Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

-  сы  жұрнағымен  ондаған  жаңа  етістіктер  жасап  қолданады: 

қайраттасу,  әсемсу,  жарамсақсу,  ел  керексу,  жер  тәңірісу, 

еңбегі жоқ еркесу т. т. Бұлар – Абайдан басқалардың тілінде 

жоқ сөздер.

Сірә, көркем шығарма тіліндегі лексикалық неологизмдер- 

дің қолданысында да стильдік мақсат көзделуі мүмкін. Демек, 

кейде бұл жаңа сөздердің жалпы тілдік немесе жеке авторлық 

қолданыстар  екенін  айыру  да  қиын.  Әдетте  лексикалық  не-

ологизмдер әдеби тілге еніп, жалпыхалықтық нормаға айнал-

са, авторлық неологизмдер тек сол контексте ғана орын алып, 

көбінесе бірқолданар сөздердің қатарында тұрады.

Абай  тіліндегі  жоғарыда  көрсетілген  жаңа  туынды  тұл- 

ғалардың көпшілігі жалпы әдеби тілде қолданылу мүмкінші- 

ліктері  бар  сөздер  (ғылымда  оларды  потенциалды  сөздер 

дейді)  болғанмен,  кейін  белгілі  бір  номинативтік  мағынада 

жалпыхалықтық тіл қорына көшпеді.

Зерттеу  желісіне  орай  қайталап  айтатынымыз  Абай  өлең- 

дерінің  негізгі  тақырыбы  –  адам,  оның  психологиялық  күйі, 

қимыл-харекеті,  ішкі,  сыртқы  портреті  екендігі.  Бұл  тақы- 

рыптарды Абай бұрынғы ақын-жырауларша жалпы констата-

ция немесе сол адамға қарата айтылған дидактикалық үгіт-ақыл 

түрінде  қозғамайды,  ол  адамның  сын-сипат,  іс-әрекеттерін 

нақты суреттейді, әр іс-қимыл, мінез-құлықты жеке-жеке дәл 

атау  түрінде  жырлайды.  Сондықтан  адамның  психологиялық 



75

күйін  білдіретін  сөздерді  өлең  тіліне  молынан  енгізеді.  Бұл 

–  өзіне  дейінгі  қазақ  поэзиясында  көзге  түспеген  құбылыс. 

Мысалы,  сүйіскен  жастардың  ішкі  көңіл  күйлерін  суреттеу 

үшін суыну, ысыну, бос шошу, жүрегі лүпілдеп, саусағы суыну, 

иықтары тиісу, көздері төмендеу сияқты сөздерді өлең тіліне 

қосады. Бұлар – нақты сурет беретін сөздер.

Абай  поэзиясында  жалпы  толғаныспен  қатар,  нақты  кар-

тинаны  берудің  де  кеңінен  орын  алуы  тағы  да  оның  шы- 

ғармашылық  ерекшелігі  болса,  мұның  тілдегі  көрінісі  нақты 

қимыл-қозғалысты,  іс-әрекетті,  сын-сипатты  білдіретін  сөз- 

дерді  өлең  тіліне  еркін  енгізуі  болып  табылады.  Мысалы, 

«Аттың сыны» деп өзіміз ат қойып жүрген «Шоқпардай кекілі 

бар,  қамыс  құлақ»  деп  басталатын  өлеңіндегі  жылқының  ке- 

кілі  мен  құлағынан  бастап  көтендігіне  шейін  бүкіл  сыртқы  

түр-тұрпатын атайтын сөздердің шоғырымен келуі осы өлең- 

нің  мазмұны  мен  стиліне  сай  болып  тұр.  Немесе  құс  салып, 

ит жүгірткен аңшылық туралы «Қансонарда бүркітші шығады 

аңға»  деп  басталатын  өлеңіндегі  бүркіттің  түлкіге  түскен  

картинасын,  құсына  мәз  болған  аңшының  «сілке  киіп  ты- 

мақты, насыбайды бір атып» көңілі жайланған пішінін бейне 

қылқаламмен салған суреттей көз алдымызға елестетеміз. Де-

мек,  мұнда  да  бүркітші,  аңшы,  қағушы,  қыран  құс,  томаға, 



түлкі және аузын ашып қорқақтау, тісін қайрау, қанат, құй- 

рық  суылдау  деген  сөздер  өздерінің  тура  номинатив  мағы- 

насында өлеңге қатыстырылады. Бұрынғы қазақ поэзиясында 

мұндай  сөздер  көбінесе  образ  үшін  алынатын-ды.  Мысалы,  

Махамбет:  «Мен  ақ  сұңқар  құстың  сойымын»  немесе  «то- 



мағалы  сұңқар  мен  едім»  десе,  мұндағы  ақ  сұңқар,  томаға 

сөздері  сол  құсты,  оның  томағасын  суреттеу  үшін  емес, 

кейіпкердің портреті үшін қолданылған.

Бұрынғы  қазақ  поэзиясы  тіліне  тұрмыстық  сөздер  өздері- 

нің тура мағынасында келіп, белгілі заттарды атау үшін емес, 

образ үшін қолданылатын болса, Абай да бұл тәсілмен қатар, 

тұрмыстық қарапайым (экспрессивтік бояуы жоқ) сөздерді өз 

мағынасында  жұмсау  кеңінен  орын  алады.  Мысалы,  Бұқар 

жырау  «Керей,  қайда  барасың?»  деп,  бұл  руға  «сен  бұзау 

терісі шөншіксің, мен өгіз терісі талыспын» дегенінде ыдыс-



76

аяқ атаулары болып табылатын талыс, шөншік сөздерін қол- 

данғанда,  әңгіме  осы  ыдыстар  туралы  емес,  сол  ыдыстарға 

теңеп көрсеткен әлді, әлсіз (үлкен, кіші – көп, аз) рулар тура-

лы болып тұр: керей, сен бұзау терісінен жасалған кішкентай 

шөншік  сияқтысың  сенімен  белдесіп  отырған  мен  –  арғын 

зормын,  өгіз  терісінен  жасалған  талыстаймын  деп  тұр.  Ал 

Абай  болса,  қыстың  басындағы  қазақ  аулының  көрінісін  бе-

руде  кедейдің  қатыны  тоңған  иін  жылытып,  тонын  илеп, 

бүрсең қағып шекпен тігер дейді, мұнда и де, тон да, шекпен 

де өздерінің тура мағынасында келіп тұр, өйткені бұл жердегі 

әңгіме  –  осылардың  өздері  туралы,  дәлірек  айтсақ,  терінің 

иін  жібітіп,  тонын  илеп,  одан  шекпен  тігіп  отырған  кедей 

сорлының үй іші көрінісі. Сол көріністі беру арқылы ақын қазақ 

аулының  әлеуметтік  топтарының  өз  заманындағы  хал-күйін 

суреттейді. Мұндай мысалдардың бірнешеуін келтіруге бола-

ды.  Тұрмыстық  сөздердің  поэзия  тілінде  тура  мағынасында 

жұмсалуы  –  өлеңнің  тақырыбына,  сол  тақырыпты  толғау 

мәнеріне, шығарманың жанрлық сипатына тікелей байланысты 

екенін Абай шығармашылығы айқын көрсетеді. 

Әдетте  ақын  бір  нәрсені  баяндамайды,  суреттейді  дейміз. 

«Қараша,  желтоқсан  мен  сол  бір-екі  ай»  деп  басталатын 

өлеңінде Абай  қыстың басы, күздің  жуан  ортасындағы қазақ 

аулын суреттейді, ол сурет үшін сол ауылдағы бай мен кедейдің 

тұрмыс күйін көз алдымызға елестетеді. Ақын мақсаты – ай-

наласы киіз тұтқан бай үйінің жылы екенін, отыны жоқ кедей 

үйінде жас баласы мен кемпір-шалы тоңып, «талтайып, отқа 

қақтана алмайтынын» баяндау емес, соларды суреттеу арқылы 

өзі  таныған  әлеуметтік  теңсіздікті  көрсетіп,  қазақ  халқының 

қалың бұқарасының сол кездегі кешіп отырған күй-халіне деген 

күйінішін айту, ақын ретінде әлеуметтік үнін білдіру. Бұл үнді 

естіртуде енді бұрынғы ақын-жырауларша фактіні констатаци-

ялау (барын көрсету) және жалпы насихат-ақыл стилін қолдану 

– Абай үшін қол емес, «сөзі түзелген», яғни ақындық идеяны 

білдірудің жаңа тәсілін ұсынған Абай сөз қолданыстың жаңа 

амалдарына барады: бай мен кедей тұрмысының нақты карти-

насын  беру  арқылы  әлеуметтік  диссонансты  (кереғарлықты) 

көрсетеді, ал тұрмыстың нақты суреті «тұрмыстық» сөздерді 



77

өз мағынасында жұмсауды қажет етеді. Міне, сырт қарағанда, 

Абай тіліндегі ет (ет әпер деп жалшы баласынын шешесіне 

қыңқылдағаны), бұрқылдаған самаурын, салтанатты байлардың 

астына төселген кілем, енесіне иірткен шуда жіп, кемік сүйек, 

сорпа-су тт. сөздер әдетте өлеңге қатысуға «правосы жоқ» бо-

лып көрінгенмен, Абай қолданысында өз орындарында тұрған 

және қажетті дүниелер болып тұр. Сөз таңдаудың бұл ретінде 

де Абай біліктілік танытқан.

Ақын  «қара  дүрсіндеу»  тұрмыстық  сөздер  түгіл,  «дөрекі- 

леу» ауызекі тіл элементтерін қолдануға барады. Проф. Құдай- 

берген  Жұбановтың  сөзімен  айтқанда,  «суретті  ойдағыдай 

күшейтіп  жіберетін  болса,  Абай  [сөздің]  ондай-мұндай  ерсі- 

лігіне,  әдепке  шеттігіне  де  қарамайды».  Сондықтан  Абайдай  

сөз  шеберінің  қазақтың  поэзия  тілін  асқақтата,  қазақ  сөзінің 

небір асылын жарқырата ұсынған ақынның тілінен жағымсыз 

қимыл  атаулары  болып  келетін  тарқылдау,  барқылдау,  сал-



пылдау,  бұртаңдау,  бүксіту,  бықсыту,  қоқсыту,  былшылдау, 

далақтау,  жыртақтау,  тоңқаңдау,  шертию  сияқты  етістік- 

тердің  немесе  қыртың,  тыртың,  қиқым  сияқты  «сұрықсыз» 

мағынадағы сөздердің бір өлеңде я болмаса өлеңнің бір бөлі- 

гінде  шоғырымен  қолданылуы  былай  тұрсын,  тіпті  әйелге 

қарата айтылатын қаншық сөзін де, боқ, көт сөздерін де кез- 

дестіреміз.

Сырт  қарағанда,  мұндай  сөздер  поэзия  тілін  «тәтті»  етіп 

тұрған  жоқ  сияқты,  күлтесі  көз  тартатын  раушан  гүлінің 

сабағына біткен тікенектерге ұқсайды. Сірә, раушан гүлі жа-

рып  шығып,  құлпыруы  үшін  табиғат  шіркін  тікенектерді  де 

керек етіп жаратқаны сияқты өлең тілі тұтасымен көңіл толты-

ру үшін поэзия табиғаты керек жерінде «ащы-тәтті» сөздерді 

шебер қолдануға да баратын болар. Құлаққа түрпідей, ауызға 

қышқылдай  тиетін  мұндай  «дөрекі»  сөздердің  Абайдағы 

қолданысы  стильдік  мақсатпен  орнымен  келгендер  (ғылым 

тілімен айтқанда, мотиві-уәжі барлар) болып табылады.

Ақын  тілінің  көркемдік  құны  сұлу,  «тәтті»  сөздердің  ғана 

шоғырымен  танылмайды.  Ақын  тілін  сөз  еткенде,  көркемдік 

пен шеберлік қатар әңгіме болмаққа керек.

Ауызекі  сөйлеу  тілі  элементтерінің  Абай  өлеңдеріндегі 

көрінісі жеке сөздердің қатысуымен шектелмейді. Күнделікті 


78

тұрмыстық сөйлеу мәнері Абайдың бір-екі шумақтан тұратын 

немесе  шағын  болып  келетін  Шәріпке,  Көжекбайға,  Назарға, 

Күлембайға,  қара  қатынға,  Күйісбайға,  Дүйсенқұлға  арнаған 

өлеңдері  мен  Баймағамбет  қатынының  атынан  шығарылған 

өлеңде, «Әйелің – Медет қызы, аты Өрім», «Бөстегім, құтылдың 

ба Көтібақтан» деген экспромптарында көрінеді. Бұларда жеке 

сөздерінен бастап, айтылмақ ойды білдіру стиліне дейін ауызекі 

сөйлеу тілінің табы сезіледі. Мұндағы байға жарып көрмеген 

[қатын]... көрінген ит кетеді бір-бір сарып... шіркінде ес бол-

майды  сезет  деген...  ала  жаздай  байың  кеп  бір  жатпайды... 

бүйтіп берген балаңды берген Құдай, өзің ал... бір боқты тағы 



бас  та  және  сүрін...  сияқты  сөз  орамдары  қатар-құрбылар 

арасында  немесе  айналасындағы  жағымсыз  қылықтарына 

ренжіген,  оны  сынаған  адамның  аузынан  күнделікті  сөйлеу 

үстінде қолданылатын «дөрекілеу» сөз саптаулар.

Жалпы әдеби тіл әдетінен, одан қалды поэзия тілінен орын 

алмауға тиісті мұндай қолданыстар – көрсетілген өлеңдерде дәл 

орнымен келген, уәжді элементтер. Бұл да өлеңнің мазмұны мен 

түрінің  (тілінің)  үйлесімінен  туған,  ақын  шығармашылығын 

әр қырынан көрсететін құбылыс. Демек, Абай ауызекі сөйлеу 

тәжірибесінен  әдейі  алынған  сөз  таңдаудың  тағы  бір  үлгісін 

көрсеткен. 

Ауызекі  сөйлеу  нормасының  қарама-қарсысында  кітаби 

тілдік сөз ұсыну тұрады. Абай тұсындағы «кітаби тіл» дегеніміз 

– жоғарыда айтылған, қазақтың ескі жазба дәстүрінің жалғасы, 

ол тіл «шағатай тілі» немесе «түркі» деп аталатын ортаазиялық 

ортақ жазба дәстүрдің негізінде қалыптасқан тіл болғандықтан, 

мұның  қазақ  төл  әдеби  тілінен  өзгешеленетін  белгілері  бол-

ды. Ол белгілердің бірі – халық тіліне енбеген, көбінесе діни 

мазмұнды  немесе  абстракт  ұғым  атауы  болып  келетін  араб 

сөздерінің едәуір мол қолданылатындығы болатын. Абай өлең 

тіліне, әсіресе прозасының тіліне бұл элементтерді де таңдай 

білген.  «Шығыс  ақындарынша»  жазған  «Иүзі  раушан,  көзі 

гауһар», «Фзули, Шәмси, Сәйдали», «Әліпдек ай йүзіңе ғибрат 

еттім» деп басталатын атақты үш өлеңін былай қойғанда, таза 

«қазақы» өлеңдерінде Абай араб және парсы сөздерін белгілі 


79

бір  стильдік  мақсатпен  әдейі  таңдап  алады.  Мысалы:  «Мал 

мен бақтың кеселі ұя бұзар, Пәруардигәр жаратқан несін жан 

қып» деген өлең жолдарында өлшем үшін Құдай, Алла, Тәңірі 

деген  синонимдердің  біреуі  де  келмей,  төрт  буынды  сирек 

сөз  пәруардигәр  деген  парсы  тұлғасын  қолданылып  тұр.  Ал: 

Біріңді бірің ғиззат, құрмет етіс – деген өлең жолында құрмет 

сөзіне мағынасы жуық арабтық тұлға ғиззат (қазақша вариан-

ты  ізет)  сөзін  таңдауда  қадір-құрмет  дегеннің  бір  варианты 

ретінде ғиззат-құрмет деп беру үшін алған.

Сірә,  Абай  аса  көп  қажеті  жоқ  жерде  де  ара-тұра  араб 

сөздерін өлең тіліне енгізіп отырған, бұл – заманына берген баз 

болу керек, өйткені Абай тұсында қазақ әдеби тіліне жазба си-

пат беру үшін кітаби тілдік элементтерді пайдаланып қою шарт 

болған. Сондықтан оның «Ғылым таппай мақтанба» деп баста-

латын  өлеңіндегі:  «Жамандық  көрсең,  нәфрәтлі,  Жақсылық 

көрсен, ғибратлы» деген жолдарындағы нәфрәтлі, ғибратлы 

сөздері, «надандар баһра ала алмас» дегеніндегі баһра сөзі осы 

ыңғаймен көрінген.

Ал  ақын  өлеңдеріндегі  ғанибет,  махрұм  қалу,  иждиһат, 



михнат,  ұддасынан  шығу,  пір,  ғапыл,  махаббат,  ғадауат 

сияқты  сөздерді  сол  кезеңдегі  қазақ  әдеби  тілінің  нормасы 

деп  тану  керек.  Бұлардың  бірқатары  қазақыланған  тұлғада 

халық  тілінде  кеңінен  қолданылатындар;  ғанибет,  махрұм 



қалу, меқнат, мақұлық, үдде (үде), ғапыл  т.  т. Абай  тұсында 

мұсылманша,  сауатгы  адамдармен  қатар,  намаз  оқып,  Алла-

ны  хақ  деп  таныған  қарапайым  қазақтар  үшін  де  пір,  парыз, 

мінәжат,  рақым,  бақи,  фәни,  махшар,  тағлим  сияқты  араб, 

парсы сөздері жат болмаған. Демек, оларды таңдап алып, өлең 

тіліне қатыстыруы заңды.

Абай  өлеңдерінің  ішінде  жанры  жағынан  аса  бір  қызық 

шығармалары  «Жігіт  сөзі»  мен  «Қыз  сөзі».  Екі  өлең  де 

жастардың  бір-біріне  жазысқан  хаттары  деп  ұсынылған: 

жігіт сәл еркіндеу, қызға сен деп қарата сөйлейді, тілі де ауыл 

мырзасының  өзімсінген  стилін  (мәнерін)  танытады,  ал  қыз 

болса,  тәрбиелі,  ибалы,  сөзін  сіз  деп  бастайды,  бірақ  ол  да 

еркін  өскен  құрбысына  наз  арта  алатын  сауатты  қыз  («кірсе 



80

ішіңе, оқи бер... мұны оқыса, кім танып» деген сөздеріне назар 

аударалық), сондықтан оның хатынан бұрыннан қалыптасқан 

сабаз, баж сөздерінің кітаби тұлғаларын (шаһбаз) көреміз.

Абайдың араб сөздері біраз шоғырланған өлеңі – «Алла де-

ген сөз жеңіл» деп басталатын төрт шумақтық шағын өлеңі мен 

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңі. Алдыңғысында 

ақын Алла сөзінен бастап махаббат, тағрип, шүбә, мәужүр, 

куаһ,  хаус,  мүтәкәллимин,  мантиқин  деген  араб  сөздерін 

таңдап  жұмсайды.  Соңғы  өлеңде  мұсылман  дініне  қатысты 

ондаған араб сөзін әдейі келтіреді. Олар: амантү, уәктүбиһи, 

һаби, тағриф, әһли китаб, нәфсі, иман, тағаттахқиқ, тасдиқ, 

хақ,  руза,  намаз,  зекет,  хаж,  ғибадат,  хүснизән,  пайғамбар, 

мү’мин,құран,  тә’уилі,  нәфа,  му’мин,  бенде,  мүнафиқ,  кінә 

сияқты кейбірі қазақтың тіліне еніп, сіңіскен (Хақ, бенде, нәпсі, 



иман, ораза, намаз, зекет, пайғамбар, құран, кінә), ал кейбіреуі 

халық тіліне енбеген, мағынасы қалың жұртшылыққа түсініксіз 

сөздер. Бұларды Абайдың қолдануы тағы да стильдік мүддеден 

шығып  тұр:  «Алланың  өзі  де,  сөзі  де  рас»  дегенді  тақырып 

етіп алған ақын «му`мин болсаң, әуелі иманды біл» деген иде-

яны  ұсыну  үшін,  сол  иманның  негізін  мұсылман  дінінің  «өз 

сөзімен»  (араб  сөздерімен)  танытады.  Демек,  Абайдың  бұл 

жердегі  араб  сөздерін  таңдауы  тақырып  пен  тіл  үйлесімін 

көздеуге бағынған. 

Міне,  ұлы  ақынның  білдірмек  ойы  мен  таңдаған  тақы- 

рыптарына  сай  сөз  таңдау  принциптері  мен  амалдары  осын-

дай. Ал сөз таңдаудың ең зор қажеттігі көркемдік-эстетикалық 

мақсатты  көздеуге  қатысты  болады.  Әрі  қарайғы  әңгімеміз 

осы  орайда  болмақшы,  яғни  «текст  түзу»  деген  категорияны 

сөз  етіп,  бұл  реттегі  сөз  таңдаудың,  Абай  тіліндегі  көрінісін 

бермекпіз,  сондай-ақ  синоним,  антоним  тәрізді  лексикалық 

топтарды  Абайдың  қалай  пайдаланғаны,  олардың  қайсысын 

қалайша таңдағаны әңгіме болады, осы тұста тілге үйіреміз.



81

ТЕКСТ ТҮЗУ

Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, 

көлеңкесін де түсіріп тұрады.

(Ғабит Мүсірепов)

Текст  түзу  –  қазақ  филологиясында  бұрын-соңды  әңгіме 

болмаған тақырып. Ал, шындығында, бұл – көркем шығарма 

тілін, автордың поэтикалық тілін талдауда кеңінен сөз болуға 

тиіс  мәселе.  Себебі  көркем  шығарма,  оның  ішінде  поэзия 

дүниесі  сөздерден  өрілетін  болса,  яғни  сөздерден  шығарма 

тексі түзілетін болса, сол түзілістің қыр-сырын ашу қажеттігі 

туады.


Текст түзу (орыс ғылыми әдебиетінде – текстообразование) 

термині жалпы «текстің пайда болуына қатысты айтылмайды, 

ол – поэтикалық контекст» деген ұғымға байланысты сөз бо-

латын  құбылыс.  Поэтикалық  контекст  көркем  шығармадағы 

сөздердің  бір-бірімен  қарым-қатынасқа  тусуімен,  сондай-

ақ  ырғақ  пен  әуеннің,  дыбыстардың  бір-бірімен  ұйымдасуы 

арқылы жасалады.

Текст  түзілісінің  өзіне  тән  шарттары  болады.  Кез  келген 

көркем шығармада немесе оның кез келген тұсында текст түзіле 

бермейді.  Қазақ  көркем  сөзінде  текст  түзудің  айқын  көрінісі 

Абай өлеңдерінен басталады деуге болады. Текст түзілісінің бір 

белгісі – шығарманың бір бөлігінде немесе бір өлеңнің өн бой-

ында мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық реңктері 

біртектес сөздерді шоғырлап беру. Модальдық реңк дегеніміз 

сөйлеушінің (жазушының, ақынның) айтылған ойға жағымды, 

жағымсыз  көзқарасын  білдіретін  мағыналық  реңк,  ол  реңк 

жеке  сөздердің  өз  бойларында  (лексикалық  мағынасында)  да 

болады немесе шылау, одағай, көмекші есім, көмекші етістік, 

етістіктің рай тұлғалары, сын есімнің шырай тұлғалары, дау-

ыс әуені (интонация) сияқты лексика-грамматикалық құралдар 

арқылы да беріледі.

Абай  өлеңдегі  сөздің  белгілі  бір  стильдік  (поэтикалық) 

мақсатты өтеуі үшін сол текстегі өзге сөздерге «арқа сүйеуі», 

яғни бір-біріне «қызмет көрсетулері» керек екендігін де жақсы 



82

сезеді. Сондықтан көптеген өлеңдеріндегі сөздер қай сөз табы-

на жататындығына қарамастан, мағыналық реңктері біртектес 

(мысалы,  бірыңғай  жағымсыз)  немесе  тақырыптас  болып 

келеді. Айталық, өз заманындағы қазақ қауымының жағымсыз 

мүшелерін – «Құдай атып қойған жұртты» суреттейтін «Бай-

лар  жүр  жиған  малын  қорғалатып»  деген  шағын  өлеңіндегі 

сұм-сұрқия, қу, білгіш деген зат есімдерден бастап, Құдай ату, 

сілесі қату, бұғып-шату, есіру, ісіп-кебу, қабару, ит ырылда-

ту  деген  күрделі  етістіктер  –  бәрі  де  жағымсыз  адамдарды, 

жағымсыз эмоция тудыратын іс-әрекеттерді атайды. Жағымсыз 

реңк бұл сөздердің лексикалық мағынасының өзінде бар, соны-

мен қатар мұндағы етістіктердің көбі жағымсыз экспрессияны 

күшейте түсетіндер: сұм-сұрқия, қулар жоқтан-барды жай айта 

салмайды,  бұтып-шатады,  құр  мақтанбайды,  есіреді,  жай 

шығынды болмайды, шығынға белшесінен батады, қу, білгіш 

атанбаққа жай құмар болмайды, оларды Құдай қалжыратып, 



құмар  қылады.  Демек,  бұл  көрсетілген  сөздердің  әрқайсысы 

экспрессоид болып келсе, олар шағын бір өлеңде шоғырланып, 

сол өлеңде айтылмақ ойды әрі әсерлі етіп тұр, әрі өлең тұтас 

бір жұмыр текст болып тұр, яғни «текст түзіліп» тұр.

Абайдың  өз  заманын,  замандастырының  кейбір  топтарын: 

болыс  пен  пысықтарды,  кербез,  керімдерді,  бойы  былғаң, 

сөзі  жылмаңдарды  ашық  сынауға,  ащы  тілмен  мысқылдап 

әшкерелеуге, өз сөзімен айтсақ, «заманын түзетпекке» барған 

өлеңдерінде  текст  түзу  –  тақырыптас,  модальдық  реңктес 

сөздерді таңдап, бір өлеңде топтап келтіру өте-мөте көзге түседі. 

Олардың  бейнесін  дәл  және  әсерлі  етіп  беру  үшін  оқырман 

сезіміне ерекше әсер ететін сөздерді поэтикалық құралға ай-

налдырып қана қоймайды, бұл сөздерді бір өлеңге топтасты-

рып, бір-біріне әсерін тигіздіріп, олардың экспрессивтік болу-

ын қалыңдата түседі.

«Болыс болдым, мінеки» – Абай заманындағы болыс, ша-

барман,  пысықтардың  классикалық  портреті.  Мұнда  осы 

әлеуметтік  топтың  жағымсыз  портреті  олардың  далпылдап, 



жалпылдап, барқылдап, тарқылдап, лепілдеп, күпілдеп жүрген 

қылықтары мен іс-әрекеттері арқылы көрсетілсе, бұл текстегі 

өзге  сөздер  де  модальдық  реңкі  жағынан  осыларға  үндес 


83

келеді: мұнда ақын бейтарап мағынадағы беру етістігін емес, 



тығындау  сөзін  таңдайды,  бағынышты  елін  мықтап  ұстау, 

қатты ұстау деген сөздер ешбір бояусыз қалыпты іс-қимыл 

атаулары  болар  еді,  сондықтан  бұлардың  орнына  ақын  осы 

өлеңнің жағымсыз портретті танытатын жалпы «үніне» сәйкес 

мығымдап ұстау сөзін жұмсайды, сондай-ақ мұнда «сияз бар» 

десе болыстың жүрегі жай ғана лүпілдемейді, суылдайды. Де-

мек, бұлардың бәрі ақын діттеген белгілі бір үнді беретін текст 

құрап тұр.

«Өзге  жұрттан  ұялып,  жұртым  деуге  арлымын»  деген 

Абай кейбір замандастарын адресін көрсетіп те (Күлембайға, 

Көжекбайға,  Көкбайға,  Әсетке,  қара  қатынға,  қатыны  мен 

Масақбайға,  Дүтбайға  т.б.  өлеңдерін  қараңыз),  көрсетпей 

де  («Мәз  болады  болысың»,  «Қажымас  дос  халықта  жоқ», 

«Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да», «Қыран бүркіт не алмай-

ды салса баптап», «Бойы былғаң» деп басталатын өлеңдеріне 

назар  аударыңыз)  «улы  сия,  ащы  тілдің»  ұшына  алады:  си-

паттайды,  сынайды,  әжуалайды  әзілдейді.  Бұл  өлеңдердің 

көпшілігінде, әрине, олардың жағымсыз қылықтарын сөз етеді. 

Ол  өлеңдердің  текстері  де  көбінесе  біртұтас  болып  түзіліп 

келеді.  Мысалы,  Дүтбайға  арнаған  өлеңінде  («Жылуы  жоқ 

бойының»  деп  басталатын)  жылмию,  құйтың  ету,  жылмаң, 

пішінді  болу,  түсінің  түксігін  тырсиып  салу,  дөң  айналмай 

ант ату, ар жағы бүксіп, бықсып жату, сөзі мен өзі бөліну, 

жын  сықылды  бұзылу,  тұрлауы  жоқ  құбылу  –  осы  қылық, 

кимылдың бәрі 20 жолдық шағын ғана бір өлеңнің ішіне сый-

ып тұр. Бәрі де – бойының жылуы жоқ құр жылмиған адамның 

портреті үшін таңдалып алынған текст түзуші образды сөздер.

«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» деген 12 жолдық 

шағын  өлеңі  –  нағыз  сын,  «басқа  сая,  жанға  олжа  дәнеңе 

жоқ  құр  далақтап  жүрген  қайран  еліне»  айтқан  зілді  сөзі, 

сондықтан сол елінің әрекет-қимылы ыржақтап күлу, күпілдеп 



құсын  мақтау,  бос  салақтап  күні  бойы  шабу  болса,  қияға 

самғаған қыранға жіберілген қарғасы қарқылдап, күйкентайы 



шықылықтап  не  өзі  алмайды,  не  қыранға  алдырмайды.  Ал-

легориямен келген бұл өлеңде образдар жағымсыз эмоциялы 

сөздердің шоғырлануымен берілген.


84

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі де – жақсы 

менен  жаманды  айырмаған  өз  халқына  айтылған  қатты  сын. 

Сынаған соң, әрине, жағымсыз жағы сөз болады ғой, сондықтан 

«аузымен орақ орған өңкей қыртыңның, бас-басына би болған 

өңкей қиқымның» қылықтарын танытатын тыртың, бұртың, 



жыртың-жыртың күлу, пыш-пыш деу, бойларындағы тырқы 

мен  қылпы  бір  өлеңде  айтылып,  өңшең  жағымсыз  эмоция- 

лы  сөздердің  шоғыры  осы  өлеңнің  тексін  түзіп,  тұтас  бір 

модальдық өң берген.

Масақбайдың  салақ  қатынын  суреттеу  жалпы  салақ  әйел- 

дерді сынауда да кішігірім бір ғана өлеңде келтірілген бықсы- 

ту,  бүксіту,  қоқсыту,  бүкшию,  сексию,  түксию,  барқылдап, 

тарқылдап,  салпылдап  тоқтау  деген  сөздердің  бәрі  де  –  се-

мантикасында  жағымсыз  мағына  бар  етістіктер,  өйткені 

Абайға бұл жерде «құрбыға қадырсыз» шыдамсыз байы ойбай 

салып боқтап, қамшы мен жұдырыққа жүгіретін, «жүзінің нәрі 

мен бойының сыны жоқ» қатыны төрінің қоқымын қоқсытып 

отыратын  жұбайларды  сипаттау  керек  болып  тұр.  Бұнда  да 

текст  түзіліп,  ондағы  сөздер  бірін-бірі  күшейтіп,  жағымсыз 

отбасының портретін тұтас етіп көрсетеді.

Әрине,  текст  түзу  тек  жағымсыз  реңкі  бар  сөздердің  бір 

өлеңде  шоғырлануы  арқылы  ғана  емес,  жалпы  тақырыптас 

сөздердің шоғырлануы арқылы да жүзеге асады. Тақырыптас 

сөздер  дегеніміз  –  бір  тақырып  төңірегіне  топталатындар. 

Олар  әртүрлі  сөз  таптары  және  әртүрлі  мағынадағы  сөздер 

болады.  Мысалы,  «өлең,  поэзия»  деген  тақырып  тобын  сөз, 



мақал, жыр, ақын, тыңдаушы, шешен сияқты есімдер, жазу, 

оқу, тыңдау, жаттау, айту, мақалдау, сөйлеу, жырлау тәрізді 

етістіктер,  көркем,  ұқыпты,  ұқыпсыз,  талапты  сияқты  сын 

есімдер құрай алады. 

Тақырыптық  топпен  текст  түзуде  сөздің  жеке  лексикалық 

мағынасы  ғана  емес,  контекстік  мағынасының  да  рөлі  бола-

ды. Жеке алғанда мағынасы жағынан бір тақырыпқа кірмейтін 

сөздерді жазушы (ақын) қолданыста (контексте) стильдік коло-

рит құрайтын тақырыпқа орайластырып, мағынасын ауысты-

рып жіберуі мүмкін. Мысалы, «Бұралып тұрып» деп бастала- 

тын  өлеңіндегі  керім  сөзінің  қолданысын  алайық.  Бұл  тұлға 



85

(керім~  көрім)  жалпы  Абай  тілінде  жағымды  мәнде  келеді: 

«Көбінесе  ән  басы  келеді  ащы.  Кел,  тыңда,  деп  өзгеге  болар  

басшы. Керім толғап тауысар қоңыр-күңгір, Со жеріне ойың- 

мен  араласшы».  Керім  сөзі  –  Абай  өңірінде  де  жағымды 

мағыналы сөз, ол «әдемі, әсем» дегенді білдірсе керек. «Шүкі- 

ман  сұлуды  алғаш  көргенде,  Абайдың  оны  «керім,  керім,  ай 

керім!»  дегенінен  атын  Әйгерім  атап  кетіпті»,  –  деп  жазады  

ғой  Мұхтар  Әуезов.  Ал  «Бұралып  тұрып,  Буыны  құрып» 

өлеңінде,  бар  болғаны  8  жолдық  бір  шумақта  текстің  жалпы 

 тақырыптық (жағымсыз портрет тақырыбы) және ассоциатив- 

тік үніне (беретін әсеріне) сай топтастырылған әсемсу, сәнсу, 

білгенсу, бәлсу, буыны құру, мұрнын қисайта тарту, керенау, 

кердең сияқты сөздердің қатарына керім сөзін қосып жібереді, 

демек,  бұл  жердегі  керім  сөзі  керенау,  кердең  дегендердің 

контекстік синонимі іспеттес қолданылған.

Тақырып жағынан үндес сөздердің шоғырлануы образдың 

семантикалық-стильдік колоритін (бояуын) жасайды (колорит 

дегеніміз  –  тұтас  дүние  ішінен  бөлініп  көрінетін  ерекшелік 

қой). Сөйтіп, тақырыптас сөздер де текст түзеді екен. Айталық, 

«Сегізаяқ»  –  Абайдың  ақындық,  азаматтық  ар-ұжданының 

толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы, демек, бұл – 

философиялық толғаныс, сондықтан мұнда негізінен дерексіз 

ұғымдар  сөз  болады.  «Сегізаяқта»  ең  алдымен  «толғаныс», 

«поэзия»,  «сөз»  деген  ұғымдарды  білдіретін  қызыл  тіл  де-

геннен  бастап,  ой,  әдет,  қайрат,  «өлең,  толғаныс,  пікір» 

мағынасындағы сөз, мінез, насихат, өсек, нысап, ұят, дәулет, 



нәсіп,  еңбек,  ар,  өтірік,  ұрлық,  зорлық,  тамағы  тоқтық, 

жұмысы  жоқтық,  қулық,  сұмдық,  қорлық,  мақсұт,  абиыр, 

талап,  ғылым,  дерт,  жалғыздық  деген  40-қа  жуық  дерексіз 

ұғым  атаулары  келтірілген.  Бұларды  бір  өлеңде  шоғырлап 

беру арқылы ақын текст түзіп тұр. Ал бұл жерде текст түзудің 

қажеттігі осы өлеңге толғаныс сипатын беруден туып отыр.

Абайдың поэзияның мәні, қызметі туралы жазған өлеңінде 

өлең, ертегі, сөз, қызыл тіл, өнер деген зат есімдер «поэзия» 

деген тақырыптық топ құраса, жазбау, жазу, сөзді ұғу, құлақ 



тосаңсу,  айтқанды  ұқпау,  айта  беру,  сөз  айту,  жамандау 

сияқты  сөздер  тобы  «жазу,  өлең  шығару»  деген  тақырыпты 



86

қамтиды. Көкірегі сезімді, тілі орамды, көзі ашық көңіл, әсіре 



қызыл  сөз,  түбі  терең  сөз,  өлеңі  бар  өнерлі  [інім],  есіл  өнер 

сияқты  сын  есімдер  де  алдыңғы  екі  топпен  үндес,  бұлар  да 

«тіл, сөз, поэзия, өнер» деген тақырыпқа қатысты анықтауыш 

сөздер.  «Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін»  деген  бұл 

өлеңдегі ақынның айтпақ идеясын – поэзия туралы толғанысын 

осы тақырыпқа қатысты сөздердің шоғырланып келуі білдіріп 

тұрса, бұл жерде де осы шоғырлану арқылы тұтас текст түзіліп 

тұрғанын көреміз. Мұнда сөздердің модальдық реңкіне қарай 

топтасуы  емес,  тақырыптастыққа  қарай  шоғырлануы  орын 

алып тұр.

Сірә,  текст  түзуде  грамматикалық  тұлғалардың,  әсіресе 

олардың  ұйқасқа  қатыстырылғандарының  да  рөлі  болатын 

сияқты.  Айталық,  Абайдың  «Сап,  сап,  көңілім,  сап,  көңілім» 

деген өлеңі бес шоғырдан (тирададан) тұрады. Әр шоғырдың 

грамматикалық  тұлғалармен  келуі  әртүрлі:  1-шоғыр  сұраулы 

сөйлемдерден тұрады:

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім, 

Саяламай, сай таппай, 

Не күн туды басыңа? 

Күні-түні жай таппай? 

Сен жайыңа жүргенмен, 

Қыз өле ме бай таппай?

Әрі  қарайғы  шоғырлардың  барлығында  да  сұраулы 

сөйлемдер қатысып отырады. Демек, бұл өлеңнің тексін түзуде 

грамматикалық құрылыс қатысқан.

Текст түзу – жетілген жазба әдебиеттің қөрінісі. Және ол – 

қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені текст 

түзу  үшін  сөз  топтарын,  грамматикалық  амалдарды  таңдай 

білу  керек,  әр  сөздің  лексикалық  мағынасы  мен  модальдық 

(ассоциативтік) өңін тап баса білу керек. 

Әрине,  Абай  бұл  құбылыстың  теорясын  да,  текст  түзудің 

амалдарын  да  оқып  білген  емес,  тіпті  бұндай  поэтикалық 

категорияның бар-жоғынан білім жүзінде бейхабар. Бірақ по-

эзия  бар  жерде  ақындық  интуиция  деген  кім-кімде  де,  қай

 

кезеңде де орын алатыны даусыз. Абайды біз қазақ поэзиясын 



жаңа  сапаға,  классикалық  жазба  дүние  дәрежесіне  көтерген 

87

суреткер деген тезис ұсынсақ, бұлайша тануымызға негіз бо-

латын – біз талдап отырған құбылыстар. Абай бұл орайда тек 

жазба поэзия деңгейіне көтерілгенін ғана танытпайды, сөз да-

насы – поэзия данышпаны екенін де көрсетеді.

Көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде сөзді таңдап, 

талғап жұмсайтын, дәлірек айтсақ, жұмсататын саланың бірі–

синонимдер  қазынасы.  Жазушының  (ақынның)  сөзді  сезіне 

білуі,  оның  негізгі  мағынасы  мен  мағыналық  реңктерін  айы-

рып  тани  білуі,  сөздің  беретін  әсеріне  (экспрессиясына)  ден 

қоюы – қысқасы, суреткерлік-тілдік шеберлігі айқын көрінетін 

тұстардың бірі – осында, сондықтан Абай поэзиясы тіліндегі 

синонимдердің қолданысын жеке әңгіме етуді жөн көреміз. 


88



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет