кент” — Патшалық тұсында да, кейін Түркістан респуб ликасы
424
атанған кезде де бұл өлкені Сырдария облысы деді. Өгем жотасы-
ның жазығынан ағатын Бадам, Сайрам өзендері нің аралығынан
орын алған Шымкент Қазақстандағы көне калалардың бірі. Іргесі
Х—ХІ ғасырларда қаланған деген жорамал айтылады. 1864 жылы
Қоқан хандығының құрамынан Ресей патшалығының қарамағына
кәшті. 1924 жылға дейін Түркістан республикасының кұрамында
болды. 1932 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.
34. 260-бет. “Тоғызыншы округ — Қызылорда” — Көне ата-
уы Ақмешіт. Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан
Ақмешіт 1853 жылы орыс армиясының генералы, патша үкіме-
тінің шығыстағы отарлау саясатын жүргізуші В. А. Перовскийдің
(17941857) атымен аталады. Бұған дейін Қоқанның ханы Омархан
осында бірнеше қамалдар салғызған. 1925 жылы Қызылорда аталып,
1926—1929 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы болды.
Осыдан кейін облыс орталығына айналды.
35. 260-бет “Оныншы округ — Павлодар, Кереку округі.
Орталығы — Кереку каласы” — Керекудің іргесі ХVІІ ғасырдың
екінші жартысында осы маңдағы көлден тұз өндіруге байланыс ты
салынады. Қазақтардың кезінде Тұзқала деуі де сондықтан. 1838
жылы Ямышев қамалының әскери бөлімшесінің осында көшірілуіне
байланысты, Коряков станциясы атанды. 1861 жылы Павлодар деп
ауыстырылды. Қазақстанда облыстар құрылған кезде ол Семей об-
лысына қарасты Павлодар уезінің орталығы болды. 1938 жылы 15
қаңтарда облыс құрылып, қала соның орталығына айналды.
36. 261-бет. “Он бірінші округ — Семей округі” — Қазақ-
станның шығысындағы 1854 жылы құрылған әкімшілік аймақ.
Бұған Ішкі, Аякөз, Көкпекті, Қапал және Алатау аталатын бес
округ қарады. Әр округта 5—20-дай болыс болды, әр болыс 10—12
ауылдан түрды, әр ауылда 50—70 түтін болды. XIX ғасыр мен XX
ғасырдың басында Семей окруғы 5 уезге белінеді: Зай сан, Өскемен,
Семей, Қарқаралы және Павлодар, 1939 жылы құрамында 13 ауданы
бар облысқа айналды. Семей облыстың орталығы болды.
37. 261-бет “Он екінші округ — Қарқаралы округы.
Орталық қаласы — Қарқаралы” — Батыс Сібір қазақтары шекара
басқармасының әкімшілік бөліктерінің бірі ретінде Қарқаралы
уезі батыста Ащысу өзені мен Балқаш көліне дейінгі, шығыста
Шыңғыстау, солтүстікте Ертіске дейінгі аумақты алып жатты.
1934 жылдан Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының
орталығы.
38. 261-бет. “Орта Азия шегіндегі округтердегі ауа райы
құрғақ болады” — Орта Азияға негізінен Қырғызстан, Өзбекстан,
Тәжікстан, Түрікменстан жатса, осылармен Қазақ станнан Сырдария,
Қызылорда, Адай окруттері шектеседі.
425
39. 261-бет. “Сарыарқа белінің түстігіне қарай ауа райы
орташа” — Қарағанды, Ақмола, бұрынғы Жезқазған облы-
стары түгелдей, Павлодар, бұрынғы Торғай, Көкшетау, Семей
облыстарының біраз жерлерін қамтитын Сарыарқаның ауа райы
қатал келетін тұстары да көп, жалпы алғанда орташа. Негізінен кли-
маты континенттік, оңтүстік жағының құрғақшылығы арта түседі.
40. 261-бет. “Сарыарқадан түстікке қарай Атырау жазығы
түгелімен жылы болады” — Каспий -Атыраудан басталып
Сарыарқамен шектесіп жатқан жазықты айтады. Бұған Тұран ойпаты
да кіреді, бұл жазық Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау, бұрынғы
Торғай облыстарының жерлерін қамтиды.
41. 261-бет. “Қазақстанның түстік бөлігіне кіретін Жетісу ау-
данын алсақ” — Ол кезде аудан дегенмен, Жетісу үлкен ауқымдағы
өлке, Балқаштың солтүстік шығысындағы Сасықкөл мен Алакөл,
Жоңғар Алатауы, оңтүстік пен оңтүстік батысы Тянь-Шань жота-
ларымен шектеседі.
Оның жерінде Лепсі, Басқан, Сарқант, Ақсу, Бүйен, Қаратал,
Көксу, Іле, Шу өзендері бар. Ол қазіргі Алматы облысын түгел,
Жамбыл облысының біраз жерлерін алып жатыр.
42, 43. 261-беттер. “Егінге ең қолайлы қара топырақ,
терістікте ғана құндыздық болып өтеді (Қостанай, Көкше-
таудың арқа жағында)” — Құндыздық — жылқы, қой сияқты
малдардың шашасы мен тұяғының екі ортасындағы жіңішке жер.
Көкшетау — осы аттас таулардың Бұқпа жотасының етегіндегі
қыпшақты өзенінің бойындағы қала. Алтауы өзі Сарыарқаның
солтүстік бөлігінде оқшау жатқан қырат. Қаланың іргесі 1824 жылы
әскери бекініс ретінде қаланған, 1868 жылы уездік қалаға айналды.
Көкшетау облысы болып 1944 жылы 16 наурызда құрылды.
44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51. 262-бет. “Құмды жерлер: Бетпақ
шөлі, Бөкейліктегі Нарын құмы, Қазалы, Шалқар арасындағы
Қарақұм, Ұлықұм, Торғайда Аққұм тағы басқалар” — Бетпақ
шөлі Қазақстанның орталығын алып жатқан үлкен аймақ. Батысы
Сарысу өзенінің төменгі ағысы, шығысы Балқаш, оңтүстігі Шу
өзенінің төменгі ағысы, солтүстігі Сарыарқаның біраз бөлігін алып
жатқан аралыққа орналасқан. Бетпақ атанған өлкенің оңтүстік ба-
тысы жазық, солтүстік-шығыс бөлігі ойлы-қырлы, адырлы қыратты
болып келеді. Мұнда көктемде суға толып, жазда құрғап қалатын
Қарқалды, Қарасу, Талдыеспе сияқты кіші-гірім өзендері де бар.
Бөкейліктегі Нарын құмы деп, Каспий маңы ойпатының Еділ мен
Жайық аралығындағы барқанды қырқалы құмды айтады. Бөкейлік
деуінің себебі 1801 жылы құрылған Бөкей хандығының қарамағында
болуына байланысты.
28–1248
426
Қазалы — Қызылорда облысы кұрамындағы Қазалы ауда нының
орталығы. Мұнда 1852 жылы орыстың өзен кемелерінің отряды
келіп, Сырдариядан өтетін кемелерді бақылаған.
Шалқар Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының орталығы,
қаланың іргесі 1872 жылы қаланған, ол Шалқар көлінің жа ғасында.
Қарақұм, Ұлықұм атанатын жерлер Қазақстанның біраз жерінде
бар. Бұл жерде Қазалы мен Шалқар аралығындағы құм туралы
болып отыр.
Аққұм Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы
Жыландық өзені жағалауын бойлап жатқан құм.
52. 262-бет. “Шалу жылқыға серне болып тез семіртеді” —
Шалу — су тартылғаннан кейінгі орнына шығатын шөп. Серне —
семіз, май басқан деген мағынаны білдіреді.
53. 262-бет. “Кейбір көлдер — қопалы” — Қопа — қураған
шөптер шіріндісіне аралас қоға, қамыс, құрақ ескен қорысты жер.
54. 262-бет. “Ең үлкендері — Қорғалжын” — Ақмола
облысының Қорғалжын ауданындағы көлдер. Оны Нұра өзені
жарып етеді.
55. 262-бет. “Ақмола, Атбасар арасында” — Атбасар — Ақмола
облысындағы Жабай езені жағалауындағы қала. Орыс-казактарының
станицасы ретінде 1846 жылы салынған, ол қазір Атбасар ауданының
орталығы.
56, 57, 58. 262-бет. “Сары қопа (Торғайда), Кіндікті (Қостанай
ауданында), Тәуіп (Ырғызда)” — Қостанай облы сының Жангелдин
ауданындағы көл. Ол бір-бірімен тізбектеліп, жалғасып жатқан бес
көлден тұрады, көлге Теке, Сары өзендері құяды.
Кіндікті — Қостанай облысындағы Құсмұрын, Сарымойын,
Тімтуір, Жасылбағар, Құмкөл, Қарасор, Тентексор, Шұбаркөл,
Бөрілі сияқты көлдердің бірі.
Ырғыз — Ақтөбе облысының шығысындағы аудан. Іргесі
1845 жылы әскери бекініс ретінде қаланған. 1867 жылы Торғай
облысының құрамындағы Ырғыз уезінің орталығы болды. Ауданның
оңтүстік-батысында Айырқызыл құмы, шығысында Сұңқария,
Қосбүйрек, оңтүстігінде Нарқызыл, Тәуіп құмдары бар, кол осы
Тәуіп құмында.
59, 60, 61, 62, 63, 64, 65. 262-бет. “Дендер (Оралда), Орқаш
(Торғайда), Жеменей (Қостанайда), Кереку (Кереку ауданында),
Жамантұз, Жақсытұз (Ақмолада), Қарабас (Семей ауданын-
да)” — Орқаш — Қостанай облысының Қарасу өзені жағалауындағы
қалашық. Камышин ауданының орталығы.
Жамантұз — Павлодар облысындағы тұйық көл, Үшқұдық
ауылының солтүстік шығысында.
427
Жақсытұз — бұрынғы Көкшетау мен Ақмола облыстарының ше-
карасында жатқан тұзды көл, Ерейментаудың солтүстік шығысында.
Дендер, Жеменей, Қарабас тұзды көлдері бертін келе еленіп,
ескерілмейтін болды. Атаусыз қалуының себебі де сондықтан.
66, 67. 262-бет. “Қазақстандағы ең ірі көлдер: Арал теңізі...
Одан соң Балқаш” — Арал Қазақстанның оңтүстік батысында
Қарақалпақстанмен шектесіп жатқан тұзды көл. Көлемі жағынан
дүниежүзінде төртінші орын алатын. Теңізде үш жүздей арал болса,
солардың ірілері — Көкарал, Барсакелмес. Құрылыққа сұғына кіріп
жатқан Құмсуат, Тұщыбас, Ақкөл, Бозкөл, Қашқансу, Қаратұма,
Мойнақ сияқты шы ғанақтары мен Құланды, Қаратүп, Көктырнақ
тағы басқа түбектері болған. Аралдың тартылуына байланысты
бұлар қазір өзгерістерге ұшырады. Бұл көлге Орта Азиядағы ең ірі
өзендер Әмудария мен Сырдария құяды. Көне деректер Арал мен
Каспийдің жалғасып жатқандығын, Әмударияның бір замандарда
Каспийге құятындығын жазады.
Балқаш — Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тұйық көл.
Аумағы жағынан Каспий мен Арал теңізінен кейін тұрады. Ертеде
Балқаштың да Алакөлмен жалғасып жатқандығын айтады. Көлдің
оңтүстігінде судың тартылуынан пайда болған қамысты, қопалы
Басарал, Тасарал дейтін аралдары бар. Көлге Тарбағатайдан Аякөз,
Алатаудан бастау алатын Қаратал, Ақсу, Лепсі, Іле өзендері құяды.
Солтүстігі Сарыарқаның ұсақ шоқылы сілемдерімен ұштасып
жатыр.
68. 263-бет. “Алакол — Жетісудың шығыс бұрышында”
Балқаш, Алакөл шұңқырындағы көлге Ұржар, Қатынсу, Емел
езендері құяды. Оның Кіші Алакөл атанатын шығанағы бар. Арал-
дары Үлкен аралтөбе, Кіші аралтөбе деп аталады.
68. 263-бет. “Жайсаң көлі ұзыны 100, ені 30 шақырым. Тұщы,
балықты көл. Ертіс суы сол Жайсаңға құйып, жарып өтеді” —
Жайсанды қазіргі кезгі құжаттарда Зай сан деп жазады. Бұл — Ал-
тай мен Тарбағатай жоталары аралығындағы ойыста жатқан тұщы
көл. Тұщы болуының себебі Ертістің көлге құйып, одан ары ағып
шығуына байланысты. Көкпекті өзені де осы көлге құяды.
70. 263-бет. “Марқакөл — ұзыны 35, ені 15 шақырым” —
Жоғарғы Ертіс алабындағы Марқакөл ағынды көлдер қатарына
қосылады. Бұған Қалжыр өзені құйып, одан ары ағып етеді.
71. 263-бет. “Атырау жазығында Жайықтан басқа Ойыл, Жем,
Сағыз өзендері бар. Бұлар Мұғаджар дөңестерінен шығады” —
Мұғаджар — Доңызтау, Шалқар алаптарынан құралатын тау.
72, 73, 74, 75. 263-бет. “Арал-Балқаш жазығында Сары-
су, Торғай, Ырғыз, Шу өзендері бар” — Сарысу Қарағанды,
428
Жезқазған, Жамбыл, Шымкент облыстарының жеріндегі өзен.
Сарыарқаның Керегетас, Қызылтау жоталарынан басталып,
Телікөлге барып құяды.
Торғай Жалдама, Қараторғай өзендерінің қосылған жерінен
басталып, Шалқартеңіз сорына барғанда тартылып қалады.
Ырғыз — Ақтөбе облысының Қарабұтақ, Ырғыз ауданы
жеріндегі өзен, Мұғаджар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан
бастау алады.
Шу — Қазақстан мен Қырғызстан жеріндегі өзен. Қырғыз Ала-
тауларынан басталады, оған Қорағаты, Мерке, Қарабалта, Ақсу
тағы басқа езендер қосылады. Бетпақдала, Мойынқұм құмдарына
барып сіңіп кетеді.
76, 77. 263-бет. “Қазақстаннын терістік жағында: Ертіс,
Есіл, Нұра, Тобыл өзендері бар” — Қазақстан мен Ресейдің
Қорған, Төмен облыстары жеріндегі Тобыл өзені Оралдың сілемі
Қараадырдан басталады да, Тобыл қаласының тұсында Ертіске
құяды. Оның басты салалары: Шортанды, Сынтасты, Үй, Обаған,
Әйет езендері.
78, 79, 80. 263-бет.
“Бұл жақтағы үлкен өзеннің бірі — Сырда-
рия. Екінші үлкен өзен — Әмудария. Басы Памир тауларынан
шығады” — Сырдария Ферғана қазан шұңқырынан шығып, Арал
теңізіне барып құяды. Басты салалары: Исфайрам, Шахимар-
дан, Исфара, Ангрен, Шыршық, Арыс тағы басқалар. Сырдария
суын Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан республи-
калары пайдаланады. Әмудария да Вахш пен Пянж өзендерінің
қосындыларынан бастау алып, Арал теңізіне барып сарқады.
Памир — Орта Азиядағы таулы аймақ. Ол Ауғанстан, Тәжікстан,
Пәкістан жерлерін қамтиды, әлемдегі биік таулардың қатарына жа-
тады. Мұнда Таулы Бадахшан автономиялы облысы бар.
81. 263-бет. “Жетісу ауданындағы үлкен өзеннің бірі — Іле” —
Іле — Алматы облысындағы және Қытай жеріндегі өзен. Текес
және Күнгес бастауларының қосылғап жерінен шығады да, Балқаш
көліне барып құяды. Басты салалары: Қаш, Қорғас, Шарын, Шілік,
Талғар, Қаскелең, Күрті.
82, 83, 84. 264-бет. “Шығыстан бастап Алтай, Тарбағатай
сілемдері, Алатаулар — Жетісуды айналып” — Негізінен Алатау деп
Қазақстан мен Орта Азиядағы, Сібірдегі биік тау жоталарын айтады.
Олардың ішінен: Іле Алатауын, Күнгей Алатауын, Теріскей Алатау
мен Кузнецк, Жоңғар Алатауларын, Қырғыз, Талас Алатауларын
ерекше бөліп атауға болады.
Алтай — Қазақстан, Ресей, Монғолия, Қытай жерлеріндегі ірі
тау жүйесі. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа, Батыс Сібір
ойпатынан Гоби жазығына дейінгі созылып жатқан жоталар мен
қыраттардан тұрады.
429
Тарбағатай — Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының
жеріндегі тау. Зайсан мен Балқаш, Алакөл қазан шұңқырына
орналасқан, шығысы Сауыр жотасына жалғасады.
85. 264-бет. “Қазақстан түстігінде Алатауларға барып
жалғасатын Қаратау деген үлкен тау бар” — Қаратау — Талас
Алатауының батысымен ұштасып, Сарысу, Шу өзенінің атыра уына
дейін созылып барып бітетін тау. Қаратау қазаққа байырғы қоныс
болуымен белгілі.
86. 265-бет. “Бірақ бейнеті зор болса да, шығырдың суы аз” —
Қолмен де, двигательмен де айналатын шығыр негізінен судың
ағынды жеріне орнатылады, оның екпіні барабанды айналдырып
су шығарады.
87, 88. 265-бет. “Ең белгілі қүмдар: Қарақұм” — Қы зылқұм —
Әмудария мен Сырдария аралығындағы құм. Ол оңтүстік Қазақстан
мен Қызылорда облысының жерлерінде. Қарақұм негізінен
Түркіменстан аумағында. Каспий алабы мен Іле бойында да Қарақұм
атанатын шағын құмдар бар.
89. 269-бет. “Риддерде қалайы, қорғасын, күміс, алтын,
жез қазылады” — Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногорск
қаласының бұрынғы 1941 жылға дейінгі аты Риддер.
90. 269-бет. “Қарсақпайда мыс, жез қазылып шығары-
лады” — Жезқазған маңындағы Жезді ауданының кенді қаласы
Қарсақпай Қумола өзенінің сол жағалауына орналасқан. Іргесі 1909
жылы қаланған.
91, 92. 269-бет. “Спасск, Екібастұзда тас көмір шығары-
лады” — Спасск — Орталық Қазақстандағы үлкен өндіріс
орындарының бірі. Мұнда завод 1864 жылы салынған. Пав-
лодар облысының жеріндегі Екібастұз көмір өндіру жағынан
Қарағандыдан кейінгі орынды алады. Осындағы көмірдің мол қорын
алғаш 1876 жылы Қосым Пішенбаев ашқан.
93. 269-бет. “Тұз төбе” — Павлодар облысындағы Ямышевск
селосын Тұзқала, Тұзтөбе деп те атаған.
94, 95. 270-бет. “Успен кені, Кентөбе сияқты жерлер” — Ас
тұзына бай Успен қазір Павлодар облысының Успен ауданының
орталығы. Кеңтөбе осы маңдағы жоталардың бірі.
96, 97, 98, 99. 270-бет. “Алтайдағы Үбі, Бұқтарма өзендері,
түстік Қазақстандағы Шу, Шыршық өзендерінің ғана су күшін
алсақ” — Бұқтарма Шығыс Қазақстан облысының Большенарым
ауданындағы өзен. Оңтүстік Алтайдағы Ақайырық және Қапас
тауларындағы мұздақтардан басталады да, Ертіс өзеніне барып
құяды.
Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Уба сияқты Ертістің оң саласына
жататын Үлбі өзені Үлбі жотасынан басталады.
430
Шыршық — Өзбекстанның Ташкент облысындағы өзен, ол
Сырдарияға барып құяды, басы Қазақстан, Қырғызстанның Өгем,
Алтай тауларынан басталады.
100, 101. 270-бет. “Тентек, Лепсі өзендері бұл есепке кір-
меген” — Тентек — Талдықорған облысының Алакөл алабындағы
өзен. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздақтардан
басталып, Сасықкөл айналасындағы ұсақ көлдерге құяды.
Лепсі — Талдықорған облысының Қаратал және Бөрлітөбе
өңірлеріндегі өзен. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі
мұздақтардан бастау алып, Балқаш көлінің оңтүстік шығыс жағына
құяды.
102. 270-бет. “Ақ көмірдің екінші ауданы — Іле өзені” —
Осындағы ақ көмір деп суды айтса, Іле өзенінің мұндай байлыққа
кенде еместігін меңзеп отыр.
103. 271-бет. “Мұнай кені бізде Жайық суының жағасындағы
Гурьевтен басталып, Жосалыға шейін созылады” — Қызылорда
облысындағы Қармақшы ауданының орталығы — Жосалы Қараөзен
суының Сырдарияға құятын жеріне таяу орналасқан. Іргесі 1906
жылы қаланған.
104. 271-бет. “Бүйірқұм, баялыш, қара сораң, қызыл сораң
сияқты өсімдіктер көбейеді” — Осындағы Бүйірқұм өсімдік, әлде
жер атауы ма — түсініксіз. Жер аты болса, Бүйірқұм, Байырқұм
атанатын құмдардың барлығы белгілі.
105. 271-бет. “Күргелі орман — терістік Қазақстанда, Жайсаң,
Өскемен, Көкшетау аудандарында” — Күргелі — ойдым-ойдым,
шоқ-шоқ орналасқан деген мағынада. Өскемен — Шығыс Қазақстан
облысының орталығы. Кенді Алтайдың етегінде, Ертістің Үлбі өзені
құяр оң жағасында орын алған. Іргесі әскери қамал ретінде 1820
жылы қаланған, 1939 жылдан облыс орталығы.
106. 272-бет. “Кеңес Одағында мұнайдың ең мол кені — Баку
қаласының қасы” — Баку — Әзірбайжан респуб ли касының
астанасы. Өздері Бақы дейтін бұл қала V ғасырдан бері белгілі.
XII ғасырда Ширван мемлекетінің орталығы. XIII — ХV ғасыр ларда
Шығыс елдеріне мұнай шығаратын портқа айналды. ХVІ ғасырдың
80-жылдарында Түркия басып алды. 1747 жылы Бақы хандығының
орталығы болды. 1804—1813 жылдардағы орыс-иран соғысынан
кейін Ресейге қарады. 1920 жылғы 28 сәуірден республика астанасы.
107. 272-бет. “Жезқазған жалғыз Қазақстан емес, барлық
Одақтағы мыс кендерінің күрделісінің бірі” — Жезқазған
қазір Қарағанды облысының құрамындағы үлкен кенді, өндірісті
қалалардың бірі. Облыс құрылған кезде орталығы болды.
431
XIX ғасырдың ортасына дейін Ақжал аталып келді. Поселкелік
типтегі қалаға айналуы 1954 жылдан бері.
108, 109. 273-бет. “Жақын арада Түркістан —Сібір жолы
бойындағы аудандардың кен байлығын зерттеу жұмысы туралы
баяндама тыңдалды” — Түркістан деп түркі тектес халықтар ме-
кендеген Орта және Орталық Азияны айтады. VІ—VІІІ ғасырлардағы
араб, армян, парсы жазбаларында оның аумағына дейін көрсетілген.
Оралдан Алтайға, Каспийден Қытайға, Томск-Тобылдан Иран мен
Ауғанстанға дейінгі жерді Түркістан деді. Ресейдің Орта Азиядағы
иеліктері мен Қазақстанның оңтүстігі батыс бөлікке, Қытайдың
Шыңжаң провинциясы мен Ауғанстанның солтүстік аймағы батыс
бөлікке қарады. 1867 жылы Жетісу және Сырдария облыстары бар
Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды. 1886 жылы Түркістан
өлкесі аталды. 1898 жылы оның кұрамына Закаспий, Самарқан,
Ферғана облыстары қарады.
Орал тауларынан Тынық мұхит, солтүстік Мұзды мұхит
жағалаулары мен Монғолия және Сарыарқа етегі аралығындағы
Сібір атанған өлкені Түркістанмен жалғастыру үшін БК (б)П ОК
1926 жылы 26 қарашада темір жол магистралын салу жөнінде шешім
қабылдады. 1927—1928 жылдары қайтадан зерттелді. Мұхаметжан
Тынышбаев жаңа жобаға жетекшілік етті. Жолды салу жоспарлы
мерзімінен бір жыл бұрын, 3 жыл 9 айдың ішінде аяқталды.
110. 273-бет. “1928 жылы жер кенін зерттеуші Русаков Балқаш
көлінің терістік жағасынан мыс кенін тапқан” — Михаил Петро-
вич Русаков (1892—1963) геолог, Қазақстан Ғылым академиясының
академигі.
111, 112. 273-бет. “Алматы, Қапал, Аягөз аудандарындағы
кендерді толық зерттеу тапсырылды. Әсіресе жолға жақын
Тарбағатай, Іле, Ысық аудандарындағы тас көмір” — Іргесі
1847 жылы қаланған Қапал — Жоңғар Алатауының баурайында ғы
осы аттас өзен бойындағы қала. Ол аудан орталығы болды, ауданның
таратылуына байланысты қазір Ақсу ауданының құрылымында.
Есікті орыс жазбалары Ысық деген. Есік қазір Алматы
облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы. Іргесі 1854 жылы
қаланып, Надеждинская станицасы атанған.
113. 274-бет. “Орта Азияда тоғайдың көп жері Ферғана” —
Ферғана — Өзбекстандағы облыс және облыстың орталығы. Жалпы
Ферғана Тянь-Шань тау жүйесіндегі ойыс. Бұл ойыс Алай және
Түркістан жоталарымен қоршалған. Шатқал, Құрама, Моғолтау
аталатын бөлігі Қырғызстанға қарайды.
114. 274-бет. “Бірақ Іле Алатауының тоғайларында ең көп
кездесетін ағаш — қарағай мен алма ағашы” — Тянь-Шаньның
солтүстігіндегі батыстан шығысқа қарай 350, ені 35—40 кило-
432
метрге жететін тау жүйелері Іле Алатауы аталады. Шығысы Сөгеті,
Бұғыты, батысы Қастек, Кіндіктасқа жалғасады. Ең биік шыңы
Талғар (4951 метр).
115, 116, 117. 280-бет. “Одан кейін Самарқан округінде, Таш-
кен округінде — Шыршық суының аяқ жағында көп егіледі.
Бұлардан басқа Хиуа, Бухарада егіледі” — Самарқан — Зеравшан
өзені аңғарына орналасқан көне қала. Біздің заманымызға дейінгі
ІV ғасырда Мараканда деген атпен белгілі болды. VІ ғасырда Түрік
қағандығының құрамына енген Соғды мемлекетінің астанасына ай-
налды. Бұл жерді IX—X ғасырда Самани әулеті, XI ғасырда Қарахан
әулеті, XIII ғасырда Хорезм шаһтары, ХІV — ХV ғасырларда
Темір әулеті биледі. ХVІ ғасырдың бірінші жартысында Шайбани
мемлекетінің, екінші жартысында Бұхар хандығының құрамына
кірді. 1924—1930 жылдары Өзбекстан астанасы. 1938 жылдан об-
лыс орталығы болды.
Ташкент — Шыршық өзенінің аңғарындағы үлкен қала. Ол
біздің заманымыздың ІV—V ғасырларында Шығыс пен Еуропа
арасындағы сауда жолының торабы болды. VІ ғасырда Түрік
қағандығының құрамына кірді. ХV ғасырдан бастап бұл өлкеге
көбінесе қазақ хандықтары билік жүргізді. 1918 жылдан Түркістан
автономиялы республикасының астанасы болып, 1924 жылы
Өзбекстан құрамына өтті. 1930 жылдан оның астанасына айналды.
Хиуа — Өзбекстанның Хорезм облысындағы қала. Әмудария
өзенінің сол жағалауынан орын алған, X ғасырдағы деректерде ол
жөнінде айтыла бастайды. Қаланың бір бөлігі Ишанқала атанған.
ХVІ ғасырдың бас кезінен XX ғасырдың басына дейін бұл жерде
Хиуа хандығы өмір сүрді. Хандықты Иран билеушісі Нәдір шах
та жаулап алды. Ол 1747 жылы қайтыс болғаннан кейін, осындағы
тартыста Қоңырат әулетінен шыққан Инақ Мұхаммед билікті қолына
алды. Бұл әулет өздері тағайындаған хандар арқылы басшылық
жүргізді. XIX ғасырдың бас кезінде өздерінен шыққан Илтұзарды
таққа отырғызды. Осы әулеттің ірі өкілі Мұхаммед Рахым 1806—
1825 жылдары хан болды. Хандықты бір ортаға бағындырып, салық
реформасын жүзеге асырды, мемлекет кірісін ұлғайтғы, көршілес
арал, қарақалпақтарды өзіне бағындырды, бұл — хандықтың
күшейген кезеңі болды.
118. 281-бет. “Түрксібтің басталатын жері — Луговой стан-
Достарыңызбен бөлісу: |