Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

СӨЗ ҮНДЕСТІРУ

Дыбыстар гармониясы

Өлең қай тілде болмасын, ол – дыбыстар гармониясы, ды-

быс  үндестігінің,  дыбыс  ырғағының  көрінісі.  Эвфония,  яғни 

дыбыс  әуезділігі,  үн  гармониясы  өлең  жазудың  басты  шар-

ты  екенін  қазақ  әдебиеті  теориясын  сөз  еткен  ғалымдар  өз 

зерттеулерінде кеңінен дәлелдеп өтеді

34

. Ақындық өнер үшін 



ырғақтың  құпия  сырын  сөз  зергерлерінің,  оңың  ішінде  орыс 

ақындары В. Маяковскийдің, А. Блоктың қалай түсінгенін 3. 

Қабдолов әдемі баяндайды

35



Ырғақ – үндестік тудыратын қуат болса, үндестік дегеніміз 

өлең  жасайтын  сөздердің  тақта-тақта,  бунақ-бунақ,  тармақ-

тармақ болып ұйымдасуы. Бұл – бір. Екіншіден, дыбыс гармо-

ниясы сол сөздерді құрап тұрған дыбыстардың үні, ұқсастығы 

жағынан топтасуы болып табылады.

Өлең  сөздің  құрылымына  жататын  бунақ,  тармақ,  шумақ 

сияқты категорияларды талдау – өз алдына әңгіме, ол да сайып 

келгенде ақынның көркемдік кілтін ашады. Абай өлеңдерінің 

құрылысы,  ғылым  тілімен  айтсақ,  архитектоникасы  жөнінде 

3. Ахметов, 3. Қабдолов сияқты әдебиет теоретиктері кеңінен 

сөз етіп, талдады. 3. Ахметов қазақ өлеңі құрылысын зерттеген 

үлкен еңбегінің бір тарауын Абай өлеңдеріне арнаған

36



Абай өлеңдерінің құрылымдық жүйесіне, ерекшеліктеріне, 



жаңалықтарына  біз  де  ақын  өлеңдерінің  синтаксистік  құры- 

лысын талдаған еңбегімізде оқырман назарын аудартқан бола-

тынбыз

37



Ал  бұл  зерттеудегі  әңгімеміздің  арқауы  өлең  үнділігінің 

екінші  қыры  –  дыбыстар  үндесуі,  гармониясы  болмақ. 

Атап  айтқанда,  әдебиет  теориясын  сөз  етушілер  (мысалы,  

3. Қабдолов) «ажарлау» деп атаған көріктеу амалына (құралы- 

на) жататын ассонанс, аллитерация сияқты бірыңғай дауыссыз 

34

  Қабдолов  3.  Әдебиет  теориясының  негіздері.  -  Алматы,  1970.  -  263-265-б.; 



Ахметов 3. Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы, 1964. - 11-б.

35

 Қабдолов 3. Көрсетілген кітап. - 263-264-б.

36

 Ахметов 3. Казахские стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 304-366.

37

 Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы, 1970.



141

немесе дауысты дыбыстардың өлең жолында не жолдарында 

(микро не макро-тексте) қайталануына, сондай-ақ өлең жолын-

да  түбірлес  сөздердің  қолданылуына  қатысты  дыбыстар  гар- 

мониясын талдаймыз.

Абай поэзиясы тіліндегі дыбыс гармониясы туралы тұңғыш 

рет 1934 жылы сөз еткен ғалымдар Е. Ысмайылов пен 3. Шаш- 

киндер  болатын.  Олар  «Абайдың  поэтикасы»  атты  ортақ 

мақаласында «Дауыс ырғағы туралы» деген тақырыпша қойып, 

Абай  өлеңдеріндегі  аллитерация,  эпифораларды  көрсетеді 

38



Бұл мақалада: Абай «Күз» деген өлеңінде күзгі желді, ызыңды 



білдіретін сөз дыбыстарын жиі келтіреді, ал «Өзгеге, көңілім, 

тоярсың»  тарығып,  қысылып  жазылған  өлең  болғандықтан, 

мұнда  «сарнаған  дауысты»  н,  м,  ң  дыбыстары  көп  дейді, 

«Қыс» өлеңінде ақ, ашық түсті беретін а дыбысы көп дегенді 

айтады

39

 Әрине, бұл танымда субъективтік сипат бар екендігіне 



қарамастан,  дыбыстың  стильдік  қызмет  атқаруы  және  образ 

жасауға  қатысы  туралы  қазақ  филологиясында  тұңғыш  рет 

мәселе қойылғанын атаймыз. Сөз жоқ, поэзия тіліндегі дыбы-

стар үні, гармониясы тек өлең біткенге тән дауыс ырғағының 

(ритмиканың) ғана белгісі болып қоймайды, оның көркемдік-

бейнелеуіштік жүкті де арқалайтындығын кез келген ақыннан 

табуға болады. Ал бұл ретте Абай поэзиясының тіліне үңілудің 

үлкен мәні де, қажеттігі де бар.

Көріктеу құралы ретінде үн гармониясын туғызатын тәсіл- 

дердің бірі – аллитерация мен ассонанс. Аллитерация микро- 

тексті  бірыңғай  (бірдей  немесе  ұқсас)  дауыссыз  дыбыстары 

қайталанып келетін сөздермен құру болса, ассонанс бірыңғай 

дауысты дыбыстарды қайталап келтіруде қолданылатын тәсіл 

болып табылады. Бұл – белгілі жайт.

Егер ырғақ (ритм) өлеңді жасайтын құрал болса, ассонанс 

пен аллитерация – өлеңді әшекейлейтін құрал. Бірақ екі топ та 

– өлең сөздің сазын, әуенін дүниеге келтіретін амалдар.

Кездесетін  орындарына  қарай  дыбыстар  гармониясын 

дыбыстардың  өлең  жолының  басында  келетін  және  қатар 

38

 Ысмайылов Е., Шашкин 3. Абайдың поэтикасы // Әдебиет майданы. - 1934. - № 

11-12. - 111-112-б.

39

 Сонда. - 112-б.



142

тұрған сөздердің өн бойында кездесетін біркелкілігі деп бөліп 

қарастыруға  болады.  Өлеңнің,  кемінде  қатар  келген  үш-төрт 

жолының  бір  не  біркелкі  дыбыстан  басталуын  біз  аллите- 

рацияға  (не  ассонансқа)  құрылған  дыбыстық  анафора  деп 

санағанды жөн көреміз. Ал анафора дегеніміз – қатар түзілген 

өлең жолдарының біркелкі басталуы. Өлең жолдары біркелкі 

дыбыстардан  немесе  біркелкі  буындардан  да  басталуы 

мүмкін,  ол  дыбыстық  немесе  фонетикалық  анафора  болып 

шығады.  Анафораның  лексикалық  деп  аталатын  түріне  өлең 

жолдарының  бір  сөздің  қайталап  келуінен  басталуы  аталса, 

синтаксистік  түрі  деп  өлең  жолдарының  ұқсас  параллельдік 

құрылымдар болып айтылуы аталады. Сондай-ақ анафораның 

шумақтық деп аталатын түрі де болады, бұл жағдайда өлеңнің 

әр шумағы немесе әр шоғыры бір тармақтың қайталап келуінен 

басталады.



Аллитерация мен ассонанс 

Қазақ  поэзиясы  өзінің  қай  жанрында  да,  қай  дәуірде  де 

өлең  үні  гармониясының  барлық  түрін  көріктеудің  пәрменді 

құралдарының  бірі  деп  қолданып  келген.  Оның  ішінде  әуелі 

дыбыстық  анафораға  келсек,  бұл  құбылысты  қазақ  ауыз 

әдебиеті  үлгілерінен  де,  авторлы  әдебиет  туындыларынан  да 

молынан таба аламыз.

Өлеңнің ең кем дегенде үш-төрт жолы қатарынан бір дыбы-

стан, дәлірек айтсақ, біркелкі буыннан басталатын сөздермен 

келгенде, дыбыстар гармониясы жақсы байқалады. Мұндайда 

кейде үн сазын жағымды етіп келтірумен қатар, өзге де стильдік 

мақсаттар көзделуі мүмкін. Мысалы, «Қобыланды» жырында 

батырдың анасы аттанып бара жатқан баласының амандығын 

тілеп, жалбарынған сөздері:



Қамбар, өзің қолдасаң, 

Қолдамайтын кім бар-ай! 

Қазанға қайдан жол қылдың, 

Қараман деген заңғар-ай? 

Қала қоймас Бурыл ат 

Қатар шапқан жарыстан, – 

143

деп келеді. Мұндағы өлеңнің алты жолының қ деген дауыссыз-

дан, дәлірек айтсақ, қам, қол, қа деген буындардан басталып 

тұруы осы жолдардың алдындағы:

Көл иесі Қамбар-ай, 

Шөл иесі Қамбар-ай!–

деген  «ие»  аты  Қамбар  сөзімен  үндес  етіп  тұр.  Міне,  бұл  – 

енді белгілі бір негізі, дәлелі бар қолданыс, яғни бұл жердегі 

аллитерациялық анафора образ жасау мүддесін көздеген деуге 

болады.


Өлең  жолдарының  біркелкі  дыбыстан  басталуы  XV-

XVII  ғасыр  ақын-жырауларында  тіпті  жиі  кездеседі.  Бұларда 

өлеңнің  қатар  келген  төрт-бес  жолында  ассонанс  немесе 

аллитерацияның қолданылуы – кәнігі амал. Мысалы, XV ғасыр 

жырауы Қазтуған өзінің «ақ ала ордасы қонған жұртын»:

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер. 

Жатып қалған бір тоқты 

Жайылып мың қой болған жер. 

Жарлысы мен байы тек, 

Жабысы мен тайы тең

Жары менен сайы тең, 

Ботташығы бұзаудай 

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған, 

Бақасы қойдай шулаған...– 

деп  жырлайды.  Мұнда  жырау  ж  мен  б  дыбыстарын  «ойна-

тады».  Бұл  жерде  образ  жасайтын  стильдік  мақсаттан  гөрі, 

өлеңнің үнділігі, дыбыстық әсері көзделген деуге болады.

Қатарынан  төрт-бес  жолы  аллитерация  немесе  ассонан-

спен  келген  өлең-толғаулар  XV-XVI  ғасырларда  жасап  өткен 

Асанқайғыда  да,  Доспамбетте  де,  Шалкиізде  де  баршылық. 

Асанқайғыдан:



Ойыл деген ойыңды

Орын тапсаң тойынды. 

Ойыл көздің жасы еді, 

Ойылда кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің... 

144

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген. 

Екі семсер қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген 

Еділ деген қиянға

Еңкейіп келдің тар жерге... –

деген жолдарды оқысақ, мұнда бабамыз о мен е дауысты ды-

быстарын  ассонанстық  анафораға  жегіп,  жырдың  құлаққа 

жағымды әуенін тапқан. Доспамбет те а, қ, т, ж дыбыстары-

нан басталған сөздерді қатар тұрған өлең жолдарында келтіріп, 

қазақ сөздерінің дыбыс үнділігін әдемі берген:



Жара бір қатты, жан тәтті, 

Жара аузына қан қатты.

Жарықшылар жоқ па екен, 

Жармай білте саларға. 

Жағдайсыз жаман қалып барамын 

Жанымда бір туғанның жоғынан...

Немесе:


Тоғай, тоғай, тоғай су, 

Тоғай қондым – өкінбен. 

Толғамалы ала балта қолға алып, 

Топ бастадым – өкінбен.

Тобыршығы биік жай салып,

Дұшпан аттым – өкінбен...

Шалкиіздің  толғауларынан  да  үш-төрт  жолдың  басы 

қатарынан  бірдей  дыбыстан  басталатын  сөздермен  келетін 

тұстарын оңай табуға болады.

XV-XVII  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясының  тармақ  басын- 

дағы ассонанс пен аллитерацияға құрылған анафораға кеңірек 

баруына өлеңнің оқуға емес, тыңдауға арналғандығы да себеп-

кер болса керек. Бұл – бір жағынан, екіншіден, аталған кезеңде 

ертедегі  түркі  поэзиясының  жасалу  техникасында  дыбыс 

ырғағының көбірек сақталғандығынан болар. Зерттеушілердің 

айтуларына қарағанда, көне түркі поэзиясындағы өлең құры- 

лысы аллитерацияға иек артқан, ол әрі ұйқас, әрі шумақ құрау- 

шы  қызмет  атқарған

40

.  Бұл  жерде  әңгіме  көне  түркі  поэзия- 



40

 Стеблева И. В. Развитие тюркских поэтичеоких форм в XI в. - М., 1971. - С. 88.

145

сындағы  (мысалы,  Күлтегін  ескерткішіндегі  немесе  Махмұт 

Қашғари келтірген өлең жолдарындағы) аллитерация жайын-

да, яғни тармақтардың, кейде тіпті тұтас шумақтардың өн бой-

ында біркелкі дыбыстардың қайталап отыруы туралы. Мыса-

лы, Күлтегінге арналған үлкен жазбадағы:



Қаған ат бунта біз біртіміз 

Сіңлім кунчуйуп біртіміз 

Өзі йаңулту, қағаны өлті, 

Будуны куң кул болты, –

деген жолдарға көңіл аударыңыз (біз бұл шағын тексті қазіргі 

оқырманға  қолайлырақ  болсын  деп,  латын  әріптерімен  емес, 

осы күнгі графикамызбен бердік). Мұнда қ, б, ө дыбыстарының 

кайталап келуі осы микротексті өлең іспеттес үнді құрылымға 

айналдырып тұр.

Өлең  құрастырудағы  көне  түркілік  басқы  ұйқас  немесе  

тармақ  ішіндегі  дауыссыздар  біркелкілігі  (аллитерация) 

сияқты  амал  қазақтың  ақын-жыраулар  поэзиясында  көпке 

дейін  сақталып  келгенін  айта  аламыз.  Сірә,  бұл  жерде  біз 

түркі  поэзиясының  аллитерациялық  жүйесі  орта  ғасырларда 

мұсылман  мәдениеті  күшті  әсер  етпеген  ортада,  айталық, 

қазақтарда қолданыстан көп ығыспағаны байқалады, яғни араб, 

парсы поэзиясының аруз деп аталатын өлең өлшемінің түркі 

жазба поэзиясына әсер еткеніндей, қазақтың төл халықтық по-

эзиясына ықпалын тигізбегенін зерттеушілер көрсетіп келеді, 

оның есесіне түркінің поэтикалық көне тәсілдері ізін суытпай 

келгені айтылады.

Аллитерация мен ассонанс сияқты дыбыс үнділігін, әрине, 

тек  ауыз  әдебиеті  мен  ауызша  тараған  ақын-жыраулар  туын- 

дыларының  көріктеу  тәсілі  деуге  болмайды.  Эвфония  қарас- 

тыратын дыбыстық қайталаулардың қай-қай түрі де: аллитера-

ция, ассонанс, анафора, эпифора, ұйқас, ырғақ көркем сөзде, 

әсіресе өлең сөзде белгілі бір әсер туғызатын, яғни эмоциялық 

бояу үстейтін стильдік тәсіл болса, оларды қай дәуірдің сөзгері 

болса да қолданбай отырмайды. 

Қазақ  көркем  сөзіне  дыбыс  сазының,  үн  гармониясының 

бірден көзге түсетіні де, ең жиі кездесетіні де, сөз басындағы 

дыбыстардың  біркелкі  болып  келетіндері.  «Біркелкі»  деген-


146

де  тек  бір  дыбыстың  қайталануын  ғана  емес,  қатар  тұрған 

сөздердің басында не ішінде үнімен табиғаты жағынан ұқсас 

дыбыстардың  қайталап  келуін  де  түсіну  керек. Ол  ұқсас  ды-

быстар: т-д, с- ш- з, б-п, қ-к, ғ- г, а-ә, ұ-ү, ы- і, о-ө сияқтылар. 

Мысалы,  Абайдың  Түзу  кел,  қисық,  қыңыр,  қырын  келмей 

деген  өлең  жолында  қ-к  дыбыстарынан  басталатын  сөздер 

шоғырланған.

Аллитерация  мен  ассонанс  тәсілі  тек  өлеңнің  музыкалы,  

үнді болып шығуы үшін ғана емес, белгілі бір стильдік мақ- 

сатпен  де  қолданылады,  олар  экспрессивтік  жүк  арқалап 

тұруы мүмкін. Мысалы, Мұхтар Әуезов сияқты сөз құдіретін 

көрсете  білген  шебер  жазушы  «Қарагөз»  трагедиясында  Сы-

рым  «Қарагөз  ғашықтық  дертінен  жынданыпты»  дегенді 

естігенде айтқан монологін бергенде, тексті аллитерация мен  

ассонансқа  құрады,  оларды  кейіпкердің  жан  дүниесін  көрсе- 

туге жұмсайды, Сырымның сүйгенінен айырған күшке деген 

лағынетін,  Қарагөзге  деген  асқақ  сезімін  білдіруге  пайдала-

нады: Сырым мен Қарагөздің қосылуына олардың бір рудың 

жеті атаға жетпейтін Өсер деген бұтағынан туғандығы бөгет 

болған,  екеуі  де  алты  атадан  қосылатын  Өсерден  өрбігендік- 

тен, бір-бірін сүюге де, қосылуға да құқықтары жоқ, шариғат 

қосса  да,  ата-баба  заңы  қоспайды,  сондықтан  Сырым  осы 

заңға лағынет айтады, оған Өсер деген ата атауы сол заңның 

өзі болып түрпідей естіледі: Лағынет, лағынет болсын саған, 

Өсер аулы! Өсер... Өсер... Не есер? Тек зұлымдық өсер нөсер 

болып сенен. Сор өсер, ар өшер!.. Өскенде тек зар өсер, өсер 

сенің  лағынет  табаның  астында!  Монологтің  бұл  тұсында 

Сырым  с,  з  дыбыстарын  сөз  сайын  дерлік  келтіріп,  іштегі 

суылдап кернеген ызасын, тістенген кегін үнмен (с, р дыбы-

старын үздіксіз қайталаумен) білдірсе, осы монологті: Кегім, 

кегім, Қарагөзім! Аяулы ару ардақтарым! Арнадым саған сол 

әділ  ашу-кегімді!...–  деп  аяқтайды.  Мұнда  енді  аллитерация 

мен ассонансты жасайтын дыбыс үндері өзгерген: к-мен кел-

ген аллитерация Қарагөз деген арнау сөзге екпін түсіру үшін 

жұмсалған, ал а, ө дыбыстарының сөз бастарында қайталануы 

өзгеше бір үнді, айталық, махаббатына деген адалдығын, сертін 

білдіруге «көмектесіп» тұрғанға ұқсайды.



147

Енді  Абай  өлеңдерінің  үніне  оралайық.  Абай  өлең  құры- 

лысында  эвфонияға,  үн  гармониясына  қатты  назар  аударған. 

Өзі де сөз өнерін жақсы сезген, өлең текстеріне ән шығарған 

композитор  Абайдың  құлақтан  кіріп,  бойды  алатын,  жақсы 

ән мен тәтті күйге, жалпы үн жарастығына көңіл қойып, мән 

бермеуі мүмкін емес. «Көңілім әнді ұғады, жүрегім бойды жы-

лытып» деп, әнді, музыканы ерекше атап, оған арнайы өлеңдер 

шығаруы да тегін емес. 

Ұлы  ақынның  өлеңді,  поэзияны  тақырып  еткен  туынды-

ларымен  қатар,  әнді  (қазақтың  халықтық  тілінде  де,  тіпті 

Абайдың өзі де әнді кейде «өлең» деп атайды), ән салуды сөз 

еткен шығармалары бар екенін білеміз. Әнге, яғни сазды өлең- 

ге және жалпы поэзияға бір емес, алты туындысын арнағанын 

ақын  өзі  де  айтады:  «Білімдіден  аяман  сөздің  майын,  Алты 

өлеңмен білдірдім әннің жайын»Дегенмен өлең тексінсіз ән 

айту болмайтындықтан, поэзияны да, сазды өнерді де «өлең» 

деп қосып жібергені сияқты, «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» 

деп басталатын шығармасын ақын «туғанда дүние есігін аша-

тын»,  яғни  «бала  туса,  шілдехана  күзетіп  айтылатын»,  адам 

денесі жер қойнына кіргенде дауысталатын жоқтау өлең сияқты 

сазды  өлең,  ән-өлең,  ән  салу  туралы  бастап,  поэзияға,  оның 

қоғам өміріндегі орнына, өзіне дейінгі кейбір ақындарға деген 

көзқарасымен аяқтайды. Демек, Абай поэзияны да ән сияқты 

музыкамен,  үн  сазымен  қабысып  шыққан  дүние  деп  біледі. 

Ақын танымында ән (музыка) – көңілдің көлеңкесі, ән арқылы 

көңіл  құсы  шартарапқа  құйқылжиды,  ән  ұйықтап  жатқан 

жүректі  тербеп  оятады,  сондықтан  жақсы  әнді  «ой  көзімен» 

тыңдау керек. Сол сазды өнер – әнді есті де, есер де етіп та-

нытатын  немесе  «құлақтан  кіріп,  бойды  алатын»  әуенімен 

қатар, сөзі – поэзия екенін ойшыл Абай жақсы біледі. Құр біліп 

қоймайды. Поэзияның әнмен ғана емес, сөзбен айтылғанда, не 

оқығанда құлаққа жағымды, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиюін 

талап  етеді.  Ол  үшін  өлеңнің  сөздері  бір-бірімен  үндесіп, 

әуендесіп, «сыңғырлап» тұруы қажет.

Әрине, ондай әуенді әуелі ырғақ, өлшем, ұйқас деген өлең 

шарттарының өзі туғызады, бұлар болмаса өлең де шықпаған 

болар  еді.  Сонымен  қатар  поэзия  үнділіктің,  саздылықтың, 


148

музыкалылықтың өзге де амалдарын іздейді. Ол амалдардың 

бірі, жоғарыда айтылғандай, дыбыс үндесуін көрсететін алли-

терация мен ассонанс болса, енді бірі – сөздердің, тұлғалардың 

қайталаулары  арқылы  үндестік  туғызатын  анафора,  эпифора, 

параллелизм  құбылыстары  екендігі  мәлім.  Бұлардан  басқа 

ішкі  ұйқас  дегендер  өзге  де  стильдік  қызметтерімен  қатар 

фоникалық қызметті атқарады, яғни үн жарасымын туғызады. 

Осының барлығын ұлы Абай теория жүзінде оқып білмесе де 

(ол әдебиет теориясы курсын университетте оқыған жоқ қой), 

оның «Құдай берген» ақындық қуаты өлең табиғатын тап ба-

сып,  дәл  сезінуіне  мүмкіндік  берген.  Сондықтан  Абайда  ал-

литерациямен  де,  ассонанспен  де  келген  өлең  жолдарын  жиі 

кездестіреміз.

Қазақ өлең теориясында дыбыстар үндесуінің бұл түрлерін 

көбінесе қатар келген сөздердің басқы дыбыстарының біркелкі 

болуынан  іздестіреді.  Ал  шындығында  өлеңнің  бір  жолын-

да  немесе  қатар  тұрған  жолдарында  жұмсалған  сөздердің 

тек қана басында емес, өн бойында кездесетін дыбыстардың 

біркелкілігі де ассонанстық немесе аллитерациялық құбылыс 

түзейді. Мысалы, АбайдыңСұм-сұрқия сұмдықпен еп берем 

деп, Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп деген өлең жол-

дарында  тек  с  дауыссызымен  келген  аллитерация  емес,  ұ,  ү, 



е  дауыстыларымен  берілген  ассонанс  та  орын  алып  тұр.  Не-

месе: Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың – деген өлең жо-



лында күндіз күлкің деген аллитерациямен қатар, бұл тармақ 

тұтасымен ұ, ү дауысты дыбыстарымен жасалған ассонансқа 

құрылған.  Бұл  жолдың  айтылуы,  яғни  құлаққа  естілетін  үні: 

күндүз  күлкүң  бұзұлдұ,  түндө  ұйқұң  болатынын  ескерсек, 

өлеңнің бұл жолы тұтасымен дауыстылар біркелкілігін сақтап 

жасалғанын көреміз.

Сірә, Абай өлеңдерінің құлаққа жағымды болып, «төгіліп» 

немесе  «сылдырап»  тұратын  үні  осындай  дыбыстар  гармо-

ниясына  байланысты  екенін  екінің  бірі  теория  жүзінде  біліп 

жатпағанымен,  сол  өлеңді  оқығанда  не  дауыстап  айтқанда, 

я  болмаса  құлақпен  естігенде  бейне  бір  музыкалық  дүние 

тыңдағандай әсер алады.

Абайдың кейбір өлеңдері – тұнып тұрған аллитерация мен 

ассонанс. Мысалы, «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» деп 

басталатын  өлеңінің  көп  тармақтары  аллитерациямен  беріл- 



149

ген: той болса, тон киелік, жүр баралық... күлкіні онша күйлеп 



шуламалық... салынба қылсаң дағы сан құмарлық... жарлылық, 

жалынышты жалтаң көздік... Бұл өлеңде ассонансты жолдар 

да бар: үзілмес үмітпенен бос қуардық... әйтеуір ақсақалдар 



айтпады  деп...  уайым  –  ел  қорғаны,  есі  барлық...  еһе-еһеге 

елірме, бозбалалар... Бұл келтірілген мысалдардағы аллитера-

ция мен ассонанстар үн гармониясы үдесінен шыққан.

Сондай-ақ Абай дыбыс үнділігін образ қажетіне де жа-

ратады. Әсіресе мұндайда ақын аллитерацияға құрылған 

анафораға жиі жүгінеді. Мысалы:

Самородный сары алтын

Саудасыз берсең, алмайды.

Саудыраған жезіне,

Саудырсыз сары қамқаны 

Садаға кеткір сұрайды 

Самарқанның бөзіне, –

деген өлең тармақтарында олардың бастамасы са-сау-сам де-

ген буындардан тұрған сөздермен келуі образ үдесінен шығып 

тұр.  «Патша  Құдай,  сыйындым»  деп  басталатын  бұл  шағын 

өлеңнің идеясы – ақын сөзінің құнын білмейтіндерге сын айту. 

Ал  ақын  сөзі  (өлеңі,  творчествосы)  –  ол  алтын,  жай  алтын 

емес, таза алтын, мұндағы сары сөзі парсыша «қоспасы жоқ, 

таза»  деген  сөз,  демек,  қоспасыз  таза  алтын  саналатын  өлең 

сөздің бұл бағасын одан сайын көтеріп айту үшін енді орыстың 

самородный  сөзін  келтіріп,  ақын  екі  қоянды  бір  оқпен  атып 

алып отыр: самородный және сары деген екі шет тілдік сөзді 

қатар  келтіріп,  олардың  эпитеттік  әсерін  күшейтсе,  «Құдай 

оңдағанда»  екеуі  де  аллитерация  жасайтын  бір  дыбыстан  

басталатын  сөз  болып,  өлең  жолының  үнін  ғана  келтіріп  

тұрған  жоқ,  сонымен  қатар  самородный  сары  алтын  болып 

бағаланып  тұрған  поэзияға  ой  екпінін  түсіріп,  оған  оқырман 

назарын  аударған.  Саудырсыз  сары  қамқа  деген  де  дәл  осы 

іспеттес: бұл жердегі сары – қазақтың түсті білдіретін өз сөзі, 

саудырсыз  (саудырамайтын,  яғни  үлбіреп  тұрған)  да  қамқа 

сияқты  матаның  жақсы  белгісін  білдіреді.  Мұнда  аллитер- 

ациялы екі сөз қатар келіп, әрі образды күшейтіп, әрі сөздердің 

бір  үнділігімен  олардың  эвфониялық  гармониясын  келтіріп 

тұр.

Абайда аллитерацияға құрылған дыбыстық анафора едәуір 



150

мол қолданылған. Бұған мысал болатын үлгінің бірі – қайтыс 

болған  сүйікті  інісі  Оспанды  есіне  алып  жазған  16  жолдық 

өлеңі.  Бұл  –  жоқтау  өлең  емес,  портрет  өлең,  Оспанның 

адамгершілік  портреті.  16  жол  өлең  түгелімен  ж  дыбысынан 

басталатын сөздердің жол басында келтірілуімен құрылған:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет