Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
  Қазақ  реалистік  әдебиетінің  негізін  салушы  //  Абайдың  өмірі  мен 

творчествосы. - Алматы, 1954.


174

тайды. Публицистикалық жанрда деп тапқандары – 1, 2, 3, 14, 

24, 26, 29, 33, 41, 42-сөздері және «Біраз сөз қазақтың қайдан 

шыққаны  туралы»  деген  шығармасы.  Қалғандары  прозаның 

өсиет  ғақлия  (поучительные  рассуждения)  тасдиқ  (утвержде-

ние), нақыл, тұспал сөз, кеңес, әңгіме (беседа), көркем проза 

элементтері бар түрлеріне жатады деп бөледі. Бірақ автор ай-

та-айта келе: «Абай прозасында публицистика сарыны басым», 

– деп түйеді

46

. М. С. Сильченко: «Қара сөздер» көркем прозаға 



жата алмайды, өйткені бұл «Сөздердің» әрқайсысында бірнеше 

жанрдың  элементтері  бар»,  –  дей  келе,  олардың  бірқатарын 

публицистикалық  сипатта,  ғылыми  проза  стилінде  жазылған 

шығармалар деп табады 

2

.

Абайтанудағы  орны  ерекше  зерттеуші  Мұхтар  Әуезов  те 



Абай прозасының жанрлық сипаты туралы: «Жалпы алғанда, 

Абайдың  осы  «Қара  сөз»  дейтін  мұралары  көркем  прозаның 

өзіне  бөлек  бір  алуаны  болып  қалыптасады...»,  –  дегенінде, 

біріншіден, Абай прозасының көркемдік құндылығын көреді, 

екіншіден, таза көркем проза жанрына жата алмайтын «өсиет-

толғауларын» басқа бір жанрда жазғанын атайды. Басқа жанр 

дейтініміз  –  публицистикалық  жанры  ма,  ғылыми-баяндау 

жанры  ма,  немесе  тағы  басқасы  ма  –  ол  Абай  прозасының 

жанрлық  ерекшеліктерін  жан-жақты  зерттегеннен  кейін 

тұжырымдалатын жайт екендігі білінеді.

Абай  өзінің  прозалық  мұраларымен,  сөз  жоқ,  қазақ  әде- 

биетінде  бұрын  болып  көрмеген  соны  жанрларды  бастады. 

Ол  Ыбырай  Алтынсарин  новеллаларымен  бірдей  емес,  бірақ 

мұнда  көркем  прозаның  элементтері  мүлде  жоқ  деп  айтуға 

тағы  да  болмайды.  Адамның  жақсы-жаман  мінез-құлықтары 

туралы жазған «Сөздері», Мұхтар Әуезов айтқандай, үлкен бір 

көркем  повесть  не  романдағы  кейіпкердің  толғана  сөйлеген 

монологі  бола  алмайды  деп  кім  таласар  еді.  Монолог  – 

«Сөздерге» әсіресе «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім 

тыңдайды?»,  «Біреулер  Құдайдан  бала  тілейді,  ол  баланы  не 

қылады?»,  «Тірі  адамның  жүректен  аяулы  жері  бар  ма?»  де-

ген сияқты сұрақтардан басталатын, күңіреніп отырып қойған 

өңкей риторикалық сұраулы сөйлемдерден тұратын «Сөздерін» 

46

 Сүйіншәлиев X. Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956. - 150-б.



175

жатқызуға  болады.  Сократ  хакімнің  сөзі  (27-сөз)  мен  Ақыл, 

Қайрат, Жүрек – үшеуін айтыстырған 17-сөзі – нағыз көркем 

проза стилінде жазылған шығармалар.

«Қара  сөздердің»  көпшілігі  қоғамдық-публицистикалық 

және ғылыми баяндау стилінде жазылған деген пікірді біз де 

қуаттаймыз,  оларды  көпшілікке  арналған  публицистикалық 

мақалалар,  эсселер,  очерктер  деп  тануға  болады.  Бұлардың 

сөз  ететін  тақырыптары  да  публицистикалық  туындыларға 

сыйымды: прозашы Абай 6, 8, 9, 10, 14, 23, 26, 29, 33, 39, 40, 

41, 42, 43-сөздерінде «ел мінездерін» сөз етеді, адамгершілік 

моральды үгіттейді (14-сөзде), адамды бұзып аздыратын салт-

тарды  көрсетеді  (33-сөзде),  елді  тағылым-тәрбие  түзер  еді, 

ол жоқ дейді (41-сөзде), еңбексіздікті, жатыпішерлікті сынай- 

ды  (42-сөзде).  Ал  публицист  Абай  12,  13,  27,  35,  38,  45-сөз- 

дерінде  дін  мен  мораль  тақырыбын  қозғайды.  Абай  дінге 

адамгершілік  моральдың,  тәрбиенің  құралы  деп  қарайды. 

Мұсылманшылықтың өзіндік үгітін айта отырып жеткізбегі – 

адамгершілікке шақыратын ақыл сөздер.

Қысқасы, «Қара сөздер» – Абайдың қай тақырыпты қозғаса 

да, түгелімен дерлік ағартушылық идеясын ұсынған, мораль-

мен  тәлім-тәрбие  жайындағы  ой-толғамдарын  баяндайтын 

публицистикалық  шығармалары.  Сонымен  қатар  бұл  туын- 

дылар  тілі  мен  стилі  жағынан  толыққанды  шығармалар 

екенін  баса  айтамыз.  Олардың  көбі  –  дидактикалық  әңгіме, 

философиялық толғаныс, психологиялық, филологиялық этюд 

болып  келетін  публицистикалық  жанрдағы  соны  бастама-

лар,  тарихи  очерктердің  алғашқы  ұлттық  тілдегі  үлгісі.  Ұлы 

Абайдың сан қилы еңбегінің бір қыры да – осы жерде.

Енді  Абай  прозасындағы  стильдік  белгілер  қандай  және 

оның көркемдік өрнегін көруге бола ма деген сауалдарға жауап 

ізделік.


Өлеңдерінің  идеясы  қалың  оқырман  мен  тыңдаушыларға 

жетпей  жатыр-ау  деп  күмәнданған  ақын  сол  ойларын  бар-

ша  жұртқа  түсінікті  қарапайым  тілмен  айтып  бергісі  келген 

дедік.  Бұл  ойларын  баяндауда  таңдаған  мәнері  –  оқырманы- 

мен  әңгіме-дүкен  құру  екенін  Мұхтар  Әуезов  жақсы  көрсет- 

кен.  Бетпе-бет  отырып  әңгімелесу  стилін  қалағандықтан, 



176

«Қара  сөздердің»  тексінде  ауызекі  сөйлеу  нормалары:  дау-

ыс  ырғағына  құрылған  сөйлем  түрлері,  тыңдауға  жағымды 

ұйқасты сөздер мен ырғақты қатарлар көзге түседі. Мысалы, 

1-сөзінің өзінде-ақ интонацияға құрылған, яғни ауызша айтып, 

құлақпен тыңдауға лайықталған сөз орамдары бар. Жоғарыда 

осы шығармадан келтірілген текстегі: Ел бағу? Мал бағу? Ба-

лаларды  бағу?  Ғылым  бағу?  деген  сөздердің  сұраулы  болып 

тұруы морфологиялық тәсілмен емес, яғни сұраулық шылаулар 

немесе сұраулық есімдіктерсіз, тек дауыс ырғағымен берілген, 

ал қазір біздер олардың сұраулы тіркестер екендігін жазудағы 

сұрақ белгісі тұрғанына қарап білеміз.

Мына сияқты микротекстің мазмұнын да интонация таны-

тады: «...Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-

біріміз  аңдып  өтеміз  бе?  Жоқ,  қазақ  ортасында  да  ұрлық, 

өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан 

түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Ай, не бол-



сын!  Бұл  жердегі  курсивпен  теріліп  көрсетілген  өстіп,  жоқ 

сөздерінің қыстырма элементтер екендігі және ай, не болсын!» 

деген фразаның да сөйлеу үстінде дауыс ырғағымен берілетін 

автордың күмәнін, қапалануын танытатын қыстырма екендігі 

байқалады.  Әрине,  бұл  күнде  текст  қағаз  бетіне  түскенде, 

мұндай интонациялық көріністерді өзіміз тыныс белгілерімен 

танытуға ұмтылғанымыз аян.

Баяндаудағы модальдық реңктерді, яғни өкінуді, сүйсінуді, 

ызалануды  т.б.  ауызша  сөйлеу  үстінде  дауыс  ырғағы  жеткі- 

зетіндігін Абай жақсы пайдаланған. Модальдықты беруде тек 

дауыс ырғағы емес, өзге де тілдік қосымша элементтер қаты- 

сатындығын да прозаик Абай дұрыс аңғарған. Мысалы, мына 

үзікке назар аударалық: «Біздің қазақтың қосқан аты алдында 

келсе, түсірген балуанынн жықса, салған құсы алса, қосқан иті 

өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, 

содан  артық  қуанышы  бар  ма  екен!  Ай,  жоқ  та  шығар!» 

Мұндағы  көрсетілген  сөздердің  қызметін  дауыс  ырғағы 

білдіріп  тұр:  әңгімелеуші  «білмеймін»  дегенге  логикалық 

екпін (ой екпінін) түсіру үшін оны өзі қатысуға тиіс сөйлемнен 

бөліп алып, сөйлемнің басына шығарады (бұл сөйлем: Содан 



артық  қуанышы  бар  екенін  білмеймін  түрінде  құрылуға  тиіс 

177

қой), ал осы сөйлемнің қалған бөлігін сұраулы құрылым етіп 

беруге  де  интонация  қатыстырылып,  мұның  да  модальдық 

тоны  (үні)  өз  алдына  ұсынылған,  яғни  сұрау  арқылы  күмән 

келтіріп, сенімсіздік білдіру реңкі ұсынылған, келесі «ай, жоқ 

та шығар!» деген үзік сол күмәндылықты күшейткен. Мұнда 

да  ауызша  сөйлеудің  «құралы»  –  дауыс  ырғағымен  қатар,  ай 

деген одағай мен шығар деген сұраулық элемент қатысқан. Бұл 

жерде  күмәндылықтың  модальдық  реңкін  білдіруге  алдымен 

интонация «іске қосылып» тұрғаны даусыз.

Құрмалас  сөйлем  бөліктерінің  арасындағы  жалғаулықтар- 

ды  түсіріп  айту  да  сөйлеу  мәнеріне  тән.  Қазақ  прозасында 

жалғаулықтардың  қолданылуы,  олардың  белгілі  тәртіппен 

нормаға айналуы – кейінгі кезеңдердің жемісі екенін білеміз.  

Ауызша  сөйлеу  тәжірибесінде  құрмалас  сөйлем  компонент- 

терінің (жай сөйлем бөліктерінің) аралығына өйткені (үйткені), 

себебі, сондықтан, бірақ, алай да, әйтсе де, ал, және сияқты 

жалғаулық шылауларды салмай-ақ ойды білдіру дағдысы бар, 

мұнда  да  жалғаулықтың  орнына  пауза  (дауыс  кідірісі)  тә- 

різді  интонациялық  тәсіл  қолданылады.  Сонымен  қатар  жал-

пы  мұндай  сөйлемдердің  интонациялық  суреті  қалыпты 

сөйлемдерден  ерекшелеу  келеді.  Мысалы,  Абай  прозасында 

кездесетін:  «Бағар  едім,  [бірақ]  қалайша  бағудың  мәнісін  де 

білмеймін... Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам 

жоқ,  [сондықтан]  білгеніңді  кімге  үйретерсің,  білмегеніңді 

кімнен  сұрарсың...  Әрбір  орынды  харекет  өзі  де  уайым-қай- 

ғыны  азайтады,  [сондықтан]  орынсыз  күлкіменен  азайтпа, 

орынды харекетпенен азайт... Бірақ жас бала қызыл ошақтан 

қорқушы еді, [ал] бұлар тозақтан да қорықпайды екен... Сон-

да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене [және] ол 

қай көп үйреніпті...» деген текст үзіктеріне назар аударсақ, бұл 

сөйлемдердегі  текше  жақшаға  алынған  жалғаулықтар  Абай 

тексінде  жоқ,  бірақ  бұл  сөйлемдер  ол  жалғаулықтарды  кон-

текске  қарай  қосып  айтуға  әбден  болатындай  етіп  құрылған. 

Бұл  үлгілер  осы  күнде  аталған  жалғаулықтармен  келетін 

сөйлемдердің  алғашқы,  ауызекі  сөйлеу  нормасына  жақындау 

келетін құрылымдары деуге болады.

Әрине,  Абай  бұл  жердегі  шылауларды  әдейі  түсіріп, 

сөйлем  құрылысы  қайткенде  де  ауызша  нормамен  берілуін 


178

көздеген жоқ: автордың бұл жерде өз ойын ұсынудың жалпы 

стилі  (мәнері)  осы  тәртіпке  әкеліп  тұр,  дәлірек  айтсақ,  жа-

зушы  оқырманына  тыңдаушы  ретінде  қарап,  әңгіме-дүкен 

құрудың табиғи тәсілдеріне бой ұрған. Ал табиғи түрде сөйлеу 

(әңгімелеу)  барысында  «үнемдеу»  деп  аталатын  тілдік  заң 

әрдайым  күшінде  болады.  Сондықтан  мүмкін  болған  жерде 

тек  жалғаулықтардың  түсірілуі  емес,  сөйлемнің  тұрлаулы  не 

тұрлаусыз  мүшелерінің  бірқатары  жоқ  толымсыз  сөйлемдер 

де жиі орын алады. Абай прозасынан мұны да кездестіреміз: 

«Бірлік  қандай  елде  болады  –  білмейді».  Мұнда  ең  соңғы  

сөз  «мұны  олар  білмейді»  деген  түрде  немесе  «қайтсе  тату 

болатынын  білмейді»  деген  сияқты  құрылымда  келуге  тиісті 

болса  керек  еді.  Бірақ  осылайша  үнемделіп,  толымсыз  сөй- 

лем  түрінде  ықшамдалып  келген  «білмейді»  деген  бір  сөз- 

дің  беретін  мағынасы  алдыңғы  сөйлемнен  шығып,  түсінікті  

болып тұр. Бұл жерде интонациямен айрықша бөлініп беріл- 

ген жалғыз баяндауыштан тұратын сөйлем (білмейді) стильдік 

мақсатты  көздеген:  осылайша  құру  арқылы  автор  жұрттың 

қайтсе  бірлік,  татулық  болатынын  білмейтіндіктерін  баса 

көрсетуді көздеген. Бұл сипаттас құрылымдар Абай прозасын- 

да едәуір: «Осы елдің қылып жүргені немене? Екі нәрсе»Мұнда 

автор  «Осы  елдің  (яғни  қоғамдағы  кейбір  топтардың)  әуелі 

ұрлық, ұрлықпен мал табу, сонан соң өзгелерді азғырып, жа-

ман іске итермелеу сияқты екі жағымсыз әрекеті («екі нәрсе») 

бар екендігіне оқырман назарын аудартып тұр. Алдыңғы мы-

салда  бастауыш  пен  тұрлаусыз  мүше  айтылмай,  үнемделген 

болса,  соңғы  мысалда  бастауыш  айтылмай,  есім  баяндауыш 

қана сақталған.

Келесі  фактілерді  талдап  көрелік.  «Тағдырдың  жарлығын 

білесіздер  –  өзгерілмейді...  Ойлайды  жалынтып  бердім  деп. 

Ақымақтығынан  ойлайды».  Бұларда  сөйлемнің  қалыпты 

тәртібі сақталмаған: ойлайды деген баяндауыш сөйлемнің ба-

сында тұр, ал ең соңғы құрылым – бастауыш, толықтауыштары 

түсірілген,  мағынасы  тек  контекстен,  яғни  алдындағы  сөй- 

лемнен анықталатын құрылым: «Олар ақымақтығынан жалын-

тып  бердім  деп  ойлайды»  түрінде  айтылса,  сөйлем  қалыпты 

нормада  келген  болар  еді.  Абайдың  бұл  жерде  айтқысы  кел- 


179

гені  «жүз  кісіге  қорғалауықтығынан  жалынып  малын  үлес- 

тіріп  жүрген»  байлардың  осы  әрекеті  қайыр  да  емес,  мырза- 

лық  та  емес,  ақылсыздық,  ақымақтық  екенін  айту,  демек, 

«ақымақтығынан»  деген  сөйлем  мүшесін  бөліп  алып,  жеке 

айту  осыған  логикалық  ой  екпінін  түсіру  үлесінен  шығып 

тұр. Мұндай құрылымдарды тек ауызша сөйлеу тәртібі емес, 

жазба дүниеде де орын алатын стильдік норма деп санаймыз. 

Демек, келтірілген мысалдардың барлығында да әңгіме-дүкен 

құрып отырған автордың өзінің қай ойына (қай сөзіне) көңіл 

аудартқысы келген мақсатына сай түскен.

Ауызша  сөйлеу  стиліне  сөйлем  компоненттерінің  немесе 

мүшелерінің орын ауысып келу тәртіптері де жатады. Мұның 

өзі,  біздің  байқауымызша,  екі  түрлі:  бірі  –  ауызекі  сөйлеу 

үстінде  белгілі  бір  сөзге  ой  екпінін  түсіру  мақсатымен  сөз 

тәртібінің ауыстырылуы. Мысалы, мен айттым ғой саған осы-



ны – десе, «саған осыны» деген тұрлаусыз мүшелердің баян-

дауыштан соң берілуі тыңдаушыға бір нәрсенің ескертілгенін 

баса көрсету мақсаты көзделгендіктен. Ал екіншісі – нормаға 

айналып, жүйелі түрде кездесетін тәртіптер. Бұлардың біріне 



деп дәнекеріне аяқталған құрылымдар жатады.

Өткен  ғасырда  және  осы  ғасырдың  басында  хатқа  түскен 

үлгілерде  (текстерде)  деп  сөзіне  аяқталған  сөйлемдердің  жиі 

кездесетіндігін  біз  де,  өзгелер  де  байқап,  біраз  талдаған  бо-

латынбыз

47

.  Деп  дәнекерімен  аяқталатын  сөйлемдер  ауыз 



әдебиетінің  прозалық  үлгілерінде  де,  Ыбырай  Алтынса-

рин  әңгімелерінде  де,  аталған  кезеңдердегі  қазақ  баспасөз 

тілінде  де,  Абай  прозасында  да  жүйелі  түрде  кездеседі.  Бұл 

дәстүрдің де бастау көзі ауызша сөйлеу нормасында жатқаны 

белгілі. Әдетте деп-ке аяқталатын конструкциялар не төл сөзді 

сөйлемнен, не құрмалас сөйлемдер болып келеді.

Құрмалас  сейлемді  деп-пен  аяқтағанда,  яғни  бағыныңқы 

сөйлемді  басыңқыдан  соң  келтіргенде  (дұрысы  керісінше 

болу  керек  қой)  басыңқы  сөйлемді  әуелі  айтып  алып,  оған 

ой  екпінін  түсіру  мақсаты  көзделеді  деген  және  бұл  тәсіл 

құрмалас  сөйлемдердің  даму  барысында  орын  алған  деген 

пікірлер бар

48

. Бұл құрылым жөнінде «Абай шығармаларының 



47

 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. - Алматы, 1968. - 305-308 бб.

48

 Сауранбаев Н. Қазақ тілі білімі проблемалары. - Алматы, 1982. - 307-308-б.



180

тілі» атты еңбегімізде айтылған ойларымыз бен жасаған тал-

дауларымызды  бастан-аяқ  қайталамай,  Абайдың  прозадағы 

тіл кестесіне, дәлірек айтсақ, ойын қара сөзде көркем тілмен 

баяндау мәнеріне қатыстырып сөз айтсақ, мыналарға оқырман 

назарын аударамыз.

Төл  сөзді  конструкцияларды  да,  құрмалас  сөйлемдерді  де 

Абай кейде деп дәнекеріне аяқтап отырады:

«Сартты  көрсе,  күлуші  еді:  ...  бұтадан  қорыққан,  көз 

көргенде әке-үке десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-

сұрт»  деген  осы  деп.  Орысқа  да  күлуші  еді:  ауылды  көрсе, 

шапқан, жаман сасыр бас орыс деп. Сонда мен ойлаушы едім, 

ей, Құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған екен деп...»

Бұлар  төл  сөзді  құрылымдар  болса,  мына  мысалдарда 

құрмалас сөйлем компоненттері орын алмастырып тұр: «Көзді, 

мұрынды  (жаратушы)  ауызға  жақын  жаратыпты,  ішіп-жеген 

асымыздың тазалығын көріп, исін біліп ішіп-жесін деп...»

Сірә,  сөйлемдерді  бұлайша  құрғанда,  Абай,  бір  жағынан, 

өзіне дейін жиі қолданылып келген тәртіптен де шығып кете 

алмағанын  танытса,  екінші  жағынан,  шығармашылықтың  өзі 

үшін жаңа түрі – қара сөзбен жазуға барған Абай сөз өнерінің 

осы  қалыбының  дұрыс  ұсынылуын  да  көздеген  деп  батыл 

айтуға болады. Оған дәлел жоғарыдағыдай ауытқушылықтарға 

қарағанда,  жалпы  тіл  заңдылығына  негізделген  дұрыс 

құрылымдардың  жиірек  қолданылғандығы.  Мысалы:  «Әуелі 

бұл ісімді бұл ісімнен асырайын деп... өнер арттырайын деп, 

түзден  өнер  іздемейді.  Осындай  қастарға  өзім  өтімді  болсын 

деп, қызметке, болыстық билікке таластық».

Абай  прозасында  сөйлемдердің  табиғи  тәртіппен  дұрыс 

құрылуы нормаға айналған деп санаймыз. Бұл құбылыс Абай 

кезеңіндегі өзге жазба дүниелер тілімен салыстырғанда айқын 

сезіледі. Бұл – Абайдың қазақ жазба тілінің прозадағы норма-

ларын  белгілі  бір  жүйемен  дұрыс  қалыптастыруына  саналы 

түрде қызмет еткенін көрсетеді.

Абайдың  прозалық  тіліндегі  және  бір  ерекшелікті  айтпай 

кетуге болмайды, ол – толықтауыш бағыныңқы етіп ұсынылуға 

тиісті  сөйлемнің  баяндауышы  ашық  райда  келіп,  мағына 

жағынан  сабақтас,  ал  тұлғалануы  жағынан  салалас  сияқты 


181

болып  және  бағыныңқы  компонент  басыңқыдан  бұрын  келіп 

құрылған сөйлемдер. Мысалы: «Ақыры ойладым: осы ойыма 

келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны 

ермек қылайын...»

Бұл  сөйлемнің  әдеттегі  грамматикалық  норма  бойынша 

құрылымы: «Ақыры осы ойыма келген нәрселерді жаза берейін 

деп  ойладым»...  болуы  керек.  Автор  басыңқы  компонентті 

әуелі  айтып  алады.  Бұл  тәртіп  мына  сөйлемдерде  де  анық 

байқалады:  «Һәмма  ғаламға  белгілі  данышпандар  әрқашан 



байқаған:  әрбір  жалқау  кісі  қорқақ,  қайратсыз  тартады». 

Мұның да қалыпты құрылысы: «Әрбір жалқау кісінің қорқақ, 

қайратсыз  тартатынын  һәмма  ғаламға  белгілі  данышпандар 

әлдеқашан байқаған»... деген түрде болуға тиісті еді.

«Қара сөздерде» бұл типтес сөйлемдер 5-6 жерде кездеседі. 

Абай  шығармашылығы  мен  тіліне  көп  үңіліп,  көптеген 

құбылысты  жақсы  байқап,  құнды  пікірлер  айтып  кеткен 

үлкен ғалым – Құлмат Өмірәлиев прозаик Абайдың осындай  

құрылымды сөйлемдерін шағатай тілінің, яғни орта ғасырлар- 

дан келе жатқан түркі жазба дәстүрінің көрінісі деп шамалай- 

ды.  Бұл  дәстүрде  екі  сөйлемнің  аралығына  ки,  кэ  (кім)  жал- 

ғаулығын келтіріп құрмалас сөйлем жасалатыны мәлім (орыс 

тілінде  что  деген  жалғаулықпен  жасалатын  толықтауыш 

бағыныңқы құрмаластар сияқты). Мысалы, Сайфи Сараидың 

«Гүлистан»  поэмасынан:  «Устады  дағы  билди  ким  өзиңдән 

артуқ турур» деген сөйлемді қазақшаға осы тәртібімен аударсақ: 

«Ұстазы да білді: ол өзінен күштірек [екенін]» деген қалыпта 

болар еді, ал қазақша табиғи түрде құрылу тәртібі: «Ол өзінен 

күштірек екенін ұстазы да білді» болуы керек.

Құрмалас  сөйлемнің  бұлайша  құрылу  нормасы  қазіргі 

түрік,  әзірбайжан  сияқты  әдеби  тілдерде  сақталғаны  мәлім. 

Ал о баста парсы тілінен ауысқан бұл синтаксистік амал қазақ 

тілінде  орын  теппеген  (біздіңше,  тіпті  оны  енгізу  әрекеті  де 

болмаған  тәрізді).  Ал  Қ.  Өмірәлиев  Абайдағы:  «Соған  қарап 

ойлайсың:  Алла  тағаланың  сипатында  солай  болмаққа  тиіс... 

Мағлұм  болды:  қазақ  тыныштық  үшін,  ғылым  үшін,  білім 

үшін,  әділет  үшін  қам  жемейді  екен»  сияқты  сөйлемдердің 

қос  нүкте  қойылған  жерінде  кім  дәнекері  түсіріліп  жасалған 



182

дейді


49

. Осылай деп тани тұра зерттеуші Абайдың бұл құры- 

лымдарының  баяндауыштары  белгілі  бір  сөздер  (ойлаймын, 

болды,  білінді)  болып  келетіндігін  көрсетеді,  демек,  Абайда 

кез келген сөйлемдер кім жалғаулығын түсіріп құрмаласа ал-

майды екен. Осыған қарағанда, Қ.Өмірәлиевтің топшылауына 

үзілді-кесілді  қарсылық  айтпағанымызбен,  біздің  ойымыз-

ша, Абайда кездесетін, жазуда араларына көбінесе қос нүкте 

қойылған  құрмалас  сөйлемдердің  бұлайша  құрылу  себебін 

тағы  да  ауызша  сөйлеудің,  ауызша  шешендіктің  тәртібінен 

іздеу  керек  тәрізді,  ал  бұл  нормада  негізгі  ойды  білдіретін 

компонентті әуелі айтып алу заңды. Мысалы, «Әрнешік білмек 

керек: Жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ» де-

генде  жазушының  көздеген  нысанасы  –  екі  түрліден  басқа 

иман  жоқтығын  айту  емес,  сол  жоқтықты  білудің  қажеттігін 

айту.  Ой  екпіні  түсетін  сөйлем  бөлігін  алдымен  айтып  алу 

Абай прозасында өзге сәттерде де орын алған. Мысалы: «Әрбір 



байқаған  адам  білсе  керек  күлкі  өзі  бір  мастық  екенін».  Бұл 

сөйлемнің дағдылы құрылысы: «Күлкі өзі бір мастық екенін 



әрбір байқаған адам білсе керек» болуға тиіс. Мүмкін, мұндай 

сәттердің  барлығында  бірдей  бұл  сияқты  стильдік  мақсат 

көзделіп  те  тұрмауы.  Жоғарғы  сөйлемді  ауызекі  сөйлеудің 

«тәртіпсіз» тәртібі деп те тануға болар.

Абайдың  сөз  өрнегін  тек  әсемдік  әлемінен  ғана  іздемей, 

табиғи  дұрыстық  пен  нормалылық  жағынан  да  қарастырар 

болсақ, ұлы суреткердің қазақ әдеби тілін тұтасымен алып нор-

малауда орасан зор еңбек еткенін айта аламыз.

Әрине, қазіргі публицистиканың, әсіресе газет-журналдар- 

дағы материалдардың тілі мен Абай «Қара сөздерінің» тілінің 

арасында  айырмашылықтар  едәуір:  бұл  күнде  жоғарыда 

келтірілгендей  басыңқы,  бағыныңқы  компоненттері  орын  ау-

ыстырып,  «төңкеріліп»  жүрген  сәттер  кемде-кем  кездесетін 

болса,  Абайда  мұндай  ауытқушылықтардың  өзге  түрлері 

де  орын  алған.  Әсіресе  сөйлем  мүшелерінің  позициялық 

құрылымы (орын тәртібі) нормадан ауытқып келетін тұстары 

жоқ емес. Мысалы, қазіргі қазақ әдеби тілінің нормасы бойын-

ша анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш сияқты тұрлаусыз 

49

 Өмірәлиев Қ. Абай қара сөздері синтаксисінің кейбір түрлері жайлы //Қазақстан 

мектебі. - 1965. - №8.



183

мүшелер  өздері  бағынатын  сөйлем  мүшесінен  бұрын  орна-

ласуы керек болса, Абайда: «Не қылса да, сөзді ұқса болады 

оларға... Екі етек жайылып, екі көзің аспанда масқара болып 

кеткенің  өлгеніңше...  Ешбір  қазақ  көрмедім  малды  иттікпен 

тапса  да,  адамшылықпен  жұмсаған...»  деген  сөйлемдерді 

оқимыз.  Мұндағы  курсивпен  теріліп  көрсетілген  сөздердің 

орындары ауысып тұр. Дегенмен Абайда сөйлем мүшелерінің 

орындары  бұлайша  «төңкеріліп»  жүрген  қолданыстар 

орындарында  дұрыс  тұрған  түрлерінен  әлдеқайда  аз.  Сірә, 

кейбіреулердің  Абайдың  прозасы  қырланбаған,  тілі  «шикі», 

«қойын  дәптерінің  материалы»  деп  тануларына  осы  іспеттес 

фактілер  себеп  болса  керек.  Бұл  жансақ  пікірге  негіз  болған 

фактордың бірі – әр құбылысқа дамудың тарихи принципінен 

шығып қарамағандық.

Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің әсіресе оның бұрын- 

нан  үлгісі  дамымаған  проза  жанрлары  стилінің  нормалары 

бірден,  бір  жылда,  бір  адамның  қаламымен  қалыптаспай- 

тындығын  ескермегендіктен,  Абайдың  «Қара  сөздері»  текс- 

терінен  жоғарыдағыдай  «бүгінгі  күн  талабына»  жауап  бере 

алмайтын  «шикі»  дүниелер  «көрініп  қалады».  Екіншіден, 

Абайдың  прозалық  туындыларының  жалпы  стилін  ескер- 

мегендіктен, мұндағы ауызша сөйлеу тәртіптерін әдеби мұра- 

ға жат деп санау-шылықтың орын алғандығы. Біздің ойымыз- 

ша,  Абайдағы  бүгінгі  жазба  әдеби  тіл  нормаларына  сай 

келмейтін ауытқулардың орын алуына екі стихияның (күштің) 

түйіскені  себеп  болған  тәрізді:  бірі  –  проза  саласында,  оның 

ішінде қоғамдық публицистика мен ғылыми баяндауда жазба 

әдеби  нормаларының  енді-енді  қалыптаса  бастауы,  екіншісі 

–  автордың  осы  туындыларды  ұсыну  мәнері,  оқырмандары- 

мен санасу қажеттігі, яғни бетпе-бет отырып, ауызша әңгіме-

дүкен  құру  тәсілін  таңдауы.  Әрине,  бұл  әңгіме-дүкен  түгелі- 

мен тек қарапайым, көбінесе сауаты жоқ қараңғы тыңдаушы- 

ға  бағышталмаған,  тіпті  керісінше,  көпшілігі  «сөзді  ұғарлық 

шәкірттерге»,  олардың  ішінде  де  орысша,  мұсылманша  са-

уаты  барларға  арнап  жазғандары  да  бар  болғандықтан,  әр 

шығарманың  стилінде  үлкенді-кішілі  өзгешеліктер,  ерек- 

шеліктер бары даусыз. Міне, «Қара сөздерге» баға берушілердің 

кейбірі осыны ескермеген.


184

Егер  бірқатар  «Сөздердің»  тексінде  араб  сөздері,  кейде 

тіпті шет тілдік тұтас блоктар («сөз кесектері»: тіркестер мен 

сөйлемдер) қолданылған болса, бұлар автордың олақтығынан 

немесе  «Қара  сөздер»  өзі  үшін  жаза  салған  қойын  дәптерлік 

дүние  болғандықтан  емес,  ұлы  Абайдың  сөз  жұмсаудағы 

ізденісінің тапқан амалдарының жемісі екенін көреміз.

«Қара сөздерді» жазуда Абай іздене білген, іздене отырып, 

мұны  құнды  дүние  ретінде  тыңдаушы  мен  оқырман  қауымға 

әсерлі, әдемі етіп ұсына да білген. Бұл пікірімізді Абайдың бұл 

күнде  «Сөз»  деп  аталып,  ал  өзі  тек  нөмірлеп  ұсынған  (тіпті 

дәлірек  айтсақ,  көшірушілер  нөмірлеп  реттеген)  прозалық 

шығармаларының  көркемдік  сипаты  дәлелдейді.  Бұлардың  

басым көпшілігін ауызша әңгімелесу мәнерінде ұсынған дедік, 

бірақ бұл – қара дүрсін тілде баяндау деген сөз емес. Өйткені 

қазақ халқының әлеуметтік өмірінде ауызша сөйлеудің мәні зор 

болған. Шаршы топ алдына шығатын билер айтысы, ауыл, ел 

басылардың, қадірлі үлкендердің ақыл-насихат сөздері, қазаға 

көңіл  айтып  жұбату  мен  жақсылыққа  тілеулестік  білдірген 

алғыс  пен  марапат  сөздері,  бата-тілектер  ғана  емес,  өзара 

байсалды  әңгіме  үстінде  де  ауыздан  шығатын  сөзге  қазақтар 

мейлінше  мән  берген.  Ауызша  әңгімеге  мұқият  қарап,  оның 

әсерлі,  әдемі  шығуына  күш  салған.  Міне,  сондықтан  Абай 

оқушы мен тыңдаушы қауымға өзі «ойыма келген нәрселер» деп 

жұпыны  көрсеткенмен,  шын  мәнінде  бүкіл  дүниетанымдық, 

философиялық,  тәрбиелік  мазмұнды  ой-толғамдарын,  ақыл-

насихатын «заманды түзетпек» пікірлерін қазақ «өнер алды – 

қызыл тіл» деп санаған «жалпақ тілмен» «ақ қағазға» төккенде 

жұртының ежелден қалыптасқан, әлеуметтік нормаға айналған 

дәстүрін ұстайды: ауыздан шыққан сөздің әсем әрі әсерлі болу-

ын нысанаға алады.

Әсемдік пен әсерлілік эпитет, метафора т.б. сияқты көріктеу 

элементтерінің қатысуымен ғана танылмайды. Бұл жерде по-

эзия  мен  проза  текстерінің  әрқайсысының  өздеріне  көбірек 

тән  болып  келетін  ерекшеліктері  бар  екенін  естен  шығармау 

керек.  Прозада  бірыңғай  мүшелерді,  бірыңғай  бағыныңқы 

сөйлемдерді  жиірек  келтірудің  және  олардың  әрқайсысын 

жалғау,  шылаулармен  жеке-жеке  көмкерудің  стильдік  уәжі 



185

болады.  Абай  «Қара  сөздерінде»  осы  кұбылыс  көзге  түседі: 

Мысалы:  Ішпек,  жемек,  кимек,  күлмек,  көңіл  көтермек, 

құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, 

алданбастық  –  бұл  нәрселердің  бәрінің  де  өлшеуі  бар  деген 

сөйлемдегі бірыңғай мүшелер тұлғалануы жағынан біртектес 

болып  келген  (барлығы  да  –  -мақ  жұрнағымен  жасалған 

дерексіз есімдер).

Әдетте  бірыңғай  мүшелердің  алғашқылары  қосымшасыз 

беріледі де, тиісті жалғау ең соңғысына жалғанады, бұл – жал-

пы тілдік норма. Ал тексте, әсіресе көркем әдебиет пен көркем 

публицистикада белгілі бір стильдік мақсатпен тиісті жалғауды 

олардың  әрқайсысына  жалғап  келтіру  орын  алады.  Мыса-

лы, Абайдың мына қолданысына назар аударалық: «Анттың, 



серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?» Бұл 

сөйлемді: «Ант, серт, адалдық, ұят дегендердің бір тоқтаусыз 

кеткені ме?» деп те құруға болады, бірақ бұл екі варианттың 

стильдік бояуы бірдей емес: бірыңғай мүшелердің әрқайсысын 

тиісті  тұлғасымен  (жалғауымен)  келтіргенде,  бір-бірінен 

жіктері ажыратылып, олардың әрбіреуіне екпін түседі.

Абай прозасында бірыңғай мүшелерді тұлғалануы жағынан 

сыйыстыру (алдыңғыларын жалғаусыз беру) кемде-кем ұшы- 

расады.  Бірыңғай  мүшелер  әрдайым  дерлік  жеке-жеке  толық 

тұлғаланып  тұрады,  соның  есесінен  сөйлем  ұзындау,  шұба- 

лаңқылау болып көрінуі де мүмкін, бірақ оқырманға, әсіресе 

тыңдаушыға оның беретін әсері күштірек болады. Сөйлемнің 

эмоциялық,  тіпті  экспрессиялық  әсерін  тану  үшін  тексті 

толығырақ келтірелік: «Адам баласына адам баласының бәрі 

дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, 

ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ 

жерің – бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, 

махшарда  сұралуың  –  бәрі  бірдей,  екі  дүниенің  қайғысына, 



пәлесіне  қаупің,  екі  дүниенің  жақсылығына  рақатың  –  бәрі 

бірдей екен...»

Бұл  микротексте  бірыңғайлық  екі-үш  еселеніп  берілген 

деуге  болады:  II  жақтағы  тәуелдік  жалғаулы  мүшелер  тобы 

өзара  бірыңғай  болып  келсе,  сол  сөздерге  қатысты  қайғысы- 

на,  пәлесіне,  жақсылығына  деген  сөздер  бір  тұлғада  келіп, 


186

өзара  бірыңғайласады.  Мұнда  тіпті  бәрі  бірдей  деген  баян- 

дауыштардың үш рет қайталанып келуі енді үш жай сөйлемді 

өзара бірыңғай етіп шығарады. Бұл – әдейі қолданыс, стильдік 

мақсаты  бар  құрылым.  Сөйлем  қаншама  көп  сөзді  болса  да, 

түсінуге  де  жеңіл,  қабылдауға  да  әсерлі,  өйткені  бәрі  бірдей  

деген сөздер әуелі бұл тексті үш бөлікке бөледі, ал әр бөлік- 

тегі бірыңғай мүшелерді бөліп-бөліп айту (оқу) керек болған- 

дықтан,  яғни  олардың  әрқайсысының  жеке-жеке  бірдей  тұл- 

ғалануы интонациялық «автономияларға» алып келгендіктен, 

бұлар да ойды ауырлатпайды.

Бірыңғай  мүшелерді  жиі  қолдану  және  оларды  жеке-жеке 

тұлғалау  құбылысына  стильдік  қызметі  жағынан  «қайталау» 

(«повтор») деп аталатын сөз қолдану амалы жақын келеді. Бір 

сөзді бір сөйлем ішінде немесе ең келте микротексте қайталап 

келтірудің  эмоциялық  әсері  жоғары  болады.  Бір  сөздің  не 

тіркестің қайталануы көбінесе бірыңғай мүшелердің не бірың- 

ғай  сөйлемдердің  құрамында  келіп,  параллель  құрылымдар 

түзеді. Мысалы: «Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, 

біреу сау болса, біреу есті болса, біреу есер болса, біреудің көңілі 

жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді – 

бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: Құдай тағаланың 

Жаратқанынан,  бұйрығынша  болған  ісі  деп...»  Бұл  ұзақтау 

сөйлемде екі ұдай параллель бар: алғашқысы – біреу және бол-

са деген сөздердің қайталануымен, кейінгісі – біреудің көңілі 

және мейілді деген сөздердің қайталанып келуімен жасалған.

Бұл  іспеттес  құрылымдар  Абай  прозасында  едәуір  жиі 

ұшырасады.  Қайталанатындар  жеке  мәнді  сөздер  де,  шыла-

улар да, модаль сөздер де болып келеді. Мысалы: «Өздерінің 

ырбаңы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма – сонысы-

нан  дүниеде  ешбір  қызықты  нәрсе  бар  деп  ойламайды...  Бай 

десін, батыр десін, қу десін, пысық десін» – әрдайым не түрлі 

болса да «десін» деп азаптанып жүріп, «демесін»-ді ұмытып 

кетеді...  Соңғы  сөйлемде  қайталанып  тұрған  десін  сөзі  образ 

болып  тұр:  десін~демесін  деген  тұлғалар  енді  жай  көмекші 

сөздер ғана емес, «десінге салыну, «демесін»-ді ұмыту сияқты 

адам  қылығының  атауына  айналған.  Келтірілген  қайталама 

сөздердің барлығы да эмоция тудыру үшін қолданылған, олар 


187

қатысқан күрделі мүшелер немесе сөйлем компоненттері сара-

ланып, өздеріне назар аудартады.

Қайталау тәсілін стильдік мақсатпен жұмсау тек бірыңғай 

мүшелер емес, шағын бір тұтас текске (абзацқа, шоғырға) кел-

генде де қолданылған. Мысалы, Абай бірінші шығармасының 

өзінде  бағу  сөзін  қайталау  элементі  етіп  алады:  «ер  орта-

сы  жасқа  келіп»  қажып,  жалыққаннан  кейінгі  қалған  өмірін 

қайтіп,  не  қылып  өткіземін  дегенде  айналыса  алмайтын  

әрекет-харекеттерін  санамалап  атау  үшін  ел  бағу,  мал  бағу, 



ғылым бағу, дін бағу, балаларды бағу деген тіркестер жасай-

ды. Бұлардағы бағу сөзі – қайталама элемент, оны осы мақсатта 

жұмсау  үшін  номинативтік  мағынасын  ауыстырып,  «айналы-

су» (мал бағу), «басқару» (ел бағу), «шұғылдану» (ғылым бағу, 



дін  бағу),  «тәрбиелеу»  (балаларды  бағу)  деген  ұғымдарда 

жұмсайды, сондықтан бұл жерде бағу сөзін тура мағынасында 

тұрғанда  тіркесе  алмайтын  сөздермен  тіркестірген,  тіпті  мал 

бағу  деген  фразаның  өзі  жалпы  тілдік  мағынасында  емес, 

әдетте мал бағу «малды күтіп, өсіріп, өндіру» болса, Абай ай-

тып отырған мал бағу «жалпы шаруашылықпен айналысу».

22-сөз деп аталатын шағын шығармасынан үзіктер келтір- 

сек, мынадай сөйлемдерді оқимыз: «Дәл осы күнде қазақтың 

ішінде  кімді  жақсы  көріп,  кімді  қадірлеймін  деп  ойладым... 



Байды  қадірлейін  десең...  Мырзаларды  қадірлейін  десең... 

Болыс  пен  биді  қадірлейін  десең...  Мықтыны  құрметтейін 

десең...  Есті  кісіні  тауып  құрметтейін  десең...»  деген  сөз- 

дерден  басталған  абзацтар  болып  құрылған.  Мұнда  тексті 

шоғырларға  (абзацтарға)  бөлу  бар,  яғни  айтылмақ  ойды  па-

раллель бөліктерге ажыратып ұсыну тұтас тексті текше-текше  

етіп реттеп жеңіл қабылдауға мүмкіндік беріп тұр.

Жеке  сөйлемдер  мен  абзацтардың  бір  сөзден  немесе 

біртектес тіркестен (мал бағу, ел бағу, дін бағу сияқты), біркелкі 

тұлғаланған  сөйлемнен  не  сөйлем  компонентінен  (байды 



қадірлейін десек, мырзаларды қадірлейін десек деген сияқты) 

басталуы  сол  текстің  анафоралық  құрылыммен  берілуі  деуге 

болады. Ал анафора – көріктеу құралдарының бірі.

Қайталаулардың  Абай  қолданған  және  бір  түрі  –  текстің 

өн бойын біркелкі сұраулы сөйлемдермен құру болып келеді. 


188

Мысалы, 40-сөзі: «Зинһар сендерден бір сұрайын деп жүрген 

ісім бар» деп басталады да, сол сұрақтары қалай деген сұрау 

есімдігімен  аяқталатын  18  сөйлем,  оның  синонимі  ретіндегі 



несі  есімдігімен  аяқталатын  6  сөйлем  болып  ұсынылады: 

«Осы,  біздің  қазақтың  өлген  кісісінде  жаманы  жоқ,  тірі 

кісісінің жамандықтан аманы жоқ болатұғыны қалай?.. Бәйгеге 

ат қоссаң, атыңды тартыспайтұғын ағайын атың келсе, бәйгеге 

өкпелейтұғыны қалай? Елді пысық билегені несі? Пысықтың 

бәрі кедей келетұғыны несі?» т.т.

Демек,  бұл  –  автор  ойының  баяндау  стилі  ерекше  болып 

шыққан  шағын  шығарма.  Бұл  жерде  Абай  түр  іздегіш  нағыз 

стилист  болып  танылады:  сұраулы  сөйлемдерді  шоғырлап 

беру  арқылы  осы  сұрақтарға  жауап  болып  табылатын  өзінің 

көзқарасын  білдіреді:  «Қазақтың  өлгенінде  жаманы  жоқ, 

тірісінде  жамандалудан  аманы  жоғына  күйінеді,  берері  жоқ 

аларға дайын адамдарды сынайды, елді беделді, соған лайық 

адамдар  билемей,  болыстықты,  билікті,  ауылнайлықты  са-

тып  алатын,  тартып  алатын  пысықтық  көрсеткендер  билеп 

отырғанын көріп ызаланады» т.т. Ал осындай ой-толғамдарын 

стильдік  әдемі  тәсіл  –  сұраулы  сөйлемдер  арқылы  танытса, 

ол сөйлемдердің реттеулі, әсерлі болып шығуы үшін олардың 

сыртқы  құрылымын  біркелкі  етіп  береді,  яғни  бәрі  де  сұрау 

есімдіктеріне аяқталады.

Бұл қатарға өзге де фактілерді қосуға болады: «Енді қарап 

тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, 

саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ...» 

Бұл жердегі параллельдер морфологиялық тұлғалардың бірдей 



(екпеген, шығармаған, жүрмеген, қылмаған және егіні, жемісі, 

жері,  шеберлігі)  болып  берілуімен,  сондай-ақ  жоқ  сөзінін 

қайталануымен жасалған. Келесі мына мысал да дәл осы тип-

тес: «Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке 

де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін 

күтуге де шыдайды...»

Параллельдердің  қай  түрі  де  көріктеу  мақсатымен  келеді. 

Әсіресе  өлең  тіліндегі  параллельдердің  эмоциялық  әсері 

айрықша  көрінеді.  Абайдың  «Сегізаяғының»  архитектоника- 

лық  жаңалығы  мен  фоникалық  әсерлілігінің  бір  ұшы  өлең 


189

тармақтарында  параллель  құрылымдардың  келуінде  деп 

білеміз:  өткірдің  жүзі  ~  кестенің  бізі...  қиуадан  шауып  ~ 

қисынын тауып... басында ми жоқ ~ өзінде ой жоқ... орынсыз 

ыржаң ~ болымсыз қылжаң...

Осы  сияқты  ұйқасты,  ырғақты  параллельдер  Абайдың 

прозасында да орын алады, Абай шығармашылығының нәзік 

қырларын  жазбай  таныған  ұлы  Әуезов:  «Қара  сөздердің» 

бірқатары,  тіпті  басым  көпшілігі  үлкен  бір  роман,  повесть 

кейіпкерлерінің  монологтері  деуге  болады»,  –  деген  пікір 

айтқан-ды. Шынында да солай: көлемі жағынан да (көбі бір-

екі беттік қана), ұсынылу стилі жағынан да, өзімен-өзі немесе 

өзгелермен сырласқан тоны (үні) жағынан да көркем шығарма 

кейіпкерінің монологіне өте жақын келеді. Ал бұрынғы билер 

сөздері, яғни «шешендік сөздер» деп атадан балаға, ұрпақтан 

ұрпаққа  тарап  біздің  заманымызға  жеткен  монолог  емей,  не-

мене! Олар да – ауызша сөйлеу үстінде туған, тыңдаушыларға 

арналған  үлгілер.  Бұлардың  сақталу,  жеткізілу  және  кәдеге 

асырылу себептерінің бірі тек мазмұны емес, көркемдігі, тілі 

екендігі мәлім.

Шешендік  сөздер,  поэзия  сияқты,  қазақ  қауымының  әлеу- 

меттік,  азаматтық  ой-пікірін  білдірудегі  рухани  сұранысын 

ғана  емес,  тіл  әлемінен  алатын  эстетикалық  сұранысын  да  

елеп  келді.  Сондықтан  бұлардағы  дәстүрлілік,  жалғастылық 

күшті болғанын күні бүгінге дейін көріп, сезіп отырмыз.

Абайдың «Қара сөздеріндегі» монологтердің иелері де кей-

де қазақтың билерінше ақыл-насихат айтып, дидактик болып 

көрінсе,  кейде  өз  заманындағы  ағартушы,  ойшыл  азамат  бо-

лып сөйлейді, кейде философия, психология, дін, этика, эсте-

тика  салаларынан  хабары  мол  білімді  интеллект  иесі  болып 

толғайды.  Сондықтан  Абайдың  «Қара  сөздері»  текстерінен 

билер  сөздеріндегідей  ұйқасқа,  өлшемге,  ырғаққа  құрылған 

синтаксистік  параллельдерді  де,  образды  фразеологизмдерді 

де,  әсерлі  теңеулерді  де  кездестіре  аламыз.  Мысалы:  «Енді 

мұндай  иман  сақтауға  қорықпас  жүрек,  айнымас  көңіл,  бо-

санбас буын керек екен...» Бұл жерде жүрек, көңіл, буын де-

ген бірыңғай мүшелер алдарына бірдей тұлғадағы эпитеттерді 

салып, параллельдер түзіп тұр. «Мал көбейсе, сұлуды жайлап, 


190

жүйрікті байлап отырмақ» деген сөйлемде де шешендік белгі 

бар.  Мұнда  көрсетілген  сөздер,  бір  жағынан,  образды  фра-

зеологизмдер  болып,  екінші  жағынан,  тұлғалас  қатар  түзіп, 

айтылмақ ойды оқырманға әсерлі етіп жеткізіп тұр. Абай про-

засынан  осы  сияқты  қатар  келген:  өнер  қуып,  мал  тауып... 

ішіп  ақтап,  арамдығын  жақтап...  адам  баласы  жылап  ту-

ады, кейіп өледі... я көзден жас боп ағады, я тілден сөз боп 

ағады... орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып... біреуді 

жетілтейін,  біреуді  құтылтайын...  жастығы  тозбастай, 

буыны  босамастай  көріп  жүріп...  шайқақтап  шалықтанып, 

салбырап  салғырттанып  (бұл  жерде  Абай  аллитерацияны 

да  «жеккен»),..  жақсы  иіске  ғашық,  жаман  иістен  қашық 

болмақтық... малды не жерден сұрау керек, не аққан терден 

сұрау керек... деген образды параллельдерді теріп ала аламыз.

Абайдың  прозалық  туындыларының  тілін  көріктеуде  жиі 

қолданған  амалдарының  бірі  –  тұлғалас  баяндауыштарды 

(әрине, көбінесе етістіктерді) келтіру болып табылады. «Қара 

сөздер» тексінде бірыңғай баяндауыштарды сыйыстыру, яғни 

алдыңғыларын көмекші етістіксіз беріп немесе -ып жұрнақты 

көсемше  тұлғасында  келтіріп,  тиісті  жақтық,  шақтық, 

райлық  қосымшаларды  ең  соңғысына  жалғау  тәсілі  өте  си-

рек.  Сондықтан  мұнда:  «Әрберден  соң,  сыртымызға  шықты, 

жауластық, дауластық, партияластық (бұл сөйлемді: жаула-

сып, дауласып, партияластық деп құруға да болар еді)... Кірді, 

шықты,  ілді,  қашты,  түбегейлеп  оқыған  бала  да  жоқ  (кіріп-

шығып, іліп-қашып деп беруге де болар еді)...» деген сияқты 

сөз өрімдерін таба аламыз.

Біздің  байқауымызша,  бірыңғай  сөйлем  мүшелерінің  не-

месе  компоненттерінің  әрқайсысын  жеке-жеке  тұлғалаудың 

эмоциялық  әсері  қалыптағы  нормамен  келгендерінен  әлде- 

қайда  күшті  болады,  өйткені  олардың  әрқайсысы  интонация 

жағынан оқшауланып, өздеріне назар аудартады. Шебер сурет-

кер осыны жақсы сезген.

Толғаныстарын  қара  сөзбен  білдіруде  Абай  қолданған 

стильдік  тәсілдердің  ішінде  ең  бір  көзге  түсетіні  –  айтпақ 

ойын  сұрау  арқылы  білдіру.  Байқасақ,  «Қара  сөздердің»  ба-

сым  көпшілігі  сұраулы  сөйлеммен  аяқталып  отырады.  Ал 



191

кейбіреулері тұтасымен дерлік сұраулы сөйлемдерден тұрады. 

Оның  бір  мысалы  жоғарыда  қайталама  әдісті  қолдануына 

қатыстыра келтірілген 22-сөзі болса, келесі 23-сөз деп атала- 

тын  туындысының  шағын  тексі  де  абзац  басындағы  сөйлем- 

дерден  өзгесі  түгелімен  дерлік  сұраулы  сөйлемдер  етіп  ұсы- 

нылған. Мұнда «біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, 

бір  жұбаныш  дегендер  бар»  деп  бастайды  да,  әрі  қарай 

«мынадай-мынадайларға адам қуана ма екен» (Жаманмен са-

насып жақсы бола ма? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім 

дегеннің несі қуаныш? т. т.), «мынадай-мынадайлар жұбаныш 

бола  ма  екен»  деп  тұнып  тұрған  сұрақтармен  толғанады. 

Бұл  жердегі  сұраулары  өзінің  келіспейтін  пікірлерін  айтуға 

жұмсалған.

40-сөз  деп  аталатын  шығармасы  да  бастан-аяқ  сұраулы 

сөйлемдермен келген сауалдар.

Абай  прозасында  да,  өлеңдеріндегідей  жиі  болмағанмен, 

образды  тіркестерді  қолданудан  бас  тартпаған.  Мұнда  бояма 



күлкі,  қулық  саумақ,  адам  саумақ,  ғылым  табу,  ғылым  бағу, 

көңілге  қалың  беру,  ақылдың  көзі.  жанның  жарығы,  көрікті 

ой, көкірегі байлаулы болу сияқты тың образдар бар. Олардың 

бірқатары  (қырқын  мінсе  қыр  артылмау,  адам  сауу,  ғылым 



табу т.б.) өлеңдерінде де қолданылған, демек, бұлар Абайдың 

айтпақ ойына дәл келетін, өзі сүйіп қолданатын тіл кестелері 

болып танылады.

Суреткердің тіл өрнегін әңгіме еткенде, талдаудың бір ұшы 

әсемдікте,  сөз  кестесінде  жатса,  екінші  ұшы  шығарманың 

мазмұны мен тақырыбына тілін сай етіп ұсыну шеберлігінде 

жатады.  Жоғарыда  талданған  материалдың  бәрі  –  шығарма 

тілінің әсемдігін танытатын, көріктеу элементтерін көрсететін 

фактілер.  Ал  енді  шығарманың  стильдік  астарына  қатысты 

шеберлікке  келсек,  Абай  қаламына  мұны  да  тели  аламыз. 

Тегі,  Абайдың  тілдік  интуициясы  өте  күшті  болғаны  даусыз 

сезіледі.  Ол  тек  қай  сөзді  қай  жерге  жұмсауды,  қай  сөзбен 

қайсысын  тіркестіруді,  сөз  мағынасын  қай  тұста  қалайша 

құбылтуға болатынын біліп қана қоймаған, сонымен қатар тіл 

құдіретін (мүмкіншілігін) бар ішкі жан дүниесімен сезе білген. 

Сондықтан  мазмұн  мен  түр  сәйкестігі  тек  жеке  сөздерге  не 



192

тіркестерге келгенде ғана емес, тұтас шығармаға келгенде де 

қажет екенін де жақсы білген. Бұл әсіресе прозалық туындыла-

рында айқын көзге түседі.

46 шығарманың басым көпшілігі, жоғарыда айттық, көркем 

публицистикалық жанрдың үлгілерін танытады, оны «көркем» 

деп отырғанымыз – біраз «Сөздің» роман, повестердің кейіп- 

керлерінің монологі іспетте келгендігі. Сондықтан бұлар таза 

қазақ  әдеби  тілінде  жазылған,  оның  жаңа  бір  саласы  –  пу-

блицистика  стилін  танытады.  Бұларда  «кітаби  тіл»  аталған 

ортаазиялық  жазба  дәстүрдің  –  шағатай  тілінің  элементтері 

жоқ, керісінше, қазақтың шешен, ойлы, зерделі адамының сөз 

саптауына тән белгілер бар (бұл белгілерді жоғарыда жеке-же-

ке талдап көрсеттік).

Ал Абайдың екі шығармасы көркем публицистика үлгісінен 

өзгерек стильде ұсынылғаны бұлардың тақырыбы мен баяндау 

мәнерінен көрінеді. Ол шығармалардың бірі – 38 сөз деп атала-

тыны да, екіншісі – «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны тура-

лы» деген ең соңғы шығармасы.

Абай  мұрасы  қолжазба  түрінде  таралып,  сақталған  кез-

де 38-сөз «Ғақлийат тасдиқат» деген атпен өзге «Сөздерден» 

бөлек  көшіріліп  келген.  Мұның  бір  сыры  болу  керек.  Бұл  – 

Абай  «Қара  сөздерінің»  ішіндегі  көлемі  жағынан  ең  үлкені, 

тақырыбы мен адресаттары (оқушылары) жағынан да өзге ту-

ындыларынан бөлектеу тұрғаны. Сірә, бұл шығармасын Абай 

қазақ  балаларының  мұсылманша  сауатын  ашатын  орындар-

да  (молдаларда,  мектеп,  медреселерде)  ислам  діні  негіздерін 

дұрыс  түсініп,  білулеріне  көмектесетін  құрал  ретінде  ұсы- 

нғысы  келген  болар  деген  ой  келеді.  Уәсила  Абайқызының 

жоғарыда  келтірген  естелігі  де,  осы  шығарманың  мазмұны 

мен  стилі  де,  бөлек  көшірілуі  де  бізді  осындай  болжамға 

итермелейді. Мұнда автор дін тақырыптарына қатысты өзінің 

түсінік-танымдарын  және  жалпы  мораль  жайындағы  ой-

толғамдарын сөз етеді, иманды уағыздайтын, бірақ оны теріс 

түсіндіретін  дін  адамдарын  сынай  отырып,  хүкім  шариғатын 

түсіндіреді.  Демек,  Абайдың  бұл  шығармасын  теологиялық 

әдебиеттің қазақ тіліндегі алғашқы үлгілерінің бірі деуге бола-

ды. Теология – Құдай туралы ілім болса, бұл ілімді сөз ететін 



193

әдебиет  түрлерін  белгілі  бір  дінді  ұстаған  халықтардың  өз 

ана  тілдерінде  жасап  алу  қажеттігі  әрдайым  сезіліп  отырған, 

өйткені  ұстанып  отырған  діннің  канондарын  (заң  ретінде 

ұсынылған ереже-қағидаларын) жақсы білген күнде ғана руха-

ни өмірінің қажеттігін өтейтін құрал етіп пайдалануға болаты-

ны белгілі. Осы себептен XIX ғасырдың II жартысынан бастап 

таза  қазақ  тілінде  ислам  діні  қағидаларын  уағыздайтын,  ол 

үшін сол ережелерді азды-көпті түсіндіретін әдебиет үлгілерін 

жасау әрекеті пайда болды. Бұл қажеттікті өмірдің өзі ұсынды.

Ыбырай  Алтынсарин  1884  жылы  Қазанда  шыққан  «Шари 

‘ат  ул-ислам»  атты  шағын  еңбегін  жазуда  өзі  аштырған 

азаматтық мектептерде міндетті түрде өтілетін дін сабағында 

оқушыларға (қазақ балаларына) ислам дінінің негізгі заңдарын 

ана  тілдерінде  түсіндіру  мақсатын  көздеген.  Ыбырайдың  өз 

сөзімен айтқанда, «кәләм шари’ат һәм үлкен ғылым кітаптар 

ғараб  тілінде  жазылулы»  болғандықтан,  оны  көп  «қара 

халық» түсінбейтіндіктен, бірақ «ғарабтан басқа тілмен намаз 

оқығандардың иман болуы да дұрыс» болғандықтан, «Шари’ат 

ул-исламды»  жазғанын  білеміз.  Зерттеушілердің  талдауына 

қарағанда, Ыбырай Алтынсарин осы кітапшасы арқылы қазақ 

тілінде  теология  саласында  жазуға  болатындығын  танытқан, 

яғни «Шари ‘ат ул-исламның» арқауы – қазақ тілі, қазақ лекси-

касы мен грамматикасы екенін көрсетеді

50

.

Ал  Абайдың  38-сөзін  жазудағы  мақсаты  мұндай  нақты 



практикалық  болу-болмауы  жөнінде  өз  пікірімізді  жоғарыда 

айттық.  Дегенмен  қайткен  күнде  де  «жүрегінің  қуаты  – 

перзенттеріне адам ұғлының мінездері туралы» ойларын жазу-

ды көздеп, ол әңгіменің негізіне «Алла тағаланы танымақты» 

алады,  өйткені  «Алланы  танымақтық  –  дүниені  тану,  адам 

өзін  тану,  адамшылықты  жетілдіру,  Алланың  бір  сипаты  – 

ғылым-білімді тану» деп бастаған автор әрі қарай «иманның 

хақиқатын»  сөз  етеді, Алла  тағаланың  сегіз  сипатын  атайды, 

ол  сипаттарды  айырып  білу  керек  дейді,  сол  сегіз  сипаттың 

екеуі  –  ғылым  мен  құдіретті  түсіндіреді,  оларды  кеңінен  сөз 

етеді. Одан әрі қарай ислам дінінің дұрыс түсіндірілуге тиісті 

50

 Әбілқасымов Б. XIX ғ. II жартысындағы қазақ әдеби тілі. - Алматы, 1982. - 87-

92-б.


194

канондарын «бұл заманның молдалары мен ишандары өздері 

дұрыс  түсінбейтінін,  өзгелерге  дұрыс  түсіндірмейтінін  ай-

тып, сондықтан олар «хаким атына дұспан» дей келіп, «Құдай 

тағаланың ниһаятсыз» (шексіз, өлшеусіз) жолында жүруді өзіне 

шарт қылған адамның қандай қылғанда «таза мұсылман, толық 

адам»  болатынын  айтады.  Күллі  адам  баласын  қор  қылатын 

үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі 

– еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білесің» деп көрсетіп 

алып,  надандық  білім-ғылымның  жоқтығынан  болатынын, 

еріншектіктің  дүниедегі  күллі  өнердің,  ал  залымдық  –  адам 

баласының дұшпаны екендігін айтады. Осылардың баршасын 

айтып-айтып келіп, бұл үлкен әңгімесін – көлемді шығармасын: 

«Жә, бұл сөзден не ғибратлендік?!» – деп бітіреді, яғни осында 

айтылғандардан не түйесің, менің бұл жазғандарым өзіңе пай-

далы (ғибрат алатын, ғибратленетін) ой сала ма? дейді.

«Тыңдаушымды  ұқыпсыз  қылып  Тәңірім  берген-ді»  деп 

шағынған  Абайдың  «бұл  сөзім  де  ұғусыз  қалды  ма,  ешкімге 

пайдасы  жоқ,  далаға  кеткен  сөз  болды  ма»  деген  күдігі  де 

жоқ емес. Мұның да, біздіңше, себебі бар. Бұл шығарма енді 

«жалпақ  жұртқа»  –  қатардағы  қарапайым  оқырманға  емес, 

олардың  белгілі  бір  тобына,  яғни  мұсылманша  оқыған,  ис-

лам діні негіздерімен таныс, оның қағидаларын білетін, дінге 

қатысты  араб  сөздерін  түсінетін,  мұсылманша  көзі  ашық 

адамдарға  арналған.  Сондықтан  тілге  келгенде  аса  сезімтал 

Абай бұл шығарманың ұсынылу мәнері (стилі) өзгеше болуы 

тиіс екенін жақсы аңғарған да өзге «Сөздерінен» бөлекшелеу 

етіп жазған. Осы «бөлекшелігім» түсініксіз болып шықты ма 

деп қауіптенуі, әрине, заңды еді.

Абайдың теологиялық әдебиет үлгісіне жататын 38-сөзінің 

публицистикалық  немесе  ғылыми  очерк  стиліндегі  өзге 

шығармаларынан  ерекшеленетін  белгілерін  көрсетуге  бола-

ды.  Жаңа  жанрдың  өзіне  тән  стильдік  көрсеткіштері  болуға 

тиісті  екендігі  даусыз.  Ол  көрсеткіштер,  негізінен,  мыналар 

деп  табамыз.  Алдымен,  мұнда  теологиялық  әдебиеттің  араб-

ша  терминдері  мен  басқа  да  сөздері  аударылмай  келтірілген. 

Абай жинағының 1940 жылғы басылымында осы шығармада 

кездесетін  179  араб  сөзіне  түсініктеме  берілген  болса,  1957 

жылғы басылымда олардың саны 187-ге шығыпты.


195

Кейбіреулерінің  қазақша  баламасын  табуға  болатынды- 

ғына  қарамастан,  оларды  арабша  келтіру  стиль  талабынан 

шығып  тұр.  Мысалы,  кәмәләт  дегенді  жетілу,  толығу  деп, 



иғтиқат  дегенді  сену,  нану  деп,  хаят  деген  терминнің  ор-

нына  тіршілік,  өмір  деп,  ағламланған  деудің  орнына  анық, 



белгілі болған деп аудару, сөз жоқ, Абайдай зергердің қолынан 

келген болар еді, бірақ оларды сол арабша түрінде алу – дін 

сөзін  сөйлеудің  өзіндік  талабы  (нормасы)  болу  керек  деген 

принциптен шығып тұр деп түйеміз. Бұл шығарманың тексінде 

тіпті  жеке  сөздер  ғана  емес,  арабша  тұтас  блоктардың:  сөз 

тіркестерінің, күрделі атаулардың, цитаталардың, кейбір хадис, 

аят аттарының қолданылуы да осы принципке бағынған. Мы-

салы: «Сіз «әмәнтү биллаһи кәмәһуа би әсмайһи уасифатиһи» 

дедіңіз...  Пайғамбарымыз  Мухаммед  Мустафа  сАллалаһү 

ғалайһи уәсәләм оның тарапынан елші екендігіне иландық...»

Діни әдебиет стилінің екінші бір белгісі – бұл шығармада 

автор  арагідік  ортаазиялық  жазба  дәстүр  –  шағатай  тілінің 

морфологиялық,  лексикалық,  орфографиялық  нормаларын 

қолданып қояды. Олар ләкин, уа ләкин, бірлән, қадар, уа, һәм 

аның  үшін  (өйткені  дегеннің  орнына)  деген  шылаулар,  олу 

(болу дегеннің орнына), әзәли (әуелден дегеннің орнына), әдәби 

(мәңгі деудің орнына) сияқты тұлғалар, өткен шақ есімшенің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет