кеудесі 

қушиған, қарны қабысқан, белі қайысқан, арты шөмиген, аяғы 

шибиген текеге жолама.



Жақсы  қой

— Ойпырым-ой, әке-әй!

— Немене?

— Мұғалім ағай бүгін бізге қойлардың сүгіретін көрсетті 

ғой!.. Қойда біздің қойлар ширегіне келмейді. Бір-біреуі 9 пұт 

тартады дейді; 30 қадақ май түседі дейді, не деген сұмдық?!

— Соға бер өтірікті. Бір жарым пұттан артық қой болушы 

ма еді? 30 қадақ май ту сиырдан да таңдап шығады... Әншейін 

жаңсақ естіп жүрсің ғой.

—  Бұйырмасын,  осы  құлағыммен  есіттім.  Нанбасаң, 

Жұматайдан сұра... Жүні де 12 қадақ болады дейді. Оны роман 

қойы деп атайды екен. Өзі ылғи егіз табады, кейде үш-төрт 

қозыны бір жылда табады. Терісінен тон кисең, аязда буың 

бұрқырап жүреді, — дейді. — Қысқа да берік болады, — дейді.

— Рас болса, онысы жақсы екен... Бірақ ондай қой біздің 

қолымызға қайдан түссін...

— Неге түспейді? Кооператив арқылы алдыруға болады 

дейді ғой мұғалім...

— Әке-ау! Айтпақшы, біз бүгін қойды қалай күтуді де сөз 

қылдық.


— Е, қалай күту керек екен?

— Міне, менің жазып алғаным:



249

“Қыстыгүні қойға пішенді 3-4 мезгіл жаңалап сал. Аяққа 

басылған шөпті қой жемейді: шөпті оттыққа салған жақсы, 

жұмасына екі рет тұз бер, не сор жалат. Шірік пішен жегізбе: 

қозы тастайды. Мұздай сумен суғарма. Зәрін сындырып бер.

Қой қора жылы, асты құрғақ болсын. Сызды жерде тез 

ариды, бауыр құрт болады”.

— А, бұларыңның жөні бар екен... Пішен жетсе, бере берер 

еді-ау, жұрт. Бірақ жетпейді ғой... Оттық деген сөздің дәмі бар: 

шөпті әншейін рәсуа қыламыз... ескеру керек екен.



Сүтті  сиырдың  белгілері

(Баяндаушы  Әбікен)

— Сүтті сиырдың желіні үлкен, қомақты, қатпарлы келеді. 

Сауғанда тез солып қалады. Емшектері орташа, арасы алыс, 

төрт емшегі тең болады. Оңай сауылады. Желін терісі жұқа, 

желін үстіндегі жүні жұмсақ, сирек келеді. Желіннен бауырға 

қарай созылған тамыры желіннің үстінде тарамданып, бау-

ырында білеуленіп тұрады. Міне, мынадай, — деп Әбікен 

газеттегі сү гіретті бәрімізге көрсетті.

— Сүтті сиырдың басы етсіз, қағылез, мүйізі де шағын, 

жеңіл болады. Мойыны жіңішке, ашаң, терісі жұқа, жұмсақ 

боп,  қатпарланып  тұрады,  қабырғалы,  кең  кеуде,  аяқтары 

тарамыс,  қысқа,  жұмсақ  жүнді,  арқасы  түзу  келеді.  Арты 

талтақ, бөкселі, бұлшық еттері алшақ болады. Қабырғалары 

нәзік, аралары алшақ, түйе құрсақ болса керек. Бәрінен де 

керегі желіні екен. Желіні сынға келмесе, өзге мүшелерінің 

келгені сөз емес, — деп...

* * *


...Сүйектен желім қайнатылады. Сүйектің майы алынады. 

Қу сүйекті үгіп жер өңдейді.



Мүйіз.  Мүйізден  тарақ,  түйме,  бәкіге  сап  істеледі. 

Үгіндісінен  бояу  жасалады  немесе  жер  өңдеуге  кетеді. 

Мүйізден желім де қайнатылады.

Тұяқ. Тұяқтан желім істейді.

Ішек. Ішектен қазы, шұжыққа қап қылады.


250

Боқтық. Боқтықты қыстай жинап егінге шашсаң, егінің 

бітік шығады.



Күл. Шөп, картоп, кендір егілетін жерге жыртар алдында 

күл сепсең, екі есе шығымды болады.



Ескі  шүберек.  Ескі  шүберекті  жинап  алып  сатсаң, 

фабрикаға салып қағаз жасап шығарады.

“Ескі-құсқы”  нәрселерді  үкіметке  беріп  отыру  керек. 

Үйткені ескі-құсқының құрылысымызға пайдасы мол. Бұл 

жөнінде ат салысып, кемек көрсетуі тиіс...

Қызыл  әскерлер

Қызыл әскер — еңбекші елдің ұлы. Жұмысшы мен қара 

шаруаның алдыңғы қосыны. Ол еңбекшілердің үстемдігін 

қорғайды. Жиһангер патшалықтардың шабуылынан

13

 Кеңес 


Одағын қорғайды.

23 февраль — қызыл әскер күні. Бұл күн жалғыз одақтағы 

еңбекшілер  емес,  бүкіл  әлем  еңбекшілерінің  де  мейрам 

күні. Қызыл әскер дүние жауыздарының қамауынан, біздің 

төңкерісті аман сақтап алып шықты. Біздің төңкеріс — дүние 

төңкерісінің кіндігі.

Біздің саясатымыз — тыныштық саясаты. Бірақ капиталшы 

мемлекеттермен татулық сақтау жалғыз біздің еркімізде емес. 

Байлар қай күні болса да Кеңес Одағына шабуыл жасауға 

мүмкін. Біз тыныштықты тілесек те...

* * *

... дәуміт еді



14

. Жол бойының көдесін ұзын тілімен орақтап 

жүріп: “Мендей үлкен, мендей күшті мал жоқ. Менің тартқан 

жүрегімді өзгелер орнынан қозғай алмайды” деп ойлады.

Соны ойлаған кезде арт жағынан “бәһ” деген бір дыбыс 

шықты  қараса  жампоз  сары  атан  екен.  Өгіз  сасқанынан: 

“Салаумәлейкім! Отағасы, қайда барасың?” деді. Сары атан 

мойнын қарағайдай қақырайтып, “Қарасордың көкпегін жеуге 

барам. Сенің бес аттағаныңды, біз бір-ақ аттаймыз” деп, ернін 

салп еткізіп, балп-балп басып, адымдай жөнелді.



251

Сары атан адыраңдай, арбаңдай аяңдады, өгізден озғанға 

“Менен жүйрік кім бар? Елдің көшіп, қонып жүргені менің 

арқам ғой” деп ойлады.

Соны ойлаған кезде арт жағынан бір дүрсіл шықты. Қараса, 

бір ақбоз ат келеді.

Адымдаған ақбоз ат адымын ашырмай қуып жетті. Сары 

атан  сасқанынан:  “салду-малейкім!  Батыр,  мұнша  неге 

асықтың?” деді. Боз ат бір пысқырып: “Е, мен жай жүруші 

ме ем? Сен 5 шақырым жүргенше, мен 20 шақырымынды 

артыма тастай мын, шабысымды көр! Жолды бер, топан аяқ!” 

деп өте шықты.

“Менен сұлу, менен жүйрік кім бар? Менсіз адам мешел 

ғой” деп, ақбоз ат аузы көпіріп келе жатты.

Со кезде артынан бірдеңе өкіріп келіп қалды. Ақбоз ат селк 

етіп, жалт қараса, түтіні будақтаған бір қап-қара дәу жақындап 

қапты. “Мынау бір жалмауыз ғой” деп, боз ат жалт берді. Бұ 

келе жатқан отарба еді

15

.

— Ой, құмырсқа! Кет былай! Еземін! Көрмейсің бе, будың 



күші  кеудемді  кернеп,  ұшыртып  келе  жатқанын,  —  деп, 

күжілдеп, пыс-пыс, сырт-сырт етіп өте шықты. Отарба бір 

жайқын өзенге жетті. Өзен үстіндегі көпірмен баяулап өтіп 

келе жатты. Сонда суда келе жатқан от кеме азынады.

—  Уай,  тасбақа,  сен  суда  жүзе  аласың  ба?  Американ 

жұртына бара аласың ба? Көк теңізде мен ғана жүзем, сен 

барда да жұрт жүгін маған артады, үйткені сен қымбатсың: 

көмірге тоймайсың, — деп, азынап ол кетті.

Отарба судан өте бергенде екі көзі жалтыраған бір құр тым-

дай нәрсе ызылдап жанаса кетті. Бұл бір әдемі автомобиль 

екен.

— Сен неге дүрілдейсің? Шойын жолдан тайып кетсең, 



ойран-топан  боласың.  Буың  да,  қазаның  да  түк  қайрат 

қыла алмайды. Мені айт! Бензин мен мазуттан өзгені керек 

қылмаймын; кез келген жолмен айдаймын, — деп, зымырап 

жөнелді.


— Мұныкі де рас-ау! — деп, отарба өз жөнімен тарта берді.

Сол кезде қақ төбесінен “дыр-дыр-дыр” деген бір дыбыс 

естілді. Бұ бір добалдай аэроплан еді

16

.



252

— Жерге жабысқан, жер құрты, сен неге көкисің? Мен, 

міне, бөріңнің төбеңнен қараймын. Дәмең болса, маған ілесіп 

көрші! — деп, аэроплан дызылдап шарықтады.

Автомобиль аспанға қарап қала берді. Аэроплан аспандай 

көрінбей кетті.



Қосыламын

Мен биыл өмірі көрмеген нәрселерді көрдім. Екі рет авто-

мобильді, әлденеше рет тракторды, түрлі ауыл шаруашылық 

машиналарын,  темір  жолды,  тағы-тағы  сондай  ғажайып 

нәрселерді көрдім.

Бұрын қырда мұндай нәрселер болмаушы еді. Биыл қаптап 

кетіпті. Қара шаруалар да таң-тамаша.

Басында  біздің  ауылдың  адамдары  бұларды  жатырқап, 

үркісіп еді. Осы күнде еті үйреніп алыпты. Бастары қосылса 

сөйлейтіні машина.

Әуелгі кезде машиналарды ешкім мақтамаушы еді. Бай мен 

молдалар жамандаушы еді. Осы күнде бай, молдалар жым 

бопты. Батырақтар аузынан суы құрып мақтасады.

Кеше біздің үйде он шақты батырақ жиылып: “трактор 

аламыз” деп шуласып жатысты. Тегі трактор алмай тынатын 

түрлері жоқ.

— Трактор алуға мен де қосылам! — деп әкем де прото-

колга жалпақ бармағын басты.

— Мен де қосылам! — деп мына жақтан мен дүрсе қоя 

бердім.


Батырақтар ду күлді.

— Қосылсаң, қаны, қол қойшы! — десті.

Мен іркілмей: “Қосыламын. Жұман ұлы Асан” деп қолды 

қойып қалдым.

— Жарайды, жарайды, жігіт екенсің! — деп батырақтар 

шуласты.  Біреуі  келіп  арқамнан  қақты.  Менің  қуанышым 

қойныма сыймады.

Қыстың  ақыры

Қыстың көзін жоймақ болып, күн біртіндеп жылына берді. 

Сірескен қар мен мүз табанынан таусылып ери бастады. Қар 

ерісімен-ақ көкөрай шөптер желкілдеп, шаруалардың бірді-

екілі малы семіре бастады.


253

Әсіресе қыстың достары — сауысқан, қарға, қасқырлардың 

үні өшкендей болды.

Арамтамақ қарға, сауысқандар масайрай алған жоқ. Күн 

жылынып, жерге кілем төселгендей қалыпқа түсті.

Сай-сайды  су  басты.  “Жаз  келді,  жаз  келді!”  деп  жер 

жүзіндегі  жанды  заттың  бәрі  күбірлесті.  Шаруалар  жазғы 

жабдығына кірісті. Еңбекке жұмылды.



Бір  қазақ  қызының  сөзі

Жаз жаңа шығып келе жатқан кезде, бір қырғыз қазақтың 

үйіне келіпті.

Күн жел екен. Үй толы арық-тұрақ екен. Қырғыз үйге кіріп, 

отыруға орын таба алмай, далада отыра беріпті.

Қас қарайған кезде қазақтың қызы бір қолына сүт ұстап, 

бір қолымен сырмақ көтеріп келіп айтыпты...

Сұраулар:

Қазақ  арық-тұрақты  үйге  неге  қамайды?  Арық-тұрақ 

қамалған үйде тазалық болуы мүмкін бе?

Арық-тұрақты да жылыту үшін, үйді де таза ұстау үшін 

не істеу керек?

Жазғытұры қырда тоқшылық бола ма, аштық бола ма?

Жазғытұры мал неге арық болады?

Жазғытұры мал арық болмау үшін не істеу керек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет